Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі


Жоспар
Кіріспе
- Заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігі.
- Заңды тұлғалардың мемлекетке қатыстығы.
- Қазақстан Республикасындағы шетелдік заңды тұлғалар.
Пайдаланылған әдебиеттер
Заңды тұлға -азаматтық -құқықтық қатынастырдың субьектісі. Дербес мүлкі бар, сол мүлікпен өзінің атынан мүліктік құқықтарға және мүліктік емес өзіндік құқықтырға ие бола алатын және сол мүлікпен міндеттемелерін атқара алатын сотта, төрелік сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Сонымен ұйымды заңды тұлға деп тану үшін онда мынадай белгілер болуы керек:ұйымның жарғысында оның ұйымдық жағынан біртұтас құрамға ие екендігі ; оның қарамағында басқаруға бөлініп берілген немесе өз меншігіне жататын мүлкі болуы; азаматтық -құқықтық келісімдер жасасқанда, сотта құқық қорғауға байланысты өз атынан әрекет етуі; өз міндеттері бойынша дербес мүлкімен жауапкершілігі болуы.
Заңды тұлғалардың түрлері олар пайдаланатын меншік түрлеріне қарай мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік бюджеттегі кәсіпорын, басқа қаражат есебінен қаржыландырылатын және өз алдына сметалы бар мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен олардың бірлестіктері болып бөлінеді, және олар заңды тұлғаларға жатқызылу үшін белгілі талаптар (өзінше балансы бар, өз сметасы, т. б. ) қойылады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларға үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив түрінде құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік түрінде және заңда көзделген өзге де түрде құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғысында жариялаған мақсаттарына сай айналыса алады. Заңды тұлға Азаматтық кодекске сәйкес азаматтық құқықтарға ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Заң құжаттарында тізбесі белгіленген қызмет түрлерімен заңды тұлға тек лицензия бойынша ғана айналыса алады.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Заңды тұлғалар Жарғыға сүйеніп қызмет етеді. Мемлекеттік заңды тұлғалар бұған өкілеттігі бар мемлекеттік органның жарлық актісі бойынша пайда болады, ал қоғамдық ұйымдар заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігінің мөлшері оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады және ол оның жарғысы немесе ережесі бекітілген күннен бастап пайда болады, ал оның үстіне жарғы тіркелуге тиісті болса, бұл құқықтық қабілеттілік сол тіркелуге байланысты пайда болады.
Заңды тұлғалар өздерінің органдары арқылы қызмет етеді, олардың белгілі орналасқан жері, өз аты болады. Заңды тұлғалар өздеріне бекітіліп берілген мүліктер шеңберінде ғана жауапты болады. Мемлекет заңды тұлғалардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Сондай-ақ мемлекеттік шаруашылық ұйым өзінің құрамындағы заңды тұлғалардың борышы үшін жауап бермейді, сол сияқты бұл заңды тұлғалар да өзінің құрамына кіріп отырған ұйымның борышы үшін жауап бермейді, сол сияқты бұл заңды тұлғалар да өзінің құрамына кіріп отырған ұйымның борышы үшін жауап бермейді.
Заңды тұлғалар тарату, қайта құру (қосу, бөлу немесе біріктіру арқылы ) жолдарымен жойылады. Егер заңды тұлғалар мемлееттік болса, оларды осыған өкілеттілігі бар мемлекеттік органдар өз жарлығы бойынша жояды. Заңды ұйымдарды жою жайлы комиссия қызметі тамам болып жойылған ұйымның қарыздарын қайтарып үлестірген соң, қалған мүліктерді оның жарғысында көзделінген қажеттерге жұмсайды немесе сол жарғыда көрсетілген орындарға, органдарға тапсырады. Ұйымдарды қосып немесе бөлгенде олардың қызмет ету әрекеті тоқтатылып, мемлекеттік- кооперативтік, мемлекеттік-қоғамдық ұйымдарды қайта құру тек қана сол ұйымдардың мүшелерінің жалпы жиналысының немесе олардың өкілдерінің жиналысы арқылы іс жүзіне асырылады.
Қазіргі заманда заңды тұлғаның шаруашылық қызметтері мемлекет тарапынан шектелмейді. Мұндай заңды тұлғалар қазіргі кезеңге лайықталып көбеюде. Көп кәсіпорындар шетелдерде міндетті түрде өзінің филиалдармен бөлімшелерін ашады және ашылған кәсіпорындар басқа бір шетел кәсіпорындарының бөлімшелері болып табылады. Халықаралық өндіріс салалары бірнеше топқа бөлінеді:
- Ұлттық қоғамдық ұйымдар; компаниялар, коорпарациялар, фирмалар және шетелде филиалы бар компаниялар кіреді. Мысалы:Америка, Европа мемлекетінің Рот маторе компаниясы.
- Шетелде капиталы ұқсастығы кәсіпорындардың бір елдің заңды тұлғасы бола отырып, екінші бір елде өздерінің филиалдарының заңды тұлға ретінде заң алдында танылуы.
- Көптеген халықаралық синдикатордың өндірістік бірлестігімен ғылыми технологияның заңды тұлғаға жатқызылмауы капиталдың экспорттарына қазіргі кезеңнің бірлескен кәсіпорындарды мысалға келтіруге болады. Өйткені бұл бірлескен кәсіпорындардың шетелдік заңды тұлғаның қатысуымен пайда болады. Мысалы: сауда саттық қоғаммен өндірістік кәсіпорындардың капиталдары шетел заңды тұлғаларының және шетел азаматтарының қатысуы мен құрылуы Батыс анықтамасы бойынша халықаралық шарттармен заңдардың қажеттіліктерінен пайда болған ұйымдарды халықаралық заңды тұлға деп аталады. Мысалы: Халықаралық есептесу банкісін айтуға болады.
Заңды тұлғаның қай мемлекет тұлғасы екендігін анықтау үшін шарттарда қай заңды тұлғаның ұлттық режимі басым екендігі корсетілуі қажет. Халықаралық қатынастарда дипломатиялық қор азаматтармен заңды тұлғалар мүддесін қорғайды. Заңды тұлға азаматтар секілді шетелдерде сол елдердің жалпы ережесі бойынша қызмет етеді. Заңды тұлғалардың ұлтын анықтау ұшін оның жеке заңын білу қажет. Халықаралық құқықтардағы заң дегеніміз- заңды тұлғаның әрекет қабілетінің аумағын және белгілі бір мемлекет тұлғасы екенін көрсететін нормативті құжат. Мысалы:ақылы ағылшын заңдарында заңды тұлғаның ұлты болып заңды тұлғаның тіркелген мемлекеттің уставы қабылданған жер болып табылады. Бұл заңды инкорпарация деп аталады.
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігін айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтық құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтыр мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады. Халықаралық дербес құқығындағы заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына, әрі жүзеге асыратын әрекетінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезден тоқтатылады. Халықаралық дербес құқығындағы заңды тұлға заң құжаттарында тізбей белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзінідік ерекшеліктері де болады. Мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіпорындар ие.
Ал, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай құжаттарында көрсетілгендіктен ол құрылтайшылар арқылы шектеулі мүмкін. Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі. Түрлері енгізілген тізбе арқылы айқындалады немесе оның қандай да бір түрлерін, жүзеге асыруға тыйым салады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындалуының маңызы бар. Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде міндеттемені орындауда азаматтық істерді сотқа беру және анықтауда өте маңызды. Еліміздегі заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу тәртібі- Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 17 сәуірдің шығарған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заң күші бар жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережесімен және Қазақстан республикасындағы Азаматтық кодексімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының шетелдік заңды тұлғалардың азаматтық құқық қабілеттілігі, яғни заңды құрылған елдің құқығы осы заңды тұлғаның заңы болып саналады яғни Қазақстан Республикасының заңы болады. Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық қабілеттілігі ұйым құрылған елдің құқығы бойынша анықталады. Мұндай ұйымдардың қызметіне, егер Қазақстан Республикасының құқығын қолдануға болмаса, сол елдің Азаматтық кодекісі ережелері қолданылады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамайтын болса, олар коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейді.
Сонымен халықаралық заңды тұлға деп-мемлекеттер арасындағы өз атынан мүліктік құқықтар мен міндеттерді меншіктейтін оның құрамына кіретін тұлғалар атынан өзі жауап беретін белгілі бір мемлекетте құрылып, оның қызметі келесі мемлекетке қатысы бар тұлғаны айтамыз. Заңнамада жария заңды құқық тұлғасы және жеке заңды тұлғаның ерекшелігі алға қойылған мақсаттарының жария түрінде сипаты болады. Мұнда билік өкілеттілігі болуы мүшеліктің ерекшелігі. Жария заңды тұлғаларына мемлекет, әкімшілік, аумақтық бөлініс, мемлекеттікмекемелер, сауда және өнеркәсіп палаталары, мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жатады. Жеке заңды тұлғаларға жеке заңды тұлғаның қалауына орай азаматтық құқықтың құжаттарымен әрекет етуге құрылған ұжымдық құрылымдар жатады. әр елде заңды тұлғаның өзіндік түрлері болады. Мысалы:Германия құқығында заңды тұлға одаққа және мекемеге бөлінеді. Францияда, заңды тұлғалардың негізгі түрлері серіктестікпен ассосация. Англияда заңды тұлға ең алдымен тұлғалардың басын біріктіретін коопорациялар және дербес түрінде болады. Мұнда ескеретіні Англия құқығында «мекеме деген ұғым мәлім емес». Керісінше Германияда, Швецария құқығында мекемеге үлкен мән беріледі. Әсіресе сенімгерлік, меншік институтын кеңінен пайдаланады. Ал, АҚШ-та заңды тұлғаларды коорпорациялар мен мекемелерге бөлуді мойындамайды. Мысалы:онда штаттар мен федералды заңдар заңды тұлғаның құқықтық режимін әдетте қоғамдық қызметінің сипатына тәуелді етіп қояды. Заңды тұлғалар онда жария, яғни үкіметтік мүддені көздейтін кәсіпкерлік емес жеке кәсіпкерлік мүддемен құнды.
Заңды тұлға халықаралық дербес құқығының субьектісі ретінде өз қызметін реттеуге құқықтық нормалар мен арнайы белгіленеді және бағынады, өзінің жеке заңына, былайынша айтқанда олардың құрылу тәртібі «өмірімен өлімі» жеке заңға тәуелді. Ұлттық заңды тұлғалар болса, олар мемлекеттің ішкі заңдарымен реттеледі және жеке заң туралы сұрақ туындамайды. Егер де субьектілер шетелде заңды тұлғалары болса, онда мынадай сұрақтар туындайды.
1. Заңды тұлғаның қызметі қай мемлекеттің нормаларымен, заңдармен реттеледі және қай мемлекеттіңзаңды тұлғасы.
2. Домицилий және резиденция категориялары әдетте салықтық режимде белгілеу үшін арналған. Заңды тұлғаның домицилий деп саналады-оның басқару орталығының орналасқан жері. Ал резиденция дегеніміз-оның тұрақты қызмет атқарып келген жері, негізгі операциялары жасалаеын жері. Заңды тұлғаның ұлты-бұл оның азаматтығы десек те болады.
Жеке заң-бұл статут. Статут дегеніміз-кәсіпорынның тікелей құқықтық жағдайын белгілейтін түсінік(ол заңды тұлға ма, әлде жоқ па оның қабілеттері және т. б. ) . Сонымен жеке заң дегеніміз-заңды тұлғаның жеке заңы сұрағына жауап беруі керек. Осыған байланысты халықаралық дербес құқығы бірнеше доктринаны қолданады.
- (Оседлости) Отыршылық бағытта да заңды тұлғаның жеке заңы болып танылады, оның әкімшілік орталығының орналасқан жері. Бұл бағытты:Франция, Германия, Италия, Австрия, швецария және т. б. континентальды мемлекеттер қолданылады.
- Бұл бағыттамаға сәйкес коорпорацияның жеке заңы болып саналады, оның негізгі қызметінің жүзеге асырылатын жері. Бұған қарсы мемлекеттер: АҚШ, Германия.
- Инкорпорация бағыттамасы заңды тұлғаның жеке заңы болып табылады, қай мемлекетте құрылса сол мемлекеттің заңына сәйкес. Бұған Қазақстан мен Ресей мемлекеттері кіреді.
Қазіргі халықаралық әдебиеттерге назар аударатын болсақ, бұл саладағы субьектілерді бірнеше топқа бөлеміз:
- ұлттық қоғамдар;
- (трестер) ұлт аралық коорпорациялар;
- компаниялар;
- шетел мемлекетінің территориясында көптеген фирмалар мен еншілес кәсіпорындары бар заңды тұлғаларды айтамыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz