Қыз ұзату


Қыз ұзату
«Той десе қу бас домалайды» дейтін қазақ, «тойға бұйырсын» деген үмітпен мал жиған, дәулет құрған. Тойдың ел айта жүрер ерекше көңілді, сән-салтанатпен өтуі той иесінің абыройын арттырған.
Қыз көру салты кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз, сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп, қыз ауылына барады. Қазақта «қызды кімкөрмейді, қымызды кім ішпейді?» деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда «қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Жігітке олар да сын көзбен қарап, өз ойын ашық айтқан. Осындай жолда бірін-бірі сынаған қыз-жігіттер айтысқа түскен. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігіт пен қыз бірін-бірі ұнатқан жағдайда да құдалық жолы жасалған.
Олай болса, қыз бен жігіт бірін-бірі ұнатып қосылған, сүйіп қосылған кездері қазақта ертеден болған. Әрине, қазақ салтында «қыз таңдау», «қыз көру» әр кезде бола бермеген. Оған аты белгілі адамдардың балалары мен жігіттердің ғана қолы жеткен.
Қыз айттыру - әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп, қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды. Тұқымында, тегінде ауруы бар отбасының қыздарына сөз салмайды. Лайықты деген адамдарына әдейі барып, балаларының болашағы туралы әңгіме қозғайды, өздерінің құда болу ниетін білдіреді. Мұны «қыз айттыру» дейді. Қыз бойжеткен, ұл ержеткен жағдайда екі жасты қосу «құда түсу» арқылы жасалады. «Қыз айттыру» - баталасу жас отаудың беріктігін, сенім мен сыйластықтың негізін қалайды.
Қыз ұзату - бұл тойда қыздың өз туыстары мен құрбы-құрдастары отырады. Қазақ қызы әкесі мен ағаларының, өзге аталас туыс-бауырларының көзінше жігіттің жанына жақындауға ұялған. Қазақ салтында жеңгелері қайын сіңлісінің қолын ұстатып, күйеу жігіттен «қол ұстатар», шашын сипатып «шаш сипатар» сыйлықтарын алған. Бұл, бір жағынан, жастар үшін сын болған. Осы сында қыздың ұяңдығы, ұялшақ, ибалы мінезі, тазалығы мен пәктігі, ал күйеу жігіттің тектілігі, жомарттығы көрінген. Бұл жоралғылардың бәрі жас жұбайларға арнап тігілген оңаша отауда жасалған.
Қыз ұзату - үлкен той-думан әрі қызық болғанымен, бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны - «қызым өсті, өрісім кеңейді» дейді, жылайтыны - қимастық көңілі, бағып-қаққан перзентінің жатжұрттық боп кете баратыны… Қызды алуға құда жақтан 5-7 (тақ санмен), кейде одан да көп адам келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жігіт пен күйеу жолдас болады. Құдалар, әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын-сауық, құдалық рәсімдер мен кәде-жоралар жасалады. Жақын адамдар (ағайын-туыс, көрші-қолаң) құдаларды үйіне шақырады. Ұзатылған қызды, дәстүр бойынша, таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», «Сыңсу», жастар «Жар-жар», «Ау-жар», «Аушадияр» айтады.
Қалыңдық - көйлегi, қамзолы, кемер белдiгi, бастысы басында сәукелесi болуы тиiс. Сәукеле - ұзындығы 10 қарысқа дейiн биiктей беретiн әшекейлi қалыңдықтың бас киiмi. Мұның әр қарысы қымбат бағалы тастардан құралады. Айталық, бiрiншi қарысы күмiстен, екiншi қарысы алтыннан, үшiншi қарысы гаухардан деген сияқты. Сонысына қарап, яғни сәукеленiң биiктей бергенiне қарай қыздың бағасы да арта беретiн болған. Қазақ байлары арасында қызының сәукелесiн 100 жылқыға жасағандары да кездескен. Ал, қоңыртөбел дәулеттi, кедей, кепшiктiң қыздары сәукелесiн қымбат маталармен әшекейлеген көрiнедi. Қыз сәукелесiн киiп, аттануға әзiрленгенде, жiгiт ауылынан бiр топ кiсi қызды алып кету үшiн құда түсе келедi. Бұлардың саны 7, 9 немесе 15 секiлдi тақ сан болуы қажеттi. Қызды ауылдың маңына жақын келген мезеттен бастап күйеу жiгiт пен күйеу жолдас аттан түсiп жаяу келетiн болған. Мiне, осы ретте «көпшiкқыстырар» деген кәде орындалады.
Көпшiкқыстырар - әдетте жеңгелерге берiлетiн сый. Қызды ауылға қарай жаяу келе жатқан күйеу мен күйеу жолдастың алдынан ауылдың үлкендерi емес, бойжеткендер мен жеңгелер шығып күтiп алады. Осы кезде күйеу жолдас ерiнiң астынан қымбат бағалы мата немесе моншақ, алқа секiлдi дүние ұсынатын болған. Күйеудi сән-салтанатымен қарсы алған топ өзiне арналған үйге беттеген мезетте олардың алдынан ауыл аналары шығып «шашу» шашады.
Шашу - жаңадан босаға аттаған келiннiң немесе күйеудiң алдынан шашылатын тәттi, құрт, iрiмшiк тәрiздес жеңсiк тағамдар. Тiптi кей өңiрде тиын, теңге шашатын да үрдiс бар. Мұны жастар жағы терiп алады. Сонымен, күйеу жiгiт нөкерiмен отауға енiп, табалдырықтан аттар кезде «табалдырық кәде» дейтұғын салтты орындауы тиiс.
Табалдырық кәде - жаңадан босаға аттар кезде берiлетiн жоралғы. Мұны жеңге немесе орта жастағы әйел алады. Күйеу содан кейiн ғана босағадан iшке енедi. Отау iшiне кiрген күйеу мен оның нөкерлерiн тағы бiр сый күтiп тұр. Бұл киiм шешер мезетте болатын «киiм iлу».
Киiм iлу - өзiн төрге шығарып, шапанын немесе бешпетiн шешiп құрметтеген жеңгелердiң ақысы. Құрметтi қонақтар орналасып бiткен соң ет тартылады. Ет өздiк «табақ тарту» әдiсi бойынша таратылуы тиiс.
Табақ тарту - табақта күйеу балаға төс тартса, қызға құйымшақ, құдаларға арнап бас, жамбас, асықты жiлiк тартады. Егер бұл мүшелердiң бiрi ауысып кетсе табақ тартқан жеңге айып төлейтiн болған. Бастысы, бұл табақта құйрық пен бауыр болуы тиiс.
Құйрық, бауыр асатар кәдесі орындалады. Құйрық-бауырға айран араластырып берiлгендiктен, құдалардың бет жүзiнде айранның қалдығы қалғандықтан, екiншi кезекте «суға тоғыту» деген кәде орындалады.
Суға тоғытар - үшiн жеңгелердiң бiрi «ау, бiз неге отырмыз. Мына құдалардың бетiне не болған? Кәне, мұны жуамыз» деп су әкелiнедi. Осы кезде бетiн жуған жеңгеге арнап құдалар жағы сый-сыяпат ұсынады.
Бұл жоралғылар орындалып бiткен соң, тамақ жиналғаннан кейiн таң атқанша құдалар ұйықтамауы керек. Ән айтып, айтысып, өнерiн көрсетiп таңды атыруы тиiс. Себебi, ұйықтайтын адамға бұйырылар жаза - «киiм тiгу» күтiп тұр.
Киiм тiгу - ұйықтап қалған құданың киiмiн бiр-бiрiне шандып тiгiп тастап айып төлетедi. Сондықтан да таң атқанша өнер көрсетуi тиiстi. Мұнан кейiн «неке оқу», «қыз қашар», «түндiк жабар», «шаш сипатар», «көрпе қимылдатар», «шатыр байғазы» секiлдi жоралғылар өз кезегiмен өтедi. Мұның барлығында да қыз жеңгесi өз үлесiн жоралғы ретiнде алып отырады.
Ертесiне таң атып, әйел адамдар барлығы үлкен үйге жиналады. Себебi, оларды алдынан «қоржынсөгер» жоралғысы күтiп отыр. Бұл кәдеге ер адамдар араластырылмайды.
Қоржынсөгер - күйеу жақтың әкелген қоржынын сөгiп, ондағы айна, тарақ, әшекей зат пен тәттiлердi барлығы бөлiсiп алады. Бұл жоралғылар өткен соң күйеу мен қалыңдыққа қатысы бар «мойын лақтырар», «шаңырақ көтеру», «ат байлар» деген кәделер өтедi. «Ат байлардың» соңында күйеу жiгiтке арнап жастар жағы тiлек айтады.
Босағаға iлу - күйеу бала үшiн ең соңғы жоралғы. Қалыңдығын алып бара жатқан уақытта босағаға iлгенiм деп күйеу бала өзiнiң шапанын тастап кетедi. Мұның мәнiсi «мен ендi осы үйдiң баласымын. Қалыңдығымның әке-шешесi менiң де әке-шешем болады» деген ойдан туындаған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz