Жапония, мемлекеттік басқару
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
1. Жапонияның мемлекеттік құрылымы
1.1 Жапонояның саяси жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7
1.2 Жапониядағы монархтың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.8
2. Жапониядағы мемлекеттік шешімдерді қабылдауда мемлекеттік басқару аппараттарының рөлі
2.1 Жапония Үкіметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.14
2.2 Жапония Парламенті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15.17
2.3 Жергілікті өзін.өзі басқару органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.20
2.4 Қазақстанның басқару жүйесін және экономикалық даму деңгейін Жапония тәжериебесімен салыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.24
3. Қазіргі кездегі Жапонияның саяси және экономикалық мәселелері, оның шешу жолдары
3.1 Қазіргі кездегі Жапонияның саяси.экономикалық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25.28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе
Мемлекеттік шешімдер кез-келген мемлекеттің қызметінде маңызды орынды алады. Мемлекеттік шешімдер бұл мемлекеттің мақсатын көрсететін шаралардың бірі. Шешім қабылдағанда мемлекет өз тұрғандарының мүддесін қарастыру керек. Мемлекеттің басты байлығы бұл – халық. Мемлекеттің шешімдердің барлығы сол халықтың мұқтаждықтарын, мүддесін қарастыру үшін шығарылуы керек.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы ретінде «Жапониядағы мемлекеттік басқару шешімдерін қабылдаудың технологияларын талдау» деп таңдағанымның себебі, әлемдегі екінші экономикалық держава болып табылатын Жапония мемлекетінің мемлекеттік шешімдерін қабылдауы мен оларды қабылдайтын органдардың, аппараттарының ерекшеліктеріне, жүйесіне талдау жасау болды. Жапония бүкіл әлемді өзінің аз уақытта ғана экономикалық қарқында дамуының тенденциясымен таң қалдырып келеді. Осындай экономикалық жүйені мемлекеттік басқару аппараты реттеу ерекшеліктері және мемлекеттік шешімдерді қабылдайтын органдардың құрылымын қарастырамыз.
Бірінші бөлімде, Жапония мемлекетінің құрылымын және оның ерекшеліктеріне тоқталамыз. Жапония өзінің басқару формасы бойынша конституциялық монархия болып табылады. Жапония конституциясы әлемдегі ең тұрақты конституциялардың қатарында. Ол қабылданған уақытынан бастап, әлі күнге дейін бір де бір рет өзгертілмеген. Және осы бөлімде елді басқаруда монархтың рөліне толығымен тоқталып, оның мемлекеттік шешімдерді қабылдауға қатысу процесіне талдау жасаймыз.
Екінші бөлімде, мемлекеттік шемідерді қабылдайтын аппараттар мен органдардың рөліне тоқталамыз. Конституцияны негізге алған мемлекеттік басқаруда мемлекеттік шешімдердің барлығы да конституцияға негізделеді. Жапонияда заң шығарушы орган болып Парламент саналады. Оның қызметі мен құзіреттілігі осы бөлімнің екінші бөлімшесінде баяндалған. Атқарушы орган – Жапония Үкіметі. Оны премьер-министр басқарады. Мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыру үшін жергілікті жерлерде өзіндік функциясалары белгіленген жергілікті атқарушы органдар қызмет етеді. Осы бөлімде және де Жапонияның мемлекеттік басқару тәжериебесін Қазақстан басқару жүйесімен салыстыру, ұқсас жақтарын қарастыру, тәжериебелік ұстанымдарын қолдану сұрақтары да қарастырылады.
Үшінші бөлімде, қазіргі кездегі жапон қоғамында қозғалып отырған әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелері қарастырылады. Жалпы, қалыптасқан стереотиптерге сай дамыған елдерде қиындықтар жоқ дегенге келеді. Бірақ, оларда да, өзіндік шешуді талап ететін мәселелері өте көп. Жапон халқы ежелден өзінің еңбекқорлығымен және іскерлігімен ерекшеленеді. Туындаған қиындықтарды олар осы қасиеттерінің арқасында жеңіп шығады деген үміттеміз.
Осы тақырыпты қарастыру кезінде қызықты мәліметтерге толы ақпаратпен таныстым. Тақырыпты толығымен аштым деген ойдамын.

Пайдаланған әдебиет:
1. Statistical Handbook of Japan. Land and Climate (англ.). Японское бюро статистики (2008). Проверено 20 января 2010.
2. Population estimates. Monthly Report (англ.). Японское бюро статистики (2009). Проверено 20 января 2010.
3. Japan. Международный валютный фонд. Проверено 1 октября 2009.
4. CIA — The World Factbook — Field Listing :: GDP (official exchange rate)
5. Human Development Report 2009, Table G (англ.). ООН (2009). Проверено 21 января 2010.
6. Facts and Figures of Japan 2007 01: Land. Foreign Press Center Japan. Проверено 20 января 2010.
7. World Factbook; Japan. CIA (23 декабря 2009). Проверено 20 января 2010.
8. The World Factbook: Rank order — Life expectancy at birth (англ.). ЦРУ (2010). Проверено 23 января 2010.
9. The World Factbook: Rank order — Infant mortality rate (англ.). ЦРУ (2010). Проверено 23 января 2010.
10. Фасмер, М. Этимологический словарь русского языка = Russisches Etymologisches Worterbuch. — АСТ, 2004. — ISBN 5-17-013347-2
11. Piggott, Joan R. The emergence of Japanese kingship. — Stanford University Press, 1997. — P. 143–144. — ISBN 0-804-72832-1
12. Кузнецов Ю. Д., Навлицкая Г. Б., Сырицын И. М. История Японии: Учеб. для студ. вузов, обучающихся по спец. «История». — М.: Высш. шк., 1988. — С. 8. — 432 с. — 30000 экз. — ISBN 5-06-001204-2
13. Keally, Charles Prehistoric Archaeological Periods in Japan (англ.) (14 декабря 2002). Проверено 20 января 2010.
14. Елисеефф В., Елисеефф Д. Японская цивилизация. — М.: АСТ, 2008. — С. 35—37. — 528 с. — ISBN 978-5-9713-7611-8
15. Елисеефф В., Елисеефф Д. Японская цивилизация. — М.: АСТ, 2008. — С. 37. — 528 с. — ISBN 978-5-9713-7611-8
16. Елисеефф В., Елисеефф Д. Японская цивилизация. — М.: АСТ, 2008. — С. 43. — 528 с. — ISBN 978-5-9713-7611-8
17. Totman, Conrad A History of Japan. — Blackwell, 2002. — P. 64—79. — ISBN 978-1405123594
18. Елисеефф В., Елисеефф Д. Японская цивилизация. — М.: АСТ, 2008. — С. 56. — 528 с. — ISBN 978-5-9713-7611-8
19. Turnbull, Stephen Samurai Invasion: Japan's Korean War. — Cassel, 2002. — P. 227. — ISBN 978-0304359486
20. Marcia Yonemoto Tokugawa Japan: An Introductory Essay (англ.). University of Colorado at Boulder (2008). Проверено 21 января 2010.
21. Hooker, Richard Japan Glossary; Kokugaku (англ.). Washington State University (1999-07-14). Проверено 21 января 2010.
22. Kelley L. Ross The Pearl Harbor Strike Force (англ.). friesian.com. Проверено 21 января 2000.
23. No Choice But War: the United States Embargo Against Japan and the Eruption of War in the Pacific. — McFarland, 1995. — ISBN 0-7864-0141-9
24. Елисеефф В., Елисеефф Д. Японская цивилизация. — М.: АСТ, 2008. — С. 109. — 528 с. — ISBN 978-5-9713-7611-8
25. Подписание акта о капитуляции Японии, Известия (2 сентября 1945). Проверено 21 января 2010.
26. Joseph Coleman '52 coup plot bid to rearm Japan: CIA (англ.). The Japan Times (6 марта 2007). Проверено 21 января 2010.
27. Japan scraps zero interest rates (англ.), BBC News Online (14 июля 2006). Проверено 21 января 2010.
28. Большая советская энциклопедия: Япония. Яндекс.Словари. Проверено 21 января 2010.
↑ Japanese Civil Code (англ.). Encyclopædia Britannica (2010). Проверено 21 января 2010

Мемлекеттік шешімдер кез-келген мемлекеттің қызметінде маңызды орынды
алады. Мемлекеттік шешімдер бұл мемлекеттің мақсатын көрсететін шаралардың
бірі. Шешім қабылдағанда мемлекет өз тұрғандарының мүддесін қарастыру
керек. Мемлекеттің басты байлығы бұл – халық. Мемлекеттің шешімдердің
барлығы сол халықтың мұқтаждықтарын, мүддесін қарастыру үшін шығарылуы
керек.
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы ретінде Жапониядағы мемлекеттік
басқару шешімдерін қабылдаудың технологияларын талдау деп таңдағанымның
себебі, әлемдегі екінші экономикалық держава болып табылатын Жапония
мемлекетінің мемлекеттік шешімдерін қабылдауы мен оларды қабылдайтын
органдардың, аппараттарының ерекшеліктеріне, жүйесіне талдау жасау болды.
Жапония бүкіл әлемді өзінің аз уақытта ғана экономикалық қарқында дамуының
тенденциясымен таң қалдырып келеді. Осындай экономикалық жүйені мемлекеттік
басқару аппараты реттеу ерекшеліктері және мемлекеттік шешімдерді
қабылдайтын органдардың құрылымын қарастырамыз.
Бірінші бөлімде, Жапония мемлекетінің құрылымын және оның
ерекшеліктеріне тоқталамыз. Жапония өзінің басқару формасы бойынша
конституциялық монархия болып табылады. Жапония конституциясы әлемдегі ең
тұрақты конституциялардың қатарында. Ол қабылданған уақытынан бастап, әлі
күнге дейін бір де бір рет өзгертілмеген. Және осы бөлімде елді басқаруда
монархтың рөліне толығымен тоқталып, оның мемлекеттік шешімдерді қабылдауға
қатысу процесіне талдау жасаймыз.
Екінші бөлімде, мемлекеттік шемідерді қабылдайтын аппараттар мен
органдардың рөліне тоқталамыз. Конституцияны негізге алған мемлекеттік
басқаруда мемлекеттік шешімдердің барлығы да конституцияға негізделеді.
Жапонияда заң шығарушы орган болып Парламент саналады. Оның қызметі мен
құзіреттілігі осы бөлімнің екінші бөлімшесінде баяндалған. Атқарушы орган –
Жапония Үкіметі. Оны премьер-министр басқарады. Мемлекеттік биліктің
тиімділігін арттыру үшін жергілікті жерлерде өзіндік функциясалары
белгіленген жергілікті атқарушы органдар қызмет етеді. Осы бөлімде және де
Жапонияның мемлекеттік басқару тәжериебесін Қазақстан басқару жүйесімен
салыстыру, ұқсас жақтарын қарастыру, тәжериебелік ұстанымдарын қолдану
сұрақтары да қарастырылады.
Үшінші бөлімде, қазіргі кездегі жапон қоғамында қозғалып отырған
әлеуметтік, саяси-экономикалық мәселелері қарастырылады. Жалпы, қалыптасқан
стереотиптерге сай дамыған елдерде қиындықтар жоқ дегенге келеді. Бірақ,
оларда да, өзіндік шешуді талап ететін мәселелері өте көп. Жапон халқы
ежелден өзінің еңбекқорлығымен және іскерлігімен ерекшеленеді. Туындаған
қиындықтарды олар осы қасиеттерінің арқасында жеңіп шығады деген үміттеміз.
Осы тақырыпты қарастыру кезінде қызықты мәліметтерге толы ақпаратпен
таныстым. Тақырыпты толығымен аштым деген ойдамын.
1. ЖАПОНИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Жапонияның саяси жүйесі
Екінші дүниежүщілік соғыс кезінде елде американыдық әскери
администрация билік етті, сондықтан демократияландыру және тәуелсіздендіру
шаралары көптеп жүргізілді. Осы процестер шарасында 1946 жылы қазанда
Жапонияда жаңа конституция қабылданды.
Ел тарихында осы конституция алғашқы рет ұлттық суверенитет және
негізгі демократиялық бостандықтарды, жалпыға сайлау құқығын қарастырды.
Осы конституцияға сәйкес мемлекеттік басқарудың негізгі концепсиясы ретінде
құқықтық мемлекет және классикалық демократия принциптері, яғни, биліктің
бөлу принципі: заңшығарушы, атқарушы және сот негізге алынды.
Конституцияда ерекше қабылданған 9-бап болды. Онда елдің сыртқы
сұрақтарын шешуден соғыстан және соғыс құралдарынан толықтай бас тарту
туралы жазылған.
Жапонияның негізіг заңының жасалуына американдық мамандар да
қатысқандықтан оған американдық басқару нормалары, АҚШ конституциясының
ұқсастықтары табылады. Сонымен қатар, жапондық басқарудың дәстүрлік
ерекшеліктері де қарастырылады. Конституция құқық пен мемлекеттік басқару
қарым-қатынастарын түбірімен өзгертті.
Елде бірінші рет формальді парламент заңдарына негізделген
мемлекеттік басқару жүйесі пайда болды. Парламен жоғары мемлекеттік билік
органы деп жарияланды. Конституция өз тарапынан жоғарғы өкілдік органды
заңшығару саласында нақты қызметтерін жүктеді. Көптеген дамыған елдердегі
сияқты Жапонияда да заңдық негізде парламент пен үкіметтің теңдігі
сақталуда.
Елдегі ең жоғарғы билік органы болып, конституцияға сәйкес, парламен
болып табылады. Ол екі палатадан: өкілдер палатасынан және кеңесшілер
палатасынан тұрады. Өкілдер палатасы 4 жылға сайланатын 480 депутаттан
тұрады, ал кеңесшілер палатасы – 6 жылға сайланатын 252 депутаттан тұрады.
Кеңесшілер палатасының жартысы 3 жылда бір рет жаңарып отырады.
Конституцияға сәйкес, парламен толығымен заңшығарушы орган деп танылады
және қаржылық құралдарды жұмсауды қарастырады. Жапонияда жалпыға сайлау
құқығы іске асырылады. Жасы 20-ға толған елдің азаматтары дауыс білдіруге
құқылы. Екі палатаға да сайлау жасырын дауыс беру арқылы жүреді.
Жапонияда екі негізгі партия қызмет етеді. 2009 жылы 54 жыл билік
басында болып келген консервативті либерал-демократиялық партияны басып
озып, Жапонияның социал- либералды демократиялық партиясы парламетте көп
орынға ие болды.
Жоғары атқарушы орган болып – Үкімет танылады. Оны премьер-министр
басқарады. Бұл уекілеттілікті парламенттің ұсынуымен император
тағайындайды. 2010 жылдың 4-ші шілдесінен бастап премьер-министр – Наото
Кан.
Жапоияның сот жүйесі романдық-германдық құқықтық модельге, негізінен
Францияның, Германияның құқықтық жүйелеріне негізделген. Мысалы, 1896 жылы
жапон үкіметі Германдық жүйеге сүйене отырып азаматтық кодекс жасады. Жаңа
заң күшіне тек императордың бекітуімен ғана енеді.
Сот жүйесі негізіг төрт деңгейден құрылған: жоғарғы сот,
апелляциялық, негізгі және тәртіптік соттардан. Жоғарғы сот, басқа
елдердегі конституциялық соттар сияқты, заңдардың конституцияға сәйкестігін
тексере алады. Жоғарғы соттарды парламенттің ұсынуымен император
тағайындайды, ал басқа соттарды Жоғарғы соттың ұсынуымен минстрлер кабинеті
тағайындайды.
Жапония АҚШ-пен жақын экономикалық-әсекери қарым-қатынаста. Ол АҚШ
және Жапонияның қорғаныс және бірлескен әрекет туралы келісіміне
негізделген. 1956 жылдан бері БҰҰ-ға мүше, соынмен қатар БҰҰ-ның
қауіпсіздің кеңесінің мүшесі. Үлкен сегіздік мүшесі ретінде өзінің әлемдік
қарым-қатынастарын реттеуде үлкен мүмкіндікке ие.
1.2 Жапониядағы монархтың рөлі
Жаңадан қабылданған конституция мемлекеттік құрылымда монархтың рөлін
толығымен өзгертті. Қасиетті және қолтигізбес тұлғадан ол мемлекеттілік
және ұлт бірлігі символына айналды. Бірақ та, конституцияда императорлық
биліктің құрылуы туралы көрсетілмеген, сондықтан дәстүр бойынша
императортлық билік әкеден балаға беріліп отырады. Осыған байланысты
жапондық және шетелдік мамандар арасында пікір-талас туындауда. Біреулері,
жапонияны парламенттік монархия деп таниды, себебі император титулымен асыл
текті монарх бар. Екіншілері, жапонияда монархия жоқ, елді монархиялық
атрибуттары бар республика деп таниды.
Конституцияда нақты ел басы туралы көрсетілмеген. Соынң салдарынан
император мемлекет басшысы ма, жоқ па деген сұрақтар туындай бастады.
Кейбір теорияларда император – мемлекет басшысы, кейбірінде император
делінеді.
Кең тараған теорияға сәйкес, жапонияда парламенттік монархия және
император мемлкет басшысы емес, ол монархия символы болып табылады.
Жапонияның құрылыуын алып қарасақ, онда монархиялық та, респуликалық та
негіздерді көре аламыз. Конституцияға сәйкес, император халықтың атынан
парламентті шақыра алады, кіші палатаны таратуы мүмкін (парламенттің
ұсынуымен ғана); жарлықтарды, заңдарды, конституциялық заңдарды бекітеді;
парламенттің ұсынуымен премьер-министрді тағайындайды; ордендармен
марапаттайды, халықаралық дипломатия өкілдерін қабылдайды және
салтанаттарды өткізеді, салтанатты рәміздерді орындайды. Императорды
берілген құзіреттермен қамтамасыз ету формальды жүзеге асады, оның
иницативасы қарастырылмайды.
Сонымен қатар, император мемлекеттік билікке қатысты
құзіреттіліктерді пайдалана алмайды, мемлекет қызметіне байланысты істерге
тек министрлер кабинетінің кеңесімен және келісімімен ғана жүзеге асыра
алады. Себебі, министрлер кабинеті мемлекеттік істерге өздері жауап береді.
Қазіргі Жапония Императоры – Акихито, Императрицасы – Митико.
2. Жапониядағы мемлекеттік шешімдерді шығаруда мемлекеттік басқару
аппараттарының рөлі
1. Жапония Үкіметі
Биліктің ең жоғары атқарушы органы болып үкімет танылады. Жапонияда
бұл орган министрлер кабиеті деп аталады. Оның қызметі Конституциямен және
Министрлер кабинеті туралы (1947 ж.) заңмен, Мемлекеттік басқаруды
ұйымдастыру туралы (1948 ж.) заңмен реттеледі.
Премьер-министр басқаратын миинистрлер кабинеті құрамына премьердің
орынбасары, министрлер (әртүрлі министрліктердің басшылары), кабинеттің бас
секретарі және заңдық бюроның басшысы, мемлекеттік министрлер (портфельсіз
министрлер) кіреді. Азаматтық кабинет принципі конституциямен анықталады
және кабинет мүшелері азамматтығы бар тұлғалар болу керек. Кабинетте әскери
және әскери-теңіздік министрлік, сонымен қатар ішкі істер министрлігі
қызметтері жоқ. Кабинет келесідей құрылады. Басында парламент палаталары
әртүрлі отырыста көпшіліктің дауысымен кандидаттар премьер-министрге
кандидаттар таңдап алынады. Таңдап алынған кандидат мператордың қарауына
ұсынылады және оның қолдауымен өз қызметіне тағайындалады. Көптеген
министрлер парламент депутаттары да болуы керек. Министр өз қызметінде
жүргенде премьер-министрдің келісімінсіз соттық жауапкершілікке
тартылмайды.
Егер премьер-министр өз қызметін атқармай, орнынан босап қалса, онда
конституцияға сәйкесінше онымен бірге барлық министрлер де босатылады.
Прмьер-министр уақытша өз қызметін атқара алмайтын жағдайларда, оның орнына
уақытша алдын ала кабинет басшысы өзі белгілеп кеткен министрлердің біреуі
бұл құзіретті жүзеге асыра алады. Премьер-министр кез-келген министрдің
қызметін өз жауапкершілігіне ала алады, сәйкесінше оны кез-келген басқа
министрге жүктеуі мүмкін.
Конституцияға сәйкес, министрлер кабинеті өзіне тән атқарушылық
функцияларымен қатар, келесі қызметтерді де атқарады: мемлкеттік істерге
заңдармен қызмет ету; ішкі саясатқа басшылық, келісім-шарттарға отыру (бұл
кезде туындаған жағдайға қарамастан парламенттің келісімімен ғана);
азаматтық қызметтерді жасау және басқару; бюджеттік жобаларды жасау және
оны парламенттің қарауына ұсыну; конституцияның және заңдардың орындалуы
үшін атқарушылық жарлықтар шығару; жеке және жалпы амнистияларды,
жеңілдіктерді және жазалауды тоқтата тұру туралы, құқықтың қалпына
келтірілуі туралы шешімдерді шығару.
Министрлер кабинеті, сонымен қатар, келесідей маңызды
құзіреттіліктерге ие: мемлекеттік істерге байланысты шешім қабылдауда
императорға кеңес беру, сол шешімдерге жауапкершілікте болу; Жоғарғы соттың
Басты сотынан басқа соттарын, төмен инстанция соттарын тағайындайды;
парламент сессиясының төтенше шақырылуына шешім шығарады, резервтік фондтың
шығындалуына жауапкершілікте және бюджеттік жетіспеушілікті осы фондтан
парламенттің келісімімен жабуды қарастырады. Министрлер кабинеті жыл сайын
парламентке мемлекеттік шығындар және кірістер туралы қорытынды есеп беруі
керек және парламент пен халыққа мемлекеттік қаржының ағымдағы жағдайын
таныстыру керек. Сонымен қатар, министрлер кабинеті заңшығарушылық
иницативалық құқыққа ие, яғни көптеген заң жобаларын парламенттің қарауына
ұсына алады.
Конституция және Заң министлер кабинетіне парламенттің алдында
ұйымдық жауапкершілік принципін айқындайды. Егер өкілдер палатасы
тарапынан министрлер кабинетіне сенімсіздік танытылған жағдайда кабинет
отставкаға кетуі керек немесе император премьер-министрдің ұсынуымен
өкілдер палатасын таратуы керек. Тәжерибеде көп жағдайда екіншісі
қолданылады. Премьер министрге кең құқықтар берілген, сондықтан оның
қызметі мемлекеттік аппаратта ең жоғарғы болып саналады. Парламентте
министрлер кабинетінің атынан шыға отырып ол парламенттің қарауына заң
жобаларын, бюджет жобаларын және заңшығарушы органның бекітуін қажет ететін
басқа да құжаттарды ұсынады. Оған парламенттің алдында мемлекеттік істер
және ішкі проблемалар жайында есеп беру құқығы берілген. Кабинеттің
шешіміне негізделіп ол атқарушы билік органының барлық звеноларына
қадағалау жасайды. Премьер-министр кабинеттің отырысында төрағалық етеді,
және заң бойынша министрліктердің компетенциясына байланысты барлық
сұрақтарды шешу кезінде соңғы сөз оған тиесілі. Заң оған барлық мемлекеттік
атқарушы органдардың қызметін (кабинеттің қарауы болғанша) уақытша
тоқтатуға құзіреттілік береді.
Басқа министрлердің қызметі, мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы
заңға сәйкес, министрліктерді басөару мен реттеуге негізделеді, олардың
персоналдарының жұмысын бақылау, заң жобаларын жасау және атқарушылық
жарлықтарды шығарумен ұштастырылады. Кабинеттің барлық министрліктерінің
басында отырған министрлерінде (кейде екіден) бір-бірден парламенттік вице-
министрден болады. Парламенттік вице-министрлер министрдің ұсынысымен
кабинетке қосылады және тағайындалады. Олар сол миничтрліктің немесе толық
министрлер кабинетінің отставкаға кетуінен автоматты түрде құзіреттілігінен
айырылады. Парламенттік вице-министрлер министрлерге олардың қызметтеріне
көмектеседі, атап айтқанда, административті мәселелерді шешуде және оларды
керек кезінде орнын алмастыра алады.
Әр министрде өзінің басқарушы вице-министрі болады. Оның қызметіне
министрліктің барлық аппарат звеноларының жұмысын қамтамасыз ету кіреді.
Миистрлер кабинетінде отырыстармен байланысты сұрақтарды шешетін және
онда қарастырылатын мәсеелерге өзгерістер мен толықырулар енгізе алатын
секретариат қызмет етеді. Кабинеттің күн тәртібі секретариатты басқаратын
бас секретармен әзірленеді. Заңдық бюро алдын ала жасалынған заң
жобаларының заңдық сауаттылығын тексереді және түзетеді. Персоналдар істері
бойынша кеңес мемлекеттік басқару аппаратының қызметкерлерінің еңбегін
ұйымдастыру сұрақтарын қарасытырады және осы сұрақтар бойынша және
парламент пен үкіметке кеңестер береді. Осы кеңес мемлекеттік
қызсметкерлер туралы статистикалық мәліметтерді жинаумен айналысады.
Кеңестің үш мүшесі (оның біреуі төраға қызметін атқарады) төрт жыл мерзімге
парламенттің екі палатасының келісімімен министрлер кабинеті тағайындайды.
Премьер-министрге қарасты кеңестік орган ұлттық қорғаныс кеңес органы
болып табылады. Уақыт өте келе министрлер кабинетіне қарасты арнайы
мәселелерді шешуге арналған комитеттер құрылуда.
Министрлер кабинетінің қарамағында келсідей орталық административтік
органдары бар: премьер-министр канцеляриясы, министрліктер, комитеттер және
басқармалар.
Премьер-министр канцеляриясының құзіретіне административті сұрақтарды
қарастыру және арнайы министрліктер қарастырмайтын мәселелерді шешешу
жатады. Комитеттер мен басқармалар арнайы мемлекеттік құзіреттілікке ие
және арнайы қызмет етуге құрылған. Мысалы, қорғаныс комитеті, оған қарасты
полиция басқармалары қоғамдыөқ тәртіпті қамтамасыз етеді. Ал, Экономикалық
жоспарлау басқармасы министрліктің функцияларын іске асырады. Осы
комитеттердің басшылығында тәжерибиелік түрде Жапонияда министрлер болып
келеді.
Жапониядағы барлық министрліктер бір принципке негізделеген. Олардың
әрқайсысы департаменттерге, олар сәйкесінше – бөлімдерге және секцияларға
бөлінеді. Кейбір министрліктерде өздеріне тиесілі арнайы басқармалары бар.
Әр министірлікте консультациялық комитеттер, комиссиялар және кеңестер және
мүмкін мекемелер, зерттеу институттары, оқу орындары, және т.б. бар.
Жапонияның администрациясында ешбір министрлікке бағынбайтын қаржылық
қадағалау кеңесі ерекше орын алады. Бұл кеңес елдегі барлық басқару
аппараттарының қаржылық операцияларына қадағалау жүргізеді. Бұл орган
қадағалаушылар кеңесімен басқарылады.
Жоғарыда аталып өткен барлық органдар мен аппараттар Жапонияның
орталық басқару аппаратын құрайды. Жапондық құжаттарда бұл органдар
қосымша деп белгіленеді. Себебі, олардың барлығы министрлер кабинетіне
қарайды немес сонымен бір мемлекеттің фуекцияларын жүзеге асыруға қатысады.
Парламент палаталарының ең жоғары лауазымдарының бірі – палата
спикерлері. Олар депутаттардың жасырын дауыс беруі арқылы сайланады. Палата
спикерлері палатаның административтік жұмыстарын реттеумен айналысады. Бұл
қызметке парламент аргдагері және алты рет депутаттыққа сайланған,
оппозициямен жұмыс істеу тәжериебісі бар депутат өкілі сайлана алады.
Сайланған спикер және оның орынбасары партиядан шығып, тәуелсіз депутат
болуы және шешім шығарғанда олардың объективті болуы керек. Сонымен қатар,
спикер өз палатасының дауыс беруінде қатыспайды.
Парламенттің әр палатасында белгілі бір сұрақтарға байланысты
депутаттардан комиссия құрылуы керек. Мысалға, бюджеттік комиссия, ол
бюджеттің жұмсалуына қадағалау жасайды. Бұл комиссиялар ешбір министрлікте
қарастырылмайтын сұрақтармен айналысады және сол парламенттің жұмысы
тоқтағанға дейін қызмет атқарады. Әр депутат бірнеше комиссияның мүшесі
бола алады.
Парламенттің өткізілетін отырыстары жабық түрде болады. Бөтен
біреудің жіберілуі тек комиссияның қарауымен ғана жүзеге асады. Комиссиямен
қатар палаталарда секретариат және заң бюросы қызмет етеді. Секретариаттың
қызметі палаталардың қызметін техникалық қамсыздандыру. Оны сайлау арқылы
қабылданған бір депутат бас секретарь ретінде басқарады. Заңдық бюро заң
жобаларын дайындайды, түзетеді, әртүрлі анықтамаларды, сұрақтарды
парламенттің қарауына дейін қарастырады.
Парламент депутаттарына орталық мемлекет аппаратында қандай да бір
ресми қызмет істеуге (министрлер кабинетінен басқа), өзін-өзі басқару
органдарында қызмет етуге, мемлекеттік кәсіпорындар мен басқармаларда
қызмет істеуге тыйым салынады. Бірақ, бұл шектеулер олардың жеке
кәсіпкерлікпен шұғылдануына кедергі емес. Сондықтан да, оладың көбісі
корпорациялардың, үлкен акционерлік фирмалардың президенттері,
директорлары, акционерлері болып табылады.
Депутат заңшығару иницативасына ие, бірақ оның заң жобасын жоғары
палатада - 10 депутат, кіші палатада - 20 депутат қолдауы керек. Өзінің
қызмет ету уақытында депутат парламенттік имунитетке ие. Екі палатаның
депутаты парламент сессиясы кезінде тұтқынға алынбайды. Депутат өзінің
парламенттік құзіреттілігінен палатаның шешімінсіз айырыла алмайды. Палата
депутаттарға сөгіс жариялауы мүмкін. Оның себептері келесідей болуы керек:
депутаттық міндетті бұзу; палатадағы тәртіпті бұзу; палаталардың
құндылықтарын сақтамау; сыпйылыққа жат сөздерді қолдану; басқа адамдардың
жеке өміріне қол сұғу. Сөгістің төрт түрі бар: отырыс залында айтылатын,
ескерту; отырыс залында кешірім сүрау, міндеттердің анықталуы; палатаның
жұмысына белгілі бір уақытқа қатысуды шектеу; палатадан шығару.
2. Жапония Парламенті
Конституцияға сай елдің жалғыз заңшығаруышы органы болып парламент
танылады. Ол екі палатадан тұрады: өкілдер палатасы ( 4 жылға сайланатын
480 депутат) және кеңесшілер палатасы ( 6 жылға сайланатын 252 депутат).
Екі палатаға да сайлау тікелей сайлау арқылы жүргізіледі, сайлауға жасы 20-
ға толған елдің азаматтары дауыс бере алады. Өкілдер палатасына жасы 25-ке
толған азаматтар сайлана алады, ал кеңесшілер палатасына – 30 жас.
Заңжобаларының тәртібіне байланысты Жапония парламентінде окілдер палатасы
– кіші палата, кеңесшілер палатасы – жоғарғы палата болып танылады.
Парламенттің құрылыу тәртібі конституцияға негізделеді және 1950 жылғы
жария қоғамның өкілдерін сайлау туралы заңмен реттеледі.
Өкілдер палатасы әр 4 жылда қайта сайланады, бірақ мерзімінен бұры да
таратылуы мүмкін. Бұл жағдайда палатаның жаңа құрамына сайлау 40 күннің
ішінде өтуі керек, парламент сайлаудан кейін 30 күнде шақырылуы керек.
Әдетте сайлау парламент қызметінің аяқталу күніне 30 күн қалғанда
өткізіледі. Жарты ғасырдай уақыт өкілдер палатасына сайлау 130 мандатты
округтерден жүргізілді, ал 1954 эылдан бері сайлаудың жаңа тіртібі
қабылданды. Өзгерістердің негізізгісі депутаттар санынының 500-ден 480-ге
қысқаруы және олардың жартысы округтерден, жартысы партиялық тізім бойынша
сайланатын болды. Көп дауыс жинаған партияның сйәкесінше паламентте де үлес
салмағы жоғары болады. Бұл әлсіз партиялық бірлестіктердің мүмкіндігін
шектеді. Депутаттыққа кандидаттыққа түскенде ақшалай кепілдеме салады, егер
кандидатт сайлауда белгіленген дауыс жинау минимум деңгейіне жетпесе , онда
ол ақша мемлекет бюджетіне қайтымсыз алынады.
Өкілдер палатасы 6 жылға сайланады, бірақ та олардың жартысы әр 3 жыл
сайын жаңартылып отырады. Оның құрылу принципі сәл өзгешелеу. Жоғары
мандатты префектуралық сайлау округтерінен (Жапонияда 47 префектура бар)
150 депутат сайланады, тағы екеуі – Окинава аралынан, ал 100 депутат елдегі
жалпы партиялық сайлауды партиялық тізім бойынша сайланады. Жалпы ұлттық
партиялық сайлауда негізінен халыққа танымал мемлекеттік және саяси
тұлғалар өз кандидатураларын ұсынады. Сайлау жоғары палатаның қызмет ету
мерзімінің аяқталуына 30 күн қалғанда өткізіледі. Сайлауды өткізу және
ұйымдастыру жұмыстарын сайлау учаскелерінде тәуелсіз сарапшылар,
сайлаушыларда құралған комиссия қадағалайды. Сайлауға қатысқан әр депутат
дауыстарды санау комиссиясына өзінің бір өкілін жіберуге құқылы.
Сайлау компаниялары Жапонияда өзіндік ерекшеліктерге ие. Сайлау
туралы заңға сай, барлық кандиттарға бірдей мүмкіндіктер берілген.
Сондықтан сайлауалды шараларда белгілі шектеулер бар. Мысалы, сайлау
компанияларының ққ\ызмет ету күні шектелген 15 күнге, сайлау күніне 8 сағат
қалғанда барлық агетациялық шаралар тоқтатылады. Сонымен қатар барлық
кандидаттарға орталық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында өз
сөздерімен шығуға тең мүмкіндік берілген. Жеке тұрғындардың үйлерін сайлау
шараларымен аралауға шектеу қойылған.
Парламенттің негізгі компетенциясына және қызметіне келесілер кіреді:
заңдарды және заң жобаларын қарастыру, қабылдау; қаржылық өкілеттілігі –
жыл сайын бюджетті бекіту; атқарушы органга бақылау жасау, премьер-
министрді тағайындау, үкіметке сенім білдіру сұрақтарын қарастыру,
мемлекеттік басқару сұрақтары бойынша министрлер кабинетіне және арнайы
комиссиялар құру; сот қызметтерінің өз қызметтерін дұрыс пайдаланбағаны
үшін қозғалған істерін қарауға арналған сотты құру, сот органдарының
қызметін бақылау; ішкі және сыртқы саясатты қарау, халықаралық келісім-
шарттарды қарау. Парламенттің заңшығарушылық қызметі негізінен министрлер
кабинеті ұсынған заң жобаларын іріктеу, реттеу, түзету, кері қайтару,
қарастыру және қабылдаумен ұштасады. Қоғамдық сүрақтарды шешуді де
қарастырады.
Парламенттің құқықшығармашылық қызметіне келесідей сұрақтады
қарастыру да қосылады: императордың мұрагерлігі; жапондық азаматтықты алу
шарттары; жұмыс уақытын, еңбекақы деңгейін және еңбектің басқа да шарттарын
бекіту; салық жүйесін реттеу; жеке меншік құқығын қорғау; парламенттегі
депутаттар сынын анықтау; сайлау жүйесін және сайлау учаскелерін бекіту;
депутаттарға ақшалай сыйақыларды қарастыру; азаматтық қызметтерді
ұйымдастыру және басқару; министрлер кабинетінің құрылымын бекіту;
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауын қарастыру және т.б.
Жапония парламенті өз қызметін жүзеге асырғанда тәуелсіз болып
табылады. Унитарлы мемлекетте екі палаталы парламенттің болуын жапондық
ғалымдардың түсіндіруіне қарағанда, өкілдер палатасы – бұл партиялық
саясаттан кейін сапалы бастама, ал кеңесшілер палатасы – бұл
қызығушылықтардың балансын сақтауға байланысты қарама-қайшылықты жою үшін
ақылға сыйымды бастама делінген.
3. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары
Елде екі звенолы иерархиялық аймақтық-административті басқару жүйесі
құрылған: жоғарғы звено – префектуралар, төменгілер – муниципалиеттер
(қалалар, аудандар, ауылдар). Елде 47 префектура, ерекше префектураға
белгіленген 3 қала (Токио, Осака, Киота) бар, ал Хоккайдо аралы аймақтық
провинция болып танылады. 3200-ден аса муниципалитеттер бар. Жергілікті
өзін-өзі басқару туралы Конституцияда арнайы бөліммен белгіленген және 1947
жылдан бері іске асып келеді. Соңғы онжылдықтарға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz