ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жеке кәсіпкерлік - азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.

Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;

шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;

келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;

еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;

шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;

жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;

бағалар мен тарифтерді белгілеу;

таза пайданы пайдалану;

сыртқы экономикалық қатынастарда болу, т. б.

Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне дербес кәсіпкерлік және біріккен кәсіпкерлік жатады.

Дербес кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке хұқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа хұқықтары бар.

Біріккен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік хұқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу хұқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады.

Жеке кәсіпкер заңды тұлғаға қарағанда салықты аз мөлшерде төлейді. Ол өзі үшін және қатысушылар үшін жинақтық зейнетақы қорына төлем төлеп тұруы тиіс.

Салық мөлшері кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимімен анықталады. Патент негізінде құрылған қызметте кәсіпкер кірісі 3 проценттік табысқа негізделеді. Жеңілдік декларациясы негізіндегі кәсіпкер кірісі 3-7 проценке дейін оның сомасына байланысты бөлінеді.

Жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есебі патент пен жеңілдік декларациясын қолданатын болса, заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінен жеңіл болып келеді. Патентепн жұмыс кезінде ол мүлде болмайды. Бұл артықшылық жеке кәсіпкердің бухгалтерлік есепті бухгалтер жалдамай-ақ өзі жүргізуіне мүмкіндік береді. Жеңілдік декларациясын қолдану заңды тұлғаға да болады, бірақ көп жағдайда бухгалтер жалдауды қажет етеді. Жеке кәсіпкер заңды тұлғамен қайта құрыла алмайды, мысалы ЖШС бола алмайды.

Біздің Республикада кәсіпкерлікгі дамытуға үлкен ден қойылып, бірқатар заңдар мен жарлық қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі болып, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» заңы 1992 жылдың 4 шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлік мемлекеттік қоргау және қолдау дегеніміз - аталған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.

Республикада Президенті Н. Ә. Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз болып отыр. Жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз болып тұр.

4-тарау. ЖЕКЕ КӘСIПКЕРЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ

18-бап. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi

бағыттары

1. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

жеке кәсiпкерлiктi реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру;

жеке кәсiпкерлiктi қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктердi, индустриялық аймақтарды және жеке кәсiпкерлiк инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн құру және дамыту;

бюджет қаражаты есебiнен жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн оқу-әдiснамалық, ғылыми-әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз ету.

2. Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту:

мемлекеттiк органдардың жанынан жеке кәсiпкерлiк проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу институттарын құру;

орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;

жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;

бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметiн ұйымдастыру;

жер учаскелерiн, ғимараттарды, үй-жайларды сату не тұрғын үй-жайларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын емес үй-жайға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы

Бизнес адамзаттың кез келген ойластырылған қызметі ретінде сендіру негізінде болсын, тиісті мағынасында және заңдық негізінде болсын мемлекетпен арадағы іскерлікті қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Заңмен бекітілген іскерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері бизнестің ұйымдық-құқықтық формасы деп аталады.

Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым тірі - бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның, фирманың мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен, жалғыз басты болып іс-қимыл танытады. Алайда, егер бұл қызмет бір рет қана немесе кездейсоқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Әрбір азаматтың, мысалы, өзінің үй іргесіндегі учаскесінде көкөніс пен гүл өсіріп, оны сатуға құқығы бар. Бұндай жағдайда, егер осындай жеке іскерлік белгіленген минимумнан асатын пайда әкелсе, іскер осы пайдадан салық төлеуі тиіс.

Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналысуы үшін іскерліктің бірнеше түрімен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу қажеттілігі құрастырылған. Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір мерзімге байланысты болса, мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент алу қажеттілігі туады.

Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кез-келген уақытта тоқтата алады.

Жеке іскерлік қызметінің тағы бір түр- жеке кәсіпорын, фирма, шаруа қожалғы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме құру құқығы кез-келген азаматта бар. Бұл үшін ол өзінің жеке кәсіпорынын тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алуы шарт. Мұндай жағдайда аталмыш кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана тұрмауы мүмкін. Бұл кәсіпорынның меншік иесі іскерлік қызметтің субьектісі ретінде танылады, ол кез-келген мөлшерде қызметкерлер жалдауы мүмкін, бірақ олар іскерлік ретінде емес жалдамалы қызметкерлер қатарында саналады.
Жеке іскерлік кейде отбасылы кәсіпорын түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда жеке іскерлікпен топтық, яғни ұжымдық іскерлікке өту әдісі байқалады.

Жеке бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып саналады. Бизнестің адамы әлеміде жалғыз басты, іскер, өте нәзік тұлға болып көрінеді. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтық аласапырыннан жеткілікті дәрежеде қорғалмайды. Сондықтан да бизнесмендер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге биімділіктерін жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе кәсіпорын құру кезінде жекелеген бизнесменнің мүлікке жеке меншігі сақталады, тек бизнесмендер біртұтас команда құруға өздерінің күштерін біріктіреді. Дей тұрғанмен, серіктестерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке іскерліктің бұл мүмкіндігі, оның ұжымдық әдісімен іс жүзінде қабысуы бизнесті дамытудың барынша маңызды факторы болып табылады

Жеке іскерлік қызметі ұсақ бизнестің түрі ретінде өзінің кең таралуына қарамастан шектеулі мүмкіндіктерге ие болғандықтан, әдетте, болмашы ғана пайда әкеледі. Барынша ірі бизнесті ұйымдастыру үшін іскер адамдарға ірі фирмаларға бірігіп, топтық және ұжымдық іскерлікке көшуге тура келеді. Оған қатысушылардың жазбаша келісімге немесе келісім шартқа отыруына негізделген мұндай бірлестіктерді әдетте кәсіпорын ретінде құрылғандықтан серіктестік деп атау ұйғарылған.

Мұндай жағдайда тек қана күш-жігер емес, сонымен бірге оған қатысушылардың өндіріс құрал-жабдықтары мен капиталы да біріктіріледі.
Шаруашылық серіктестігін құрушы тұлға оның құрылтайшысы болып табылады. Олар кәсіпорынға белгілі бір үлес қосып, оның қатысушысына айналады. Жалпы бастапқы салым жарғылық немесе жинақ капитал деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Жеке кәсіпкерлік туралы заң
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы мәлімет
Шағын кәсіпкерлік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz