«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені



1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өздік жұмысы
Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқығының мәнін анықтаудан басталады.Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да қасиеттерімен сипаттталатын және адам қызметінің белгілі бір саласын реттуге бағытталған.Осы мойындау; экологиялық құқықтың мәні адамзат қоғамы мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субьектілетінің табиғат ресурстарын пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын экологиялық қатынастар болып табылады.
Ресей оқулықтарында экологиялық құқық ұғымына мынандай сипатама берген: «Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.. олар тұтастай алғанда табиғи обьектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап, дамиды», «экологиялық құқықтың мәні–бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыдан қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи обьектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы».
Экологиялық қатынастар-бұл обьектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастар. Яғни, барлық табиғи кешенге қатынастар жатады; жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа қатынастары, сонымен қатар табиғи орта болып табылатын қатынастар, қорықтар, экологиялық апат аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан ерекше айқын көрінеді.
1.Байдельдинов Д.Л. Юридическая ответственность за экологические правонарушения. Алматы.1993
2.Байдельдинов Д.Л Экологическое законодательство Республики Казахстан.Алматы, Жеті Жарғы,1995
3.Байдельдинов Д.Л.ҚР-ның экологиялық құқығы. Алматы. 2005
4.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 1-бөлім
5.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Тараз, 2003 2-бөлім
6.Стамқұлов Ә.С.ҚР-ның экологиялық құқығы.-Алматы, 1995

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты ОӘК ПОӘК
042-14-5-02.01.20.83.03
- 2011
Қазақстан Республикасының
экологиялық құқығы пәнінің №1 басылы
оқу-әдістемелік кешені 2011 ж

Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
пәні бойынша 050301 – Құқықтану мамандығына арналған
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ
2011

Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттердің өздік жұмысы

1. Глоссарий
Билогиялық ресурстар-генетикалық ресурстар, оргнаизмдер немесе олардың
бөліктері, популяциялық немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін немесе
ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқада биотикалық
компоненттер.
Гентикалық түрлендірілген организмдер-өсімін молайтуға немесе тұқым
қуалайтын генетикалық материалды беруге қабілетті, табиғи организмдерден
ерекше, гендік инженерия әдістерін қолдана отырып алынған және құрыамында
гендік-инженерлік материал бар организмдер
Инертті қалдықтар- елеулі физикалық , химиялық немесе биолгиялық
өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына
қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар
Коммуналдық қалдықтар- елді мекендерде,оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы және
жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары
Қауіпті қалдықтар- құрамында қауіпті қасиеттері бар зиянды заттар
болатын, дербес немесе басқа заттармен байланысқа түскен кезде қошаған
ортаға және адам денсаулығына тікелей немесе ықтимал қауіп төндіретін
қалдықтар
Қоршаған орта-атмосфералық ауаны, ЖЕрдің озон қабатын жер бетіндегі
және жер астындағы суларды жерді , жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер
дүниеісн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса
алғанда, табиғи және жасанды обьектілердің жиынтығы
Қоршаған ортаны қорғау-қоршаған ортаны сақтау менн қалпына келтіруге,
шаруашылық және өзге де қызметттің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға
және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар
жүйесі.
Қоршаған ортаның сапасы-қоршаған ортаның құрамы мен қасиетерінің
сипатамасы
Радиоактивтік қалдықтар-мөлшері мен шоғырлануы ҚР ның атом энергиясын
пайдалану туралы заңнамасында белгіленген радиоктивтік заттар үшін
регламенттелген мәндерден асатын радиоктивтік заттары бар қалдықтар
Су обьектілер-құрылқ бетінің рельефінде және жер қойнауында
шоғырланған, шекараары, көлемі мен су режимі бар сулар
Сұйық қалдықтар-сарықынды суларды қоспағанада, сұйық түрдегі кез келген
қалдықтар
Табиғат пайдаланушылар-табиғи ресурстарды пайдалануды және қоршаған
ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар.
Табиғи обьектілер-шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи
обьектілер
Экологиялық ағарту ісі- қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін
қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи
ресурстарының жай-күйі, экологиялық қауіпсіздіктік туралы ақпарат тарату.
Экологиялық аудит-аудиттеленетін субьектілердің шаруашлылық және өзге
де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтуа мен бағалау және олардың
қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі ұсынымдар
әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру
Экологиялық менеджмент- қоршаған ортаны қорғауды әкімшілік басқару, ол
кәсіпорынның экологиялық саясатын әзірлеуге, енгізуге, орындауға, талдауға
және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылыиын, жоспарлауды, жауапкершілікті
,әдістерді, рәсімдерді, процестер мен ресурстарды қамтиды.
Экологиялық мониторинг- қоршаған ортаның жай күйін және оған әсер етуді
жүйелі түрде байқау мен бағалау.
Экологиялық рұқсат- жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға
эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландырутын құжат.
Экологиялық сараптама- көзделіп отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға
сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ осы қызметтің қоршаған ортаға тигізу мүмкін
қолайсыз әсерлерінің және слармен байланысты әлеуметттік зардаптардың алдын
алу мақсатында сараптама обьектісін іске қосуға жол берлуін айқындау.
Экологиялық таза өнім белгісі- таңбаланған өнімнің экологиялық таза
өнім стандарттарына сәйкестігін растайтын тіркелген белгі
Экологиялық талаптар- осы Кодексте,Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған отаға және халықтың
денсаулығына теріс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметті шектеу
және оларға тыйым салу

2. Дәрістер
Дәріс сабағының құрылымы
Тақырып 1.Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні
Жоспар:
1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының мәні
2. Экологиялық құқықтың әдісі
3. Экологиялық құқытың принциптері
4. Экологиялық құқық ұғымы
1.Құқық саласының сипаттамасын реттеу экологиялық құқығының мәнін
анықтаудан басталады.Құқық теориясынан біз мынаны білеміз: белгілі бір
саланы реттеудің мәні қоғамдық қатынастар болып табылады, олар іштей
бірлікпен, ерекшелігімен, жақындық белгісімен, кейбір басқа да
қасиеттерімен сипаттталатын және адам қызметінің белгілі бір саласын
реттуге бағытталған.Осы мойындау; экологиялық құқықтың мәні адамзат қоғамы
мен табиғаттың, мемлекеттің және оның субьектілетінің табиғат ресурстарын
пайдалану мен сақтау тұрғысындағы өзара әрекетінің саласында туындайтын
экологиялық қатынастар болып табылады.
Ресей оқулықтарында экологиялық құқық ұғымына мынандай сипатама
берген: Экологиялық құқықтың мәні қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті
саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.. олар тұтастай алғанда
табиғи обьектілер мен қоршаған табиғи ортаны қорғау тұрғысында туындап,
дамиды, экологиялық құқықтың мәні–бұл экологиялық-құқықтық нормалардың
қолданылуы саласында қалыптасатын тарихи тұрғыдан қазіргі және болашақтағы
ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи
обьектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында
міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар
арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар-бұл обьектісі табиғат пен оның құрамындағы
элементтер болып табылатын қатынастар. Яғни, барлық табиғи кешенге
қатынастар жатады; жер, су, тау, орман, фауналық, атмосфералық ауа
қатынастары, сонымен қатар табиғи орта болып табылатын қатынастар,
қорықтар, экологиялық апат аймақтарының құқықтық режимін реттеу мысалынан
ерекше айқын көрінеді.
Алайда бұл орайда мынаны ескеру керек; жер, жер қойнауы, су,
ормандар, жануарлар әлемі, ауа ұғымы мен табиғи ресурс ұғымдарында
айырмашылықтар бар. Әрбір су экологиялық қатынастардың обьектісі бола
бермейді, орман экологиялық құқықпен де реттеле бермейді, жануарлар
әлемінің өкілі ретінде қасқыр немесе аю экологиялық заңмен қорғала
бермейді. Мұның бәрі, егер аталған обьектілер табиғат ресурстары болып,
мына белгілерге сай келген жағдайда ғана мүмкін болады;
А) шығу тегінің табиғи сипаты, табиғат ресурсы жаснды жолмен
алынбауға тиіс, ол табиғат туындысынң нәтижесі болып табылады.
Б) ол қоршаған табиғатпен табиғи байланыста болып, онда белгілі
бір экологиялық қызмет атқаруға тиіс.Егер белгілі бір қоғамдық қатынаста
табиғат обьектісі табиғи ортадан алынатын болса, онда ол экологиялық
құқықтың обьектісі болудан қалады. Ол мүліктік қатынастың обьектісі, яғни
азаматттық құқықтың обьектісі болуға, тауар болуға тиіс.Табиғаттан алынған
оған адам еңбегі жұмсалады және ол бағалану қасиетіне ие мекеннің ауыз су
жүйесіндегі су (крандағы су) өзінің физикалық қасиеттері жағынан біртекті
өнім болып табылады, бірақ әр алуан заңдармен реттелетін болады. Өзендегі
су –бұл табиғи ресурс, оны пайдалану мен қорғау экологиялық қатынастардың
обьектісі. Крандағы су - бұл обьект табиғи ортадан алынған және бұл
қоғамдық қатынастар санитариялық–гигиеналық және коммуналдық заңнамен
реттелетін болады.Сөйтіп, мынандай қортынды жасаймыз, экологиялық
қатынастарға обьектісі табиғат пен табиғат ресурстары болатын, белгілі бір
өлшемдерге сай келетін қоғамдық қатынастарды жатқызуға болады.
Экологиялық құқық қатынастарынң азаматтық, салық және т.т
арақатынасы туралы мәселені мына тұрғыда қарастырған жөн. Экологиялық
құқықтың мәні белгілі бір экологиялық құқық қатынастарының тобы,оларға
табиғат пен табиғат ресурстары болып табылатын обьектілер жатады.
2.Экологиялық құқықтың әдісі
Экологиялық құқықтың келесідей әдістері болуы мүмкін. Құқық
теориясынан мына жайт та белгілі: құқық саласының әдісі ретінде қоғамдық
қатынастарға қатысушыларға ықпал ету тәсілдері,осы қатынастарды реттеу
тәсілдері танылады.Экологиялық құқық жуықта ғана ғана дербес сала ретінде
танылуымен байланысты оның әдістерін анықтау тұрғысынан әліде болса бірегей
пікір болмай отыр. Қазір әдіс ретінде қөзқарастар арасында әдіс ретінде
ұсынымдар мен міндетті нұсқамалар әдісі деп аталатыны да белгілі, басқа бір
қөзқараста –экологиялық құқықта дербес әдістің болуын жалпы теріске
шығарады, үшінші көзқараста-экологиялық қатынастарды реттеу үшін осы
заманғы құқықтың белгілі әдістерінің бәрі тартылады делінген.
Экологиялық құқық әдісі туралы мәселе елеулі ғылыми проблема болып
табылады және ол жеке зерттелуге тиіс.Әдістің ерекшелілігі құқық саласы мен
реттеу мәні сипаттамасынан бастау алуымен анықталады.Экологиялық құқықтың
анықтауыш белгісі саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын
пайдалану-саланың кешенділігі ұғымынан, табиғат ресурстарын пайдаланудың
ішкі салалық процестерін ортақ мақсатқа-адамның тіршілігі үшін жарамды
табиғат сапасын сақтаудан бастауі алады.Ғалымдар мынаны дәлелдеп отыр:
экологиялық құқық құрамына жататын жекелеген салалардың (жер,су,тау және
т.б) өз жүйесі, өз мәні мен өз әдісі болады.Алайда экологиялық құқық әдісі-
бұл неғұрлым күрделі құбылыс.Біздің көзқарасымызда, экологиялық
қатынастарды реттеу осы заманғы заң ғылымында белгілі көптеген әдістер,
құқықтық тәсілдер қатысады.Солардың экологияландыру әдісі орталық орын
алады. Оның мазмұнынан экологиялық құқық қатныстарын құқықтық реттеу
тәсілін ұғынған жөн, бұл ретте қоршаған табиғи ортаға немесе оның жекелеген
ресурстарын пайдалану немесе кез келген шаруашылық және өзге де ықпал ету
бүкіл табиғат сапасын сақтау мақсатына бағындырылуға тиіс. Пайдалану
қазындыларды өндіру, өнеркәсіп обьектілерін салу кезінде, республика
аумағына шетелдік өнеркәсіп технологияларын әкелу кезінде, ғарыш
обьектілерін пайдалаған кезде және т.б кезінде барлық жеерде
экологияландыру әдісі қолднылады.
Басты мәртебесі бар осы әдістен басқа экологиялық қатынастарды
реттеуде азаматтық құқық әдісі-тараптардың теңдігі әдісі қатысады. Бұл,әдіс
егерэкологиялық құқық қатынастарның мұны азаматтық құқықтық
мәмілелер,залалдың орнын толтыру болып табылатын жағдайларда
қолданылады.Бұл қатынастардыңсубьектіліері,әдетте, бірдей жағдайда
болады,бірі-біріне тәуелсіз құқықтар мен міндеттердің бірдей көлеміне ие
болады.Олардытек шарт қана байланыстырады (мысалы,жер учаскесін жалғаалу,
шарттың талаптарын сақтамаған жағдайда дау тек сот тәртібінде ғана шешілуі
мүмкін).
Келесі әдіс ҚР–ның аумағында табиғат ресуртарын пайдалану
жөніндегі барлық құқық қатынастары іс жүзінде мемлекеттік орган беретін
рұқсаттың (лицензияның) негізінде жүзеге асырыалады, бұл орган осы
қатынастың туындауына, өзгеруіне және тоқталуына ықпал етеді.Биліктің ықпал
етунің әдісі табиғат ресурстарын пайдалану жағдайында кінәлі адамдарды
жауапкершілікке тарту жөнінде министрліктермен ведомстволар басқаруды
жүзеге асыру кезінде, бекітілетінтабиғат қорғау шараларын жүзеге асыру
кезіндіе қолданылады.
Мәжбүрлеу әдісін кінәлі адамды жауапкершіліке тарту жөнінідегі
қатынастарды реттеу кезінде қолданылады. Бұл әдіс биліктің ықпалын ету
әдісінің құрамдас бөлігі ретінде толық заңды түрде қарастырылады, өйткні
кінәлі адам мемлекет белглеген тәртіп ережесін бұзған кезде құқық қатынасын
реттеу болып табылады.
Экологиялық құқықта келесі әдістің пайда болуы республикада
нарықтық қатынастардың қалыптасуымен, басқарудың әкімшілік әдістерінен
экономикалық әдіске көшуімен байланысты болады.Осы әдістің көмегімен
табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған табиғатты ластағаны үшін
төлемдерді алу жөніндегі құқық қатынастары реттеледі.Осы әдістің негізінде
табиғат қорғау шараларын материалдық ынталандыру жөніндегі құқық
қатиынастары қалыптастырылады, ал бұл кең ауықмды кешенді іс- экологиялық
жағынан таза өндірістерді ұйымдастыруға кредит беру, жеңілдікті жәрдем
ақшалар, экологиялық банктерді құру.Экономикалық әдіс қаржы құқығына жатады
және экологиялық құқық үшін алып пайдалану әдісі болып табылады.
Экологиялық қатынастарды ретеудің халықаралық құқықтық әдіс қажет
әдіс, өйткені экологиялық құқықпен табиғат ресурстары қорғалады және
пайдаланылады, олар бірнеше мемлекеттің аумағы бойынша көшіп отырады.
3.Экологиялық құқықтың принциптері
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер
танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар
реттеледі.Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқықығында құқықтың әрбір
саласы үшін құқықтық принциптердің өз жүйеснің болуы сипатты болады. Бұл
Қазақстанның жалпы құқықтық принциптерінің қолданылуын теріске
шығармайды,бұл принциптер республика Конституциясында баянды етілген-бұл
ізгілікшілдік құқықтық мемлекеттің, халық билігінің, заңдылықтың
жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б принциптері.Ал бізідің
зерделеуіміздің мәні экологиялық құқықтың айырықша принциптері болып
табылады..
ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 3-бабында былай
делінген: қоршаған ортаны қоргау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына
принциптер негізінде жүзеге асыралады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі,
еңбегі мен демаласы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына
келтіру;
- ҚР ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың
қазіргі және болашақ ұрапақтарынң салауатты және қолайлы қоршаған ортаға
деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтіе
экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіруге отырып шешу
- Экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялыққауіпсіздікті
қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына
келтіру;
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты
пайдалағаны үшін кезең кезеңмен ақы төлеуді енгізу жәнеқоршаған ортаны
қорғауға экономикалық жағынанын ыталандыру енгізу;
- Биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық,ғылыми және мәдени жағынан
ерекше маңызыз бар қоршаған орта обьектілерін сақтауды қамтамасыз ету:
- Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекетті реттеу мен мемлекеттік
бақылау,оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
- Қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету
мүмкіндігін бағалау;
- Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін өзі басқару
органдарынң қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және
демократиялық жолмен қатысуы:
- Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге
асырылады.
4.Экологиялық құқық ұғымы.
Экологиялық құқықта құқық саласы дербес деп танылуы үшін қажетті
белгілері болады-экологиялық принциптердің өз мәні, өзінің әдістері, жүйесі
болады.Бұдан басқа, бүгінгі кезде экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада:
дербес сала ретінде ол біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ оны дамыту
үшін алғы шарттар бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын.
Экологниялық құқық жалпы және ерекше бөлім болып бөлінеді.Жалпы
бөлімнің зерттейтін және реттейтін нысанасы қоғамдық қатынастар болып
табылады, олардың обьектісі ретінде бүкіл табиғаттың сапалық жай-күйі,
мемлекеттің бүкіл табиғатқа меншік құқығы қатысады.Тиісінше жалпы бөлімнің
құқықтық институттары арасында мыналарды бөліп көрсеткеен жөн:
Жалпы бөлім:
1. экологиялық құқық ұғымы
2. экологиялық құқық көздері
3. меншік құқығы және табиғат пен ресурстарына өзге де мүліктік құқықтар
4. экология саласында басқарудың мемлекеттік-құқықтық тетігі
5. экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік
Экологиялық құқықтың ерекше бөлімі табиғаттың жекелеген
обьектілері бойынша дербес салалардың жиынтығы болып табылады. Сондай-ақ
ерекше бөлімге біз ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, экологиялық апат
аймақтарын және өндірістік және өзге де шаруашылық қызметіне экологиялық
талаптарды жатқызамыз.
Ерекше бөлім:
1. жер құқығы
2. су құқығы
3. тау құқығы
4. орман құқығы
5. фауналық құқық
6. атмосфералық ауа құқығы
7. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
8. экологиялық шаруашылық қызметі
Сондай -ақ арнаулы бөлімді көрсеткен жөн, табиғатты халықаралық
қорғау мәселелері
Арнайы бөлім
1. Халықаралық экологиялық құқық
2. Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық ынтымақтастығы
Өзін -өз і бақылау сұрақтары.
1.Экологиялық құқық ұғымы, түсінгі және мәні
2.Экологиялық құқық терминдер
3.Экологиялық құқық саласы ретінде ерекшелігі
4.Басқа құқықтың саларымен ара-қатынасы

Ұсынылған әдебиеттер:
Тақырып 2. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері
Жоспар:
1.Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері ұғымы, шығу
2.Экологиялық кодекстер мен заңдар
3.Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативік актілер

1.Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері ұғымы, шығуы
Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнамасының даму тарихы
бірнеше кезеңнен өтеді.Біздің білетініміздей, жер қатынастары Қазақстанда
бұдан көп бұрын,оның Ресей империясының құрамына енуі кезеңінде-ақ дамыған
болатын.1917 жылдан кейін Қазақстан аумағында Ресей Федерацйиясының,
Түркістан Автономиялық социалистік республикасының жер –құқық нормалары
қолданылады.
Қазақстанның экологиялық заңнамасы дамуының бірнеше кезеңі 1922-1957
жылдарының аралығында (1922-1957 ж.ж) басталды. Осы кезеңде Қазақ КСР
аумағында табиғат ресурстары қатынастарын реттейтін жекелеген нормативтік
актілер қабылданды. Бұл актілердің күші жер құқығы шегінде жүзеге асырылды,
бірақ бұл кезеңнің айырықша ерекшелігі жер заңнамасының жүйелігінің және
оны қисындауының болмауы дер едік.Осы уақытта іс жүзінде тіпті қоршаған
ортаны қорғау мәселелері реттелмейді, күн тәртібіне қойылмайды. Су, орман,
тау кен заңнамалары заңның дербес салары ретінде бөліп көрсетілмеді.
Екінші кезең 1958-1981 жылдары аралығындап (1958-1981 ж.ж) басталды.
Бұл кезең экологиялық заңнаманың мейлінше серпінді қиысындау процестерімен
сипатталады. Қазақ КСР-да осы кезеңде: 1971 жылы–Жер қойнауы туралы Кодекс,
1978 жылы–Орман Кодексі, 1981 жылы Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану
туралы, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдары қабылданды.
Экологиялық саласында заңнаманың алты дербес саласының болғаны
танылады: олар – жер, су, тау-кен, орман, фауналық, атмосфералық-ауа заң
салалары. Алайда осы қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар бір-бірінен
бөлек қарастырылады, құқықтық реттеудің кешенді әдісі болмады. Бұл 1962
жылы қабылданған Табиғаты қорғау туралы Заңның ерекше айқын көрінеді.Ол
20 баптан тұрады, олардың мазмұны мейлінше ресми сипатқа ие болды,
мемлекеттік басқару тетігі, жауапкершілік тетігі, табиғи ресурстарды
пайдалануға ақы төленетіндігі көзделмеген.Табиғат ресурстары кодекстерінің
құқықтық миазмұны шаруашылық жүргізудің социалистік әдістеріне негізделген,
мұнын өзі әкімшілік әдістерінің экономикалық әдістерден артықшылығын
білдіретінеді.
Үшінші кезеңде (1982-1995ж.ж) бұрынғы Кеңестер Одағының күйреуі мен
Қазақстан Республикасының егемендік және тәуелсіздік алу процесі болды.Жана
мемлекет нарықтық қатынастарға көше бастады, жаңа экономикаылық институттар
қалыптасты ақылы қызмет, табиғат ресурстарын пайдаланудың шарттық
талаптары ұғымы енгізілді.Қазақстанда банк қызметін жекешелендіру
процесін, бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы жекешелендіру процесін,
бағалы қағаздар нарығын, кредит-қаржы қызметін реттейтін заңнаманың
бүтіндей жаңа салалары жедел әзірленіп қабылданыды.Табиғат ресурстарына
мүліктік құқықтарды реттеу саласында өзгерістер болды, бұл жер құқығы
қатынастары саласынан ерекше айқын аңғарылуда.
Экологиялық құқықтың дамытудың төртінші кезеңі 1995 жылғы 30
тамыздан басталады және қазіргі уақытқа дейін жалғасып келеді.Бұл
Қазақстанда нарықтық экономиканы реттейтін заң толық қалыптасқан кезең
болды, тәжірбиеге жерге жеке меншік институты ензілді, өнеркәсіптің
негізгі салаларында жекешелендіру процесі аяқталды. Мемлекеттің экологиялық
тәжірибиесіне жаңа экономикаылқ әдістер барған сайын жедел енгізілді, бұл
заңда баянды етілді. Осы кезде мынандай маңызды нормативтік актілер-
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жер туралы, Жер
қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы Жарлықтары, қазақстан
Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар туралы, экологиялық сараптама туралы, Заңдар қабылданды. Жер,
Орман, Су кодекстері, Атмосфералық ауаны қорғау туралы,Заң жаңа
редакциясында қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы-экологиялық құқықтық
негізгі қайнар көзі
1995 жылығ 30 тамызда республикаылқ референдумда қабылданған ҚР
конституциясы экологиялық құқықтың негізгі көзі болып табылады, өйткені ол
табиғатты қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі
қоғамдық қатынастарды мемлекеттің реттеуді жалпы құқықтық негіздерін баянды
етеді. Бұдан кейінгі барлық заңдар мен заңға тәуелді актілер
Конституциясының баптарын орындау үшін, Конституцияда айтылған принциптер
негізінде қабылданады.Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының
арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады:
1) ұйымдық –басқару
2) экономикалық
3) әлеуметтік нормалар
Ұйымдық –басқару нормаларына қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты
ұтымды пайдалану саласындап оның органдары, лауазымды адамдар арқылы
мемлекеттің қызметі мен құзіретін баянды етеін конституцияның нормаларын
жатқызған жөн.т.б
Конституциясының жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны
құқықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31-бапта былай
делінген: Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы
ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
44-бап Президенттің республиканың мемлекеттік бағдарламаларын
бекітуі құқығын баянды етеді
Экономикалық нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын
белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. Жер және оның қойнауы,
су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғат ресурстар
мемлекет меншігінде болады. Жер, су сондай-ак заңда белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Конституцияның әлеуметтік нормаларына 38-бапты жатқызу керек,
онда былай деп белгіленген:Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты
сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
2.Экологиялық кодекстер мен заңдар
Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнама жүйесі
Конституцияда айтылған негізгі идеялардың мазмұынын дамиды.Оның негізінде
республикада аса маңызды табиғат қорғау заңдары мен табиғат ресурстарының
кодекстері қабылданды.Өкінішке қарай, бұртұтас кешен ретінде табиғаттың
өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі идеясы экологиялық заңнаманың
бүкіл жүйесін қамти алмайды.
Негізгі табиғат қорғау заңы 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы болып
табылады.Оның құрылымына 19 тарау, 89-бап жатады.1-тарау-жалпы ережелерде
(1-4-баптарда) осы заңда пайдаланылған негізгі терминдер мен анықтамалвар
етілген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР-ның заңнамасының міндеттерін
белгілейді, мемлекеттің табиғат қорғау қызметінің негізгі принциптерін
атайды және қорғалуға жатаытн қоршаған ортаның обьектілері көрсетіледі.
2-тарау Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны
қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері қоғамдық экологиялық
ұйымдардың және азаматтардың табиғатты қорғауға бағытталған шаралардың кең
кешенін жүргізу жөніндегі заңдылығын баянды етеді.Олардың арасында аса
маңыздылары қоғамдық-экологиялық бағдармаларды жасау, қоғамдық –экологиялық
бақылауды, мониторингті, сараптаманы жүзеге асыру, экологиялық заң
жобаларын талықлау, өздерінің экологиялық мүдделерін сотта және әкімшілік
жолымен қорғау болып табылады. Мемлекеттік өкімет пен жерглікті өзін -өзі
басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреті деп
аталатын 3 тараудың ерекше маңызы бар. Онда ҚР Үкіметінің, орталық атқарушы
органның-бұл табиғат қорғау мен табиғатты пайдаланудың жекелеген
міндеттерін жүзеге асыратын Қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғау
министрлігі, өзі де министрліктер мен ведомстволар болып табылады, -сондай
ақ биліктің және жергілкті өзін өзі басқарудың жергілікті өкілдік және
атқарушы органдарынң табиғат қорғау саласындағы қызметінің негізгі заңдық
өкілеттіері мен бағыттарының тізбесі егжей-тегжейлі ашылады.
3.Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативік актілер
Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау
үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге
бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың
жеклеген обьектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортаға
қатысы болады.Заңға тәуелді актілер жүйесінде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады. Осы орган қабылдайтын нормативтік
акітлер атқарушы билік органдарының барлық жүйесі үшін, министрліктер,
комиттетер, ведомстволар, барлық деңгейдегі әкімдіктер үшін міндетті болып
табылады.Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану
мәселелері бойынша субьектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері
белгіленеді.Министрліктер мен ведомстволар да заңға тәуелді актілерді
бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады олар белгілі бір министрліктің
шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрлікпен қатынаста болады.
Мысал, ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу
тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды атауға болады.
Биліктің жергілікті атқарушы органдары, облыстар, қалалар,
селолық елді мекендер әкімдері атынан шешімдер қабылдайды,олар да заңға
тәуелді экологиялық актілер болып табылады..Мысалы, әкімдерідң шешімдерімен
табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаны ластағаны үшін
төлемдер ставкалары белгіленеді, табиғатты қорғау қорының қаражаттарын
жұмсау тәртібі ,қалалар мен аудандарды жасыл желекен бөлу мен экологиялық
қабаттау мәселелері анықталады.
Сөйтіп, экологиялық заңның құрамына экологиялық заңдар мен
кодекстер, экологиялық заңға тәуелді актілері, сондай ақ экологиялық
қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық нормалар мазмұндалатын заңнаманың
өзге де салаларынң заңдары мен заңға тәуелді актілері жатады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Экологиялық құқытың даму тарихының негізіг кезеңдері
2.Экологиялық құқықтың қайнар көзі түсінігі
3.Басқа құқық салаларымен қарым қатынасы

Тақырып 3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы
Жоспар:
1. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және
жалпы сипаттамасы.
2. Мемлекет - табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі.
Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы
органдары мен олардың табиғат объектілеріне меншік құқығын іске асыру
жөніндегі өкілеттігі.
3. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны және қорғалуы.
4. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы
сипаттамасы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи
ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері.

1.Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және
жалпы сипаттамасы.
Табиғат объектілері туралы айта отырып, біз еліміздің табиғи
ресурстарының бәрін пайымдай аламыз. Қазақстан Республикасы бүкіл дүние
жүзіндегі табиғат ресурстары босалқы қоры жағынан ең бай елдердің бірінен
саналады. Бұл орайда, табиғат ресурстарын өндіру тұтастай алғанда бүкіл
экологиялық жүйеге теріс әсер ету мүмкін екенін әсте де ұмытуға болмайды,
өйткені жиынтығында табиғат объектілерінің өзі (жер, жер қойнауы, су,
орман, жануарлар дүниесі, атмосфера) экологиялық жүйенің негізгі құрамдас
бөлігі болып табылады. Табиғат объектілерінің азаматтық айналымдағы
әдеттегі заттар мен мүліктен өзгешелігі өзінің айрықша белгісі болады. Атап
айтканда олардың пайда болуы өндіріспен немесе адамның өнер табысымен
байланысты болмайды, табиғат ресурстарын табиғаттың өзі табиғи әдіспен
жасайды. Тек біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге бүкіл ғаламшарда
қолайсыз экологиялық ахуалды ескере отырып, адамзат экологиялық жүйенің
табиғи теңгерімін жасауға және сақтауға қалайда ұмтылып бағады. Осымен
байланысты, қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің
мемлекетіміздің құқық доктринасы ұлттық игілік ретінде табиғат
объектілерінің тұжырымдамасы деп аталатын ауқымдарға негізделіп, дамуда.
Экологиялық кодекс қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері
үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік
негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге,
шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялык, жүйелерге зиянды
әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты
ұтымды пайдалануды үйымдастыруға бағытталған.
Ұлттық игілік ретінде табиғат объектілері ұғымы кеңестік кезеңдегі
табиғат ресурстарына жалпы халықтық меншік дейтіңдей идеологиялық ұғыммен
бірдей емес. Егер табиғат объектілерін жалпы халықтық меншік деп есептейтін
болсақ, онда мұндай көзқарас заңдық мағынасынан айрылған болар еді және ол
қате көзқарас болар еді, өйткені кез келген жағдайда заңдық тұрғыдан
табиғат ресурстарының меншік иесі мемлекет болып табылады.
Мемлекет, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары атынан
билікке ие бола отырып, табиғат ресурстарын мейлінше ойдағыдай басқарып,
халықтың қажеттерін қанағаттандыра және қоршаған ортаны қорғау саласындағы
заңды бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануды қоса алғанда, экологиялық
құқық тәртібін қамтамасыз ете отырып, бүкіл халықтың мүдделері үшін табиғат
ресурстарының құқықтық режимін анықтау міндетін шеше алады.
Заңда ұлттық игілік ретінде табиғат ресурстарының құқықтық
режимі табиғат объектілерін тек қана мемлекеттің меншігіне жатқызу арқылы
реттеледі. Алайда, қандай да бір табиғат ресурстары немесе олардың бір
бөлігі жеке меншікте болуы мүмкін. Атап айтқанда жер өзінің айрықша
қасиеттеріне ие болады, бұл оны табиғаттың басқа объектілерінен
өзгешелейді. Өндірістік қасиеттерінен басқа, жер инфрақұрылымның
объектілерін салу мен дамыту үшін қажет. Осымен байланысты, Қазақстан
Республикасында жердің жеке меншікте болуына жол беріледі.
Табиғаттың басқа объектілеріне, атап айтқанда жер қойнауына,
суға, орман мен жануарлар дүниесіне қатысты айтар болсақ, онда оларға жеке
меншік орнату тиімсіз болады. Жеке меншікте болатын жер учаскелерінде
орналасқан жабық су тоғандары, сондай-ақ жасанды ормандар өскен, жеке және
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және
оларға жеке меншікке берілген жеке орман қоры бұған жатпайды.
Мемлекеттің меншігі жеке меншік алдында ешқандай да басымдыққа
ие болмайды, мұның қай-қайсысы да тек қожайынына ғана емес, сонымен бірге
бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс, бұл ҚР-сы Конституциясының 6-бабында
өзінің көрінісін тапты, онда былай делінген: Қазақстан Республикасында
мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Табиғат объектілеріне меншік құқығы немесе тағы да оларды
табиғат ресурстары деп атайтыныңдай, тек экологиялық құқықтың мәнін құрап
қана қоймайды, сонымен бірге конституциялық, азаматтық, аграрлық, тау-кен,
су, орман және жер құқығы сияқты кұқықтың бірқатар басқа да салаларын
құрайды.
Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2
мәнісінде қарастыру керек.
Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан
нормативтік кұқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық
қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша
айтқанда, бұл объективтік мағынадағы меншік кұқығы.
Екіншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат
ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің
заңдылық жиынтығы түсініледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы
меншік құқығы ретінде түсініледі.
Табиғат ресурстарының негізгі объектілері және табиғаттың осындай
объектілеріне меншік құқығы негіздерінің өзі ҚР Конституциясында баянды
етілген.
Айталық, ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес жер және оның
қойнауы, су көздрі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңмен белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
Сонымен бірге, ҚР Азаматтық Кодексінің 193-бабында былай делінген:
жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи
ресурстар мемлекеттік меншікте болады. Жер заң актілерінде белгіленген
негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы да мүмкін.
ҚР Азаматтық Кодексінің 188-бабында былай делінген: меншік құқығы
дегеніміз субъектінің заң кұжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне
тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Алайда бұл заңдылық абсолютті болып табылмайды, мемлекет нормативтік
құқықтық актілерін шығару арқылы меншік құқығының өзін, сондай-ақ табиғи
ресурстардың меншік иесі жасауы мүмкін іс-қимылдарды да шектей алады.
Мысалы, жеке меншікте қорғаныс мұқтаждары және мемлекет қауіпсіздігі үшін
орналасқан жер учаскелері бола алмайды.
2. Мемлекет - табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі.
Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы
органдары мен олардың табиғат объектілеріне меншік құқығын іске асыру
жөніндегі өкілеттігі.
Бұл мәселе экологиялық саланы басқару атты тақырыпта толық
қаралады. Қазір тек қоршаған ортаны мемлекеттік реттеу мәселесін
қарастырған жөн. ЭК 6-бабына сәйкес: қоршаған ортаны қорғау саласындағы
мемлекеттiк реттеу:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялауды;
2) экологиялық нормалауды;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;
4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы;
5) экологиялық рұқсаттар берудi;
6) мемлекеттiк экологиялық бақылауды;
7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесiн, неғұрлым
экологиялық таза технологияларды енгiзудi ынталандыруды, табиғат қорғау iс-
шараларын қаржыландыру жүйесiн;
8) мемлекеттiк экологиялық мониторингтi;
9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздерi мен учаскелерiн
мемлекеттiк есепке алуды;
10) экологиялық бiлiм беру мен ағарту iсiн қамтиды.
3. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны және қорғалуы.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған
үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету
құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге
асырудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат
объектілеріне ие бола отырып, мемлекет мұндай табиғат объектілеріне қол
жеткізуді шектеуі не жалпы тыйым салуы мүмкін. Мысалы, ҚР Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарда азаматтардың болуы оларды қорғау режимдерінің ерекшеліктеріне
сәйкес шектеледі және осындай аумақ туралы жеке-дара ережелермен реттеледі.
Қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
төңірегіне осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және калпына
келтіруге теріс ықпал ететін осы аймақтар шегінде кез келген қызметке тыйым
салына отырып қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін
канағаттаңдыру үшін пайдалы касиеттерін алудың заңдылық тұрғысында
қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану
құқығы нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген белгілі бір
ережелердің ауқымында жүзеге асырылады, ол ережелерді сақтауды арнайы
құрылған уәкілетті мемлекетгік органдар қадағалайды. Табиғат объектілерін
экологиялық пайдаланғаны үшін салық және өзге де төлемдер мемлекеттік
бюджетке алынады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерінің зандық мәртебесі мен
заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі
болып табылады. Табиғат объектілерінің заңдық мәртебесін нысаналы мақсатына
қарай мемлекет анықтайды және өзінің санаттары болады. Табиғат объектілерін
санаттандыру іс жүзінде барлық табиғат ресурстарына қатысты орын алады және
табиғат объектілеріне билік етудің бірінші кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес
мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді
мекендердің (қалалардың, поселкелердің және селолық елді мекендердің жері);
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге
мақсатқа арналған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері,
сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының
жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер.
Пайдалы қазындылар екі санатқа бөлінеді: 1) жалпы таралған
пайдалы қазындылар, олардың тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді (жұмыр тас және
қиыршық тас, қиыршық тас құм қоспасы, құм, саз балшық, саз балшықты
жыныстар, құмдақ, қабыршақ және т.б.); 2 ) жалпы таралған пайдалы
қазындылар санаттарына жатпайтын пайдалы қазындылар (мұнай, газ және т.б.).
4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы
сипаттамасы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи
ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері.
Меншіктің басты элементі нақты субъектіге жататындығы болып
табылады, сондықтан да меншік нысандары атап айтқанда олардың субъектісі
бойынша болады. Мысалы, азаматтық-құқық нормаларына сәйкес меншіктің екі
нысаны болады: 1) мемлекеттік меншік, оның өзі республикалық және
коммуналдық меншіктен тұрады; 2) жеке меншік, яғни азаматтардың және
мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі.
Сонымен, табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп
мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды
тұлғалар.
Мемлекет жекеше занды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық
табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат
объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының
құрылымында басымдыққа ие болады.
Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге жеке меншік енгізілді,
сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары заң актілерімен баянды етілді. Жерге
жеке меншікті енгізу аса күшті күрес жағдайында өтті жөне Қазақстан
қоғамында үлкен серпіліс туғызды. Жерге меншік құқығын жақтаушы өзінің
айқындамасын атап айтқанда жерге жеке меншік ауыл шаруашылығын жақсартуға
жәрдемдеседі деген дәлелді алға тартты.
Жалпы ережелер бойынша, жер учаскесіне жеке меншік құқығы осы
учаскенің шекарасында болатын үстіңгі топырақ қабатына, тұйық су
тоғандарына, өсімдіктерге қолданылады. Жердің астындағының бәрі (мұнай, газ
және басқа да пайдалы қазындылар) жердің меншік иесі болып табылатын жеке
адамға тиесілі бола алмайды.
ҚР-ның Жер Кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының
субъектілері деп мыналар танылады:
1) республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының
субъектісі - Қазақстан Республикасы;
2) жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі жер
Кодексімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде - азаматтар және
мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, осы Кодексте өзгеше
белгіленбесе, азаматтар деп Казақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.
Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің
бәрі жеке меншікте бола алмайды. Мысалы, КР-ның Жер Кодексі мыналар
орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды деп белгілейді:
- қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі
қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне;
- Қазақстан Республикасының - Мемлекеттік шекарасын қорғау және
күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, комімуникациялар
орналасқан;
- кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
- жасанды ормандар орналасқан, жеке және мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке
берілген жасанды ормандар орналасқан жеке орман қорының жер учаскелерін
қоспағанда, орман қорының жері;
- ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық маңызы
бар) жеке меншікке жекешелендірілген су шаруашылығының қүрылыстары
(суландыру және кәріз жүйелері), сондай-ақ бір шаруашылық жүргізуші
субъектінің жер учаскесіне қызмет көрсететін жекешелендірген суландыру
кұрылыстары орналасқан су қорының жері құрамындағы жер учаскелерін
қоспағанда, су қорының жері;
- магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы
автомобиль жолдары;
- жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға
қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі
ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола
алмайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа
(фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру,
бағбандық, жеке тұрған ұй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді
(құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге
арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде
тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимаратгарды) және олардың кешендерін салуға
берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының
жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу орман өсіру үшін, үйлерді
(құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге
арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде
тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға
берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік
заңды тұлғалардың жеке меншігінде үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды),
олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда,
өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде түрғын үйлерді (құрылыстарды,
ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер
учаскелері болуы мүмкін.
Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер учаскелері тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана
шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Казақстан Республикасының
мемлекеттік емес заңды түлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін
жүргізу және орман өсіру үшін беріледі.
Меншік құқығының объектілері жер, орман, су, жер қойнауы,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі болады. Бұған сондай-ақ кешенді объект
ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік табиғат қорықтары,
ұлттық табиғат парктері, табиғи резерваттар және т.б.) жатады.
Жоғарыда қандай табиғи объектілердің жеке меншікте, ал қан-дай
объектілер тек мемлекетке тиесілі болатыны аталып көрсетілді.
Табиғи ресурстар ретінде табиғат объектілерін мынадай топтарға
бөлуге болады:
1) Сарқылмайтын объектілер - бұл кемшілігі жуық болашақта
күтілмейтін табиғи ресурстар (күн энергиясы, атмосфералық ауа, жел
энергиясы және т.б.);
Сарқылмайтын ресурстар мыналарға бөлінеді:
а) жаңартылатын, яғни қалпына келтірілетін табиғат ресурстары
(өсімдіктер, жануарлар);
б) жаңартылмайтын, яғни жуық болашақта қалпына келтірілмейтін
табиғат ресурстары (пайдалы қазындылардың көпшілігі);
в) ауыстырылатын (мысалы, көмір күн энергиясымен ауыстырылуы
мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа және т.б.);
2) Сарқылатын объектілер - бұл босалқылары толық жойылу қатерінде
тұрған табиғат ресурстары.
Табиғат объектілері қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен
сипатталады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Меншік ресурстарға түсінігі
2. Сарқылатын ресурстар түсінігі
3. Сарқылмайтын ресурстар
4.Қоршаған ортаның субьектілері
5. Меншік обьектісі және оның түрлері

Тақырып 4. Табиғат пайдалану құқығы
1. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі
белгілері.
2. Табиғат пайдалану кұқығының түрлері, объектілері және субъектілері.
3. Табиғат пайдалану құқығының мазмұны. Табиғат пайдаланушылардың
негізгі құқықтары мен міндеттері.

1. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және
негізгі белгілері
деп адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық,
рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық-эстетикалық қажеттерін)
қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады.
Мысалы, ЭК-тің 10-бабының 1-бөліміне сәйкес адамның күнделiктi өмiрiнде,
жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи
ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат
пайдалану болып табылады.
Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра
білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік кажеттерін
канағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса,
онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай
алғанда экологиялық жүйені барышпа сақтау мүддесі үстем болады.
Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында - табиғат
объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану - бұл адамның әр
алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану
жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен
міндеттерінің жиынтығы.
Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе
жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және
шарттарда өздерінің кажеттерін қанағаттаңдыру үшін пайдалану құқығы деген
анықтама беруге болады.
Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі - бұл табиғи
ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау
саласындағы қызметтің жекелеген тұрлерін жүзеге асыру.
Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану
саласында мына төменде аталған шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан
қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:
- улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен
ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;
- су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса
қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материалдарды
өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыстарды су
жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;
- 1-3 -топтағы кэуіптілігі бар өндірістің кауіпті қалдықтарын
жағу, химиялық өңдеуден өткізу, сақтау мен көму, Қазақстан Республикасының
қауіпті калдықтарды трансшекаралықтасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы
Базель конвенциясы бойынша міндететтелерін орындаумен байланысты
трансшекаралық тасымал;
- Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық
түзілістерді сақтау;
Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды
пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат
қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс
міндетті түрде лицензиялануға тиіс.
Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға облыстың
жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың -
Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға
беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған
шарттар (келісім шарттар) негізінде берілуі мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығының қағидалары деп табиғи ресурстарды
пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулары мен
негізгі қағидаттары ұғынылады. Табиғат пайдалану құқығының негізгі
қағидаларына мыналар жатады:
- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың
өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Экологиялық сараптама және аудит пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Құқықтану мамандығы бойынша элективті пәндер тізімі
Оқушылардың жобаны орындауы
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Орыс тілі мен әдебиеті
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Пәндер