Ұстаз-болашаққа ұмтылған адам


ЖОСПАР
1. Ұстаз-болашаққа ұмтылған адам .
2. Ұстаз - келер күннiң ұстасы.
3. Бiлiм бағытын таңдауға қабiлеттiлiк
4. Қазiргi заман талабы
Пайдаланылған әдебиеттер
1. “Балалар Энциклопедиясы”, VІ-том
2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd. »
ЖШС, 2010.
3. «Ұлан» газеті. 2009
Ұстаз-болашаққа ұмтылған адам.
«Ұлттың ұлағаты - мәдениетте, мәдениеттiң ұлағаты - оқу мен әдебиетте», - деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Бұл тек Ахаңның ғана айтқаны емес, бүкiл Алаш азаматтарының көкейтестi арманы болатын. Сол мақсат бүгiнде айқын болмысқа айналды. Ендiгi жерде бабалардың айшықты аманатын абыроймен алып жүру, бiз бен сiзге үлкен сын.
Iлiм мен бiлiмнiң дамуы - адамзат өркениетiнiң өлшемi. Олай болса, бiлiм саласы үнемi жетiлiп, жаңарып отыруды қажет етедi. Бiз өмiр сүрiп отырған қазiргi кезең - бұл жаңа дәуiр. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететiн кезең. Соның iшiнде бiлiм саласында болып жатқан жасампаз өзгерiстердiң мәнi мен маңызы зор. Бұл орайда мемлекетiмiз көштен қалған емес. Елбасының сындарлы саясатының, тiкелей қамқорлығының арқасында бiлiм саласы жылдан жылға жақсы нәтижелерге қол жеткiзуде.
Алайда талғам өзгергенiмен, талап жалғыз. Ол - қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi бiлiмдi ұрпақ қалыптастыру. Себебi тәлiм мен тәрбие мәселесi - қоғамымыздың келешегi.
Балаларды ең бастысы ұлттық құндылықтарға бай, тiлiне, дiлiне, тарихына, әдебиетi мен мәдениетiне, салт-дәстүрге берiк, рухы мықты, танымы мен тағлымы кең тұлға ретiнде қалыптастыру барысында ең негiзгi сын да, салмақ та ұстаздарға артылатыны түсiнiктi.
Ұлттық талғамы мен сана-сезiмi жоқ адамда отаншылдық рух та болмайды. Бұл - ешбiр дәлелдеудi қажет етпейтiн ақиқат. Ендеше бұл мiндеттердi шешудiң қайнар бұлағы - педагогика деп бiлемiн.
Ұстаз - келер күннiң ұстасы.
Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмiрге деген көзқарастарының иесi. Бiздердiң бүгiнгi болмысымыз әлiппенi жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегi ұстаздарымыздың еңбегi екенi даусыз. Ендеше ұрпағымыздың ертең қандай адам болып қалыптаспағы мұғалiмдердiң бүгiнгi арқалар жүгi болмақ.
Ұстаз сөзiне энциклопедияда талай анықтама берiлген. Соның бiрi: «Ұстаз - бұл оң-солын айыра бiлетiн жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, адами қасиеттердi ұштайтын ұлы ұста». Бұл ретте ұстаз бiлiм берушi ғана емес, сол бiлiмге жол ашатын адам. Ол - ақыл-ой асқарлары мен рухани кемелдiкке, жан дүниенiң тереңдiгiне бағыт сiлтеушi. «Ортақол ұстаз - баяндайды, жақсы ұстаз - түсiндiредi, көрнектi ұстаз - көрсетедi, ұлы ұстаз - шабыттандырады». Бұл сөз тiркестерiнiң мағынасы бүгiнгi педагогикалық кеңестiң мақсаты мен мұратын айқындайды. Бүгiн мен сiздермен бiлiм беру саласының ахуалына жанашыр әрiптес әрi бiлiм саласының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге жауапты атқарушы билiктiң басшысы ретiнде сұхбат құрғанды жөн деп санаймын. Алдымен бiлiм беру үдерiсiнiң мазмұндық мәселелерiне тоқталсақ. Ол қоғамның басқа да күрделi жүйелерi секiлдi, нақты жағдайға терең талдау жасау негiзiнде ұдайы сыни көзқараспен қарауды талап етедi. Бүгiнгi күннiң негiзгi проблемасын айтар болсақ, алдымен орта мектептердегi заман талабына сай түпкiлiктi жаңаруға деген құлшыныстың жоқтығы байқалады. Елiмiздiң жүйелi түрде дамуы үшiн оны шешудiң маңыздылығын Мемлекет басшысы: «Заманауи бiлiм беру жүйесiнсiз және кеңiнен, жан-жақты ойлайтын жаңашыл менеджерлерсiз бiз инновациялық экономика жасай алмаймыз», - деп атап өткен болатын.
Егер оқушылар ғаламдық деңгейде бәсекеге қабiлеттiлiгiн сақтағысы келсе, мектепте оқытылатын бiлiм мен адамға және елге қажеттi бiлiктiлiктiң арасында едәуiр алшақтық болатыны баршаға белгiлi.
Өкiнiшке қарай, бүгiнде «қарапайым» мектепте барлығы жоспарлағандай емес, қалай болса солай болып жатады.
Ұстаздар кейде «сiздiң балаңыздан ештене шықпайды» дегендi жиi айтады. Баладан ештеңе шықпауы ол «қабiлетсiздiгiнен» емес. Егер ұстаздың «мен бұл iстi қолға алған екенмiн, ендеше соңына дейiн жеткiземiн» деген нақты ұстанымы болса, технологияның көмегiмен кез келген баланың бiлiмiн арттырып, түсiнiгiн кеңейтiп, шығармашылық мүмкiндiгiн жетiлдiре алады.
Сондай-ақ, педагогика саласы кез келген сала сияқты технологиялық сипатта болуы керек. Айталық, өзен үстiне көпiр салмақшы болған инженер мен үй салуға дайын тұрған сәулетшiнiң ерекшелiгi мынада: жұмысты бастағанға дейiн-ақ олар ойға алған iсiнiң орындалатынын бiледi. Олардың қолданған технологиясы мiндеттi түрде жоспарлы нәтижеге әкеледi. Ескi көзқарастағы ұстаз нақты бiр баланы оқытуды қолға алғанда, оны қандай деңгейге жеткiзетiнiн алдан-ала болжай алмайды.
Соңғы бiрнеше жүзжылдықта ғылым, оның соңынан iле-шала мектеп пәндерiнiң даму бағдары «энциклопедизмнен» бытыраңқылық мен шашыраңқылыққа көштi.
Жаратылыстану саласы физика, химия, биологияға бөлiндi. Ал олар өз кезегiнде қатты денелер физикасы, оптика, механика, биохимия және тағысын тағылар болып жiктелдi. Әрине, бұл бөлiнiстердiң түсiнiктi әрi заңды екенiн жоққа шығармаймын. Бiрақ мәселе басқада болып тұр. Жалпы бiлiм беру саласына келген бұл үрдiс дүние туралы бiлiмнiң тұтастығын бұзды. Бүгiнде мектепке келген оқушы әлемдi танымайды, тек оның бiр-екi бытыраңқы бөлшектерiн ғана бiледi. Оқушы бiр уақытта бiрнеше түрлi сабақты оқиды және бiр пәннiң аясында екiншi бiр пәндi оқу үшiн, олардың ара жiгiн ажырату үшiн көп жағдайда бiлiмi мен бiлгiрлiгiн пайдалана бермейдi. Бұл - пәнаралық байланыстың мәселесi. Осыған орай дәстүрлi бiлiмнiң осы уақытқа дейiн белгiлi бiр пән бойынша бiлiмдердi ғана берудi көздейтiн деректемелiк сипатта қалып отырғандығы жөнiнде аз айтылған жоқ. Бұл тұлғаның жасампаздық қасиеттерiн қалыптастыра алмайды. Соның салдарынан ол заманауи, шынайы өмiрде кездесетiн шығармашылық мiндеттердi шешуге дәрменсiз болады. Осыдан келiп, орта мектептiң түлегiнiң қолынан не келедi, не iстей алады деген сауал туындайды. Бұл сұраққа: «жаппай сауаттылық, ақыл-ой еңбегiне дағдылану, жалпы даму» деп жауап бере аламыз. Осы өлшемдер жоғарғы оқу орнына түсу деп аталатын жалғыз өмiрлiк мәселенi шешуге мүмкiндiк бередi. Мiне, жалпыға бiрдей маңызды емес осы тар аядағы мiндеттi шешу жолында (себебi жұрттың бәрi бiрдей жоғары оқу орнына түсудi мақсат тұтпайды) мектеп баланың бүкiл уақытын рәсуа етiп, барлық қабiлетi мен мүмкiндiгiн зая қылады. Егер еңбек етушiнiң апталық жұмыс уақыты 40 сағат болса, оқушының лицейлiк компоненттердi қоса есептегендегi апталық жүктемесi 43 сағатты құрайды, оның сыртында кем дегенде 2-3 сағаттық өз бетiнше дайындық уақыты бар. Ал басым бөлiгi өмiрде қажетке жаратылмайтын, оған қоса оқушылар тарапынан игерiлмейтiн ескiрген материалдардың көлемi физика, химия, биология пәнедерi бойынша 50-60 пайызға жетедi.
Бiр жағынан, мектеп әлеуметтiк-гуманитарлық пәндер бойынша шала-шарпы дайындық бередi. Бұл оқушылардың азаматтық тұғырының айқындалуына, олардың бойындағы рухани құндылықтардың қалыптасуына нұқсан келтiредi.
Информатика, шет тiлдерi, орыс мектебiнде оқытылатын қазақ тiлi сияқты коммуникативтi пәндер бойынша дәрiс беру, ашығын айтқанда, көңiл көншiтпейдi. Әдiлет үшiн айта кетейiк, бiлiм алу жүйесiнiң ешбiрi, тiптi ең мықтысы болса да, ойдағыдай нәтиже болатынына кепiлдiк бермейдi. Өйткенi iстiң тетiгi - барлық жердегiдей - орындаушыларға, онда да мәселеге салғырт қарамайтын орындаушыларға байланысты.
Егер педагогтың жұмысының сапасы мен бiлiм берудiң сапасына басқа қырынан қарасақ: «Мектеп негiзгi адами қасиеттердiң дамуына көмектесе ме, балаға шынайы өмiр сүрудi үйрете ме?» деген сұрақ туады.
Бiлiм бағытын таңдауға қабiлеттiлiк
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz