Қазынашылық жүйе
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1Қазақстан Республикасының Қазынашылық жүйесінің дамуы ... ...6.9 1.2 Облыстық Қазынашылық басқармасын ұйымдастыру ... ... ... ... .9.14
1.3 Жергілікті бюджетті басқару деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14.19
2 ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕР ЖӘНЕ ШЫҒЫСТАР
БОЙЫНША КАССАЛЫҚ АТҚАРЫЛУЫ
2.1 Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы ... ... ... ... ... ... ..20.24
2.2 Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы ... ... ... ... ... ..24.29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі- Бүгінгі таңда біздің мемлкетіміздің қалыптасу процесі өте қызу жүруде, нарықтық экономиканы мойындап, оның өмір талабынан туындап отырғанын күннен-күнге көзіміз жетуде. Бірақ бюджетіміздің сұраныс талабын толық орындауға мүмкіншілік жоқ, себебі мемлекетіміздің бюджетіне түсіп жатқан түсімнің жеткіліксіздігі.Оның негізгі көзі- салықты төлейтін қуатты деген кәсіпорындар, мекемелер төлемдерін төлеуге мүмкіндігі болмай, күйзеліске түсуде. Бұл бюджетте қаралған, белгіленген шараларды, оның ішінде күттіруді көтермейтін шығындар, жалақы мен зейнетақы,мүгедектер мен асыраушысынан айырғандарға, көп балалы отбасына берілетін жәрдемақының уақытында, толық төленбеуіне соқтырып отыр. Осы бюджеттің орындалуындағы әртүрлі қиыншылықтарға, қаржы тапшылығына қарамстан жергілікті әкімшіліктер көзделген шараларды, алдарына қойған міндеттерді орындап келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті- Республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру мен бақылау. Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитеті республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік бюджеттің мемлкеттік мекемелерге есеп-айырысу, кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаржысын мақсатты пайдаланылуына бақылау жасайды. Курстық жұмыстың зерттеу нысаны-республикалық бюджеттің жергілікті жерлерде тиімді пайдалануына бақылау жасау, мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалу есебін жүргізу болады.
Курс әдістемелік-ақпараттық базасы-салықтарды және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдерді жұмылдыруда, заңды және жеке тұлғалардың оларды бюджетке дұрыс, уақытылы аударып отыруына бақылауды жүзеге асыру.
Аумақтық Қазынашылық органы жергілікті бюджеттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетеді. Олардың кірістері мен шығыстарының есебін жүргізеді. Жергілікті бюджеттің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған кірістер мен шығындар тізімдемесіне сәйкес бекітілген бюджеттердегі сметалар шегінде қаражаттың түсуіне байланысты жүзеге асырылады.Жергілікті бюджет шоттары бойынша шығыс операциялары бос ақша қаражаттары қалдықтары шегінде жүргізіледі.
Курстық жұмыстың құрылымы- кіріспеден, үш бөлімнен бес суреттен, қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысының бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының Қазынашылық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасының міндеттері, функциялары мен құқықтары қарастырылған. Екінші бөлімінде Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша кассалық атқарылуы бойынша жазылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі- Бүгінгі таңда біздің
мемлкетіміздің қалыптасу процесі өте қызу жүруде, нарықтық экономиканы
мойындап, оның өмір талабынан туындап отырғанын күннен-күнге көзіміз
жетуде.
Бірақ бюджетіміздің сұраныс талабын толық орындауға мүмкіншілік
жоқ, себебі мемлекетіміздің бюджетіне түсіп жатқан түсімнің
жеткіліксіздігі.Оның негізгі көзі- салықты төлейтін қуатты деген
кәсіпорындар, мекемелер төлемдерін төлеуге мүмкіндігі болмай, күйзеліске
түсуде. Бұл бюджетте қаралған, белгіленген шараларды, оның ішінде күттіруді
көтермейтін шығындар, жалақы мен зейнетақы,мүгедектер мен асыраушысынан
айырғандарға, көп балалы отбасына берілетін жәрдемақының уақытында, толық
төленбеуіне соқтырып отыр.
Осы бюджеттің орындалуындағы әртүрлі қиыншылықтарға, қаржы
тапшылығына қарамстан жергілікті әкімшіліктер көзделген шараларды, алдарына
қойған міндеттерді орындап келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті- Республикалық бюджеттің
кассалық атқарылуын ұйымдастыру мен бақылау.
Қазақстан Республикасының
Қазынашылық комитеті республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету,
мемлекеттік бюджеттің мемлкеттік мекемелерге есеп-айырысу, кассалық
қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаржысын мақсатты пайдаланылуына
бақылау жасайды.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны-республикалық бюджеттің жергілікті жерлерде
тиімді пайдалануына бақылау жасау, мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалу
есебін жүргізу болады.
Курс әдістемелік-ақпараттық базасы-салықтарды және бюджетке
төленетін басқада міндетті төлемдерді жұмылдыруда, заңды және жеке
тұлғалардың оларды бюджетке дұрыс, уақытылы аударып отыруына бақылауды
жүзеге асыру.
Аумақтық Қазынашылық органы жергілікті бюджеттерге есеп
айырысу-кассалық қызмет көрсетеді. Олардың кірістері мен
шығыстарының есебін жүргізеді. Жергілікті бюджеттің атқарылуы тиісті қаржы
жылына арналған кірістер мен шығындар тізімдемесіне сәйкес бекітілген
бюджеттердегі сметалар шегінде қаражаттың түсуіне байланысты жүзеге
асырылады.Жергілікті бюджет шоттары бойынша шығыс операциялары бос ақша
қаражаттары қалдықтары шегінде жүргізіледі.
Курстық жұмыстың құрылымы- кіріспеден, үш бөлімнен бес суреттен,
қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысының бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының
Қазынашылық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, Қызылорда облыстық Қазынашылық
басқармасының міндеттері, функциялары мен құқықтары қарастырылған.
Екінші бөлімінде
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша кассалық атқарылуы
бойынша жазылған.
1 ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ
БАСҚАРМАСЫНА ЖАЛПЫ СИПАТАМА
1.1Қазақстан Республикасының Қазынашылық жүйесінің дамуы
Қазақстан егеменді ел болып, көк байрағын көтеріп , іргелі
елдермен ұлы көшке ілескеніне биыл он сегіз жыл толды. Осы уақыт ішінде
еліміздің әлеуметтік-саяси құрылымында ғасырға татырлық ауқымды да игі
өзгерістер болды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына
жолдауында тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңге қорытынды баға
берілген.Жинақталған тәжірибе қалыптасқан жағдаяттар негізінде ұзақ
мерзімдік 2030 бағдарламасында –жеті басымдылықты жүзеге асыру қажет
екендігі көрсетілген.Республикамыздың дамуының маңызды басымдылық
міндеттерінің бірі ретінде, шетелдік инвестиция мен ішкі жиналымдардың
жоғары деңгейдегі ашық нарықытық экономикаға негізделген, экономикалық
өркендеуі деп атап көрсетілген.
Экономикалық реформалары барысындағы күнгей мен көлеңке жақтарына баға
бере келіп, Елбасы:"Біз егер қазынаны қорғап және еселеп отырмасақ,
ешқашанда қалыпты да күшті мемлекет болып саналмаймыз"-деп тұжырымдаған.
Бұл тұжырым еліміз егемендік алған алғашқы күндерінен-ақ айтып жүрген ой-
пікірі. Сол себепті де олар ,Тәуелсіз Республикамыздың Қазынашылық жүйесі
–Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінен бюджеттің орындалуымен орындалуын
бақылау, есебі мен есептілігін алу және қаржы ресурстарын басқаруды
жетілдіру мен бюджеттің орындауына бақылау жасау мақсатында жарық
көрген.№1526-шы Жарлығымен Қаржы Министрлігі жанындағы Қазыншылықтың Бас
басқармасы болып құрылып, бастау алды.Ал облысымызда 1995 жылдың 4-
сәуірінде Қызылорда облыстық Қазынашылық Басқармасы құрылды. Алғашқы
кезеңде басқармада жеті адам және әр ауданда бір адамнан өкілі
болса,Қызылорда қалалық Қазынашылық бөлімінде төрта адам жұмыс істеді.
Олардың негізгі жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын отызға
тарта мекемедегі, республикалық бюджет қаражатының мақсатты пайдалануын
қадағалау үшін төлемгерлермен Ұлттық банктің есеп-айырысу касса
орталықтарына төлем құжаттарын ұсынуының алдында , оларға қазынашылық
рұқсат беріп отырды. Қазынашылық басқармасының басты міндеті респуликалық
бюджеттің жергілікті жерлерде тиімді пайдалануына бақылау жасау, бюджеттің
кассалық орындалу есебін жүргізу болады.
1995 жылдың қазан айына дейін, республикалық бюджеттің кассалық
орындалуы мен Ұлттық банкі атқарып келді.
Бюджеттік жүйенің бұл міндетін, мемлкеттік
басқарудың бір органына біріктіру мақсаты мен республика Президенті 1995
жылғы 13-ші қазандағы №2451 жарлығымен, Ұлттық банктің кассалық-есептеу
орталықтарын Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылықтың Бас басқрамасы
негізінде құрылған Қаржы министрлігінің жанындағы Қазынашылыққа берді.
1 сурет Қазынашылық
Ескерту- М.Өтебаев Мемлекеттік бюджет2006ж
Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 1996 жылдың 6-шы ақпанындағы қаулысымен
Ұлттық Банктің есеп –айырысу касса орталықтары негізінде
Республикалық Бюджет банк ұйымдастырылды. Қазынашылықтың тиісті
инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында- Бюджет банктің қызмет жасауына және
Республикамыздың бюджетінің кірістері мен шығыстарының жаңа бюджеттік
сыныптамасын ендіруге Халықаралық Жаңығырту және Даму Банкісі Қазақстан
Республикасы Үкіметіне техникалық көмекке бөлінуі сәйкес – Қазақстанның
Банктік Автоматтандырылған Жүйесі бағдарламалық кешені жасалды. Осы
орайда мемлекет ақша ағымдарын басқаруды жақсарту мақсатында 1996 жылдың 7-
ші тамызында Қазақстан Респуликасы Үкіметі "Мемлекеттік шығыстарды
басқарудың тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі жанындағы Қазынашылықтың қызметін жандандыру жайлы" қаулысын
қабылдады. Осыған сәйкес 1996 жылдың 1-қыркүйегінен бастап Облыстық
Қазынашылық басқармасында Ұлттық банкпен қатар республикалық бюджеттің
кірісінің аналитикалық есебін жүргізу және жалпы мемлкеттік салықтардан
республикалық және жергілікті бюджеттерге аударымдардың дұрыстығын тексеру
жұмыстарын атқара бастады. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
мемлекеттің мекемелердің бюджет қаражатын мақсатты жұмсауына бақылау
жасалады. Осыған сәйкес Ұлттық банк , кейіннен Бюджет банк банктік
құжаттарда Қазынашылықтың рұқсат қолы қойылған жайғдайда ғана нақты ақша
бөлуді және төлемдерді орындайды.
Қазақстанның Банктік
Автоматтандырылған Жүйесі бағдарламалық кешені енгізіліп, жаңа бюджеттік
сыныптама жұмыс жасаған күннен бастап , жалпы мемлекеттік салықтарды Салық
органы орталықтандырылған шот арқылы республикалық және жергілікті
бюджеттерге бөлудің жаңа тәртібі қолға алынды.Сөйтіп бұрынғы Кеңес Одағы
аумағында 70 жыл қалыптасып қалған жүйені түпкілікті өзгертуге қол
жеткізілді.
1997 жылдың мамыр айында Республиканың
бюджеттік жүйесін реформалаудың кезекті кезеңі –Жергілікті бюджетті
сыныптамаға өткізу , Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен
бекітілген кестеге сәйкес атқарылып , жаңа бюджеттік сыныптаманы енгізу,
бюджеттің кірісі мен шығысын басқаруда орасан жаңалықтар алып келді. Атап
айтқанда , бұған дейін Салық комитетінің органдары кірісті есептеу үшін
бірнеше есеп-шоттардың жазылымдары мен көп мөлшердегі қосымша құжаттарды
алатын болса, енді барлық салық түрлері бойынша жіктелінген түсімдердің
ортақ жинақталған ықшам күнделікті және айлық үлгілерін алатын болды. Бұл
өзгеріс қаржы орагдарының түскен қаржыны әрі қарай шығыстануына қажетті
мәліметтерді уақытылы , толық және қаражат қалдықтары туралы мағлұматтарды
күнделікті алуына жағдай жасады. Бюджеттің кассалық орындалуы барасында
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қызмет көрсеткен кезде жергілікті
қаржы органдары мекемелерімен пайдаланылмаған қаражаттардың қалдықтары
туралы және жергілікті бюджеттердің есеп-шоттарындағы қаражат қалдықтары
туралы ақпараттары мен айдың соңына ғана қамтамасыз етілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 6-наурызындағы №207
қаулысымен қазынашылық Департаменті болып қайта құрылды.
2000 жылдың 1-қаңтарынан Қаржы
бақылау комитетінің құрылуына байланысты Қазынашылық Комиеті құрамынан
бақылау тексеру қызметі алынды.Бюджет жүйесін реформалаудың оң нәтижесінде
Респуликамыздың Қазынашылық жүйесі- қазіргі таңда өз құзірі шегінде арнайы
атқарушы және бақылау-қадағалау қызметін атқаратын , республикалық
бюджеттің орындалуымен атқарылуын, мемлкеттік бюджетке , мемлкеттік
мекемелерге кассалық – есеп айрысу қызметін көрсетуді және де мемлкеттік
бюджеттің мақсатты жұмсалуына алдын –ала және ағымды тексеру жүргізуді
сала аралық үйлестіруші мекеме болып табылады.Оған дәлел, облысымызда
Қазынашылық басқармасы салық органдарын күнделікті жалпы облыс, аудан
бойынша барлық түскен табыс түрлері мен бюджеттік сыныптаманың кіріс
кодтары бойынша әзірленген ақпараттар үлгісімен қамтамасыз етеді және Қаржы
органдарының бюджеттік сыныптаманың шығыс кодтары бойынша жергілікті
бюджет қаржысының бас таратушысы ретінде , ерекешеліктер құрылымы және
кредит таратушылар бойынша облыс бойынша бюджет қаражатының нақтылай
қалдықтары туралы күнделікті мәліметтер мен қамтамасыз етіп
отыр.Қазынашылықтағы жұмыстың ең күрделілігі сол –мемлекеттік бюджет
кірістерінің түрлері мен шығыстарының Қаржы министрлігі бекіткен бюджет
сыныптамасын әрбір ерекшеліктері бойынша дұрыс түсім, жұмсалуын қадағалап,
оның есебін жасап, облыстың кіріс мен шығысының балансын Қаржы
министрлігінің Қазынашылық комитетіне күнделікті, уақытылы берілуінде.
1.2 Облыстық Қазынашылық басқармасын ұйымдастыру
Қазынашылық жүйесінің қалыптасу реформа талабынан туындаған
қажеттілік.Сол себепті болар Республика Президентінің Жарлығымен 1994
жылдың қаңтар айының 27-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігінің Қазынашылығы құрылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің 1995 жылғы
сәірінде Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасы құрылды. Бастапқы құрамы
жеті адам төрт бөлімде қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 30 қазанындағы №1466 қаулысына сәйкес Бюджеттік Банк
таратылып, 2000 жылы 1-қаңтарда Қазынашылық басқармасына 113 адам
косылды.Сонымен қатар республика Үкіметінің 3986 жарлығына сәйкес 2000
жылдың 30 маусымында Валюталық қаржыландырудың бақылау комитеті таратылып,
қазынашылық басқармасына 67 адам қосылды. 2000 жылдан бері қазынашылықта
барлығы 246 адам жұмыс істеуде.
Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасы республикалық бюджетті
атқару,мемлекеттік бюджетпен мемлекеттік қаражаттарға есептік-кассалық
қызмет көрсету жөнінде арнайы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган
болып табылыды.Қазынашылық өзінің қызметін Қазақстан Республикасы
Конституциясының,заңдарын,Республик а Президенті мен Үкіметінің
актілерін,өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа
алады.Қазынашылық заңды тұлға болып табылады:
Оның банктік шоттары,мемлекетік тілде жазылған атауы,Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі мен бланкілері
бар.Сонымен бірге қазынашылық департаменті және оның аймақтық органдары
заңдарда белгіленген тәртіппен теңгемен және шетелдік валютамен банктік
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырады. Қазынашылықты және
оның аймақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру
республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және
қызметінен босататын деректір басқарады.
Қазынашылық директорының үш
орынбасары болады,оларды қазынашылық директорының ұсынуымен,Қаржы Министрі
тағайындайды және қызметінен босатады.
Қазынашылық директоры:
-қазынашылық жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
-қазынашылыққа жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты
болады;
-директор орынбасарлар мен қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелер
басшыларының өкілеттіліктерін белгілейді;
-қазынашылық құзіреті шегіндегі аймақтық органдар мен
қазынашылықтың орталық аппараты қызметкерлеріне орындауға міндетті
нормативтік құқықықтық актілер мен бұйрықтар шығарады;
-қазынашылық қызметіне қатысты басқада мәселелер
бойынша шешімдер қабылдайды;
Қазынашылықтың орталық аппаратының қызметкерлері Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрі бекіткен Қаржы Министрлігі жүйесі органдары
қызметкерлерінің қызметтік номенклатурасына сәйкес қызметтеріне
тағайындалады, ауыстырылады және қызметтерінен босатылады. Қазынашылық
органдарының қызметкерлері Қ азақстан Республикасының заңдары мен
нормативтік актілерін қатаң сақтауға, мемлекеттік және коммерциялық құпия
болып табылатын мәліметтерді белгіленген тәртіпте құпияда сақтауға
міндетті. Өз жұмысында қазынашылықтың аймақтық органдары жергілікті
өкілетті және атқарушы органдар мен бюджеттер түрлері арасындағы өзара есеп-
айрысу мәселелері бойынша және жұмыс процесінде бюджет жүйесі жағдайы
туралы қажетті мәліметтерді жинақтау жөнінде өзара іс-қимыл жасайды.
2 сурет Қаржы министрлігінің негізгі функциялары
•

3 сурет Бюджеттік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде қазынашылықтың
құқықтары
•
Ескерту-М.Өтебаев Мемлекеттік бюджет2006ж
Қазынашылық дүркін-дүркін Қаржы Министріне республикалық бюджеттің
атқарылуы туралы мәлімет береді.
Аймақтық қазынашылық органдары жұмысының ревизяларын жоғары тұрғанорган екі
жылда бір реттен аз емес дүркінділікпен ,сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдылығына сәйкес басқада да органдар жүргізеді.
Қазынашылықтың негізгі міндеттері Республикалық бюджеттің кассалық
атқарылуын ұйымдастыру мен бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкімен оның бөлімшелерінде, касса бірлігі принципі бойынша ашылған
қазынашылық шоттарындағы қаражаттарды басқару, салықтарды республикалық
және жергілікті бюджеттер бойынша бөлу және бұл бюджеттер арасында өзара
есеп-айырысуды ұйымдастыру. Бюджеттік несиелендіру және бюджеттік несиелер
қайтарымын қамтамасыз ету; мемлекеттік қаржы ресурстарын болжау;
республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөнінде бухгалтерлік
есеппен есеп беруді белгілеген тәртіпте ұйымдастыру болып табылады.
Жүктелген міндеттерге сәйкес қазынашылық мынадай
функцияларды орындайды:
- республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
-республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын
мекемелердің есебі мен есептік кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
- республикалық және жергілікті
бюджеттер арасында салықтарды бөледі және оларды әртүрлі деңгейдегі
бюджеттерді есепке алады;
-өзара есеп-айырысулар мен бюджеттік несиелердің республикалық және
жергілікті бюджеттер арасындағы есебін жүргізеді;
-республикалық бюджет кірістері мен шығыстарын және басқа қазақстан
республикасы үкіметі қарауындағы басқада орталықтандырылған қаржы
ресурстарын басқарады, банктегі қазынашылық шоттарындағы қаражаттар мен
опрерациялар жүргізеді;
-бюджет есебінен ұсталатын мекемелердің бюджеттік шоттары бойынша кассалық
шығындар есебін қаматамасыз етеді;
-республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мекемелер
тапсырамсы бойынша есеп-айырысу мен ақша аударымын жүзеге асырады;
- клирингтік операцияларды жүзеге асырады;
- екінші деңгейдегі банктер арқылы республикалық және жергілікті бюджет
есебінен ұсталатын ұйымдарды нақты ақшамен қаматамысз етуді ұйымдастырады;
-республикалық бюджеттің атқарылуы жөнінде бухгалтерлік есеппен есеп
берудің тәртібін белгілейді және жүргізетін ұйымдар өткізетін ұйым
құжаттарын алдын –ала бақылау жасайды;
-бюджет жүйесінде бухгалтерлік есеппен ішкі аудитті жүзеге асырудың
әдістемесін, нормативтік құқықтық актілерді жасайды және жүзеге асырады; -
бюджет қаражаттарын алатын кәсіпорындар мен ұйымдар орындауға міндетті,
қазынашылық құзіреті шегіндегі мәселелер бойынша есеп беру тәртібін
белгілейді;
-зайымдық капитал нарығының мониторингін жүргізеді, оларды мемлекеттік
борыштық міндеттемелерді орналастыру мен, мемлекеттік борышты басқару мен
және өтеумен, оған қызмет көрсету мен мемлекеттік зайымдар және мемлекеттік
кепілдіктерді тіркеумен айналысады;
-алғашқы және екінші реттік нарықтарда бағалы металдар мен және тастар мен
операциялар жүргізеді, сондай-ақ үкіметтік бюджеттік резерв есебін
жүргізеді;
-бюджеттік несиелер ссудалар беруді жоспарлайды, ұйымдастырады және
мемлекеттік пен бюджеттік несиелер бойынша несие портфелін талдайды;
-шаруашылық субьектілеріне берілген мемелкеттік несиелер қайтарымын
қаматамасыз ету жөнінде шараларды жүзеге асырады;
-республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі мәлімет береді;
- қазынашылыққа қатысты мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен заңдылық
және басқа да нормативтік актілер жобаларының дайындығын жүзеге асырады;
- қазынашылықтық аймақтық органдар жұмысын талдайды және оны жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасайды, олардың қызметін тексереді және анықталған
жетіспеушіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.
Бюджеттік тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде қазынашылықтың келесі
құқықтары бар:
Қазақстан республикасының Ұлттық банкімен оның облыстық бөлімшелерінде
теңгелік және валютасы мен, бірыңғай қазынашылық шотымен банк шоттарын
иемдену;
- Мнинистрліктер , мемлекеттік комитеттер мен басқа да атқарушы органда
да басқа ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне
сәйкес қаржы ресурстарын аудару мен пайдалануға байланысты
ақшалай құжаттарды тексеру;
- Бюджеттен бөлінген қаражаттар заңсыз және мақсатына сәйкессіз
пайдаланылған жайғдайда , сондай –ақ жұмсалған қаражаттар бойынша
есептерді өткізбеген жағдайда мекемелерді бюджеттен қаржыландыруды
тоқтатуғы, бюджетке қаражаттарды қайтып алу;
- Тиісті заңдылыққа сәйкес әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша мәселелер
қарау;
Қазынашылық басқармасының лауазымды тұлғалары өздеріне жүктелген
міндеттерді жүзеге асыру кезіндегі алынған ақпараттарды тек қызмет
мақсаттарында пайдалануға міндетті. Өз міндеттерін орындамағаны және
мемлекеттік және коммерциялық құпиялардың сақталуы қамтамасыз етпегені үшін
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
1.3Жергілікті бюджетті басқару деңгейлері
Бюджет – қандай да құрылымның іргетасы , әрі халық дәулетінің
қайнар көзі. Оны қалыптастыру және пайдалана білу шеберлік пен іскерлікті
қажет ететіні белгілі.Халықтың ортақ қазынасы болып табылатын – бюджетке
қаржы түсіру экономикақазіргідей қаз тұрып келе жатқанда қаншалықты қиын
болса, түскен қаржыны білікті жаратып, оны ұқсата білу одан да қиын.
Соған сәйкес бюджет
қаражаттарынжұмсаудың басты бағыттары жасалып, оның мақсатқа сай және
тиімді пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру қажет. Жергілікті бюджетті
басқару және атқару негізінен Қаржы Министрлігіне, Аумақтың Қазынашылық
органына, қаржы органдары мен салық органына жүктеледі.Нарықтық
экономика жағдайында жергілікті қаржылар мемлекеттік қаржы жүйесінің
маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ал мемлекеттік қаржыны Қаржы
Министрлігі басқарады. Қаржы Министрлігі қаржыны жедел басқару, қаржыны
жоспарлау мен халық шаруашылығын қаржыландыруды, мемлекеттік бюджет, салық
саясаты және салық салу жүйесін жетілдірудің экономикалық негіздемесін
әзірлеуге қатысады, республикалық және жергілікті қазына қаражаттарының
мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуына қаржылық бақылау жүзеге
асырылады.
Қаржы Министрлігі қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, халық
шаруашылығында жинақтарды және ұлттық табысты өсіру мақсатында қаржыны
ұтымды пайдалану негізінде мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады. Қаржы
Министрлігінің қаржы саясатын жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттері
мыналар болып табылады:
мемлекеттік қаржыларды басқару;
мемлекеттік қаржылық және бюджеттік саясатын әзірлеу;
жоспарлаудың экономикалық әдістерін пайдалана отырып, республикалық және
жергілікті бюджеттің жобасын қалыптастыру;
қаржылық және бюджеттік жоспарлаудың және реттеудің әдістерін жетілдіру;
мемлекеттік қаржы тәртібінің сақталуына бақылауды ұйымдастыру;
қаржы заңдарының жобаларын жасайды, мемлекеттің кәсіпорындармен және
ұйымдармен жүргізетін қаржы қатынастарының формаларын жетілдіру;
заңдарда көзделген өзге де міндеттер.
Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қаржы миним\стрлігі мынадай негізгі
функцияларды атқарады:
басқа мемлекеттік органдар мен өзара бірлескен іс-әрекетке мемлекеттің
индикативтік жоспарларының, жиынтық қаржы балансының жобаларын әзірлеуге,
ақша айналысын нығайту және ұлттық валюталық тұрақтандыру жөніндегі
шараларды әзірлеуге қатысады;
мемлекеттік қаржы ресурстарын басқаруға қатысады және бюджет шығыстарын
ұтымды ету жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
Үкіметке әкімшілік-аумақтық бөліністердің бюджеттерімен өзара қарым-
қатынастарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
қаржы заңдарының қолдану тәжірибесін қорытады, оны жетілдіру жөнінде
ұсыныстар әзірлейді, өз құзіретіне жататын заң, нормативтік-құқықтық
актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;
заңдарда көзделген өзге де функцияларды орындайды.
4 сурет Қазынашылық комитетінің негізгі міндеттері
Ескерту
-М.Өтебаев Мемлекеттік бюджет2006ж
Сонымен қатар Қаржы Министрлігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-бюджет
саясатын, сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қаржы-бюджет саясатын,
қаржылық бақылауды жүзеге асыруға қатысты сан алуан функцияларды орындайды
және министрліктің өзіне мемлекеттік қаржы-бюджет саясатын жүзеге асыру
бойынша жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қаржылық баңдарламалар мен
шаралар жүргізуге құқығы бар.
Экономиканы бір орталықтан жоспарлаудың бұрынғы жүйесі күйрегеннен
кейін Қаржы Министрлігінде де, Ұлттық Банкте де мемлекеттік қазынаны
басқаратын ұйымдық құрылым болмады. Мұндай міндеттер жүктелген коммерциялық
банктер бұл жұмысты тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмады. Соның
нәтижесінде республикалық бюджет тәртібі нашарлады, қаржының жұмсалуын
қадағалау төмендеп кетті де, қазынаға деген жауапсыздық пен жүгенсіздікті
тудырды. Бюджеттің орындалуы туралы объективті, жедел ақпараттардың жоқтығы
бюджет қаржысын неғұрлым ұтымды пайдалануға кедергі жасады. Осыған
байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 30 маусымындағы
Мемлекеттік басқару органдарын одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар
туралы жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қаржы
бақылау комитеті таратылып, оның негізгі қызметі Қазынашылық Департаментіне
берілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 8 қазанындағы №1028
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Қазынашылық Департаменті туралы Ереже).
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті
республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету,
мемлекеттік бюджеттің мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет
көрсету және мемлекеттік бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына
бақылау жасау жөнінде салааралық үйлестіруді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Қаржы Министрлігі құзіретінің шегінде арнайы атқарушылық және
бақылау-қадағалау функияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қазынашылықтың облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында
аумақтық органдары бар.
Қазынашылық комитетінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
салықтар мен алымдарды, басқа да міндетті төлемдерді республикалық бюджет
пен жергілікті бюджеттер арасында бөлу және оларды әртүрлі деңгейдегі
бюджетке есептеу;
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп
айырысулар жүргізу;
мемлекеттік бюджет пен қаражаттарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді
ұйымдастыру;
Қазынашылықтың Ұлттық Банкісінде және оның филиалдарында ашылған
шоттарындағы ақшаны кассаның бірыңғай болуы принципіне сүйене отырып
басқару;
мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген борыштарды Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес басқару;
бухгалтерлік есепті және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы
есептілікті жүзеге асыру және белгіленген тәртіппен есепті ұсыну;
мемлекеттік қаржы ресурстарын тиімді, жедел басқару және оларды шебер
пайдалану мақсатында осы ресурстардың мөлшерін болжау;
жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен
жинау, өңдеу және ұсыну, оны жедел басқаруға пайдалану және басқалары.
Қазынашылықтың аумақтық органдары өздерінің жұмысында бюджет
түрлері арасында өзара есеп айырысу мәселелері бойынша және бюджет
жүйесінің жай-күйі туарлы қажетті ақпар жинау ісінің барысында жергілікті
өкілді және атқару органдарымен бірлесіп іс-қимыл жасайды.
Қаржы Министрлігі жүйесінде көбіне қаржыны жедел (оперативтік)
басқару жөніндегі жұмыстарды жергілікті қаржы органдары жүргізеді. Яғни,
олар жергілікті бюджеттерді болжау, жоспарлау, жасау және орындаумен
шұғылданады. Қаржы органдары өз қызметін Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Заңдарына, нормативтік-құқықтық актілерге, облыс, аудан,
қала әкімдерінің шешімдеріне, нұсқаулары мен басқа да лайықты заңдарына
сәйкес жүзеге асырады.
Қаржы органдары заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай қызметтерді
жүзеге асырады:
мемлекеттік қаржыларды және мемлекеттік меншікті басқару саласында
мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдылықтарын айқындатуға қатысу;
аумақтық салық органдарымен бірлесе отырып, жергілікті бюджеттің кірістерін
болжау;
жергілікті бюджеттің атқарылуына алдын-ала бақылау жасау;
жергілікті бюджет қаражаттарын ұтымды және мақсатқа сай пайдаланылуын
қамтамасыз ету, оларға талдау жасау;
әкімшілік-аумақтық бюджеттің жобасын құрайды, есептеулер жасайды және
облыстың қаржы басқармасымен тиісті қаржы жылында түсетін түсім көлемін,
жергілікті бюджеттік бағдарламалардың аса маңызды шығыстарының ең төменгі
көлемін және қала, аудан бюджеттерінің қарыз алу лимитін келіседі;
өз құзіретінің шегінде жергілікті бюджетті қалыптастыру және атқарудағы
жұмыстарды ұйымдастыру, басқа деңгейдегі бюджеттермен қарым-қатынасты
қалыптастыру;
мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін жетілдіру туралы ұсыныстар
жасау;
қала мәслихаттарының іс-жоспарына сәйкес және қала әкімінің тапсырмасына
сәйкес жергілікті бюджеттің құралуына және атқарылуына ревизия және тексеру
жүргізу;
белгіленген тәртіпте тиесілі жоғарғы атқарушы және өкілетті органдарға
бюджеттің атқарылуы туралы ай сайын есеп беріп тұру.
Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді
жұмылдыруда, заңды және жеке тұлғалардың оларды бюджетке дұрыс, уақтылы
аударып отыруына бақылауды жүзеге асыруда салық органдары маңызды рөл
атқарады.
Жергілікті салық органдары өзіндік бекітілген ережелер бойынша
қызмет атқарады. Облыстық салық комитеті мемлекеттік орган болып табылады.
Ол бюджетке қаражаттардың түсуін қарастыратын салық заңдарымен, басқа да
заң актілері негізінде бюджетке түсімдердің және мемлекет алдындағы
қаржылық міндеттемелерінің толық әрі уақтылы түсуіне жауапты болады.
Алдына қойған мақсаттарға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру
барысында салық органдарына мынадай міндеттер жүктелген:
салық төлеушілердің және салық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz