Өмірлік ұстаздық: Гүлбаршын Қойшықызы Иментаева мен Сәлима Оқасқызы Ағытаеваның педагогикалық мұрасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ұстазым менің ұстазым.

Ұстаз сөзiнiң ұғымы кең. Оның негiзгi мәнi жақсылыққа, өмiрде өзi де бақытты болып, өзгелердi де бақытқа жеткiзуге ұйрету, тәрбиелеу дегендi бiлдiредi. Өзiн де, өзгенi де бақытты етiп жұрген аяулы ұстаздар Гүлбаршын Қойшықызы Иментаева мен Сәлима Оқасқызы Ағытаева жайлы сөз етпекпiн.
Бұдан жарты ғасыр бұрын бiр сыныпта оқыған екi құрбы отыз жылдан артық бiрге еңбек еттi. Бiрi бастауыш сынып үғалiмi болып, бiрi орыс тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi болып мектепке оралды. «Жақсы адам езуiнен еншi алып бередi» дейдi халық. Апайлар адам өмiрiндегi жақсы қасиеттердi ұйретуден жалықпады. Жаратылысынан мейрiмдi, жаны дархан, кең пейiлдi, балажан Сәлима апай балдырғандардың тiлiн тауып, балаша кұле де, қуана да бiледi. Осы еңбек еткен жылдарда мыңдаған шәкiртке «әлiппе» ұстатып, әрiп танытып ұстаздардың ұстазы атанып үлгердi. Өмiрден тергенi де, бергенi де мол ұстаз.
Тартымды тәжiрибесi, қол жеткен нәтижесi бар. Келер ұрпаққа қалдырар iзi де, айтарлық сөзi де жетерлiк тұлға - Гүлбаршын Қойшықызы. Алдынан сан қилы шәкiрт өмiрге жолдама алды. Ұстаз барлық қажыр-қайратын бiлiм беруге ғана жұмсады. Оның нәтижесiн елi елеп, ұстазды мақтау қағаздарымен марапаттап, жоғарғы санатты мұғалiм атады. Ұстаз қызметiнiң нәтижесi де, таразысы да - бiлiм берген оқушылары. Апайдан бiлiм алған А. Шәрiпова, Ю. Чижкова сынды оқушылар орыс тiлi пәнiнен пәндiк олимпиадаларда ауданда бiрiншi орынға ие болса, облыста жұлделi ұшiншi орынды жеңiп алып жұр. Бұл жеңiстер үзiлiссiз жылда қайталануда. Қызығы мен қиындығы мол мұғалiмдiк қызметiн тауысып зейнеткерлiкке шыққан ұстаздар, қазiр ұрпағын өсiрген немере сүйген әжелер. Туыстарындай болып кеткен ұстаздарды, өз үйiндей болған мектептi қимай, еңбектен қол ұзбеген апайлар, ендiгi жерде немере ойнатып ертегi отыруды жөн көрiптi.
Ұзақ жыл бiрге еңбек жасаған ұжымы қос ұстазға жарқын кұндер, зор денсаулық, ұрпағына қуаныш тiлеп құрметтi демалысқа шығарып салды.

Ұстаз туралы жазушы Мұхтар Әуезов: «Ұстаз - ұлы есiм деген екен». Осы ұлы атақты абыроймен алып жүрген қазақ педагогикасындағы Ы. Алтынсариннiң iзбасары, ардақты да асыл жерлесiмiз Спандияр Көбеев. Биылғы жылы Спандияр атайдың туғанына 130 жыл толды. Осыған орай газетiмiздiң өткен сандарда С. Көбеев туралы, оның атындағы мектебiнде өткiзiлген мағыналы да тәлiмдi педагогикалық семинар туралы талай жаздық. Ұстаздың төл туған күн мерейiне байланысты қарт зейнеткер Әлiм Тебеевтiң жазған өлеңiн жариялап отырмыз.

Елi-жұрты сыйлайтын қадiрмендi,
Адамдар азайды ғой өзiң теңдi.
Бiр туар таза жанды азаматқа,
Ертеден еш шүбәсiз елiң сендi.
Еңбекке араластың таппай таным,
Жасыңнан тиянақты алдың бiлiм.
Ертеден әр өнердi жете игерiп,
Қайыспай арқаладың өмiр жүгiн.
Үйреттiң шәкiрттерге орыс тiлiн,
«Орыста көп, - деушi едiң, - өнер, бiлiм. »
Сiз оқытқан балалар арасында,
Көп едi менiң дағы аға-iнiм.
Сан ұстаз бiр өзiңнен алған дәрiс,
Қатарласып бiрге жүр қалмай қалыс.
Ыбырайдай алыптан бойларына,
Мирас боп қалған екен ар мен намыс.
Жер-жерге тарап кеттi-ау шәкiрттерiң,
Қызметiмен қуантып туған жерiн.
Орындап егемендi ел тапсырмасын,
Аянбастан төгiп жүр маңдай терiн.
Пушкинменен Крыловты аудардың,
Биiк болды-ау сөз қолдану талғамың.
Сан мыңдаған оқырманды қуанттың,
«Қалың мал» мен «Орындалған арманың. »
Ауыр болса да сол кездегi заманың,
Орындадың ел-жұртыңның талабын.
Депутат боп ел сенiмiн ақтауда,
Тығырықтың талай таптың амалын.
Бүкiл өмiрiң сәуле шашты шырақтай,
Шапағатың таудан аққан бұлақтай.
Сан мың шәкiрт бiлiм алды алдыңнан,
Алакөлден сусындаған құрақтай.
Кездессе де талай өмiр тайғағы,
Болған емес аяғыңның тайғаны.
Кеудеңдегi жарқыраған қос орден,
Алпыс жылғы адал еңбек айғағы!
Кең пейлiң шексiз дархан даладай,
Ақ көңiлiң бейне сәби баладай.
Ұмытпапты қалың жұртың өзiңдi,
Қошеметпен құрметтейдi данадай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық мұрасы мен ұстаздық қызметі
Педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберліктің теориясы мен әдістемесі
Әбу Насыр Әл-Фарабидің педагогикалық идеялары мен ұстаздық шеберлігі
Мұғалімнің педагогикалық әдепі мен ұстаздық шеберлігін қалыптастыру: теориясы мен әдістері
Педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберлік: теориясы және әдістемесі
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметі және ұстаздық-тәлімгерлік идеялары
Педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберлік: компоненттері және меңгеру жолдары
Әл-Фарабидің саяси-педагогикалық көзқарастары: этика, еңбек және ұстаздық ұстанымдары
Сәлима Жұмабекова: еңбек ерлігі, отбасылық тәрбиесі және күріш шаруашылығындағы үлесі
Педагогикалық әдеп пен ұстаздық шеберліктің мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz