Ұлы Отан соғысы ардагерлері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Абдолла Үсенов

Ол майданға аттанғанда 18 жаста еді. Еңбекке енді араласып, Түркістан станциясындағы вагон-жөндеу пунктінде істеп жүрген болатын. 1942 жылы «Майдан қайдасың» деп тартып кетті. Сөйтіп, 112-Рыльский-Коростенск атқыштар дивизиясының 159 жеке сапер батальоньша жауынгер болып шыға келді. Әскер қатарына алынған күндерден-ақ Абдолла өзін ержүрек, батыл жауынгер ретінде көрсете білді.

Украинаны азат етудің шешу кезеңі. Әскерлеріміздің алға жылжуына жау бар кедергіні жасап бағуда. 1943 жылдың желтоқсан күндерінің бірі. Біздің жауынгерлерге қарай жау танктері ұмтылды. Батальон командирі Үсеновке жолды миналап тастау жөнінде бүйрық берді. Діттеген жерге тез жеткен Үсенов окоп қазып үлгере алмады. Өйткені, тура алдынан танктер шығып, 50 метрдей жерге тоқтады. Жау танктері полктерге оқ жаудыра бастады. Өлім мен өмір арпалысты. Ойлануға мұршажоқ. Бәрін қас-қағым сәт шешкелі түр.

Абдоллаға солға қарай жылжып танктердің алдын бөгеу туралы бұйрық берілді. Танкке қарсы қолданылатын екі минаны алып ол жол қиылысына қарай жер бауырлап жылжи жөнелді. Абдолланың қимылын жау танктерінің жүргізушілері байқап қалды. Танктердің біреуі өзіне қарай ұмтылғанын байқап қалған қырағы жас Абдолла берік шешімге келді де минаны жаруға дайын етті. Міне, танк те жақындап қалды. Жаныштап жермен-жексен етпек. Шынжыр табан тас темір . . . өрімдей жас өмір . . . бетпе-бет . . . Арада екі-уш-ақ қадам. Абдолла шалт қимылмен танктің шынжыр табанына минаны ұстаған күйі секірді. Танк отқа оранды. Тас темірдің күл-талқаны шықты. Жолбарыс жүректі жігіт ссылай опат болды. Жау танктерінің жолы кесілді.

1944 жылдың 25 тамызыңда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Жарлығымен Үсеновке осы ұмытылмас ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1992 жылы Крупская атындағы колхоздың аты өзгертіліп, Кеңес Одағының Батыры Абдолла Үсеновтың атын иемденді. Осыған орай Үшқайық ауылдық кеңесінің ғимаратының алдынан (Қазір Үшқайық ауыл өкімшілігі) батырға үлкен ескерткіш-бюст орнатылып, ауыл азаматтарының қолдап, көмек көрсетуімен батырдың әруағына арнайы ас берілді. Кейін осы ауылдың азаматы, қалалық мәслихаттың депутаты Мақсүтхан Дүйсебеков Украинаның Житомир ауданындағы батырдың бейітінің басына барып, бейіттің топырағын әкеліп, өз ауылындағы ескерткіш-бюсттің алдына арнайы орынға қойды.

1994 жылы Үшқайық ауыл әкімшілігі ауыл азаматтарының басқосуында жасаған бәтуасының негізінде арнайы шешім қабылдап, Теке ауылы Абдолла Үсеновтің атымен аталатын болды. Ауылдағы орталық көше де батырдың атында.

ҚҰРБАНБАЙ ЫРЫСБЕКОВ

1922 жылы Шорнақ селосында туған. Қызыл Армия қатарына шақырылғанға дейін мектепте тарих және география пәндернің мүғалімі болған.
1937 жылдан комсомол мүшесі Құрбанбай Ұлы Отан соғысына 1942 жылы көктемде аттанды. Неміс басқыншыларымен күресте шыныққан ер жүрек жас әскери іс-қимылды тез әрі терең меңгеруімен, біліктілігімен және ержүректілігімен көзге түсіп, кіші лейтенант - атқыштар взводының командирлігіне дейін көтерілді және Днепр үшін болған үлы шайқаста өз атын өшпес даңққа боледі.

1943 жылдың 15 кыркүйегінде Вира деревнясы үшін болған үрыста елді мекенге өз взводының ең алдында жау шебін бұзып кірді. Жаудың үрейін үшыра отырып, ешқандай шығынсыз ол елді мекенді азат етуді қамтамасыз етті. 1943 жылдың 6 қазанында Ырысбековтың взводына Днепрден бірінші болып өтіп, өзеннің оң жағындағы керамикалық институтты жаудан босату міндеті қойылды.

Ол бүл тапсырманы қүптап қабылдап, взводын командованиенің қиын да қүрметті тапсырмасын орындауға дайын етті. Жаудың себелеп түрған оғына қарамастан ол взводын Днепрдің оң жақ жағалауына откізіп бірден фашистермен үрысқа кірісіп кетті. Фашистер өз позициясымен институтты үш жақтан бірдей қорғап отырды. Бірақ Ырысбеков взводының

срлігі мен жойқын шайқасы жауды шыдатпады.

Жаудың бір рота солдатын жойып, взвод керамика л ық институтты босатты. Ырысбеков жеке өзі взводтың алдынғы катарында айқасып, 15 фашист! жойды.

Немістер шағын топқа бірнеше рет басым күшпен шабуыл жасады, бірақ елуден астам жауынгерлерден айрылып, шегшуге мәжбүр болды. Осы айқаста кіші лейтенант Ырысбеков ауыр жараланды.

21 жасында қан майданда қайсар мінез, өжет қимыл, батыл қадам жасаған ержүрек батыр шайқаста қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Кеңес Одағының Батыры Қүрбанбай Ырысбековтің өкесі Ырысбек Қүрақов 1951 жылы үлының зиратын іздеп КСРО жаяу әскерлерішң қолбасшысы К. Е. Ворошиловке барады. Қолбасшы оның жанына адам қосьш беріп, олар Украинаның Яцки селосына келеді. Әйтсе де өкінішке орай, қайран әке үлының қабірін таба алмайды. Өйткені, жау Яцки селосын бомбалап, мазараттарды жойып жіберіпті. Бірақ бір монументте жазылған 120 шақты адамның аты-жөнінің арасынан Қүрбанбай Ырысбековтің де аты-жөнін оқып, Қүран бағыштап, елге оралады . . .

ФАЙЗУЛЛА ЮЛДАШЕВ

Файзулла Юлдашев 1912 жылы 15 қыркүйекте Түркістан қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келді. 1925 жылы кешкі және күндізгі мектепте оқыған. 1929 - 1933 жылдары Ташкенттегі ерлер оқу орынында оқыды. Өзбекстан КСР Ағарту министрлігінің жолдамасымен Қашқадария облысының Яккабоғ ауданына жұмысқа жіберілді. 1933- 1942 жылдары осы ауданда ағарту аппаратында, мектепте директор болып қызмет етті.

Файзулла аға соғыстың екінші жылы Саратов облысындағы Красноармейск пулеметшілер курсында білім алды және 1942 жылдың соңында Дон өзенінің бойында майданға кірді. Оң қолынан қатты жарақат алып емделген соң, І-ші Украина майданының 180 - Киев атындағы Қызыл ту, Суворов, Кутузов орденді дивизияның 42- атқыштар полкында бөлім командирі болып қызметін жалғастырды. Курск шайқасында Днепр өзенін кешіп өтіп, плацдармды иеленуде өнеге көрсетті. Днепр сияқты үлкен өзенді дүшпанның оқ жаңбыры астында кешіп өту оңайға соқпады. Қаншама жауынгер опат болды, қайықтар аударылды. Сақадай сай қаруланған жау басып алған жерлерінде үлкен қарсылық көрсетті. Кеңес жауынгерлерінің жеңіске деген сенімі рухтандырды. Өзен жағалауындағы плапдармды жеңіп алды.

Файзулла басқарған бөлім айтып ауыз жеткізе алмайтындай ерлік үлгілерін көрсетш, үш күн бойы плацдармды жауға бермей үстап түрды. 11 адамнан жалғыз Файзулланың өзі тірі қалдч. Және жалғыз өзі пулеметпен жауға оқ жаудырды. Пулеметіне мина жарықшағы тиіп, істен шыққан соң оның орнына гранаттар қолданып, көптеген жауды жер жастандырды. Гранаттары таусылайын дегенде арт жагынан жәрдем келді. Осы ұрыста қатты жараланған Файзулла Десна бойындағы госпитальда емделді.

Файзулла Юлдашевтің ерліктері лайықты марапатталды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943- ші жылғы 29 қазандағы жарлығына сәйкес оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Файзулла госпитальдан шыққан соң Румынияда шайқасып жатқан өз бөлімінде батальон партия комитетінің хатшысы болып қызметін жалғастырды. Румыния, Венгрия, Чехословакияны азат етуге қатысты. Австрияның астанасы Венаны азат етуде үш рет басынан жарақат алды. Жеңіс мерекесін госпитальда қарсы алды. Файзулла Юлдашев қатардағы жауынгерден лейтенантқа дейін көтерілді. Жауынгерлік ерліктері үшін 12-ден астам орден және медальдармен марапатталды.

Соғыс аяқталған соң Файзулла қайтадан өзінің сүйікті педагог мамандыгына оралды. Наманган облысы партия комитет! мектебінде бөлім бастығы болып істеді. 1950 жылдан 32- 35-ші мектептерде директор болып қызмет етті. Бүл кезеңде Өзбекстан КСР Жоғарғы Кеңесінің Мақтау грамотасымен 3 рет марапатталды.

РАСУЛ ЕСЕТОВ

1944 жылы 1 қазанда Безымянная төбесі үшін ұрыста рота командиріне жауды позициясынан қуып шығу жөнінде бұйрық берілді. Жау төбешікті бірнеше эшалонды бекініске айналдырған еді. Онда ДОТ-тар, ДЗОТ-тар, қолдан қазылған траншеялар, миналанған алқаптар, электр тогы жіберілген тікенек сым қоршау орнатылған еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ардагерлерге көрсететін әлеуметтік жұмыстың барысы
Жеңіске рух берген әндер
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МАҚТАНЫШЫ
Ауған соғысының ардагері
Бағаланбаған батырлар. ( Р. Қошқарбаев жайында бір үзік сыр)
Қазақ тарихындағы көп соғыстың бірегейі - ауған соғысы
Өлке тарихын оқытудағы инновациялық стратегиялар және патриотизмге тәрбиелеу мәселелері
Ұлы отан соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы
Қазақстан ұлы отан соғысы кезінде
Бауыржан Момышұлының басты шығармалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz