Қылмыстық құрамдардың түрлері



1 Қылмыстық құрамдардың сипаттамасы
2 Күрделі құрамдар қылмыстың субьективтік жағының міндетті белгісі
3 Материалдық құрамдардың түрлері
Қылмыстық құрамдардың сипаттамасына назар аудара отырып, олар-дың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болатындығын байқауға болады. Елеулі айырмашылықтар құрамдар белгілерінің көлемінде, белгілердің қоғамға қауіптілігінің дәрежелерінде, сонымен қатар қылмысты іс-әрекеттің аяқталу кезеңін білдіртін белгілерде кездеседі.
Қылмысты квалификациялау кезінде қолданылып отырған Ерекше бөлім нормаларының немесе оның бөлімдерінің қандай қылмыстық құрам түріне жататындығын білу қажет. Өйткені осы жағдайларға қарай да қылмыс негізгі немесе ауырлататын құрам ретінде бағаланады, не-месе Жалпы бөлім нормаларына сілтеме жасау, жасамау мәселесі шешілді.
Қылмыстық құрамдарды қылмыстық құқықта сипатталуына қарай жай және күрделі құрамдарға бөледі. Демек, қылмыстық құрамдар қылмысты сипаттайтын белгілер көлеміне қарай бірдей бола бермейді. Кейбір қылмыс құрамдары бір негізгі белгінің болуы бойынша ғана сипатталса, ал кейбір құрамдарда оның элементтері бір неше белгінің бар болуымен немесе көрсетілген белгілердің біреуінің іс-әрекетте болуымен анықталады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
§4. Қылмыстық құрамдардың түрлері

Қылмыстық құрамдардың сипаттамасына назар аудара отырып, олар-дың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болатындығын байқауға болады. Елеулі айырмашылықтар құрамдар белгілерінің көлемінде, белгілердің қоғамға қауіптілігінің дәрежелерінде, сонымен қатар қылмысты іс-әрекеттің аяқталу кезеңін білдіртін белгілерде кездеседі.

Қылмысты квалификациялау кезінде қолданылып отырған Ерекше бөлім нормаларының немесе оның бөлімдерінің қандай қылмыстық құрам түріне жататындығын білу қажет. Өйткені осы жағдайларға қарай да қылмыс негізгі немесе ауырлататын құрам ретінде бағаланады, не-месе Жалпы бөлім нормаларына сілтеме жасау, жасамау мәселесі шешілді.

Қылмыстық құрамдарды қылмыстық құқықта сипатталуына қарай жай және күрделі құрамдарға бөледі. Демек, қылмыстық құрамдар қылмысты сипаттайтын белгілер көлеміне қарай бірдей бола бермейді. Кейбір қылмыс құрамдары бір негізгі белгінің болуы бойынша ғана сипатталса, ал кейбір құрамдарда оның элементтері бір неше белгінің бар болуымен немесе көрсетілген белгілердің біреуінің іс-әрекетте болуымен анықталады. Қылмыстық құрамның жай түрі дегеніміз, қылмысты сипаттайтын құрам элементтерінің бір белгіден, яғни бір обьектіден, обьективтік жағы бойынша бір іс-әрекеттен немесе бір зардап түрінен, субьективтік жағы бойынша бір кінә түрінен тү_руы болып табылады. Жай құрамдарда құрам элемент-терін сипаттайтын белгілер бір неше балама белгілерді немесе белгілер жиынтығын білдірмеуі керек. Мысалы: 175 баптың 1 бөлімінде қарастырылған ұрлық қылмысы жай құрам түріне жатады. Бұл қылмыстың обьектісі біреу, ол бөтеннің меншігі, обьективтік жағы бойынша бір әрекеттен тұрады, ол бөтеннің мүлкін жасырын түрде және қай-тарусыз алу, зардаптың түрі материладық сипаттағы мүліктік зардап-тар, кінә нысаны тікелей қасақаналық, субьектісі 14 жасқа толған, есі дұрыс кез- келген адам.

Бір ескерте кететін жайт, ол қылмыс түрі бір ғана құрам түріне бар-лық кезде жата бермейді. Бұдан бұрынғы бөлімдерде айтып кеткен-дей, бір қылмыс бірнеше құрамдарға бір баптың көлемінде бөлінуі мүмкін. Мысалы ұрлық қылмысын қарастыратын 175 баптың 3 бөлімінің б пунктіндегі ірі мөлшердегі ұрлықтан басқа құрамдардың барлығы жай емес, күрделі құрамдарды білдіреді. Себебі осы баптың екінші бөлімінде келтірілген адамдар тобының алдын - ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет жасалған ұрлықтар қылмыстың обьективтік жа-ғының белгілерін күрделендіреді.

Күрделі құрамдар дегеніміз, қылмысты сипаттайтын қү_рам элементтері белгілерінің бірнеше белгілерден құралуы немесе балама түрде бейнеленуі болып табылады. Күрделі құрамдарда қылмыстың обьектісі бір нешеу, яғни қос обьектілі (мысалы 241 бап-тағы жаппай тәртіпсіздіктің обьектілері қоғам қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп) немесе негізгі және балама обьектілі болып сипатталуы мүмкін. Мысалы Бандитизм қылмысының негізгі обьектісі қоғамның қауіпсіздігі болса, ал балама обьектілері ретінде бөтеннің меншігі, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке бостандығы т.б бола алады. Сол сияқ-ты күрделі құрамдарға қылмыстық обьективтік жағы бойынша балама түрде бірнеше іс-әрекеттерден тұратын қылмыстар жатады. Қылмыс сол баптың диспозициясында келтірілген бір әрекеттің немесе бір әрекеттің мағынасын ашу кезінде қолданылатын белгілердің болуымен анықта-лады. Бір әрекеттің мағынасын ашу кезінде қолданылатын белгілер деп отырған себебіміз, кейбір күрделі құрамдарда обьективтік жақтың белгісі норма диспозициясында бір белгі түрінде көрсетілгенмен, ол белгінің көріністерін білдіретін әртүрлі әрекеттер болады, олар заңда көрсетіл-меуі мүмкін. Мысалы 308 баптағы билікті асыра пайдалану қылмысын сипаттауда өкілеттік шегінен көріну асып кететін деген белгі қолда-нылады. Көріну асып кететін әрекеттердің нысандары ретінде:

- лауазымды адамның өзінен жоғары ведомстволық әрекетті жасауы;

- лауазымды адамның басқа ведомоствоның өкілеттігіндегі әрекетті орындауы;

алқа түрінде шешілетін мәселені жеке шешуі

ерекше жағдайларда ғана берілетін құқықтарды пайдалануы;

- еш бір жағдайда құқығы жоқ әрекеттерді жасауы (мысалы қызметшіні ұру, қорлау т.б)

Осы тәріздес көпшілік қылмыстар материалдық зардаптың келуі түрінде анықталатындықтан, зардаптың түрін, көлемін сипаттауда бірне-ше зардап түрлері құрам белгісі ретінде келтірілуі мүмкін. Мысалы, 282 бап. Атмосфераны ластау.

Күрделі құрамдар қылмыстың субьективтік жағының міндетті белгісі болып табылатын кінәні екі нысанда, яғни қасақаналықтың немесе абай-сыздықтың бірінің болуымен, сондай-ақ кінәнің аралас нысаны түрінде де кездеседі. Мысалы 179 баптың 3 бөлімінің б пункті бойынша ква-лификацияланатын абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келті-румен немесе жәбірленушінің өліміне соқтырған қарақшылық.

Күрделі құрамдарда қылмыстың субьектілері де жауаптылық жасы-на толу, есі дұрыстық тәрізді қарапайым белгілермен ғана емес, соны-мен бірге жалпы және арнайы субьектілер түрінде анықталады. Мысалы, 190 бап. Заңсыз кэсэпкерлік.

Бір ескерте кететін жайт, ол күрделі құрамдарда төрт құрам эле-ментінің де белгілері күрделіленіп тұруы шарт емес. Күрделі құрам деп айту үшін құрам элементтерінің кем дегенде біреуі сипатталуы бойынша күрделіленіп тұрса жеткілікті.

Қылмыстық қү_рамдар іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәре-желеріне қарай негізгі, ауырлататын және жеңілдететін құрамда-рға бөлінеді. Негізгі құрамдар іс-әрекеттің қауіптілігін жеңілдетпейтін де, аса ауырлатпайтын да белгілерден құралады. Мұндай құрамдар көбінесе Ерекше бөлім баптарының бірінші бөлімдерінде келтіріледі. Мысалы 175 бап 1 бөлімі, жай ұрлық; 177 бап 1 бөлімі жай алаяқтық, сол сияқты 178 баптың 1 бөлімі, 179 баптың 1 бөлімі, 96 баптың 1 бөлімі, 120 баптың 1 бөлімі т.б.

Негізгі құрамдарды анықтауды барлық кезде қылмыстың ауырлық санаттарымен байланыстырып анықтауға болмайды. Қылмыстың ауыр-лық санаттарын ауыр емес, орташа ауыр, ауыр және аса ауыр қылмыстар деп төртке бөлгенмен негізгі құрамға жататын қылмыстар ауыр емес те (мысалы 129 баптың 1 бөлімі-жала жабу) ауырлығы орташа да, ауыр

(мысалы жай кісі өлтіру-96 баптың 1 бөлімі) аса ауыр да болуы мүмкін. Негізгі құрамы бар ауыр қылмыстардың, әдетте сол баптың басқа бөлімдерінде ауырлататын немесе аса ауырлататын құрамдары кездеседі.

Қылмыстың қоғамға қауіптілігін ауырлататын құрамдар көпшілік жағдайда баптың кейінгі бөлімінде келтіріледі. Бұл құрам-дардың негізгі құрамдармен салыстырғанда ауырлатушы обьективтік немесе субьективтік белгілері диспозицияда тікелей көрсетіледі. Ауыр-лататын құрамдардың белгілері бұдан бұрынғы бөлімдерде айтқаны-мыздай, қылмыстың обьектісінің көлеміне, іс-әрекеттің белсенділігіне, зардаптың түрі мен көлеміне, қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралына, ниеті мен мақсатының немесе қылмыс субьекті-лерінің түріне, сондай-ақ Қ.К. 54 бабында келтірілген белгілердің тіке-лей көрсетілуіне қарай ауырлатады. Мұндай ауырлатушы белгілер сол құрамның белгісі ретінде заңда тікелей көрсетілгенде, бұл белгілер міндетті белгі ретінде бағаланып, қылмыс осы белгісіне қарай квалификацияланады.

Ауырлататын құрамдарда қоғамға қауіптілікті ауырлатушы белгілер заңда тікелей көрсетілгенмен, ол жасалған қылмыстың немесе оны жа-саған адамның кінәсін барлық кезде ауырлатпауы да мүмкін. Анығы-рақ айтқанда заң бойынша аса ауыр деп бағаланатын қылмысты кінәні жеңілдететін белгілері бар адам да жасауы мүмкін. Мысалы аса ауыр-лататын кісі өлтірудің түрлерін немесе бандитизм қылмысын жасаған адамда ҚК 53 бабында қарастырылған жеңілдететін белгілер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қылмысты квалификациялау өзгермейді, іс-әрекет ауыр қылмыс құрамы түрінде квалификациялана береді, қылмыс құрамында немесе баптың диспозициясында тікелей көрсетілмеген белгі квалификация жүргізуде қолданылмайды. Бірақ жасалған қылмыстағы жеңілдетуші белгі жаза тағайындау кезінде ескеріледі.

Жеңілдететін қылмыстық құрамдарда кінәні немесе қоғамға қауіптілікті жеңілдететін белгілер қылмыстың атауында немесе баптың диспозициясында тікелей аталады және қылмыс құрамын жеңілдетіп тұрған белгі міндетті белгінің ролін атқарады. Яғни іс-әрекетте кінәні жеңілдетуші осы белгі болмаса, онда іс-әрекет осы қылмыс құрамы ретінде квалификацияланбайды. Мысалы іс-әрекетті қажетті қорғану шегінен шығу жағдайындағы кісі өлтірушілік деп бағалап, 99 баппен квалификация жасау үшін жасалған кісі өлтіру әрекетінде қажетті қор-ғану және оның шегінен шығу белгісі болуы керек. Бұл белгі болмаса, онда жеңілдететін құрам ретінде бағаланбайды.

Қылмыстық құрамдар қүрылымның ерекшелігіне немесе қылмыстың аяқталу белгілеріне қарай формальдық, материалдық және келте (қысқартылған) құрамдарға бөлінеді.

Мұндай құрамдардың заңда өмір сүру себебі, ол іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің қылмыс деп бағалауға болатындай дәрежеге жетуіне және осының негізінде қылмыстық-құқықтық шектеу қою моментімен байланысты болып табылады. Яғни әрбір қылмыс құрамының аяқталу мо-ментінде қылмыс жасалды, оның қауіптілігі қоғамға үрей туғызды не-месе заңмен қорғалатын обьектіге зиян келді деп бағалауға болатындай қауіпті іс-әрекеттер бар.

Материалдық құрамдар ретінде қылмыстың аяқталу кезеңі туындауы мүмкін зардаптардың пайда болуымен анықталатын құрамдар танылады. Кейбір қылмыстар табиғатынан заңмен қорға-латын обьектілерге белгілі бір зардаптар келтірумен ерекшіленеді. Материалдық құрамдардағы зардаптар бөтеннің меншігіне мүліктік, денсаулыққа ауыр, орташа және жеңіл дәрежелі, адам өміріне зардап-тар келтіру түрінде бола алады. Материалдық құрамдарда қылмыс құра-мының міндетті белгісінің бірі материалдық зардаптар болып табылады және бұл белгі қылмыстың обьективтік жағының бір белгісі ретінде анықталады.

Материалдық құрамдардың түрлері ретінде адамның өмірі мен ден-саулығына, бөтеннің меншігіне қарсы көптеген қылмыстар, сондай-ақ қылмыстық заңның өзге тарауларындағы қылмыстың аяқталу кезеңі үшін белгілі бір мүліктік немесе физиологиялық зардаптардың келуі міндетті деп танылған қылмыс түрлері жатады. Мұндай құрамдар зар-даптар туындағанда емес, ол зардаптар туындамаса да материалдық түрін жоғалтпайды. Тек мұндай кезде қылмыстық іс-әрекет аяқталмаған қылмыс ретінде бағаланады. Материалдық құрамдарда нақты зардап-тың түрлері мен көлемі міндетті белгі ретінде қарастырылатындықтан, олардың ауыр немесе аса ауырлататын құрамдарын қылмысты квалификациялауда анықтау аса қиындық тудырмайды, ол заңда белгіленген зардаптың түрімен немесе көлеміне қарай анықталады.

Материалдық құрамдар қылмыстың аяқталу кезеңіне қарай оның нақты аяқталу түріне сәйкес келеді. Дәлірек айтқанда мұндай құрам-дарда қылмыстың заң жүзінде (юридический момент окончания пре-ступлерия) және нақты аяқталу кезеңдері (фактический момент окончания преступления) бір-біріне сәйкес келіп, бір кезеңмен анықталады. Мысалы алаяқтық қылмысында іс-әрекеттің мақсаты, бағыты бөтеннің меншігіндегі мүлікті немесе мүлікке құқық беретін қржатты алу болып табылады. Кінәлі осы үшін алдау немесе сенімге қиянат жасау әрекеттерін жасайды. Егер осы әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушіге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері
Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері
Қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну
Қылмыстық құқық жайлы
Қылмыс объектісі жөнінде
Қылмысты ашу
Мемлекеттік құпияны жария ету
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Жалпы және арнайы нормалар бәсекелестігі
Пәндер