Кавказ мемлекеттерінің бірі Әзірбайжан


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кавказ мемлекеттерінен бірі Әзірбайжан.

Әзербайжан Ресейдің XІX ғ. мен XX ғ. басындағы ресми құжаттарында «түріктер», «татарлар» болып аталған. Содан кейін «азербайджанцы» болып жазыла бастаған.

Әзірбайжандар түрік тілдес халықтардың арасында сан жағынан османлы (анадолы) түріктері мен өзбектердің соңдарын ала үшінші болып тұр. Халықаралық статистиканың 1991 ж. ортасында анықтаған дерегі бойынша олардың жалпы саны 16, 2 млн. шамасына жеткен. Қазіргі Әзірбайжан мемлекетінде (астанасы - Бақы, яғни Баку шаһары) халықтың осы мөлше­рінің жобамен жартысына жуығы жасаса, қалған жартысынан көбі Иран Ислам Республикасын, соның ішінде бұл халықтың ежелден атамекені саналатын екі уәлаятты жайлайды. Алайда, Иран аумағындағы әзірбайжандардың санын дөп басып, тура айту өте қиын. Себебі, бұл елде ұлттық белгі бойынша санақ жүргізілмейді. Жүдә есебі алынған күнде де біздің бұл бауырларымыздың біраз бөлігі парсы болып жазылар еді. Оған желеу көп. Жалпы, Иран дәулетінде Шығыс Әзірбайжан (орталығы - Тебриз), Батыс Әзірбайжан (орталығы - Урмия) деп аталатын екі провинция бар. Қалған бірқатары қоңсылас жатқан Гүржістан (Грузия) мемлекетіне, Ресейдің Дағыстан республикасының түстік беткейіне орныққан. Аз бөлігі Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан мемлекеттеріне қоныс тепкен. Там-тұмдап Ирак пен Түркия жерінде ұшырасады. Қазіргі бірқатар әзірбайжан ғалымдары халықтың субэтникалық тобына санап жүрген Иран жерінде тұратын түрік қауымдастарды - афшарлар мен қашқайларды, қызылбаштар мен байаттарды, халадждар мен качарларды, қарапапахтар мен шехсевендерді, қаджарлар мен қарадағтарды біз фонетикалық-морфологиялық және лексикалық ерекшеліктеріне қарай бұл ұлттың санатына қоса алмадық. Әйгілі Қарабақ оқиғасына, армян-әзірбайжан қақтығысына дейін олардың көршілес Айастан (Армения) жерінде де айтарлықтай ауқымды диаспорасы болған еді. Сол қанды қасаптың алдында олардың барлығы дерлік босқыншылыққа ұшырап, тарихи отандарына оралуға мәжбүр болды.

Әзірбайжандар - қарт Кавказдың түстік беткейінің шығыс танаптарын ерте замандардан бері мекен етіп келе жатқан байырғы халық. Оның өте күрделі этногенезін осы өңірлерде көне дәуірлерден тіршілік еткен албан (алван, агван, аран), мидия, каспи, ути, мюк (мук, муган) секілді ежелгі этникалық топтар, мұнда б. з. д. VІІ-б. з. XV ғғ. аралығында үздік-создық қоныс аударған скиф (сақ, массагет), киммер (кемер), ғұн, бұлғар, хазар, сувар (савир, сабир), кангар (қаңлы), пешенек, иран, қыпшақ, оғыз-селжүк (түрікмен), жалайыр, аққойлы, қарақойлы тайпалары, сондай-ақ басқа да моңғол-түрік элементтері құрады. Әзірбайжан ғалымы М. Ш. Ширалиев сирия, византия мәнбелеріне сүйене отырып, біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында-ақ аталмыш аумақта түрік тілді кангар, савир, хазар сияқты этностардың тығыз орналаса бастағанын тілге тиек етеді

Сол секілді З. Будагова мен В. Гукасян ІV-V ғғ. Кавказдың арғы қапталындағы түрік тілдес ұлыстардың үздіксіз тасқындап келгенін жазады Армян тарихшысы Лазарь Парпский қалдырған жазбаларда V ғ. Кура өзенінің бойындағы Кангар тауының етегінде «Кангар аймағы», яғни қаңлылар жері болғанын мәлім етеді. Сирия хроникасын құрастырушы тарихшы Захарий Ритор V-VІ ғғ. Аранның (яғни Кавказ Албаниясының) өз алдына жеке басқарушысы мен өзіндік тілі бар дербес мемлекет болғанын, оның солтүстік шегінде (Ширваннан Дербентке дейін) Базгун деген аймақтың орналасқанын жеткізіп, осы жерлерді, яғни Дербент қақпасының терістік бетіндегі теңіз жағалауын ғұн, бұлғар, хазар, ақ хазар, авгар, савир, куртаргар, оногур, авар, дирмар, сирургур, багарсик, кулас, абдел (абдал), эфталит тәрізді түрік тілдес тайпалардың мекен еткенін айтады Хазарлар тарихын зерттеуші М. И. Артамонов осы түрік қауымы Қап (Кавказ) тауының түстік бетіндегі халықтардың жақын көршісі болып қана қоймай, кейін келе әзірбайжандардың этно­генезіне елеулі үлес қосқанын да атап өтеді. Зерттеушілер сонымен қатар Әзірбайжан жерін бағзы мезгілдерден тұрақ етіп келе жатқан иран тілдес удин (ути), талыш, тат, крыз, курд тәрізді ежелгі ұлыстардың белгілі бір бөлігінің сан ғасырлар бойы түрік тайпаларымен қоян-қолтық араласулары нәтижесінде жергілікті әзірбайжандардың ассимиляциясына ұшырап, оның этномәдениетіне қосылғанын дәлелдейді. Жазушы-этнограф М. Аджиев кеңес өкіметі билік құрған 30-40 жж., тіпті 60-70 жж. өзінде крыздардың, будугтардың, хыналыгтардың, талыштардың бірқатар бөлігінің әзериге айналып кеткендерін баяндайды Бір сөзбен айтсақ, әзірбайжандар негізгі тобының дербес ұлт ретінде қалыптасуы орта ғасырларда, Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі кезең­дерде жүзеге асады.

Антропологиялық жағынан әзірбайжандар үлкен еуропоеид нәсілінің негізгі оңтүстік (каспийлік) нәсіліне жатады. Алайда, халқы арасында еуропоеид нәсілінің басқа бұтақтарының белгілері де, монголоид нәсілінің білінер-білінбес сипаттары да қылаң беріп қалады. Әзірбайжандар ежелден бері егіншілікпен (бидай, қара бидай, арпа, күріш, тары, жүгері, сұлы), мақта, бау-бақша және жүзім өсірумен, жібек пілләсін дамытумен, отарлы қой және ірі қара шаруашылығымен шұғылданады. Дәстүрлі кәсіпшіліктерінің қатарына кілем және шұлық тоқу, алтын балқыту, зергерлік бұйымдар жасау, мыспен қапталған аспаптарды өңдеп шығару, қыш-құмыра өндіру, ағаш пен тас өңдеу, жүн түту, джорабы (шұлық), жібек және қағаз тоқу, тері илеу, қамыс-сабан өру, бафта (таспа), туманбагы (өрнекті белдік) дайындау сынды қол өнері түрлерін жатқызуға болады. Дәстүрлі тағамдары негізінен сүт пен еттен, ұн мен көкөністен жасалады. Соның ішінде бидай ұнынан жасалып, саджеде немесе тендирде (тандырда) жабылған нан айрықша бағаланады. Таулы өңірлерде арпа мен тары ұны қол­данылады. Самсаның «гутаб» деп аталатын түрі, говурма (қуырдақ), басдырма, долма (голуб­цы), люля-кебаб және палов (палау) айрықша орын алады. Табиғатынан аспаз әзерилер тек палаудың өзінің елуге жуық түрін әзірлейді екен. Сүт өнімдерінен айран, қатық, сары май, ірімшік ерекше есепте. Сусындардан шайды, айран және шербетті жиірек пайдаланады.

Жазықтағы әзірбайжандар негізінен шашыраңқы жобаланған үйлерде, ал таулы жердегі әзерилер шатырлары тік террас тектес тас тамдарда тұрады. Сәулет өнерінде ертеден өзіндік еншісі бар халықтың бұл орайдағы орта ғасырлардан бері сақталып келе жатқан жәдігерлері қайталанбас көріністерді көз алдына әкеледі. Солардың қатарында Апшерон түбегіндегі қамал-қорғандар мен мұнара-замоктар, ширваншахтар сарайы, Бақыдағы Қыз мұнарасы, Нухтағы Шеки хандарының сарайы, алуан түрлі керуен-сарайлар бар.

Әзірбайжан әйелдерінің дәстүрлі ұлттық киімдері арасында етегі белден қайырылатын қысқа көйлек, архалук (кеудеше), етекше шалбар, чадра, джорабы, туфли болса, ерлері жейде, архалук, туманбагы, чуха (сыртқы киім), джорабы, папаха киеді.

Әзірбайжан фольклоры өзінің сипаты мен сюжеті жағынан Кавказ, Алдыңғы және Орта Азия халықтарының ауыз әдебиеті туындыларына ұқсас келеді. Ертегілері сиқыр, тұрмыс-салт және жан-жануар тақырыбын көбірек қамтиды. Дастандары арасында отансүйгіштік пен батырлықты дәріптейтін «Китаби деде Коркуд», «Көроғлы», лирикалық сипаттағы «Әсли мен Керим», «Ашық (ғашық) Гариб» көбірек тараған. Ел ішінде әнші, сазгер, ақын міндетін бірдей атқаратын ашугтардың беделі өте жоғары. Ән өнерінде лирикалық, тұрмыстық тақырыптағы шығармалармен қатар частушкалардың бір түрі - гошмалар жиі айтылады. Музыкалық аспаптар арасында саз, тар, кеманча, балабан, зурна, бубен, тутек көбірек қолданылады.

Халқының басым көпшілігі мұсылман дінінің шиит тармағын, аздаған бөлігі суннит бұтағын ұстанады. Бұған дейін зороастризмге (заратуштраға) ден қойып келген олар адамзат дінінің шынайы шыңы - исламды біздің заманымыздың VІІ ғ. Әзірбайжан жері Араб халифаты бағыныштылығына енген шақтан қабылдай бастаған.

Әзірбайжан тілі - Кавказдың оңтүстік-шығыс жағындағы Әзірбайжан дәулетін, оның құрамындағы Нахичевань республикасын, Қарабақ автономиялы облысын, сондай-ақ Иранның Шығыс және Батыс Әзірбайжан провинцияларын мекен ететін халықтың өзара қарым-қатынас құралы. Өзінің грамматикалық және лексикалық белгілеріне сәйкес ол түрік, түркімен, гагауз тілдерінің қатарында түрік тілдері батыс бұтағының оғыз тобын құрайды, соның ішінде түрік тілімен бірге оғыз-селжүк шағын тобына кіреді. Тілдің кейбір ерекшеліктері оның басқа түрік тілділерге ұқсас екендігін көрсетеді. Бірқатар фонетикалық өзгешіліктері оны қазіргі өзбек, ноғай, құмық тілдеріне жақындастыра түседі.

Әзірбайжан ғалымдарының пікірінше, әзери тілінің негізі көне мидия және албан (бұл атауды оның Балқандағы ұқсас этнонимімен еш шатастыруға болмайды) тілдерінде жатыр. Қазіргі әзірбайжан тілінде осы тайпалар тілдерінің сарқыншағы бар. (Мыс. «шаг, һабу, шадара, зог» сөздерінің, һ аспирациясының сақталып қалуы) . Мұны Мингечаур қаласының қираған орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған албан жазулары да айғақтап отыр. Жалпы, әзірбайжан ғалымдарының көзқарасынша, бұл тіл өзінің дамуы барысында ежелгі, орта және жаңа деп аталатын үш кезеңді басынан кешкен. Оның түрік тілдері жүйесіне біржола еніп, біте қайнасуы жаңа кезеңге тұспа-тұс келеді. Түрік элементтері тілдің көне дәуірдегі негізіне салыстырмалы түрде кешірек қосылған пласт болып табылады. Әзірбайжанның жалпыхалықтық тіліне оғыз-қыпшақ тілдері едәуір әсер еткен. Ғалымдар Н. З. Гаджиева мен Г. А. Серебрянников сонымен қатар ертедегі хазарлардың да едәуір із қалдыруы мүмкін екендігін баса айта келіп, әзірбайжан тілінің солтүстік, шығыс диалектілерінде оғыз тобы тілдері ерекшеліктерімен үйлеспейтін белгілердің барлығын баян етеді Расында да осының бәрі қазіргі әзірбайжан тілінің диалектілерінен аңғарылады. Олар Әзірбайжанның жекелеген аудандарының экономикалық ерекшеліктері мен тілдің тарихи дамуы сипаттарына қарай мынандай топқа түзілген: 1) шығыс (куба, бақы, шемаха диалектілері мен муган, ленкоран говорлары) ; 2) батыс (газах, ганджа, қарабақ диалектілері мен айрум говоры) ; 3) солтүстік (нуха диалектісі мен закаталы-кахи говоры) ; 4) оңтүстік (нахичевань, ордубад, тавриз диалектілері мен ереван говоры) . Бұлардан басқа геокчай, агдам және джебраил деген өтпелі говорлар тағы бар. Әдеби тіл шемаха және бақы диалектілерінің негізінде түзіліп жасалған. Тоқтала кетерлік жәйт, келесі бір лингвистер әзірбайжан тіліндегі диалектілерді шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік, орталық және күнгей әзірбайжан (яғни, иран-парсы) деп аталатын 6 топқа бөліп қарастыруды ұсынады.

Әзірбайжан тілі Қазан төңкерісіне дейін-ақ көне жазба дәстүрі бар ұлттық әдеби тіл ретінде қалыптасып қалған болатын. Бұл кездері оның жазуы араб графикасы негізінде жасалған еді. Кеңес Одағының құрсауындағы өзге де түркі халықтарымен қатар 1929 ж. басында латиницаға көшкен әзірбайжандар 1940 ж. сол қардаштарымен бірге орыс жазуын қабылдауға мәжбүр етілді. Ал 1991 ж. өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп, дербес дәулетінің шаңырағын көтергеннен кейін олар кеңестік түркі халықтарының ішінде бірінші болып қайтадан латын графикасына ауысуға бет бұрды.

Басқа түркі халықтары секілді әзірбайжандардың сөздік қорының негізін де түркілердің төл сөздері құрай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
Ақтау портының маңыздылығы
ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы жаңа геосаясат және иран ұстанымы
Ресей мен АҚШ: Орталық Азиядағы қауіпсіздік және геосаясат
Каспий теңізі, құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі Каспий мәселесі
Оғыздар
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
ТМД елдерінің таңбасы
Каспий мұнайын тұтынушы елдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz