Қылмыстық іс жүргізудегі жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қылмыстық іс жүргізудегі жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципі

Жоспары:

  1. Қылмыстық процесс принциптерінің ұғымы мен мәні
  2. Жеке адамның абыройы мен қадір қасиетін құрметтеу принципі
  1. "Принцип"ұғымы түсініктемесінің үш жай-жапсары бар: философиялық; затты-қолданбалы; теориялық-құқықтық. "Принцип" ұғымының философиялық жай-жапсары мынада: жалпы таным негізіне немесе әлдебір білім саласы негізіне алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.

Принцип ұғымының затты-қолданбалы жай-жапсары-осы кызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.

Сонымен, қылмыстық процесс принциптері - қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі кызметінің мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ереже­лер.

ҚІЖК 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.

Сөйтіп, принциптер мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:

қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде принциптер орталық, басты орын алады;

олар өзара тығыз және үйлесімді байланысты бастапқы, негізгі нормалар болып табылады;

принциптер құқықтық нұсқамалар ретінде қалыптасады және нормативті сипатта болады;

олар қылмыстық процестің мақсатын, оның табиғаты мен жүйесін түсінудің кілті болып табылады;

принциптер іс жүргізу құқығының негізгі бағыттарын, даму перспективаларын айқындайды;

олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға байланысты ұсыныстардың негізділігін анықтау кезіндегі басты өлшемдер болып табылады;

принциптер құқық қалыптастыру қызметінде әлеуметтік бағдарлар функциясын атқарады;

принциптер іс жүргізу нормаларының дұрыс түсіндірілуіне жәрдемдеседі.

Біздін ойымызша, үшінші бағыт қылмыстық іс жүргізу құқығы да муының қазіргі деңгейіне барынша толық сай келеді. Бұл бағыттың артықшылығын мына дәлелдерден көруге болады:

қылмыстық іс жүргізу қызметін тек заңдарда көрсетілген негіздер
мен нысандарда ғана жүзеге асыруға болады, демек, бұл қызмет
өздеріне негізделген негізгі ережелер заңда тиянақталуға тиіс;

ешқандай идеялар қылмыстық іс жүргізу қызметі мен құқық қатынастарын таза күйінде реттей алмайды;

егер принциптер тек мемлекеттік (анықтау, тергеу, прокуратура
және сот) органдар қызметінің негізін айқындайтын болса, онда сот
төрелігінің мақсаттары мен міндеттері елеулі түрде бұрмаланады, өйткені
өзге қатысушылар (айыпталушы, жәбірленуші және т. б. ) мүдделерінің
процесс үшін онша елеулі маңызы болмайды.

2 . Бұл принцип негізіне Конституцияның 34-бабы алынған, онда былай делінген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті». Бұл негіз адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның басқа қағидасымен күшейтіле түскен. Қол сұғылмаушылық және құрметтеу ұғымы бірін-бірі өзара толқтырады және оларды құқықпен қамтамасыз ету құралдарымен байланысты. Құрметтеу қол сұқпаушылықтан көрініс табады және керісінше-қол сұқпаушылықты сақтау құрмет сезімін білдіру әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге абырой мен қадір қасиетті құрметтеу принципінің мәні мұнымен шектелмейді.

Адамның қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық әрбір адамның жеке құндылығын, оның ой қалпын тануға негізделген. Адам- бағалы ой-өріс пен ізгілік иесі. Әрбір адам дербес ой ойлау және іс-қимыл жасау құқығын құрметтеу мен тануға лайық.

Қаралып отырған принцип мәнін тікелей түсіндіру дегеніміз, сондай-ақ оны Қазақстандағы әрбір адамның қажетті, тиісті, оның аумағында басқа адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу қоғамның даусыз элементтері деп қабылдануына байланысты мінез-құлқының түрі мен шарасы деп тану. Біреу лердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Бұл принцип жанама субъективтік факторлардың түр-сипатына қарамастан кез-келген адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғайды.

Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципі дербес принцип ретінде ҚІЖК-тің 13- бабында тұжырымдалған және мына ережелерді қамтыған:

  • Жеке адамның абыройын түсіретін және қадір-қасиетін кемітетін шешімдер қабылдауға тыйым салынады;
  • Жеке адамның абыройын түсіретін және қадір-қасиетін кемітетін іс-әрекеттерге тыйым салынады;
  • Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді, сонымен бірдей адам құпиясы сақтау қажет деп санайтын жеке сипаттағы мәліметтерді жинауға, пайдалануға және таратуға жол берілмейді;
  • Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиянды өтеткізу құқығы;

Осы принципті сақтауға байланысты пайда болатын құқық қатынастарының субъектілері мыналар:

  • Қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдар\қылмыстық ізге түсу органдары, және сот\, қылмыстық процесті жүзеге асруға өкілеттігі бар лауазымды адамдар;
  • Қылмыстық сот ісін жүргізуге қамтылған адамдар.

Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу принципінің белгілері:

  • Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз әрекеттерімен адамға келтірілген зиян тек моральдық сипатта болуы мүмкін\материалдық сипаттағы зиян, мысалы, адамның жеке басына тиіспеушілік принципі бұзылған кезде орын алуы мүмкін\;
  • Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жинау, пайдалану және тарату оның келісімімен жүзеге асрылатын, не белгілі бір бейне жасауға байланысты оның мақсатты іс-қимыл бағдарламасының элементі болып табылатын жағдайларда принцип бұзылады деп саналмайды;
  • Адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жинау, пайдалану және тарату оның жақсы атына зиян келтіруі және оның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуы кезінде кедергі жасауы мүмкін кез келген жағдайда немесе заңда жеке құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылық көзделсе принци бұзылды деп саналады;
  • Қылмыстық процесті жүзеге асырушы органдардың қызметі қылмыстық сот ісін жүргізуге қамтылған адамның абыройы мен қадір-қасиетін құриеттеу принципін қамтамасыз етуге, сондай-ақ бқл принципті сол адамның туыстары мен жақындары жөнінде қамтамасыз етуге бағытталған.
  • Ақтау негіздемесі бойынша қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуын қаралып отырған принципті бұзу деп түсіну қажет, оның құқықтық салдары келтірілген моральдық зиян үшін сөзсіз өтем төлеу болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Қылмыстық іс жүргізу принциптері
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша дәрістер
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары
Қылмыстық процесс принциптері
Қылмыстық процестiң қағидалары
Қылмыстық процестің принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz