Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өту кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер



Кіріспе ... ... ... ...5

І . ШЫМКЕНТ МАЙ АҚ ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1.1 «Шымкентмай» АҚбасқару құрылымы..
1.2 «Шымкентмай » ААҚ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі

ІІ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ: ЕСЕБІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1. Қаржылық есеп беру: түсінігі және оны құрудың әдістемелік негіздері
2.2 Қаржылық есеп беруді ұсыну және оған қойылатын талаптар
2.3.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі қаржылық қорытынды есептің атқаратын ролі
ІII. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ХҚЕС САЙ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Қаржылық есеп беру элементтерін тану және бухгалтерлік балансты талдау әдістемесі.
3.2 Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өту кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер.
3.3 Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылық пен оны дамыту жолдары ... ...
Қорытынды..
Пайдаланған әдебиеттер.. Қосымшалар
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп – бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесменден, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі – жиі өзгеріске түсетін болады. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.
«Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан 2030 жылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.
1. 1. №2732 1995жылдың 26-желтоқсанында Заң күшін иемденетін, ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп жөнінде» жарлығы.
2. 1998-2000 жылдарға ҚР-да бухгалтерлік есеп пен аудиттің дамуы мен жүзеге асуының мемлекеттік бағдарламасы жөнінде №3838 1998 жылдың 28 қаңтарындағы ҚР Президентінің жарлығы.
3. 1996ж.12.10. бухгалтерлік есеп жөнінде ҚР-ның Ұлттық комиссиясының дайындығы мен ұсынысы үшін окцептуалдық негіз №2 «ҚР бухгалтерлік есеп стандарты» - Алматы,-1996ж.
4. Бухгалтерлік есеп стандарты. ҚР Ұлттық комиссиясы. -Алматы,1996ж.
5. Методикалық кеңес берулер мен стандарттау және ҚР-ның бухгалтерлік есебі. -1997ж.
6. 14.01.97.ж. өзгерісі және толықтығымен Қаржы министірлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқамасы.
7. 1993ж. 24.08. министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған ҚР-ның ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс-сапарлық қызметі жөнінде нұсқамасы.
8. Әбдіманапов Ә., “Бухгалтерлік есеп теориясы және приниптері”, Алматы 2001 жыл.
9. Ержанов М.С., Ержанова А.М., “Основа Бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов”, Алматы 2003 год.
10. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Ғабдул мен Т.Ғ. Шмидт О.Н., “Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп”,Алматы: Қазақстан – аудит орталығы 2002 жыл
11. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә. Жантаева – “Қаржылық есеп”: оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2001 ж – 330 бет.
12. Төлегенов Е.Т.,. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”, Алматы: Экономика 2001 жыл
13. Қаржы қаражат №8, 2004 жылы.
14. Бухгалтерлік есеп және аудит №2, 2003 жыл.
15. Бухгалтер бюллетені: қазан 2003, №41.
16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Депортаменті, “Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынылымдар” – Алматы 2000 жыл.
17. Т.Әбдіхалықов ,«Бухгалтерлік есеп және аудит» Алматы 2000ж
18. К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы «Экономика» 2001ж
19. Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар. Қазақстан Республикасы – 1997ж.
20. Баймұханова С.Б. , Ә.Ж. Балапанова. «Бухгалтерлік есеп жэне аудит».
21. Әубәкіров Я.Ә. , Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова
Экономикалык теория. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті» 1999.
22. Ержанов М.С, Ержанов С."Есеп саясаты " Алматы 1997ж.
23. Күлімжаев "Бухгалтерлік есеп принциптері" Алматы 2004ж.
24. Бухгалтер бюллетені 2004ж Сәуір 16
25. Салық кодексі 2005ж
26. Бухгалтер бюллетені 2005ж Шілде 31
27. Бухгалтер бюллетені 2003ж Тамыз 35
28. Бухгалтер бюллетені 2005ж Қараша 8
29. Бухгалтер бюллетені 2004ж Қараша 47
30. Бухгалтер бюллетені 2004ж Маусым 26
31. .Бухгалтер бюллетені 2004ж Шілде
32. Бухгалтер бюллетені 2005ж Тамыз 17

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

І . ШЫМКЕНТ МАЙ АҚ ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1.1 Шымкентмай АҚбасқару құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Шымкентмай ААҚ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі ... ... ... ... ...

ІІ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ: ЕСЕБІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.1. Қаржылық есеп беру: түсінігі және оны құрудың әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Қаржылық есеп беруді ұсыну және оған қойылатын талаптар ... ... ... ... ... .
2.3.Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуде және қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеудегі қаржылық қорытынды есептің атқаратын ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІII. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ХҚЕС САЙ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Қаржылық есеп беру элементтерін тану және бухгалтерлік балансты талдау әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2 Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өту кезеңіндегі жаңа мүмкіндіктер ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Қазақстан Республикасы қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылық пен оны дамыту жолдары ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп –бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалай тиымдылығына кәсіпкерлер, бизнесменден, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар бухгалтерлік есепті жетілдіру, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі –жиі өзгеріске түсетін болады. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады.
Қазақстан-2030 стратегиясында анықталған мақсаттарға жету үшін экономиканың тұрақты және қарқынды өсуі қажет. Отандық экономистердің есебі бойынша Қазақстан 2030 жылы индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылу үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.
Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол аштық. ҚР-Елбасшымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. деген еді. Осы жайттардың барлығын ескере отырып мен өзімнің дипломдық жұмысымды бухгалтерлік есебімізді қалай жетілдіру керек екендігін және қаржылық есеп беруімізді халықаралық стандарттарға (Х.Қ.Е.С )сай етіп жасағанда кәсіпорындарымыз қандай артықшылықтар мен кемшіліктерге тап болатының айтсам деймін.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдың мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.
Х.Қ.Е.С –қаржы есептігінің баршамызға ортақ және бірдей ұғынуға қажетті осы заманғы стил ретінде, капиталды ықпалдастыру, экономиканы шапшаң дамыту үшін негіздемеге қызметін атқарады. Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттігінің және инвестиция тартуының, соның нәтижесі ретінде, бүкіл Қазақстан экономикасының өзекті негізі боп табылады. Ал Х.Қ.Е.С –ын білу онымен жұмыс істеу осы заманғы бухгалтер мен аудиторлардың ғана емес, сонымен бірге басшы беделінің қажетті сапалық белгісіне айналып отыр.
Дипломдык жұмыс 3 тараудан тұрады. Оның бірінші бөлімінде қаржылық есеп берудің түсінігі мен тұжырымдамалық негіздері, екінші бөлімінде қаржылық есеп беруді ұсыну және оның пайдаланушыларға қажеттілігі болса, ал үшінші бөлімінде ХҚЕС –ке өткендегі артықшылықтар көрсетіліп, оны одан әрі дамыту жолдары ұсынылады.

І . ШЫМКЕНТ МАЙ АҚ ҚАРЖЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1.1 Шымкентмай АҚ –ның басқару құрылымы.

ААҚ Шымкент май тарихының негізгі кезеңдері 1942 жылы май экстракты зауыттың алғащқы өнімі рафинатталған мақта майы алынды. 1943 жылы өтпелі қызыл белгімен марапатталуы, 278 жұмысшының “Ұлы Отан соғысында енген еңбектері үшін ” медальмен марапаттауы. 1948 жылы Форпрессті цехтың іске қосылуы. 1949 жылы Май экстрактты зауытын Шымкент май өнімдері зауыты атағына атанды. ССРО тамақ өнеркәсіптері министрлігі “Бас өсімдік май” бас басқармасы. 1950 жылы ыдыстарға құю, бөлу цехтарын , сабын қайнату цехтарын , штамп прессторын , дайындау цехтарын, форпресстеу цехындағы жаңаша жабдықтардың, дайындау экстракциялы бөлімдердің ашылуы. 1953 еркін май қышқылдарын алуға қажетті цехтың іске қосылды. 1959 жылы елдегі ең ірі үздіксіз май экстракциясы цехының іске қосылуы. 1975 жылы экстракциялы цехтың қайтадан рекенструкциялануының аяқталуы. 1992 жылы зауыттың 50 жылдығы . 1993 жылы жекешелендіру “Шымкентмай” ААҚ қайталануы. 2000 жылы “Доня” сауда маркасының рынокқа енуі. 2002 жылы зауыттың 60 жылдығы. Халықаралық стандарттарға сәйкес ИСО 9000, сапа менеджментінің жүйесіне аттестациялану үшін жабдықтарды қайта жаңарту. “Шымкентмай” ААҚ 60 жыл тәжірибелік мерзімінде май өнімдері рыногында май ішкі заттарының өңдеу, өндірістік циклдар, ұрықты дәнді сатып алу оны май өнімдеріне қорыту дайын өнімдерге қораптау, сауда нүктелеріне тасымалдап жеткізіп беру жұмыстарымен айналысады. Сапалы және экологиялық таза өнім - өсімдік майы және шрот. Деректі шикізаттың өңдеу тереңдіктеріне байланысты –тазартылмаған (рафинадталмаған ), рафинадталған, тазартылған және күнбағыс, мақта , сафлор, сая өнідерінен алынған майларды өңдейді. Майтұқымдарын өңдеу түрлеріне байланысты жобалық қуаттылығы тәулігіне 100 тонна тұқымдастық, 1.08.2003 жылы жеректер бойынша өндірістік қуаттылықты қолдана алу мүмкіншілігі 96 %. Өсімдік майлары түгінгі күні өте қолайлы, таза, сапалы өнім. Өсімдік майларын тұтынушылардың үлестері 62,2 % құрайды. Сонымен 2002 жылы өсуіне талдау жасай отырып мынадай көрсеткіштерді анықтауға болады: Өсімдік майлары рыногындағы отандық өндірісшілердің үлесі –%. “Шымкентмай” ААҚ –ң үлесі 34,4 %. Тұтынушылардың мазмұндауынша өнімнің сапасы май өнімдерін сатып алуда шешулі фактор болып табылады. Тазаланған мақта майы “Доня” Қазақстанда теңдесі жоқ. Өсімдік майының негізгі биологиялық құндылығы май қышқылдарының , фосфотидтермен, токофералдарымен сипатталады. Күнбағыс майы аса белсенді витаминдерге иеленеді. “Шымкентмай” ААҚ тазаланған май өнімдері тұтынушылардың талаптарына жауап бере алады. Мақта, күнбағыс, сафлор және қыша (горчица) майлары табиғи түске ие, иісі жоқ , табиғи витаминдермен аминқышқылдарға өте бай .

Кәсіпорын және оның өнімдері.
“Шымкентмай” Ашық акционерлік қоғамы, Шымкент қаласының Оңтүстік бөлігіндегі темір жол бекетінің 1,5 км қашық бөлігінде орналасқан. Солтүстік –батыстан кәсіпорынға мақта май зауыты , ал батыстан “Оңтүстік полиметалы” ЖАҚ –ның аймағы бағытталған. Кәсіпорынның магистралды темір жолыменен байланысы солтүстік –шығыстан өндірістік алаңға бағытталған өтпелі темір жолмен орныдалады. Кәсіпорынның автокөліктермен байланысы “Промышленная ” көшесі арқылы орныдалады. Кәсіпорынның аймағы қарапайым рельфті. Жер асты сулары 10 метр тереңдікте байқалмаған. Аймақтың сеисмикалдығы –балл. Кәсіпорынның шикізаты май тұқымдастықтарының түрлері, олардың ішіндегі негізгісі мақта және пісте май тұқымдастықтары. Мақта тұқымдастықтары қала және аудан аралық зауыттардан тасымалданады. Аудан аралық мақта тазалау зауыттарының кәсіпорыннан алшақтығы 40 –км. Күнбағыс тұқымдастықтары негізінен Шығыс Қазақстан облысы және Ресей Федерацияларынан тасымалданады.
Өндірістің құрылымы және оның сипаттамасы.
“Шымкентмай” ААҚ, тамақ және техникалық тағайындалудағы түрлі өсімдік майларын өндіріп шығарумен сипатталады. Мақта тұқымдастықтарын өңдей бойынша кәсіпорынның жоғарғы өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100 тонна. Мақта тұқымдастығын өңдеумен қатар, күнбағыс, мақсары, қыша , соя тұқымдастықтарын өңдеп дайын өнім ала алады. “Шымкентмай” ААҚ –ның құрамында мына төмендегідей цехтық бөлімдер жұмыстар атқарады:
шикізат цехы
дайындау цехы
экстракциялы цехы
рафинаттау цехы
иіссіздендіру (дезодорация) цехы
дайын өнімдер цехы
өсімдік майларын қораптау цехы
өндірісті бақылау лабараториясы
көмекші цехы
Көмекші цехтарға мыналар жатады:
энергиялық цехы
пеш цехы
механикалық цехы
жөндеу –құрылысы цехы
лабаратория
КИП и А
Май тұқымдастықтарын өңдеу процесі мынадай кезеңдерден тұрады: - сақтау; тазалау; майды сығу; экстракция; майды рафинациялау. Әрбір процес, өзара механикаландырылған транспорт элементтермен және құбыр өткізгіштермен байланысқан цехтарда іске асырылады. Шикізат цехы қоймасынан тұқымдар қалдықтардан тазалау үшін дайндау цехына бағытталады. Тазаланған тұқымдастықтар қабыршақтан тазалау - сеператорлы бөлімшесіне тазалау үшін келіп түседі. Дәндердің қабығы малдар үшін жем ретінде тарату мақсатында дайын өнімдер қоймасына келіп түседі. Тұқымдастықтарды қабықшаландыру - “ядро ” майдаланып процестеледі. Осы аталған операциялар дайындау цехында орындалады. Қалдық майларды алу үшін күнжара (процестеу материалы) экстракциялы цехқа келіп түседі. Экстракциядан соңғы майсыз материал –шрот дайын бұйымдар цехына үй жануарлары үшін жоғарғы белокты жем ретінде таратылады. Форпрессті және экстракциялы майлар тазалану цехына бағытталады, онда май өңделеді.
Тасымаладау элементтері арқылы қоймадан тұқымдар бункер дозаторға беріліп қажетті мөлшерде өндіріске жөнелтіледі. Тазаланған тұқымдастықтар бірінші қабықсыздандыру дискосына беріледі, онда 70 –% майдаланады. Қабықшалардан дәннің айырылуы үшін 1 –сеператорлау биттер –сеператорына бағытталады. Екінші реттеліктегі қабықсыздандыру өткеннен соң майдалағыштар ядроны тиянақты қабықсаздандыру үшін екінші сеператорлы биттер –сеператорларға келіп түседі. Бақылау биттер –сеператорларынан соң қауыздану қоймаларына қабықшалары бағытталады, ал ядро 1 –ші және 2 –ші сеператорларынан қақтау станоктарына беріледі. Майдаланған ядро апандарға келіп түсіп ленталы транспорт арқылы шнектермен үлкен домалақ ыдыстарға жылу ыстықты өңдеуге жөнелтіледі. Ысытушы қазандарда дайындалған мезгалар форопресстерге бағытталады. Форопресстерде жаншылып алынған май қос қаққыш апарат арқылы насоспен фильтірлі пресстерге бағытталады. Фильтрліпресстерде тазаланған май құрамы таза май суытқышқа жөнелтіліп, фильтрлі процеспен жаровияға (қазанға) бағытталады.
Форпрессті күнжаралар шнектен экстракциялық цехқа тасымалданады. Осы жерде 55-60 С температурада суытылған күнжара шнекпен экстракторлардың колонналарына бағытталады. Экстрактты материал, экстракторларда ерітіндінің көмегімне майсызданып жүйеленеді. Экстрактадан шыққан қоймалжың масса 25-40 % ылғалдылықпен тостерге келіп түседі. Ондағы еріткіш сутекті бумен оқшауланады. Тостерден қоймалжың масса автоматты реттеу клапонымен шығарылып массаны суытқышқа бағытталып, онда сумен салқындатылады. 55-60 С температурада суытылған шрот шнекке келіп түсіп ленталы транспорттармен шрот қоймасына бағытталады.
Экстрактадағы мисцелла насоспен, дискалы фильтерге беріліп ерітінді дистиляторға бағытталып шлам экстрактаның төменгі жүктелу колонасына беріледі. Тиянақты дистелятордан май массасы насоспен май суытқышқа тартылып алынып, ол жерден нейтрализациялануға рафинаттау цехына жіберіледі. Тостермен дистелятордағы еріткіштің булары конденсаторға бағытталып, ол жерлен еріткіштің конденсаты экстракторға бағытталады.
Рафинаттау цехында қоспалардан майды сулы сілтілі ерітіндімен тазалану процесі жүреді. Нейтразациялаудан соңғы алынған соопасток, шұңқырға жинақталып сабын қайнату өндірісіне бағытталады. Нейтрализацияланған май, насоспен фильтрленіп сабынмен ылғалды бөліп алу үшін ашық рамалы фильтрпресстерге, ол жерден фильтрленген рафинатты май насоспен дайын өнімдер қоймасына тасымалданады.
Өндірістік объектінің жалпы мәліметі.
“Шымкентмай” АҚ 1993 жылы мемлекеттену бағыттындағы бет алыс кезеңінде май өнімдері комбинаты бағасында құрылды. Қазақстан Республикасы және ТМД мемлекеттері ішіндегі май өңдеу салалары кәсіпорындары арасында ірі кәсіпорынның бірі болып есептеледі. Кәсіпорын қалдықсыз техналогия бойынша жұмыс атқарады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 35000 тонна мақта тұқымдастығын өңдей алады. Құрамына майды экстракциялау және сабынды қайнату өндірісі кіретін “Шымкентмай” ААҚ(соңғы аталған кәсіпорын 1999 жылдан бастап “Шымкентмай –Эль-Дос” жабық акционерлік қоғамын басқаруына берілген), Шымкент қаласының өңтустік бөлігіне теміржол бекетіне 1500 км қашықтық шамасында орналасқан. Солтүстік батыстан кәсіпорынға мақта өңдеу зауыты, ал батыстан-“Оңтүстік полиметалл”ЖАҚ жанасады. Магистралды темір жолмен кәсіпорын темір жол өткелдері арқылы байланысады ( №4-200249 16 маусым 2000ж ДГП ҚазТранссервисРГП КТЖ және “Шымкентмай” ААҚ араларындағы сауда саттық жайындағы келісім-шарт негізінде). Осы аталып көрсетілген темір жол “Шымкентмай” ААҚ-ң жеке меншігі болып табылады. Кәсіпорынның коламен автотранспорттық байланыстары Промышленнаякөшесі бойымен іске асырылады. Жер асты сулары 10метр тереңдікте байқалмаған. Ауданның сейсмикалығы –балл. “Шымкентмай” ААҚ, бұрынғы шымкенттік май өнімдері комбинаты 1942жылдан бастап пайдалануға берілген. Осы аталған кезеңден ол өзінің қуатын 320 тоннадан 1200 тонна мақта тұқымдастықтарын тәулігіне өңдеу көрсеткішіне жетіп отыр. Майды экстракциялау зауытына мына төмендегі цехтармен бөлімшелер жатады
майды өндіріп алу кешені(дайындау цехы,экстракциялау цехы, кешеннің қоймалары бір мезгілде 28000 тонна шикізатты қабылдап алады.)
майды өңдеу кешені (майды рафинадтау цех, экстракциялық цех, дезодорациялау цехы);
энергетикалық кешен(трансформаторлық бекеттер, энергетикалық жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу цехы , бақылап- өлшеу приборларын жөндеу мен қызметтер көрсету лабораториясы , жер асты суларын тазалау цехы);
механикалық –жөндеу цехы кешені (механикалық жабдықтарды жөндеу –құрылыс бөлімшелері, құйма цехы). Барлық дайындау бөлімшелері мен бекеттері, ауданы 2463 м2 төрт қабатты ғимаратта орналасқан. Ғимараттың қабырғалары кірпіштен орындалған, негізгі темір бетон, шатыры –темір бетонды аралық тобын плиталарынан орындалған. Ғимарат тұрмыстық корпустың галереясымен жалғасқан. Экстракциялы цех бөлек корпучты төрт қабатты ғимаратта орналасқан, жалпы ауданы 4495 м2 , сыртқы көлемі –м3 . Ғимараттың шатыры –темір бетонды аралық тобын плитасы. Экстрациялық цехтың қасында өрт сөндіру бекеті орналасқан. Күн жаралар мен шротты тасымалдау үшін транспорттық галерея қарастырылған . “Шымкентмай” ААҚ-мен өндірілетін негізгі өнім түрлеріне өсімдік майлары (тамақ және техникалық мақсаттылықтағы), шрот және қосымша өнім ретінде мақта қауыздары жатады. Шрот және мақта қауыздары мал мен құстарды тамақтандыруда тамақтық қоспа ретінде қолданылады. Майды рафинадтауда алынатын соопсток , дистиллециялау цехына өңдеу және сабынды қайнату өндірііснде қолдану үшін жіберіледі. “Шымкентмай” ААҚ-ның жеке қазан шұңқыры бар. Қазан шұңқырда екі котел ДЕ10-24-250 гм –. Қазан шұңқырдың жалпы өнімділігі –тонна., қайнау буының температурасы -256С , қысымы 24. Жалпы қайнату бетінің ауданы – м2 , су көлемі –,4 м3 ,будың көлемі –,1 м3 . Цехтың ішінде ішетін судың кермектілігін жоятын қондырғы қарастырылған. Шрот ауыл шаруашылықтарындағы түрлі жем дайындау зауыттарына жем және шикізатты компоненттер ретінде қолданылады. Өңделетін май өнімдеріне байланысты шрот мақталы , пістелі , мақсары, қышалы болып бөлінеді. Күнбағыс шротының жемдік құндылығы өте жоғары, себебі оның протеині тауық жұмыртқасының протеиіне жақын, ал оны су және май ерітінді В-витаминдермен қанықтыру өте құнды жем алуға себебін тигізеді. Айта кететін бұл мәселе тек қана күнбағыс шроты Е-витаминіне еге. Ффильтрленген шрот жем ретінде қолданылатын тек құнды тағамдық қоспа ғана емес, сонымен қатар ол мал мен құстарды тамақтандыруда жекелей жем тағам ретінде қолданылады. Өнімнің осы аталған ерекшеліктерін қорыта отырып, “Шымкентмай” ААҚ өзінің практикалық іс-әрекеттілігінде сапалы басқару принципі бойынша мақсатты бағытта жұмыстар атқаруда .
Кәсіпорынның атауы “Шымкентмай” ашық акционерлік қоғамы;
Орналасқан орыны –Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы , Моторная көшесі №1;
Мемлекеттік тіркеу мерзімі –.12.1993 ж ;
Мемлекеттік қайтадан тіркеу мерзімі –.03.1999 ж;
Ұйымдастырушылық –құқықтық формасы –Акционерлік қоғам;
Қызметінің негізгі түрлері:
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайтадан өңдеу, халықтың тұтыну тауарларын өндіру.
Сауда –саттық, сауда, мәмілесі, бартерлі және өзге де операцияларды орындау;
Сыртқы экономикалық іс - әрекеттер және т.б.
Жоғарғы орган –жалпы жиналыс;
Басқару органы - басшылар кеңесі;
Орындаушы орган –президент (жекелей басқару);
Бақылау органы- ревизиялық комиссия ;

Шымкентмай ААҚ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәртібі

“Шымкентмай” ААҚ есепке алу саясаты мынадай құжаттар негізінде әзірленген:
Қазақстан Республикасының Президенті үкімімен 26.12.1995 ж, №2732 “бухгалтерлік есебі” .
Бухгалтерлік есптің қазақстандық стандарттары;
Шаруашылық субъектілердің қаржылық –шаруашылықтық бухгалтерлік есепке алудың бас шоттар жоспары.
Бухгалтерлік есепті жүргізудегі әдістемелік нұсқаулар;
“Бюджетке міндетті төлемдер жөніндегі салық туралы заңы”.
“Шымкентмай” ААҚ-ның есеп саясаты мына төмендегідей принциптерді сақтауды қарастырады:
Есептеу, санау әдістемесі: бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру барысындағы кірістер мен шығындар мойындала отырып, олардың пайда болуы немесе түсу кезеңдерінде сипатталады.
Үздіксіз қызметі : “Шымкентмай” ААҚ болашақта өте сапалы, таратусыз қызметтер атқаруға мүдделі.
Анықтаушылық;
Мән –мазмұндылық;
Мағыналық;
Ақиқаттылық;
Нейтралдылық;
Салыстырмалылық;
Тізбектеушілік;
Қаржылық есеп беруді шынайы түрде ұсыну;
Бухгалтерлік есепке алу журналды –ордерлік жүйеде енгізіліп орындалады. Бухгалтерлік есепке алудың техникалық орындалуы-компьютерленген. Бухгалтерлік есепке алудағы тіркеу жазбалары “Шымкентмай” ААҚ –ның іс - әрекеттілік ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген жұмысты жоспарлы санау жүйесін қолдана отырып орындалады. “Шымкентмай” ААҚ –ның бухгалтерлік қызметі 24 “Бухгалтерлік қызметтерді ұйымдастыру” стандарттарына сәйкес құрылған. Алғашқы құжаттарға рұқсаттары бар тұлғалар тізімін Президент анықтайды. Субъектінің қаржылық есеп беруі мынадай тараулардан тұрады:
Бухгалтерлік баланс;
Қаржылық шаруашылықты іс-әрекеттер нәтижесі жайында есеп беру;
Қаржылық қордың қозғалысы жайында есеп беру;
Қаржылық іс - әрекеттердің нәтижелері жайындағы және қаржылық қорлардың жайындағы есеп беру бойынша бухгалтерлік баланстың мазмұны бір есептесу кезеңінен екіншісіне қолданылады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының қаржылық белгісімен орындалады. Қаржылық есеп беру басшы және бас бухгалтермен қол қойылады. Субъектінің жылдық қаржылық беру кезеңі - 1 қаңтардан бастап 3 1 желтоқсан аралығындағы күнтізбекті мезгіл.
Қаржылық есеп беру формасын толтыруда мына төмендегідей ерекшеліктер көрсетіледі:
Ұйымдастыру құжаттарына сәйкес субъектінің аты орналасу орыны және саласы –субъектінің іс - әрекеттілік түрлері көрсетіледі.
“Шымкентмай” ААҚ жоспарлау стратегиялық жоспарлау бағдарламасында алдына мынадай мақсаттар қойды: Қазақстан Республикасында өсімдік майының импортын қысқарту және рыногты өз өнімдерімен қамтамасыз ету. Өнім өндірісіне және технологиялық шығындарды қысқарту мақсатында кәсіпорынды модернизациялаумен реконструкциялау жұмыстарына жағдайлар жасау.
Берілген деректері:
Әлеуметтік мұқтаждылықтарға және жалақының төлем ақысына жұмсалатын қаржылық қор.
16447245+3095527=19542772,00 теңге;
Жұмысшылардың орташа тізімі –адам;
Кварталдағы орташа жалақы мөлшері –:638:4=7657,83 теңге;
Бухгалтериядағы жұмысшылар саны –адам;
Кварталдағы бухгалтерия жұмысшыларына төленетін жалақының көлемі –,83*6=45940,98;
Қызмет түрлерін өзіндік құны –тг;
Есеп беру кезіндегі пайда түсімі – 80565720 теңге;
Түсімдегі салық мөлшері - 2280000 теңге;
Таза пайда түсімі ––=78285720 теңге.

ІІ. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗІ
2.1 Қаржылық есеп берудің түсінігі мен мақсаты
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субьектің ресурстарын,міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және обьективті көрсету,барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру,бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабактастығын сақтау,әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі мынадай аспектілерді қарастырады:
қаржылык есеп берудің мақсаттары;
бухгалтерлік есеп пен каржылык есеп берудің негізгі принциптері;
қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары. Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субьектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткең оқиғаларды бейнелейді.
Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратты жинақтайды:
- кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
- субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға (акшалай қаражат пен олардың баламаларының түсімі мен жылыстауы. Баламалар (эквивалент) қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді овердрафт қанағаттандыру үшін арналғаң - қаражатты клиенттің шоты бойынша есептен шығару);
- субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;
- басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады,соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап,олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады,ал шығысы мен зияны орын алған кезден бастап танылады.
Толассыздық.Субьект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік.Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық.Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс;қаржылық,шаруашылық,жедел жағдайларын бағалаған кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік.Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуіне мүмкін.

Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәлеметтердің көрсеткіштерінен құралады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субьекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдай туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәлеметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық . Кезкелген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамассыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалығы мен мазмындылығын артыру үшін бір есептік кезеңі екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелік. Пайдаланушы субьекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың теңденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелігін сақтау мүмкіндігі артады.[8,б 17-18].
Есеп беруге қойылатын ең басты талап тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлек мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативтік) болып бөлінеді.Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және почта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Баланысты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің (деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.

Бухгалтерлік есептің ақпараттарды баланысқа дейін қажет өңдеулерден өтеді.
Бұл өңдеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО, ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріліді.(баланс,қаржылық-шаруашы лық қызметі туралы есеп беру,ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т.б.)
Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің талдау жасалынады.Жасалған балансты және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін,арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек.Баланстың сабақтастығын есепті кезеңінің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырылып отырып,жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолын анықтайды. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі.
N2ІБухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсетуІ(2БЕС);ІҚаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруІ(3БЕС)және ІАқша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруІ(4БЕС) арқылы жүзеге асады.
Стандартта негізгі қызметтен келген табыстар мен шығындардың әр түрлі баптарын,төтенше жағдайлардан түскен табысты не шығынды, тоқтатылған операцияларды және есептік бағалаудағы өзгерістерді,есепке алғанда есеп саясатын және қаржы есебін берудегі елеулі қателердің түзетілуін ашу тәртібі анықталады.
Жылдық есептік меншік иелерінде (қатысушыларында,құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға:салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша); жергілікті қаржы органына,мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.

Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар,жалпы белгіленген тәртіпте біріккен есебін де береді.
Кәсіпорындар(бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса,онда жылдық бухгалтерлік есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері белгілейді.

Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі,ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды,олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін,мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса,осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса,онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады,сонда тиісті түзетулер көрініс береді.Өткен жыл үшін берілген жылдық бугалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі,сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады.Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.

Қаржылық есеп беруді ұсыну және оған қойылатын талаптар

Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін ІБухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралыІ Заңға ,24 ІБухгалтерлік қызметті ұйымдастыруІ бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субьект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті.
Есепті кезеңдегі түгендеу санын, оның жүргізілеті күнін, оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субьект белгілейді.Субьект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалыптастырылады:
· жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында,алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек;
· субьект мүлікті жалға,сатуға,сатып алуға,сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субьектінің қайта құрылуына тапсырғанда;
· материалды-жауапты тұлға ауысқанда;
· талан-тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде,сондай-ақ құндылықтар бүлдіргенде-мұндай фактілерді дереу түгендеу;
· төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық апат кезінде,бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу;
· тарату балансы жасалмастан бұрын субьектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда);
· негізгі құралды және тауарлы-материалдық қорларын қайта бағалауда субьектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді,шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес келуі тиіс,бірақ іс жүзінде есеп мәліметтеғрі шын мәліметтермен үйлесе бермейді,яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың,тасымалдаудың,қайта сортталудың нәтижесінде,өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен,операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал, бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді және ол есеп айырысуды дәлдеу үшін де қажет. Текскрудің мұндай түрін түгендеу деп айтамыз.
Түгендеу-бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі,ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің,тауарлы-материалдық құндылықтардың,материалдық емес активтердің,негізгі құралдардың нақты қолда барын тексеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне , қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан,оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлк есепте көрініс табады.Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге бөлінеді: толық және ішінара болып.
Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады.Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін.Ішінара түгендеу,тек қана түгенделетін обьектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін,мысалға,кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты,кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т.б.
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:
- жоспарлы-алдын-ала белгіленген мерзімде,қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
-кезектен тыс-бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша,бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде,табиғи апаттардан кейін жүргізіледі.Ол БЕС 24 ІБухгалтерлік есепті ұйымдастыруІ стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі,түгендеуді жүргізудің мерзімі,түгендеу комиссиясының құрамы және т.б.қағидалар қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді,оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын,есепті жылдағы түгендеу санын,олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Материалды емес активтерді түгендеуде олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы, субьектінің оны пайдалану құқын растайтын (патент,лиценция,тауарлық таңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі.
Материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілерінің қолда бар болуы және уақтылы жасалынуы,олардың бастапқы құны,амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер тексеріледі. [10, б 212-213]
Мысалы,Түгендеу нәтижесінде артық шыққан материалдық емес активтер табыс деп танылады және табысқа кірістіріледі:
-106 ІМатерилдық емес активтерІшот дебеті
ІНегізгі емес қызметтен алынатын басқадай табысІшот кредиті
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады,сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып,олардың арасындағы айырмашылықтары көрсетіледі.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен,сондай-ақ банк мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен,кәсіпорынның жеке баланстарға бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындарымен есеп айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды.Бұл есеп айырысулар бойынша кәсіпорынның балансында реттелмеген сомалар қалмауы керек;баланстық есепте тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен негізделгендігі; баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек сомалары,сондай-ақ дебиторлық берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да тексеріледі.Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген шоттардың аттарын атап,сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық берешектің,күмәнді қарыздардың,талап ету мерзімі өткен кредиторлық және дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн.Берешектің көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама қоса тіркелуі керек,онда дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен-жайлары,берешек сомасы,берешектің не үшін есептелгені,қай уақыттан бері және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша анықтамада бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі.Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек, өндіріліп алынуы неғайбыл басқа да қарыздар кәсіпорын басшысының шешімімен есептен шығарылады да,күдікті қарыздар бойынша резерв қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар негізгі құралдардың,материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттардың бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынандай тәртіпте реттеледі:
-артық немесе кем шыққан кезде олар өзара зачетқа жатқызылады,бірақ зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;
-артық шыққан негізгі құралдар,материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп,есепке алынады,бұлардың артық шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;
-құндылықтардың кемуі белгіленген тәртіпте бекітілген нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не айналым шығындарына көшіріліп жазылады;
-материалдық құндылықтардың, кем шыққандары ақшалай қаражаттың және басқа мүліктің,сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады.Кінәлі адамдар анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған жағдайларда кем шыққан мүліктер және ыссыраптардан келген зияндар шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.
Қаржылық есеп беруге жазылған түсініктеме жазба.
Түсініктеме жазба –кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат.Онда,бірінші кезекте,бизнес-жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі себептерімен қоса,орындалу жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезеңде кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады.
Түсініктеме жазба қаржылық есеп берудің бір бөлігі ретінде келесі негізгі мәселелерді ашуы керек.
.Есеп бөлінуге қатысты субьектінің есеп саясатында қаралған негізгі ережелері:
-материалды емес активтер мен негізгі құралдар-бағалаудың тәсілдері мен амортизацияны есептеу;
-субьектінің инвестициялық саясаты-қаржылық инвестицияның баланстық құнын анықтау және қайта бағалаған ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның есептен шыққанын,қайта бағалаудан алынған табысын шығару;сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қою; қайта бағалаудың кезеңділігін сақтау т.б.;
-трауарлық-материалдық запастар-запастарды есепке алудың әдісі және оларды бағалау,сатып алынған тауарларды,аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді бағалаудың әдісі;
-тапсырыс берушілермен және сатып алушылармен,әртүрлі дебиторлармен,еншілес,тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестермен есеп айырысудың нысаны;күмәнді қарыздар бойынша резервтерді жасау;
-меншік капиталы-жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру,қосымша төленбеген капиталды табысқа жатқызу,есептік жылдағы табысты тарату,дивидендтерді төлеу т.б.;
-міндеттеме-несиелік саясаттын,демалысқа шыққан еңбеккерлердің еңбек ақысы төлеудің резервін жасау және т.б.;
-табыс және шығыс,өндірістік есеп-табыс пен шығыс есебін ұйымдастыру,негізгі және көмекші өндірістегі шығын есебін ұйымдастырудың әдістері;аяқталмаған өндірісті бағалау әдістері,өндірістің өзі шығарған шала фабрикаттардың қозғалысының есебі,үстеме шығыстарын таратудың әдістері және т.б.
Егер де есепті жылда қабылданған есептік саясатта өзгерістер орын алса,онда оларды ашып және олардың негізділігін дәлелдеу керек;ал егер де олардың соңынан мәнді материалдық және қаржылық өзгерістер туындайтын болса,онда мұндай өзгерістерді бағалау керек.
.Түсініктеме жазба баланс бойынша ұзақ және ағымдағы активтерді,меншік капиталын,ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетеді:
-Ұзақ мерзімді активтердің бөлігіне қатысты:
Негізгі құрал-ұзақ мерзімді жалға алынған,меншігіндегілер,уақытша әкелінгендер мен Қазақстаннан шығарылғандар;активтерді иелік етудің шектеулері;бойынша кепілдікке қойылған активтер,амортизацияны есептеу әдісі,запастағы немесе консервациядағы негізгі құралдар,сондай-ақ әзірше өндірісте пайдаланбай тұрған негізгі құралдар және т.б.;
Материалдық емес активтердің түрі,олардың амортизациясын есептеудің әдістері;
Инвестиция-инвестор қожалық ететін шаруашылық серіктестерінің тізімі және олардың қатыстық үлесі,табыс үлесі,инвестордың табысына пайыздардың,роялтилердің,дивидендте рдің және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың біршама сомасы енеді,инвестицияны сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қою және т.б.;
Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар түрлері бойынша және топшаланған өтеу мерзімі бойынша топтастырылады;болашақ кезеңнің шығыстары,оларды есептен шығару мерзімі бойынша есепке алынады және т.б.
-Ағымдағы активтердің бөлігіне қатысты тауарлы-материалдық запастардың түрлері бойынша,болашақ кезеңнің шығыстары есептен шығару мерзімі бойынша,ақша қаражаттарының түрлері бойынша,қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы және баланстың құны бойынша,дебиторлық қарыздардың топшыланған өтеу мерзімі бойынша ашылады.
-Меншік капиталдарының бөлігіне қатысты:есептік жылда жарлық капиталына енгізілетін өзгерістер туралы ақпараттар.Акционерлік қоғамдардың әрбір акциясының түрлері бойынша келесі мәліметтерді келтіру керек:айналыста жүрген,шығарылған,жарияланған акциялардың сомасы мен саны;номиналды және ағымдағы акцияның құны,есептелген дивидендтер,айрықша акциялары бойынша төленбеген дивидендтер;сатып алынған меншік акциялары, есептік кезеңде және келешекте шығару опциондардың жағдайын және сомасын,пайдасын көрсете отырып жарияланған акциялар.
-Ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты:несие мен қарыз қаражаттарының қамтамасыз етілуі және етілмеуі,кейінге қалдырылған салықтар,қаоыз қаражаттары мен банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемесі,қарыз қаражаттарын және банк несиелерін өтеу мерзімі және несиелік келісім-шарттардан шығатын түсініктеме бойынша басқа да талап етілетін мәселелер.
-Қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысты:қысқа мерзімді несиелердің сомасы,ұзақ мерзімді несиенің ішіндегі қысқа мерзімге қатыстысы;салық,салым және басқа да төлем түрлеріне кіретін кредиторлық қарыздардың сомасы;болашақ кезеңде табыс түрлері;күтпеген жағдайлар бойынша жасалатын төлемдерді есептеу,ұзақ мерзімді міндеттемелердің қайта қаржыландыруға жатқызылған бөлігі және т.б.
.Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына сұрақтар қамтылуы керек:
-кәсіпорынның барлық қызмет түрінен алынатын табыстың төмендеуіне әсер ететін факторлар;сатылған өнімнің өзіндік құнының өсуіне әсер ететін факторлар;
-жалпы және әкімшілік шығыстарының деңгейін өсіретін немесе төмендететін факторлар;
-төтенше жағдайлардан алынған табыстар мен шығыстар-есептік кезеңде орын алған әрбір төтенше жағдайға түсінік беру керек;
-есептік кезеңде орын алған және қаржылық шаруашылық қызметіне мәнді әсер ететін немесе етпейтін шаруашылық операцияларын баяндау керек.
4.Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына сұрақтар қарастырылуы керек:
-операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады;
-ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.
.Түсініктеме жазбада кәсіпорынның қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайына жалпы баға берілуі керек.
Бухгалтерлік есеп беру нақты бір кезең уақытындағы қаржылық-шаруашылық қызметінің бір-бірімен байланысқан кешенді көрсеткіштерін көрсетеді.Бухгалтерлік есеп берудің нысаны ақпараттылығымен және қисындылығымен өзара байланысқан,ал бұл кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайы туралы ақпараттарды динамикалық тұрғысынан жан-жақты қамтамасыз етеді және қаржылық талдау үшін толық қанды базасы ретінде қаржылық есеп берудің пайдалануына өз септігін тигізеді.
Қаржылық есеп берудегі қателерді түзету.
Түгендеумен қатар қаржылық есеп беруді жасау үшін шындыққа жанасымды ақпаратты алу мақсатында таңдап алынған есептік саясатқа сәйкес барлық мүлік түрлері мен міндеттемелерге баға беруде субьект қолданатын бағалау тәртібінің шындыққа жанасымдылығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Есептік кезең үшін қаржылық есеп беруді жасау өткен кезеңдегі қаржылық есеп беруде кеткен барлық қателерді ескеру қажет.

Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі қателерді елеулі және елеусіз қателер деп бөлуге болады.

Егер қате пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізсе, онда ол елеулі қате деп саналады.

ІТаза табыс немесе кезеңдегі залал,елеулі қателер және есептік саясаттағы өзгерістерІбухгалтерлік есеп Стандартына сәйкес елеулі қателер - өткен кезеңде кеткен қатенің есептік кезеңде табылуы,бұл қатенің елеулігі сондай,оны түзету күніне қарамастан өткен кезеңдегі қаржылық есеп беру шындыққа жанасымды деп есептелмейді.

ІТаза табыс немесе кезеңдегі залал,негізгі қателер және есептік саясаттағы өзгерісІМСФО негізінде негізгі қателерге анықтау жүргізіледі.Оның елеулігі соншалықты,бір немесе алдағы кезеңдегі қаржылық есеп берулер оларды шығару сәтінде сенімсіз деп саналады. Бір немесе бірнеше алдағы кезеңдерге қаржылық есеп беруді дайындауда кеткен қате ағымдағы кезеңде табылуы мүмкін.Қателер мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:

· математикалық есептеулерде;

· есептік саясатты дұрыс қолданбаудан;

· ақпараттарды,алдауды немесе ынта қоймауды бұрмалап көрсету.

ІҚаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруІ бухгалтерлік есеп Стандартына сәйкес және 8 ІТаза табыс немесе кезеңдегі залал,негізгі қателер және есептік саясаттағы өзгерісІ МСФО алдағы кезеңдерге қатысты қателерді түзетудің 2 әдісі қарастырылған:

· бөлінбеген табыстың алғашқы сальдосын өзгерту жолымен есеп беруде көрініс табу;

· таза табысты немесе есептік кезеңдегі залалды анықтауда қосу.

Мысалы: ІшымкентмайІ2005 жылдың қаржылық есеп беруін әзірлеу кезінде 2005 жылдың қаңтар айында 2004 жылы кеңсені жабдықтау бойынша амортизация есебінде 27000 теңге жіберілген қате тапты,осыған орай бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каржылык есеп беру элементтері жайлы
Кәсіпорынның күмәнді дебиторлық қарыздары ұғымы
Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Қаржылық қорытынды есепті дайындаудың және тапсырудың концептуалдық негіздері
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы
Пәндер