Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі


Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі.

Жоспар:

Кіріспе


1. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ұйымдастыру.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары.

3. Мемлекеттік табиғи заказниктер мен қорықтарды қорғау режимінің ерекшелектері.

Қорытынды


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.


Кіріспе

Қазақстан Республикасында қорғау реттеулері және пайдалану ерекшелектері мынадай ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен түрлері құралады:биосфералық қорықтарды ьқоса, мемлекет табиғи қорықтар жатады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы мен жалпы сипаттамасы.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортының салаларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды обьектілерді Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи - қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойынау учаскелері.

Мемлекеттік табиғи - қорық қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған зат - болмыс ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынғанобьектілердің жиынтығы.

Мемлекеттік табиғи - қорық қорына мына обьектілер енгізіледі:
Зоологиялық обьектілер - жануарлардың сирек кездесетін және құрып төнген түрлері, жануарлардың құнды түрлері, жануарлардың типтік, бірігей жәнге сирек кездесетін тобы;
Ботаникалық обьектілер - өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қауіпі төнген түрлері, өсімдіктердің құнды түрлері, өсімдіктердің типтік, бірігей және сирек кездесетін тобы;
Орман обьектілері - ерекше қорғанатын табиғи аумақтардағы, орман - дақылдық өндірісі мен егістікті қорғайтын орман өсірудің бірігей үлгілері;
Дендрогологиялық обьектілер - ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағштар немесе олардың топтары, бау-парк дақылдарының бірігей үлгілері;

Гидрологиялық обьектілер - ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары;
Иологиялық, геоморфологилық және гидрологиялық обьектілер - жер қойнауының экологиялық ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері;
Топырақ обьектілері - әр түрлі топырақ аймақтарындағы типтік, бірігей және сирек кездесетін топырақтар;
Ландшафтық обьектілер - типтік, біоігей және сирек кездесетін ландшафтар, ту табиаттың эталондық учаскелері, ерекше рекрециялық маңызы бар ландшафтар.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары мемлекеттік табиғи - қорық қорын қорғау мен қалпына келтіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен ұтымды пайдалану, осы салада заңдылықты нығайту мақсатымен қоғамдық қатынастарды реттейді.

1. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң құрылу мақсатына, қорғау режимiне және пайдалану ерекшелiктерiне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мынадай түрлерi құрылады:

биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтар;
мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;
мемлекеттiк табиғи резерваттар;
мемлекеттiк табиғи парктер;
мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
мемлекеттiк қорық өңiрлерi;
мемлекеттiк табиғи заказниктер;
мемлекеттiк зоологиялық парктер;
мемлекеттiк ботаникалық бактар;
мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер.
Қазақстан Республикасының заңдарымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң құндылықтарына қарай жергiлiктi және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттары болып бөлiнедi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбесiнен шығаруға жергiлiктi атқарушы органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келiсiлген шешiмi бойынша ғана, ал республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тiзбесiнен шығаруға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары бойынша ғана жол берiледi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға арналған жерлердiң резервiн құру.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастырудың бекiтiлген бағдарламаларына сәйкес осы аумақтарды құруға арналып белгiленген жерлердiң резервi жасалады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға арналған жерлердiң резервiн жасаған кезде оларды пайдаланудың мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн шектеулер көзделедi.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру негiздемелерi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бiрыңғай әдiстемелер бойынша әзiрленетiн жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негiздемелерге сәйкес құрылады.

Жаратылыс-ғылыми негiздеме табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң бiрегейлiгiн және маңыздылығын анықтайды, табиғи кешендердiң экологиялық жай-күйiне баға бередi және оларды қорғау, қалпына келтiру мен пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның шекараларының, алаңдарының және функционалдық аймақтарының түрi мен санатын таңдауды негiздейдi.

Техникалық-экономикалық негiздеме және оның құрамына енетiн жер бөлу жобасы:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына берiлетiн жерлердiң шекарасы мен көлемiн;
осы жердiң меншiк иелерiнен жер учаскелерiн сатып алуға және (немесе) оларды алып қоюдағы залалдарды жабуға байланысты шығындарды;
осы аймақтардың шегiнде аумақты функционалдық аймаққа бөлудi, табиғи ресурстарды қорғау режимi мен реттелетiн рекреациялық және шектелген шаруашылық пайдалану шарттарын;
ерекше қорғалатын табиғи аумақты ұйымдастыру, ұстау және дамыту жөнiндегi шаралар мен шығыстарды анықтайды.

Жаратылыс-ғылыми, техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобалары, жер бөлу жобалары мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлуге және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда бекiтiлуге тиiс.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдер қабылдау
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды.
Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiмдердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар қабылдайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру туралы шешiм қабылдау үшiн табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерге мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындылары болуы қажет.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты.
Қарамағына ерекше қорғалатын табиғи аумақтар берiлетiн атқарушы органдар осындай әрбiр аумақ бойынша белгiленген үлгiде паспорт жасап, оны ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда тiркейдi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында мыналар көрсетiледi:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтың және оның қорғаныш аймағының схема-картасы бар орналасқан жерi, шекараларының, алаңының сипаттамасы;

ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сан көрсеткiштерiмен қоса алғандағы тiзбесi;
бөлiнген өңiрлер мен қорғау режимдерi, ерекше қорғалатын табиғи аумақта осы режимдердi сақтау жөнiндегi мiндеттеме;
ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдалану түрлерi;
қарамағында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар табиғат қорғау мекемесiнiң немесе атқарушы органның атауы мен мекен-жайы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты қарамағында осы аумақ орналасқан табиғат қорғау мекемесiнде, атқарушы органда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органда сақталады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерiнiң құқықтық жағдайы.

Биосфералық қорықтарды қоса алғанда, мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк табиғи парктер, мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер, мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерi.
Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өз рәмiздерi (жалаулары, вымпельдерi, эмблемалары және басқалары) болуы мүмкiн, олар нақты сол аумақтың толық немесе ресми қысқартылған атауын қамтуға тиiс.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар өз рәмiздерiн пайдалануға айрықша құқыққа ие болады және оны заңды және жеке тұлғалардың ақылы негiзде пайдалануына рұқсат етiлуi мүмкiн.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәмiздерiн және оны пайдалануға рұқсат беру тәртiбiн қарамағына осы аумақ кiретiн атқарушы органдар белгiлейдi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын пайдалану ерекшелiктерi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, суы, ормандары мен жер қойнауы жердiң, судың, ормандар мен жер қойнауының ерекше санаттарына бөлiнедi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын өзге мұқтаждар үшiн алып қоюға жол берiлмейдi.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, суын, ормандары мен жер қойнауын пайдалану осы Заңға және Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік табиғи заказниктер мен қорықтарды қорғау режимінің ерекшелектері.

Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғи процестердiң, тұрпатты және бiрегей экологиялық, жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгi мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттiк табиғи қорықтардың бүкiл аумағында табиғи ресурстарды шаруашылық жүргiзу үшiн пайдалануды болғызбайтын қорғаудың қорықтық режимi белгiленедi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарды қорғау режимiнiң ерекшелiктерi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, осы Заңның 23-бабында көрсетiлген жалпы қорғау шараларын қоспағанда:
- үйлер мен ғимараттар, көпшiлiк пайдаланатын жолдар, труба құбырларын, электр беру желiлерi мен басқа да коммуникациялар салуға;
- мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және түрлi iздестiру жұмыстарына;
- ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң, гидроэнергетиканың, су көлiгiнiң суға деген қажеттерiн өтеу үшiн және өзге де шаруашылық мұқтаждар үшiн жер үстi және жер асты суларын пайдалануға;
- орман қорғау шараларын жүргiзу және қорықтардың қызмет етуi үшiн қажеттi санитариялық және өзге де кесулердi қоспағанда, ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға, орманды жанама пайдалануға және орманды сауықтыру мақсаттарына және орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалануға;
- шөп шабу мен мал жаюды қоса алғанда, өсiмдiктер дүниесiн шаруашылық мақсаттарға пайдалануға;
- аң аулауға, кәсiпшiлiк балық аулауға және аңшылық пен балық аулау объектiсiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарына пайдалануға;
- флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге;
- қоршаған ортаға кез келген химиялық, биологиялық және физикалық ықпал жасауды қолдануға;
- арнаулы рұқсат болмайынша табиғи ортадан жануарлар мен өсiмдiктердi алып қою арқылы коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргiзуге;
- азаматтардың арнайы рұқсатсыз және келуге бөлiнген орындардан тыс жерлерде болуына тыйым салынады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар қызметкерлерiнiң жеке қосалқы шаруашылығы үшiн жер учаскелерiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары қорықтардан тыс жерлерден немесе өздерiнiң қорғауындағы, санитариялық-қорғаныш және өзге де қорғаныш өңiрлерiнiң шегiнен бөледi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастырудың ерекшелiктерi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтар оларда құрылатын ғылыми орталықтардың, лабораториялар мен бөлiмдердiң күшiмен жыл бойы тұрақты бақылау ұйымдастыру арқылы ғылыми зерттеулер жүргiзедi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми орталықтарына, лабораториялары мен бөлiмдерiне белгiленген тәртiппен ғылыми ұйым мәртебесi берiлiп, олардың қызметкерлерiне ғылыми қызметкер құқықтары қолданылуы мүмкiн.

Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми кеңестер құрылып, олардың құрамына жетекшi ғалымдар мен мамандар, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi.
Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми деректер банкi, ғылыми коллекциялар, қорлар, кiтапханалар мен мұрағаттар құрылады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар қорық iсi мәселелерi жөнiнде ғылыми, ғылыми көпшiлiк және басқа да әдебиеттер шығара алады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтарды мәдени-ағарту, оқу, туристiк, рекреациялық және өзге де мақсаттарға пайдаланудың ерекшелiктерi.
Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, құрамына айрықша құнды экологиялық жүйелер мен объектiлер кiрмейтiн арнайы бөлiнген учаскелерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен:
- экскурсиялық экологиялық маршруттар ұйымдастыруға және туристiк соқпақтар мен тұрақтар салуға, ашық аспан астында мұражайлар мен экспозициялар орналастыруға;
- спорттық және әуесқойлық балық аулауға;
- қорық қызметкерлерiнiң және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтарға өз қажеттерi үшiн саңырауқұлақ, жаңғақ, жидек, дәрiлiк өсiмдiктер жинауға, шөп шабуға;
- қорық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын өзге де азаматтардың жеке малын жаюға жол берiледi.

Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар .
Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар ауқымды экологиялық мониторингтi жүзеге асыру үшiн жұмыс iстеп тұрған немесе жаңадан ұйымдастырылып жатқан мемлекеттiк табиғи қорықтардың базасында құрылуы мүмкiн.
Қоршаған ортаны бүлдiрмейтiн және биологиялық ресурстарды сарқылтпайтын ғылыми зерттеулер жүргiзу, табиғатты ұтымды пайдалану әдiстерiн сынақтан өткiзiп, енгiзу мақсатында мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтарға қорғау және жұмыс iстеу режимдерi әртүрлi биосфералық полигондар қосылуы мүмкiн.
Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар туралы жеке ережелер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар ескерiле отырып бекiтiледi.

Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер .
Мемлекеттiк табиғи қорық-сепортер - қорық режимiмен қорғалатын, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ол табиғи қайта түлеуге бейiмi жоқ, адам әрекетiнен бұзылған бiрегей табиғи кешендердi қалпына келтiруге және зерделеуге арналған.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлердi қорғау режимi олардың ғылыми қызметiн және оларды мәдени-ағарту, оқу және туристiк мақсаттарға пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттiк табиғи қорықтар үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерекеше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтыұ режимі туралы
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Экологиялық туризмнің мәні
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Жерге орналастыру жобалау
Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуi, түсiнiгi мен жалпы сипаттамасы
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың ерекшеліктері
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Экология құқығының дәрістері
Жерге меншік құқығының жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz