Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі-Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің өздеріне арналған қаражатын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің талаптарына, тиісті нормативтік-құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес және мемлекеттік органдар қызметінің алдын ала белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында өздерінің пайдалануы болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы мемлекеттік мекемелердің шарт нысанында жасалған, тіркелген азаматтық -құқықтық мәмілелерге және басқа да міндеттемелерге сәйкес төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруы нәтижесінде біріңғай қазынашылық шоттан қаражатты есептен шығаруды қамтиды.
Курс әдістемелік-ақпараттық базасы- зерттеу жұмысын орындау барысында отандық және шетелдік ғалымдардың монографиялары, ғылыми мақалалары, бұқаралық және электронды ақпарат құралдарының материалдары және Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері, экономикалық және бюджетті жоспарлау министрлігінің деректері қолданылды.
Бюджетті атқару кезінде мемлекеттік мекемелер бюджет қаражатын біріңғай бюджеттік сыныптамаға, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге, оларға сай бюджет қаражаты бөлінген нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес пайдалануға міндетті.
Мемлекеттік мекеменің өткен жылдардағы дебиторлық берешегінің сомасы азаматтық-құқықтық мәміленің талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметті) беру арқылы өтелуге не тиісті бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті-Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегіндегі шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерін Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы, бюджетті атқару жөніндегі заңнамасы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар айқындайды.
Төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны-Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары қолма-қол ақшаны бақылау шотттарындағы немесе мемлекеттік мекемелер шоттарындағы қалдықтар, сондай-ақ төлемақылар бойынша жеке жоспардың жоспарлы тағайындалулары мен шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі.
Бюджетті атқаруы жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімде: 1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген; 2) инкассалық өкімдерді ұсынған; 3) егер мемлекеттік мекеме айырбасталған шетел валютасының пайдалану мерзімі біткеннен кейінгі келесі жұмыс күні айырбасталған шетел валютасының мақсаты бойынша пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған қалдығын қайта айырбастау жөніндегі рәсімді жүзеге асырмаған; 4) егер жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит сомасын оны бөлген жоғары тұрған бюджетке кредит шартының талаптарында көзделген мерзімде қайтармаған; 5) секвестр жағдайларында азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу үшін мемлекеттік мекемелердің құжаттарын қабылдауды тоқтата тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің деректері бойынша жазылды.
Курстық жұмыстың құрылымы-кіріспеден бірінші және екінші бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы, оларды қабылдауда қойылатын талаптар және азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі бойынша қарастырылған.
Екінші бөлімде төлеуге берілетін шоттарды рәсімдеу және мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, мiндеттi зейнетақы жарналарын және әлеуметтiк аударымдарды аудару тәртiбi бойынша жазылған
1 ШЫҒЫСТАР БОЙЫНША БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ
1. 1 Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы
Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:
1) іске асыру мерзімі бір жылдан астам бюджеттік бағдарламалармен;
2) технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (жылдары) беруге себепші болатын активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалармен;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын, аяқталу мерзімі келесі қаржы жылында басталатын қызметтерді көрсетумен;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын іс-шараларды өткізумен байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде олар әрекет еткен барлық мерзім ішінде тіркелуге жатады.
Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркеуге жатады.
Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелердi (бұдан әрi - шарт) жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады.
Жасасқан шарттарды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыстардың, оның ішінде шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң қорытындысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1сурет Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар
Ескерту -М. Өтебаев <<Мемлекеттік бюджет>>2006ж
Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:
1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған жағдайда, орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттың;
2) мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік есептеулер, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;
3) бюджеттен трансферттер бөлінген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарының;
4) инкассолық өкімнің;
5) осы тізбеген енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізінде қабылданған болып есептеледі.
1. 2 Мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелердi
қабылдауына қойылатын талаптар
Мемлекеттiк мекеме шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды, сондай-ақ шарттағы келтірілген деректердiң шынайылығын қамтамасыз етедi және оларды сақтамағаны үшін жауап бередi.
Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттiк мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың шеңберіндегі немесе байланысқан гранттар бойынша шарттарды (бұдан әрi - қарыз/грант туралы шарт шеңберiндегi шарт) қарыз/грант туралы шарт шеңберiндегi азаматтық- құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысқан грант халықаралық шарттың қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.
Мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шартты жасасуға мынадай:
мемлекеттiк мекеме шартты қарыз/грант туралы шарт (келісім-шарт) шеңберiнде жасасқан;
мемлекеттiк мекеме бюджеттiк даму бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде шарттар жасасқан;
мемлекеттiк мекеме технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (одан да кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;
Мемлекеттiк мекеме аяқталу мерзiмi келесі қаржы жылында басталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай-ақ жүзеге асырылатын қызметтер беру шеңберiнде шарттар жасасқан;
Мемлекеттiк мекеме іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан аспайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар жүргізу шеңберінде шарттар жасасқан;
Мемлекеттiк мекеме автокөлiк құралдарын иеленушiлердiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға шарттар жасасқан жағдайларда жол берiледi.
Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шартта тиiстi қаржы жылдары бойынша сомалар мен жұмыс көлемін шартты түрде бөле отырып жалпы сомасын көрсетеді. Шарттың жалпы сомасы, жылдар бойынша оның бөлiнуi, жұмыстардың көлемi өзгерген кезде оларды түзету қосымша келiсiмдердi жасасу жолымен түзетіледі.
Мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда міндеттемелер бойынша қаржылық жоспардың шегінде бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт жасасады.
Мемлекеттiк мекеме ақша алушының бiреуiмен бюджеттiк кiшi бағдарламалардың немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiрнеше ерекшелiктерi бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы әрбір бюджеттiк кiшi бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша бөле отырып көрсетедi.
Шығыстардың бюджеттiк сыныптамасының әрбiр коды бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай:
131 «Тамақ өнімдерін сатып алу»;
132 «Дәрi-дәрмектер және өзге де медициналық мақсаттағы құралдар сатып алу»;
134 «Зат түрiндегi мүлiктiк заттарды және басқа нысандық және арнайы киiм-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу»;
135 «Ерекше жабдықтар мен материалдар сатып алу»;
139 «Өзге де тауарлар сатып алу»;
411 «Негiзгi құралдарға жататын тауарлар сатып алу»;
412 «Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар сатып алу» ерекшелiктерi үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол берiледi.
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 157-160-тармақтарында көрсетiлген ерекшелiктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығыстар түрлерiн қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетiлген тiзбеге енбейтін ерекшелiктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
ауруларды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн
70 пайыздан;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуiн көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 50 пайыздан;
осы тармақта көзделген шығыстардың тiзбесiне енбейтiн шығыстарды төлеу үшiн 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 148 «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiндегi қызметтердi төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге тек үкiметтiк емес ұйымдарға ғана емес мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындаған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.
Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру және мерзiмдi баспасөздi сатып алу кезiнде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол берiледi.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 141 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелiгі бойынша аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға, ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде тек отын сатып алуға аванстық (алдын ала) төлемақы жасауды қоспағанда, рұқсат етiлмейдi.
Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттiк соманы төлеу туралы банк кепiлдiгiн беру туралы талап көзделсе, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 147 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) ақы төлеуге Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнiң жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етiледi.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы шарт шеңберiндегi шарттарда (келiсiм-шарттарда) осы шартта (келiсiм-шартта) көзделген аванс беру тәртiбi белгiленедi.
Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарттарға қосымша келiсiмдер мынадай:
бюджеттi нақтылаған, түзеткен;
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, осы шарт бойынша бірінші тоқсанда осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартқан жағдайда тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз еткен;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына сәйкес әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа өзгеріс енгізу;
тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үлестері жүз пайызға тең басым (монополия) жағдайға ие субъектiлермен не оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісімен шарттың сомасы өзгерген;
шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарттың жоспарлы кезеңінің екінші және үшінші жылдарға базалық шығыстары өзгерген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгерген;
ББС-ке өзгерiстер енгiзген;
есеп айырысу тәртiбi және/немесе мерзiмi және/немесе тараптардың деректемелерi және/немесе тауарды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мерзiмi өзгерген;
жасасқан шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiпте шартты бұзған;
өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженiң 57 және 526-тармақтарында көрсетiлген шығыстар бойынша ҚР Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартқан жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулының жобасын енгiзедi;
Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк мекеменiң екiншi деңгейдегi банктермен және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрi - банк) құқықтық қатынастары осы Ережеде белгiленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделедi.
1. 3 Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін
мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі
Мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiм негiзiнде жүзеге асырылады, ол мемлекеттiк мекеменiң шартын немесе тiркелген шартқа қосымша келiсiмдi тiркеу үшiн жасалады және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берiледi.
Шартты сот шешiмi бойынша бұзған жағдайда мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне соттың мөр бедерімен куәландырылған тиiстi хатты бередi.
Шартты басқа негіздер бойынша бұзған немесе Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған жағдайларда шарттың орындалуынан біржақты немесе жасасқан шартпен бас тартқан жағдайда, мемлекеттiк мекеме хатпен (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы көрсетілуі міндетті) бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін немесе бір айдан кем емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы ескертпе хаттың көшірмесін береді.
Егер Шарт талаптары бойынша шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстау көзделген болса, онда мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу үшін екі өтінім ұсынады (бір өтінім тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісі - ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік мекеме қосымша келісімді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізбей тұрып жүзеге асырылады.
Егер келісім шарты бойынша ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аудару көзделген болса, мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қосымша өтінім ұсынады.
Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмнiң шынайылығы және ресiмделу дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк мемлекеттiк мекемеге жүктеледi.
Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiм аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне шарттың (қосымша келiсiмнiң) түпнұсқасын қоса бере отырып, екі данада ұсынылады.
Қарыз/грант туралы шарт шеңберiнде шартты тiркеу үшiн азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты гранттар бойынша шарт шеңберіндегі осы шартты қоса бере отырып, ұсынады.
Науқастарды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін мемлекеттiк мекеме азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеуге өтінімді аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөр бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне «түпкілікті» мәртебесі бар төлемге берілетін шотты ұсынған кезде шарттың түпнұсқасын ұсынады.
ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмге, 165-тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 60, 62-қосымшаларына сәйкес, мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасы.
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасы.
ҚБАЖ -да ақша алушының деректемелері болмай қалған жағдайда, мемлекеттік мекеме, нөмірі көрсетілген банктің шотының болуы туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 63, 64 - қосымшаларына сәйкес, ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінім береді.
Ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің шынайылығы мен дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
Мемлекеттiк мекеме азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 165 және 166- тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің
65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге арналған өтiнiмдердiң тiзiлiмiн бередi.
Мемлекеттiк мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмдерiне сәйкес мiндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi шешiмдерiнiң көшiрмелерiн қосымша ұсынады.
Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарт ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының қаржыландырудың жеке жоспарларында бекітілген сомасына аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz