Қысқы Азия ойындары



7.ші Азия Ойындарының тарихы
Мәдени Азиада
Логотип сипаттамасы
2006 жылдың 4 наурызында Азиялық Олимпиада Кеңесі (АОК), ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті (ҚР ҰОК) және Алматы қаласы әкімдігі арасында Қазақстан Республикасында, Алматы қаласында 7-ші қысқы Азия Ойындарын өткізу туралы келісімге қол қойылды. 2007 жылғы 29 қазанда АОК ҚР ҰОК-нің 7-ші қысқы Азия ойындары бағдарламасын Алматы және Астана қалалары арасында бөліп өткізу туралы ұсынысын қолдады.
Азиада мен Эстафетаның басталуы
7-қысқы Азия ойындарының ресми бөлігі 2011 жылы 30 қаңтар мен ақпанның 6-сы аралығында Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Алайда Азиада негізінен бұдан ертерек басталады. Астаналық Дирекцияның жобалық бастамасымен Олимпиадалық Алауы эстафетасының басталуы жоспарланған. 2011 жылғы 11 қаңтарда Эл-Кувейтте Азиада алауы тұтанып. 12 қаңтар күні Алматы қаласына әкелінеді. Алау Эстафетасын салтанатты қарсы алудан соң Оңтүстік астананың көшелерін бойлай жүріп, онан соң аймақтарға жіберіледі. Алау 20 күн бойы Қазақстанды аралап, соңында Астанаға - Азия ойындарының ашылу салтанатына жеткізіледі.
Астанадағы Азиаданың бағдарлама жобасы
Астана қаласындағы Азиада ойындарының бағдарламасында келесідей шараларды өткізу жоспарланған:
- Азиялық Олимпиада Кеңесі Бас Ассамблеясының отырысы (2011 жылғы 29 қаңтар, «Рэдиссон отелі»);

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Азиада туралы
 

7-ші қысқы Азия ойындарын өткізу жөніндегі қалалық дирекция және Олимпиада алауы эстафетасы МҚҚК , Астана қаласының туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы
7-ші Азия Ойындарының тарихы
 2006 жылдың 4 наурызында Азиялық Олимпиада Кеңесі (АОК), ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті (ҚР ҰОК) және Алматы қаласы әкімдігі арасында Қазақстан Республикасында, Алматы қаласында 7-ші қысқы Азия Ойындарын өткізу туралы келісімге қол қойылды.  2007 жылғы 29 қазанда АОК ҚР ҰОК-нің 7-ші қысқы Азия ойындары бағдарламасын Алматы және Астана қалалары арасында бөліп өткізу туралы ұсынысын қолдады.
Азиада мен Эстафетаның басталуы
7-қысқы Азия ойындарының ресми бөлігі 2011 жылы 30 қаңтар мен ақпанның 6-сы аралығында Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Алайда Азиада негізінен бұдан ертерек басталады. Астаналық Дирекцияның жобалық бастамасымен Олимпиадалық Алауы эстафетасының басталуы жоспарланған. 2011 жылғы 11 қаңтарда Эл-Кувейтте Азиада алауы тұтанып. 12 қаңтар күні Алматы қаласына әкелінеді. Алау Эстафетасын салтанатты қарсы алудан соң Оңтүстік астананың көшелерін бойлай жүріп, онан соң аймақтарға жіберіледі. Алау 20 күн бойы Қазақстанды аралап, соңында Астанаға - Азия ойындарының ашылу салтанатына жеткізіледі.
Астанадағы Азиаданың бағдарлама жобасы
Астана қаласындағы Азиада ойындарының бағдарламасында келесідей шараларды өткізу жоспарланған:
-         Азиялық Олимпиада Кеңесі Бас Ассамблеясының отырысы (2011 жылғы 29 қаңтар, Рэдиссон отелі);
-         Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі (30 қаңтар, жаңа Қажымұқан жабық стадионы);
-         Конькиде жылдамдық бойынша жарыс (29 қаңтардан 6 ақпанға дейін, Қазақстан спорт сарайы).
-        Мәнерлеп сырғанау (2-5 ақпан. Республикалық велотрек).
-        Шорт-трек (31 қаңтардан 2 ақпанға дейін. Республикалық велотрек)
*жарыс бағдарламасында өзгерістер мен толықтырулар болуы мүмкін.
Азиада қонақтары
Астанада Азиада ойындарын өткізу кезінде жақын және алыс шетелдерден екі жарым мыңнан астам қонақтар келеді деп күтілуде. Оның бес жүзі ресми қонақтар, сегіз жүзі спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар, спорт төрешілері, дәрігерлер және т.б. , сондай-ақ, мыңға жуық аккредитациядан өткен шетелдік журналистер мен үш жүз республикалық және қалалық БАҚ өкілдері.
Ойынның баспасөз орталығына Думан қонақ үй кешенінің көрме павильонын жабдықтау ұсынылуда. Осы қонақ үйде шетелдік журналистер орналасатын болады. Бұдан басқа қонақтардың ішіндегі жақын және алыс шетелдік жарты мың туристердің келуі ұйымдастырылуда.
Ойынның ашылу салтанаты
 Азиаданың ең басты маңызды оқиғасы 30 қаңтарда елордадағы Қажымұқан стадионында өтетін Ойынның ашылу салтанаты болып табылады.
Оның салтанатты ашылу рәсімі тәуелсіз Қазақстан тарихында және қысқы Азия ойындарын өткізу тарихында ең маңызды айтулы мерекенің бірі болмақ. Салтанатқа Республика басшысы, достас мемлекет басшылары, Халықаралық Олимпиада комитеті мен Азиялық Олимпиада кеңесі Президенттері, көптеген құрметті қонақтар қатысады
 
Мәдени Азиада
Астаналық Дирекция Астанада Мәдени Азиада деп аталатын үлкен жоба бойынша  қосымша мәдени шаралар өткізгелі отыр.
Мәдени Азиада - бұл жарыс емес. Бұл Ойын идеясын одан әрі жандандыра түсетін локомотив және де барлығына мәдениеттің түсінікті тілінде спорттық басты оқиғаларды жүргізеді.
Мәдени Азиада қазақтың мәдени мұралары мен Қазақстанның жаңа мәдениетінің алға басуындағы жоба болып қалмақ. Мұның барлығы Республикамызды және оның астанасын барлық елге таныту үшін жасалынуда.
Азия ойындары (сондай-ақ азиада аталатын) - төрт жыл сайын 1951 жылдан бері Азия елдерінің барлығында атлеттер арасында өткізілетін спорт жарысы. Есептеу Нью Делиде өткен бірінші Ойыннан жүргізіліп келеді. Ойындардың жалпы ұзақтығы - Ашылу және Жабылу салтанатын қоса кем дегенде 7 және ең дегенде 16 күннен артық емес. Ойын Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) қадағалауымен Азиялық Олимпиада кеңесімен (АОК) реттеледі. Азия ойындарының эмблемасы, туы, ұраны мен әнұраны Кеңес меншігі болып табылады. Жарыстар өз елін білдіретін Ұлттық Олимпиада комитеті бастайды. Мемлекеттік ту мен әнұран марапаттау рәсімінде бірге жүреді. Он алтыншы ойын 2010 жылы 12-27 қарашада Қытайда Гуанчжоуда өтеді. Бұл жерде Азия ойындарында бірінші рет Крикет өтеді.
Азия ойындарының туындауы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азияның бірнеше елі тәуелсіздік алды. Көптеген жаңа елдер өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетіндей жарыстардың жаңа түрлерін жасағысы келді. 1948 жылғы тамыз айында Лондонда Он төртінші Олимпиада ойындарының барысында Үндістан Олимпиада комитеті Гуру Дутт Сонди тұлғасында Азия спорт командаларының басшыларына Азия Атлеттік Федерациясын құруға келіскен Азия ойындарын өткізу идеясын талқылауды ұсынды. 1949 жылы ақпанда Азия ойындарының федерациясы формалды құрылып аталды. Бірінші Азия ойындарын Нью-Делиде өткізуге шешім қабылданды.
Федерацияның түрленуі
1962 жылы Федерацияда Тайвань мен Израильді қабылдау мәселесі бойынша дау туындады. Ойынды қабылдаушы Индонезия осы елдерді Федерацияға қабылдауға қарсы болды. 1970 жылы Оңтүстік Корея Солтүстік Корея тарапынан болатын қауіпсіздікке қауіп туындауына байланысты ойындарды жүргізе алмады, ойындар Корея қаражатын пайдаланып Таиланд астанасы - Бангкокта өткізілді. 1973 жылы АҚШ пен Тайваньның бірнеше елдері мен Израильде Араб ұлттық оппозициясын танумен байланысты дау туындады. 1977 жылы Пәкістан Бангладеш пен Үндістанмен қақтығыс салдарынан ойындарды өткізе алмады. Ойындар тағы Бангкокқа ауыстырылды. Осы оқиғалардан кейін Азияның Ұлттық Олимпиада комитеттері Азия ойындары Федерациясының жарғысын өзгерту туралы шешім қабылдады. Азиялық Олимпиада кеңесі аталған жаңа бірлестік құрылды. Осы кеңес ойындарды 1986 жылдан бері қадағалайды.
Тайвань қабылданды, бірақ АОК ХОК стандарттарына сәйкес оны Қытай (Тайбэй) деп атайды. Израиль шығарылып тастап, еуропалық жарыстарға қосылды.
Кеңею
Ойындарға 1994 жылы бірнеше елдердің қарсы болуына қарамастан АОК бұрынғы кеңес республикаларын шақырды: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан.
Қысқы Азия ойындары
Ойын №
Қала, өткізген ел
жыл
Қатысатын елдер саны
Спорт түрлерінің саны
Спортшылар мен ресми тұлғалар саны
1-інші
Саппоро, Жапония
1986
7
7
425
2-нші
Саппоро, Жапония
1990
10
6
414
3-інші
Харбин, Қытай
1996
16
7
660
4-інші
Кангвон, Корея
1999
21
7
799
5-інші
Аомори, Жапония
2003
17
11
641
6-ншы
Чангчун, Қытай
2007
45
10
1100
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары жеңіп алған медальдар саны
Ойын №
Қала, өткізген ел
жылы
Алтын
Күміс
Қола
Жиыны
1-інші
Саппоро, Жапония
1986
Қатысқан жоқ
2-нші
Саппоро, Жапония
1990
Қатысқан жоқ
3-інші
Харбин, Қытай
1996
14
9
8
31
4-інші
Кангвон, Корея
1999
10
8
7
25
5-інші
Аомори, Жапония
2003
7
7
6
20
6-ншы
Чангчун, Қытай
2007
6
6
6
18
Логотип сипаттамасы
Қысқы Азия Ойындарының логотипі (эмблемасы) олимпиадалық спорттық қозғалыс идеясын білдіріп, Азия Ойындары өтетін елдің ерекшелігін көрсетіп тұруы тиіс. Азиаданы ұйымдастырушы мемлекет логотип жасайды, кейін ол Азиялық Олимпиада Кеңесімен бекітіледі. Азиялық Ойындардың барлық элементтерінің ажырамас бөлігі жоғарыда жарқыраған күн көзі болып табылады.
2007 жылы 2011 жылғы 7-қысқы Азия Ойындарының ресми логотипіне байқау жарияланды. Байқауда 50 жұмыс қаралып, финалға 10 жоба шыққан болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша Тигран Туниянц жетекшілік еткен дизайнерлердің шығармашылық тобы жүлделі болды. Ертеректе аталмыш ұжым Пекин қаласында болатын Олимпиадалық Ойындардың алдында Алматыда өткен Олимпиада эстафетасының стилистикасы мен безендірілуін жасаған еді.
Жоба жетекшісі Тигран Туниянц атап өткендей, көптеген нобайларды есепке алмағанда, осы уақытқа дейін біз жасаған 20 жобаның ішінен таңдауымыз дәл осыған түсті. Мұнда 4 негізгі түс бар: изумруд, бирюза, рубин мен алтын. Азиада Ойындарының эмблемасында түрлі түстер бұған дейін қолданылмаған.
Мысалы, Сочиде өтетін Қысқы Олимпиадалық Ойындар логотипінің түсі ресейлік триколорға сай – ақ, көк, қызыл.
Солт Лейк Сити-2002 эмблемасы қар бүршігінде бейнеленген және ашық түстерге боялған – сары, қызғылт сары және көк. Бұл түстер Қысқы Олимпиадалық Ойындар өткен Юта штатының табиғатына тән.
Өз кезегінде 7-қысқы Азия Ойындарының логотипі көшпелі арба доңғалағына ұқсас. Геральдикалық өнерде доңғалақ кеңістікте де, уақытта да үнемі қозғалыс белгісін білдіреді. Тұрақты даму идеясының белгісі бола отырып, логотип – өмірдің алға қарқынды жылжуын білдіретін эмблема болып табылады. Доңғалақ бейнесі дөңгелек символикасына жақын болып келеді және көне нанымдарға сәйкес, ол Күн құдайының Жерді айналу идеясын береді. Бұл ретте логотип солярлы белгі, сондықтан ол өмір мен амандық-саулықты сыйға тартатын шырақтың сәулелі қуатын білдіреді. 7-ші қысқы Азия Ойындарының эмблемасы үш түстен, сонымен бірге, олардың бірінің үстіне бірін салумен жасалған. Дайын нұсқасында ақ кристалл түріндегі кесінді мен айналасы сары түсті суреті қолданылады. Мағынасы мейірімді бола тұра, ол суық көк пен жылы қызыл түстің қарсыластығы есебінен әсерлі әрекетті күшейтеді. Түрлі-түсті гамманың өзінің мағынасы бар (суық көк пен жылы қызылдың қарсыластық үйлесуі), бұл динамиканы сезінуді және эмоциялық жақсаруды күшейтеді.
Мысалға, көк түс шексіз мүмкіндіктердің еркіндігі мен кеңдігін символмен көрсетеді, сонымен бірге, ол жинақылық пен мақсаттылық сияқты спорттың аспектісін бейнелейді. Қызыл түс жеңіске деген ырықсыз күш-жігерді, спорттық құмарлықты және жарыстардың жалынын бейнелейді. Үйлесе келе, осы екі түс жарқын спорттық оқиға болып келетін қысқы Азияда рухының өзін көрсететін мұз бен жалынның бірігу идеясын береді.

 

Ұран

7-ші қысқы Азия Ойындарының ұраны: Мақсаты бірдің – рухы бір!. Аталмыш ұран спорттық Азияның біртұтас рухын, мемлекеттер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Оңтүстік астана 2011ж қысқы Азия ойындарын қабылдайды
Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
Шаңғы спорты
Қазақстанда фантуризмдi дамыту жолдары
VІІ қысқы Азия ойындары
Шаңғы спорты туралы
Қазақстанда жүзеге асырылған ұлттық маңызды жобалар
2011 жылғы «Азиада» ойындарының туризмдегі рөлі
Пәндер