Халықаралық сауда теориясы



14.1. Халықаралық сауда теориясының экономикалық негізі
14.2. Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандану
14.3. Экспорт пен импортқа ұсыныс және сұраныс. Қолдампаздық (протекционизм)

Негізгі түсініктер
Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмыс бастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері мақроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агентгердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз байланысты.
Біз макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импортгың көлемі ЖҮӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.
Экспорттық салалардағы өңдірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, Бұл қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҮӨ көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді. Бұл жағдай ЖҮӨ көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді. Сыртқы сауданың қажеттігі. Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы Халықаралық сауда теориясы XIX ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізінде құрылды.
Д. Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А. Смит зерттеген еді. А. Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді және әртүрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығыңдарының айырмашылығы арқылы пай-да табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауар-ды аз шығынмен өндіру.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
XIV тарау

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯСЫ

14.1. Халықаралық сауда теориясының экономикалық негізі

2. Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамандану

3. Экспорт пен импортқа ұсыныс және сұраныс. Қолдампаздық
(протекционизм)

Негізгі түсініктер

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан
басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы
сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмыс бастылыққа,
баға және басқа айнымалыларға әсері мақроэкономика тұрғысынан және
халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарлардың, экономикалық агентгердің
пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаулар бір-бірімен тығыз
байланысты.
Біз макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының
кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импортгың көлемі ЖҮӨ деңгейіне,
жұмысбастылыққа тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіштер жалпы
макроэкономикалық тепе-теңдікке әсерін тигізеді.
Экспорттық салалардағы өңдірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып
отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, Бұл
қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҮӨ көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың
өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді. Бұл жағдай ЖҮӨ көлемін
кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы табысқа
әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді. Сыртқы сауданың қажеттігі. Д.
Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы Халықаралық сауда теориясы XIX
ғасырдың басында Давид Рикардо айтып өткен салыстырмалы артықшылық
тұжырымдамасы негізінде құрылды.
Д. Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А. Смит зерттеген еді. А. Смит
халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді және әртүрлі мемлекеттерде
тауар өндіруге кететін абсолютті шығыңдарының айырмашылығы арқылы пай-да
табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу
тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен
еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы
артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауар-ды аз шығынмен өндіру.
А. Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпен айналысатын
субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясьна да
таралады. Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен
бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өндіретін мемлекеттен
сатып алған жөн.
Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте
абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы — ішкі тұтынуды
қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауар-
лармен айырбастауға болады — мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік
береді. Д. Рикардоның теориясы халықаралық саудаға тағы бір қадам жасады.
Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр. Халықаралық
сауда фактілері
1. Американың тауар және қызмет экспорты ЖІӨ-нің 11—13%-ын құрайды. Басқа
мемлекеттерде экспорт үлесі жоғары. Мысалы, Голландияда — 52%, Германюща —
27%, Жаңа Зелаңцияда — 33%, Канадада — 30%.
2. АҚШ экспорт және импорт көлемі жөнінен дүние жүзінде 1-орыңцы алады.
Қазіргі уақыттағы америкалық экспорт дүние жүзі экспортының 18 бөлігін
құрайды. АҚШ-тан кейінгі орындарға Германия, Жапония, Франция, Англия ие
болуда.
3. 1965 жыддан бері АҚШ экспорты мен импортының көлемі 2 есе өсті.
1994 ж. АҚШ-тың тауар тапшылығы 133 млрд.
4. долл.болды, яғни импорт экспортқа қарағанда көп, бірақ сонымен бірге
қызмет экспорты импорттан 57 млрд. долларға көп болды. Сонымен тауар және
қызметтің жиынтық сауда тапшылығы 76 млрд. долл. тең.
5.Американың негізгі экспорт тауарлары: химикаттар,
компьютерлер, тұтыну тауарлары, ұшақтар.
Негізгі импорт тауарлары: автомобильдер, мұнай, компьютерлер және киім,
химикаттар.

6. Индустриясы дамыған елдер сияқты АҚШ-тьщ импортгайтын тауарлары мен
экспорттайтын тауарлары ұқсас. Мысалы, автомобильдер, химикаттар,
компьютерлер.
7. АҚШ-тың экспорт пен импортының көп бөлігі индустриясы дамыған
мемлекеттермен сауда байланысы арқылы жүреді. Ол мемлекеттерге Канада,
Батыс Еуропа елдері, Жапония жатады.
8.Көлік және коммуникациялық технологияның дамуы, тарифтердің төмеңдеуі,
индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы бейбіт қарым-қатынас екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық сауданы
дамытуға елеулі әсерін тигізді.
9.Халықаралық саудада АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері, Канада елеулі орын
алғанымен қазір көп мемлекеттер үлесі өсіп келеді. Оларға Гонконг,
Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань елдерін жатқызамыз.
Олар халықаралық саудадағы өздерінің үлесін 3%-дан (1972 ж.) қазіргі
10%-ға дейін өсірді. Қазір ол мемлекеттерге Қытай қосылды. Коммунистік
жүйенің жойылуынан кейін ол қазір Шығыс Еуропа, Ресей және Қазақстанның
үлгісімен жабық экономика саясатынан ашық экономикаға көшуде.
10.Қазір халықаралық сауда және халықаралық саясат тығыз байланысты.
Мысалы, Солтүстік Америка еркін сауда келісімі (НАФТА), Тарифтер және сауда
жөніндегі келісім (ГАТТ), АҚШ пен Жапония арасындағысаудадағы Американың
тауар тапшылығын кеміту шарты.

Сауданың экономикалық негізі
Халықаралық сауда көмегімен мемлекеттер мамаңдануды дамытатындығын,
өзінің ресурстарын тиімді пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемін өсіре
алатыньш көреміз. Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылықпен өндірілетін
тауарларға мамандану арқылы ұтады. Мемлекеттер неге сауда жасайды деген
сұраққа төмендегідей жауап беруге болады:
1. Экономикалық ресурстар (табиғи, еңбек, капитал) әр мемлекеттерде әр
түрлі. Бір ел капиталсыйымды болса, екінші ел еңбексыйымды болады.
2. Әр түрлі тауарды тиімді өңціру әр түрлі технология мен ресурстарды қажет
етеді. Осы айтылғандарға төмеңдегідей мысалдар келтірейік.
Жапонияда жоғары және орта білімді мамаңдар күші көп және арзан. Сондықтан
Жапония жоғары білімді маман күшін қажет ететін тауарларды салыстырмалы
артықшылықпен шығара алады. Оларға фотокамера, радио, т.б. жатқызуға
болады. Бұлар еңбексыйымды тауарлар. Австралия, керісінше, жер ресурстарына
бай, бірақ еңбек күші тапшы. Сондықтан олар көп жерді қажет ететін
тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шы-ғара алады. Оларға — бидай, жүн,
ет бүйымдарын жат-қызуға болады.
Бразилияның жері қүнарлы, климаты тропикалық, жауын-шашын жиі жауады,
қарапайым жұмыс күші өте көп және арзан. Сондықтан олар кофе өңдіруде
салыстырмалы артықшылыққа ие болады.
Индустриясы дамыған мемлекеттер капиталсыйымды тауарларды өндіреді. Мысалы,
машина, ауылшаруашылық құралдарды, химикаттар. Бірақ мемлекеттердің тауар
өңці-рудегі экономикалық тиімділігі тұрақты емес. Уақыт ете келе олар
өзгеруі мүмкін. Мысалы, Ощүстік Корея соңғы 50 жыл ішіңце өзінің жұмысшы
мамаңцануын жоғарьшатгы және капитал көлемін өсірді. Бүдан жарты ғасыр
бүрын көбінесе ауылшаруашылық тауарларын және шикізатты экс-порттаған Корея
қазір дайын өніэдді экспортгайды.
Сол сияқты технология дамуы да өз әсерін тигізеді.Мемлекеттер
экономикасының дамуына байланысты еңбек күшінің сәні мен сапасы, капитал
көлемі мен қү-рамы, технология деңгейі өзгереді. Жер мен табиғи
ресурстардың сапасы өзгеруі мүмкін.
Осы өзгерістер арқасында мемлекеттердің тауарларды салыстырмалы
артықшылықпен шығаруы да өзгереді.

САЛЫСТЫРМАЛЫ АРТЫҚШЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ МАМАНДАНУ

Халықаралық сауда екі мемлекеттен тұрады деп қарастырайық. Мысалы, Бразилия
және АҚШ. Екі мемлекет те бидай және кофе өндіреді, бірақ әртүрлі
экономикалық тиімділікпен. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің
қисығы 88-суретте көрсетілген.

88-сурет. Өңдіріс мүмкіншілігінің қисығы кофе және бидай. Өндіріс
мүмкіншілігінің қисығы ретінде көрсетілу себебі өндіріс шығыны тұрақты.
Өңдіріс шығындарының айырмашылығы АҚШ үшін 1 W = 1 С, Бразилия үшін 1 W = 2
С.

Шығындар айырмашылығы. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің
қисығы әр түрлі. Олар ресурстар мен техникалық прогресс деңгейінің әр
түрлілігіне байланысты. Басқа сөзбен айтқанда 2 мемлекетте бидай мен
кофенің өндіріс шығындары әр түрлі.
88-суретте АҚШ толық жұмыс күшін пайдаланып және кофе өндіру көлемін 30 т
төмеңдету арқьшы қосымша 30 т бидай өндіре алады. Басқаша айтқанда өндіріс
мүмкіншілігінің қисығы — 1, яғни 1 т кофе = 1 т бидай, яғни АҚШ кофе
өндіруге жұмсаған ресурстарды пайдаланып қосымша бидай өндіре алады. Бұл
айырбастан АҚШ-тың өндіріс мүмкіншілігі артады. Ал
88-су-ретте Бразилияның өңдіріс мүмкіншілігінің қисығы айырбас пен шығынның
басқаша жағын көрсетеді. Бразилия қосымша 10 т бидай алу үшін 20 т кофе
өңдіруден бас тартуы мүмкін. Сонымен оның өндіріс мүм-кіншілігінің қисығы —
1 т бидай = 2 т кофе.
Өзін-өзі қамтамасыз ету. Егер АҚШ пен Бразилия экономикасы жабық және өз
қажетін қамтамасыз ететін болса, онда әр мемлекет өңдірістің белгілі бір
құрылымын таңдауы керек. А нүктесі АҚШ үшін қолайлы деп алайық. Оңгайлы
өңціріс құрылымы (18 т бңцай және 12 т кофе) нарықтық экономика тетігінің
әсерімен қалыптасады.
Бразилияның өндіріс құрылымының оңтайлылығы (8 т бидай, 4 т кофе)
88-суретгің В нүктесінде көрсетілген. Бұларды төмендегі кестенің
1-бағаныңда көруге болады.

Салыстырмалы артықшылыққа байланысты мамаңдану.

Шығындар арақатынасы әртүрлі болған жағдайда АҚІІІ және Бразилияның
қандай тауар өндіруге мамаңдануы керек екендігін салыстырмалы артықшылықтар
принципі бойынша табуға болады. Жалпы өнім көлемі жоғары болуы үшін тауар
өндіретін мемлекеттің шығындары төмен болуы қажет. Осындай жағдайда
салыстырмалы артықшылық принципі мүмкін болады. Мысалы, АҚШ-тың бидай
өңдіру шығыны төмен. Ол дегеніміз, АҚШ қо-сымша 1 тонна бидай өндіру үшін
кофе өңдіруден бас тартуы керек. Ал Бразилия 1 тонна бидай шығару үшін 2
тонна кофе өңдіруден бас тартуы керек. Сонымен, салыстырмалы артықшылықтар
принципі бойынша АҚШ бидай өндіруге мамандануы керек. Егер бидай АҚШ-та
емес, Бразилияда шығарылса, онда халықаралық экономика өз ресурстарын
тиімсіз жұмсайды.
Кофе өңцірісінің шығындары Бразилияда төмен, демек Бразилия бидай
өндірісінің 12 бөлігін қысқартып, қосымша 1 тонна кофе өндіре алады. Ал
АҚШ 1 т кофе өндіру үшін 1 т бидай өңдіруден бас тартуы қажет. Бразилия
салыстырмалы артықшылыққа ие болады, сондықтан ол кофе өндіруге мамандануы
керек. Егер кофені Бразилия емес АҚШ шығарса, онда халықаралық экономика
тағы да өз ресурстарын тиімсіз пайдаланады.
Шаруашылықты тиімді жүргізу — белгілі бір шектеулі ресурстарды қолданып
неғүрлым көп жиынтық тауар көлемін шығару, яғни тауарды салыстырмалы
артықшылығы бар мемлекет шығаруы. Біздің мысалда АҚШ бидайды, Бразилия
кофені өндіргені дұрыс.
Кестенің 2-бағанасында салыстырмалы артықшылықтар принципі бойынша
мамандану нәтижесінде бүкіл әлем шектеулі ресурс арқасында көп өнім шығара
алатындығы көрсетілген. АҚШ бидай өндіруге толық маманданғанда 30 тонна
өндіріп, кофені мүлде шығармайды. Ал Бразилия кофе өндіруге мамаңданғанда
20 т кофе өндіріп, бидай өңдірісін тоқтатады. Осыдан бүкіл халықаралық
экспорт ұтады. Бидай 26 т орнына 30 т, ал кофе 16 т орнына
20 т өңдіріледі.
Сауда шарты. Бразилия мен АҚШ кофені де, бидайды да тұтынғысы келеді,
осының нәтижесіңце сауда және айырбас қатынасы туындайды. Осы сауда шарты
қандай болады? АҚШ пен Бразилия арасындағы сауда қатынасы қандай? АҚШ-та
1W=1C болғандықтан, олар езінің 1 т бидайына 1 т кофе алуы керек. Басқаша
айырбас болса, АҚШ саудадан ештеңе ұтпайды. Басқаша айтқанда олар
халықаралық нарықта өз бидайын өз жерінде сатқаннан гөрі кебірек бағаға
сатуы тиіс. Осы сияқты Бразилияда 1W=2 С болғандықтан 1 т бидайды
импорттап, 2 т аспайтын кофе көлемін экспортгауы тиіс. Бразилия бидайды
халықаралық нарықта өз еліндегі бидай бағасынан төмен бағаға сатып алуы
тиіс. Басқа жағдайда ол халықаралық саудаға қатыспайды. Сонымен сауда шарты
АҚШ үшін: 1W=1 C. Бразилия үшін 1W=2 C. Қай жерде халықаралық айырбас
коэффициенті нақтырақ болады? Айырбас коэффициентіне сауда шарты арқылы
халықаралық сауда пайдасы 2 мемлекетте қалай бөлінетіндігін анықтаймыз.
Америкалықтар бидайдың 1 тоннасына 1 тоннадан көбірек кофе алғысы келеді.
Бразилия 2 тонна кофе үшін 1 тоннадан көбірек бидай алғысы келеді. Айырбас
коэффициенті осы екі тауарға деген халықаралық сұраныс пен ұсыныстың
қатынасына байланысты. Егер кофенің жиынтық сұранысы ұсыныстан төмен, ал
бидайға деген жиынтық сұранысы ұсыныстан көп болса, онда кофе бағасы төмен,
ал бидай бағасы жоғары болады. Онда айырбас коэффициенті шамамен 1W=2 С.
Бұл жағдай Бразилия үшін пайдалы, ал егер жиынтық сұраныс пен ұсыныстың осы
тауарларға керісінше болса, онда айырбас коэффициенті жуық шамамен алғанда
lW^l С. Бұл жағдайда саудада Бразилия ұтылады.
Саудадан түсегін ұтыс. Халықаралық айырбас коэффициенті немесе сауда ұтысы
1W—12 С деп қарастырайық. Осындай шарт арқылы сауда мүмкіншілігінің
қисығын талдауға болады. Ол 89-суретге керсетілген. Өңдіріс мүмкіншшігінің
қисығы сияқты сауда мүмкіншілігінің қисығы маманданған тауарды және оны
басқа тауарға айырбастау вариантын таңдау мүмкіншілігі, 89-суретге сауда
мүмкіншілігінің қисығы көрсетілген. Екі мемлекет салыстырмалы артықшылықпен
шығарылған тауарға маманданған.

Таңдау мүмкіншілігі. Мамандану және сауда бидай мен кофе арасындағы
айырмашылықтың жаңа қатынасының пайда болуына әкеледі, ол сауда
мүмкіншілігінің қисығында көрсетілген. Өзін-өзі қамтамасыз ету саясатына
қарағанда Бұл жаңа қатынас екі мемлекет үшін де қолайлы: бидайға мамандануы
және оны кофеге айырбастауы арқылы АҚШ 1 тонна бидай үшін 1 т. жоғары
сортты кофе алады. Сол сияқты Бразилия кофе өндіруге мамандану арқылы 1 т.
бидайды 2 т. аспайтын кофеге ала алады.

Өндірістің ұлғаюы. Бразилия мен АҚШ өзін-өзі қамтамасыз ету саясатынан гөрі
салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданса, өздерінің өндірістік
мүмкіншілігінен көп тауар ала алады. Сол артықшылығы бар тауарға мамандану
халықаралық ресурстарды тиімді пайдалану және бидай мен кофе өнімін
ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол екі мемлекет үшін де қолайлы, 1W=12C
жағдайындағы сауда шарты бойынша АҚШ Бразилияға 10 т бидайды экспорттап, 15
т кофені импорттайды. Екі ел белгілі бір тауарға маманданбаған және сауда
жасаспаған кездегі өндіріс құрылымы оңтайлы болса, онда жаңа жағдайда екі
тауарлар мөлшері енді қалай болар еді? 89-суреттің А нүктесідце АҚШ
бастапқы кезде 18 т бидай және 12 т кофе шығарды. Енді ол бидай өңдіруге
маманданып, 30 т бидай өндіріп, 10 т бидайды 15 т кофеге айырбастайды,
сонымен АҚШ енді 20 т бидай және 15 т кофені тұтынады. Бұл жағдай 89-
суретгегі А нүктесіңде көрсетіліп түр. АҚШ-тың саудадан ұтысы 2 т бидай
және 3 т кофе. Осыған сәйкес Бразилия маманданбағанға дейін 4 т кофе және 8
т би-дай өндіреді. Енді Бразилия кофе өңдірісіне маманданып 20 т кофе
өндіре алады және 15 т кофені АҚШ-тың 10 т бидайына айырбастайды. Сөйтіп,
Бразилияның саудадан ұтысы 1 т кофе және 2 т бидай. Бұл жағдай 89-суреттің
В нүкгесіңде көрсетілген. Мамандану және халықаралық сауда нәтижесінде екі
ел екі тауардан да ұтады. Оны кестенің 5-бағаныңда көруге болады.
А' жөне В' нүктелері А және В нүктелеріне қарағанда тиімді.
Шығындардың өсуі. Халықаралық сауда принциптерін қарапайым түсіндіру үшін
белгілі бір екі мемлекет және екі тауарды қарастырайық. Бірақ көптеген
мемлекетті мысал ретінде алсақ та екі дәл осы нәтижеге келеміз. Енді
шығындардың өсуіне таңдау жасайық. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігі
қисығының қатынасы 1W=1C және 1W=2C деп қарастырсақ, онда АҚШ салыстырмалы
артықшылықпен өндіретін бидайға, Бразилия кофеге мамандануы керек. Бірақ
енді бидай өндіру көлемін үлғайтқаңда олардың шығыны — бастапқы 1\Ү=1С-дан
өзгереді. АҚШ қосымша 1 т би-дай өндіру үшін 1 т көбірек кофе өңдіруден бас
тартуы керек. Өйткені тұрақты шығындар сияқты шығындардың өсуін
қарастырғанда ресурстар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Халықаралық сауда классикалық теориясы
Халықаралық сауда теориялары
Халықаралық сауда тұжырымдамалары
Д. Рикардоның өмірінен мағлұмат
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Меркантелизм туралы
Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда
Халықаралық сауданың баламалы теориялары
Халықаралық сауданың теориялары
Пәндер