Кабо-Верде Республикасы

1 Кабо.Верде
2 Тарихы.
3 Экономикасы.
4 Сілтемелер
Кабо-Верде, Кабо-Верде Республикасы (Қlehas do Cabo Verde) – Батыс Африка жағалауларына жақын Атлант мұхитындағы 8 ірі және 10 ұсақ аралда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 4033 км2. Халқы – 406 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары португалдар мен африкалықтар арасынан шыққан мулаттар (60%), сондай-ақ, банту (35%), баланте, мандьян, т.б. жергілікті ұлыстар мен еуропалықтар (3%), т.б. Ресми тілдері – португал тілі мен креол тілі. Тұрғындарының 90%-ынан астамы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Прая қаласы. (80 мың). Мемлекет басшысы – президент Ұлттық ассамблея депутаттары арасынан 5 жыл сайын сайланып отырады. (1996 жылдан – А.Машкареньяш Монтейру). Заң шығарушы органы – Ұлттық ассамблея (бір палаталы парламент) 79 депутаттан тұрады. Ұлттық мейрамы 5 шілде – Тәуелсіздік күні (1975). Ақша бірлігі – эскудо. Табиғаты. Кабо-Верде аумағы жанартаулық жыныстардан түзілген аралдардан тұрады. Қрі аралдары: Сантьягу, Санту-Антан, Боавишта, Фогу, т.б. Аралдарда әлі де жанартау конустары мен кратерлер бар (биіктігі 2829 м-ге жететін әрекетті жанартауы – Фогу). Климаты тропиктік пассаттық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 250 мм. Шөлейттік, шөлдік өсімдіктер өседі. Табиғат ресурстарына өте кедей. Климат жағдайының қолайсыздығынан (құрғақшылық, су көздерінің болмауы) ауыл шаруашылығы өте нашар дамыған.
“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4 – том

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Кабо-Верде

2 Тарихы.

3 Экономикасы.

4 Сілтемелер

Тарихы.

Кабо-Верде деген сөз португал тілінен аударғанда Жасыл мүйіс аралдары деген ұғымды береді. Ол аралдарды алғаш ашқандар венециялық А.Кадамосто (1456) және генуялық Антонино де Нола (1460). 1462 жылы бұрын ешкім мекендемеген аралдарға португалдар келіп жетіп, 1495 жылы өздерінің отары деп жариялайды. Аралдарды 1581 жылы Испания басып алып, 1640 жылы қайтадан Португалияға өтті. 15 – 18 ғасырларда отаршылар бұл аралдарды Африкадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОВАС негізінде Батыс Африка мемлекеттерінің федерациясын құру
Дүниежүзі халықтарының орналасу тығыздығы
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі туралы
Ұлы георграфиялық ашулар
Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Нашар дамыған елдердің салыстырмалы сипаттамасы
Саяси ұйымдар және экономикалық ұйымдар
Мексика. Мемлекеттің тарихы
Қант қызылшасынан қант өндіру технологиясы
Пәндер