Құқық пен экомомика, саясат


Құқық пен экомомика, саясат
Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қазақстан жүйесiн одан әрi дамыту, адам мен азаматтың мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн нығайту . . . 2-17
2. Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң дамуы . . . 18-19
3. Мемлекеттiк дамудың халықаралық-құқықтық аспектiлерi . . . 19-20
4. Экономикалық саясаттың пайда болуы . . . 20-21
III. Қорытынды . . . 22
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 23
Қазақстан Республикасындағы Құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж. ) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы (1995 ж. ) болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшiн "Қазақстан Республикасының Президентi туралы", "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы", "Қазақстан туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы және Қазақстанныңұлттық заңнамасының негiзiн құраған өзге де заң актiлерi қабылданды. . Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негiзiнде жаңа конституциялыққұқық түзiлдi, оған сәйкес бiздiң мемлекетiмiз үшiн неғұрлым қолайлы президенттiк басқару нысаны берiк орнықты. Мемлекеттiк бiртұтас билiктiңүш тармаққа бөлiнуi жүзеге асты. Тұрақты жұмыс iстейтiн қос палаталы Парламент күннен-күнге жемiстi жұмыс iстеуде. Атқарушы билiктi нығайту және жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданылды. Бiртұтас сот жүйесi құрылды, судьялардың тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданды. Жеке меншiк, азаматтыққоғам, еркiн кәсiпкерлiк қатынастарын реттейтiн азаматтыққұқық одан әрi дами түстi. Қылмыстыққұқықта адамның табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негiзделген, қорғалуға тиiс әлеуметтiк құндылықтардың түбегейлi жаңа сатысы айқындалды. Әлемдiк қоғамдастықта орныққан принциптерге едәуiр сәйкес келетiн азаматтық iс жүргiзу, қылмыстық-iс жүргiзу және қылмыстық-атқару заңнамасы елеулi өзгердi. Соттар мен құқыққорғау қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған қайта құру реформаның маңызды құрамдас бөлiгi болып табылды. Судьялар корпусын жасақтауда билiктi. барлық тармақтары мен судьялар қоғамдастығын қатыстыра отырып, судьяларды ғұмыр бойына тағайындау тәртiбi енгiзiлдi, олардың мәртебесi мен қамтамасыз етiлу деңгейiн көтеретiн басқа да шаралар iске асырылды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясына сәйкес қылмыстық iстер бойынша анықтау мен алдын ала тергеудi арнайы органдар жүргiзедi әрi олар сот пен прокуратурадан бөлiнген. Iшкi iстер органдарын оларға тән емес функциялардан босату мақсатында өртке қарсы күрес қызметi бұл шығарылды. Қылмыстық-құқықтық статистика жүргiзу қызметi iшкi iстер органдарынан өзiне берiле отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанынан Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылды. Сонымен қатар Ұлттыққауiпсiздiк комитетiнен, Қорғаныс министрлiгiнен, iшкi iстер органдары мен
кеден органдарынан тиiстi сараптама бөлiмшелерiнiң берiлуi есебiнен Қазақстан сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институтының базасында"Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптама орталығы" құрылды. Қазақстандыққұқықтық -экономикалық және қоғамдық-саяси өмiрiн уақ реттеуден, құқыққорғау органдары қызметiнiң жазалау-қуғындау әдiстерiнен, сот iсiн жүргiзудегi айыптауға бейiмдiктен және мемлекет пен жеке меншiк иесiнiңөзара қарым-қатынастарындағы мемлекеттiк мүдделер басымдығынан арылуы жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралыққұқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына сәйкес елдiңқұқықтық жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қолданыстағы заңнама одан әрi дамытуды, атап айтқанда қолданыстағы заңдарды кезең-кезеңiмен жетiлдiрудi, сондай-аққажет жағдайда қоғамды одан әрi демократияландыру талаптарына және оны әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiне сай келетiн жаңа нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауды талап етедi. Құқықтық талқылау нәтижесiнде қоғамда Конституцияның негiзiнде құқықтық жүйенi қарышты дамыту қажеттiгi туралы пiкiр үстемдiк алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қажеттi құқықтықәлеуеттi қамтиды, ол оныңқұқықтық нормаларында ғана емес, оныңқұқықтық идеялары мен принциптерiнде де тұжырымдалған. идеялары Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет институттарын нығайтуға бағытталған, заңнамалық, ұйымдық және басқа шараларда жүзеге асуға тиiс. Құқықтық мемлекеттiң конституциялық идеялары заңнаманыңқұқық, әдiлеттiлiк, гуманизм идеяларын арқау ете түзiлуiнде, құқықтық тәртiптi, адам мен азаматтыңқұқықтары мен бостандықтарының материалдық, ұйымдық-құқықтық, саяси кепiлдiктерiн нығайтудың пәрмендi құралдарының жасалуынан көрiнiс табуға тиiс. Сонымен қатар өзiнiң конституциялық мiндеттерiн қалтқысыз орындауға тиiс мемлекеттiк қызметшiлердiң, өзге де азаматтардың жауапкершiлiгiн арттыру керек. Әлеуметтiк мемлекет конституциялық идеясын iске асырудың аса зор маңызы бар. Бұл жұмысты бiрiншi кезекте жеке адамныңөзiн-өзi танытуы мен экономикалық еркiндiгiне қажеттi жағдайлар жасауға, әлеуметтiк өмiрдiң салаларын үйлестiруге патернализмге, қоғамның жiкке жарылуына, түрлi әлеуметтiк топтардың бiр-бiрiне қарсы тұруына жол бермей, қоғамныңәлеуметтiк жағынан шетiн топтарына көмек көрсетуге тиiс мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Бұл орайда шынайы демократиямен түп-тамыры қосылмайтын "шексiз-шетсiз демократия" идеясын қабылдауға болмайтынын мойындаған жөн. Ел халқының көпұлттылығы, көпконфессиялылығы, Қазақстанның шекарасына жақын жерде дiни экстремизмнiң, терроризмнiң бой көрсетуi жағдайында мемлекеттiң зайырлы сипатын жете түсiну мен қорғаудың маңызы зор. Зайырлы мемлекеттiң конституциялық идеялары мемлекеттiк идеологияға дiни ағымдардың ықпал етуiне, экстремистiк дiни идеялардың бой көтеруiне тосқауыл қоятындай, сонымен бiрге дiни бiрлестiктердiң конституциялық тәртiп шегiндегi қызметiн шектемейтiндей заң актiлерi мен өзге де iс-шараларда жүзеге асуы тиiс. Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметiнiң түбегейлi принциптерi туралы айтылғандарды ескере отырып, қоғамдық келiсiм мен саяси тұрлаулылықты қоғамдық та, мемлекеттiк те институттар қамтамасыз етуге тиiс. Сөйтiп, түбегейлi конституциялық принцип - барша халықтың игiлiгiне арналған экономикалық даму, Конституцияда "меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгiне де қызмет етуге тиiс" деп жарияланғандықтан, экономиканың мемлекеттiк те, жеке секторларында да өмiрге енiп, iске асуға тиiс. Қазақстанның көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттiң тәуелсiздiгiн бекiтуде қазақстандық патриотизм принципiнiң маңызы зор. Оны нығайту үшiн мемлекеттiң, қоғамдық институттардың, отбасы мен мектептiң бiрлескен күш-жiгерi қажет. Республика қызметiнiң түбегейлi конституциялық принципi ретiнде мемлекет өмiрiнiң барынша маңызды мәселелерiн шешу мемлекеттiк институттардың, саяси партиялардың, басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң, бейүкiметтiк ұйымдардың, халықтың түрлi әлеуметтiк жiктерi мен топтарының бiрлескен күш-жiгерi негiзiнде де мүмкiн болады. Бұл орайда мемлекеттiк органдар қызметiн ұйымдастыру мен оған баға беру олардың жұмысының формалды-статистикалық көрсеткiштерiмен шектелмеуi тиiс. Бiрiншi кезекте азаматтардың мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi жұмыстың нақты нәтижелерi назарға алынуы тиiс. Республика қызметiнiң Конституцияда аталған түбегейлi принциптерi заңнамада белгiлi бiр дәрежеде бекiдi. Бұл процесс ел iшiнде де, Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарында да жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтiк жағдайдағы қажеттiктерге сәйкес тереңдеп, кеңейе түсуге тиiс. Заңнаманы одан әрi жетiлдiру процесiнде және төменгi деңгейдегi актiлер нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге сәйкес тұру принциптерiн бұлжытпай ұстану қажет. Қолданыстағы заңдар нормаларын мына шараларды: құқықтық реттеудегi ақаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдыққатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетудi;
заң жобаларына, соның iшiнде мүдделерiне сай болуына, ғылыми сараптама жүргiзу практикасын жалғастыруды және кеңейтудi;
заңнаманы бiр iзге келтiру мақсатында онда қолданылатын терминдердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыруды;
қабылданатын барлық заңдарды тиiмдi iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында оларды қаржылай қамтамасыз етудiң жеткiлiктiлiк принципiн мұқият сақтауды, қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға тiкелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзудi;
заң жобалары қызметiн жоспарлауды жақсарту мақсатында оны перспективалық (3 жылға) жоспарлау практикасын енгiзудi iске асыру жолымен жетiлдiру қажет. Ұлттық заңнама ауқымын орта мерзiмдi перспективаға жүйелеу жөнiндегi жұмысты жоспарлау, құқықтық реттеудi талап ететiн қоғамдыққатынастарға ғылыми талдау жүргiзу қажет. Мұндай алдын-ала талдау нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмеген және түрлi деңгейдегi реттеудi қажет ететiн қоғамдыққатынастар саласын айқындауға мүмкiндiк бередi. Заңнаманы жүйелеу оның барлықүш нысанын қолдану: инкорпорациялау, топтау және жинақтау арқылы жүзеге асырылуы тиiс. Кез келген қоғамда, әдеттегiдей, түрлi индивидуумдар, әлеуметтiк топтар, ұйымдар мүдделерiнiңқарама-қайшылығы болуы мүмкiн. Осы орайда сүйемелдеу сияқты құбылысқа өркениеттi, заңдық шеңбер беру қажет. Бүгiнде заң актiлерi мемлекеттiк органдарға мазмұны заң шығарушыныңқалауына сай емес, ал кейде оған тiкелей қайшы келетiн заңға тәуелдi актiлер қабылдауға мүмкiндiк беретiн бланкеттiк (сiлтемелiк) нормалардың көп мөлшерiн қамтиды. Мемлекеттiк органдардың норма түзушiлiк тәжiрибесiнде тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмаған, соның нәтижесiнде сыбайлас жемқорлыққұқық бұзушылықтары, адам құқықтарына, бостандықтарына және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерiне қысым жасау орын алған. Әрi бұл жәйт заңдарды iс жүзiнде заңға тәуелдi актiлермен алмастыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты заң актiлерiн әзiрлеу процесi сiлтемелiк нормалар санын қатаң түрде азайтумен және заңдарды мүмкiндiгiнше тиiмдi нақтылаумен сипатталуға тиiс. Сонымен бiрге қабылданған заңдардың толықтай iске асырылуын, соның iшiнде қажет деген заңға тәуелдi актiлердiң дер кезiнде қабылдануын қамтамасыз ететiн тетiктердi жетiлдiрген жөн. Жергiлiктi норма түзушiлiктiң сапасын арттыру қажет болып отыр. Бұл орайда да жалпыға мiндеттi маңызға, ведомствоаралық сипатқа ие немесе , бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты жергiлiктi мемлекеттiк органдардың актiлерiн тiркеу мiндеттiлiгi туралы заң нормаларын iске асыруға бағытталған қосымша шаралар қолға алынуы қажет. Қазiргi кезде жоғары заңгерлiк бiлiм алуды қамтамасыз ететiн оқу орындарыныңқатары өте көп. Алайда, бұл ұйымдарда мамандар даярлаусапасы ойдағыдай емес. Бұл шұғыл шешiмiн талап ететiн проблема. Сонымен қатар жемiстi дамып келе жатқан қолдау таныту жөнiндегi шаралар қолға алынуы қажет. Құқықтық мемлекет құру және жоғарыда айтылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар құқықтық саясатты өздерiнiң күнделiктi қызметiнде iске асыруы тиiс. Оның негiзгi принциптерi болып: заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негiзделген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларын сақтап, орнымен қолдану;
адам мен азамат құқықтары мен жағдайын бiлдiретiн адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;
гуманизм, яғни адамның жеке тұлға ретiндегi жоғары құндылығын, оның еркiн дамуға және қабiлетiн көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдыққатынастар сапасына баға берудiңөлшемi ретiндегi жеке адам игiлiгiнiң орнығуы;
қазақстандықтардыңөз Атамекенiн жан-жақты қолдауы мен адалдығы және Отанына сүйiспеншiлiгi ретiндегi қазақстандық патриотизм толық дәрежеде орнығуға тиiс. Бұл ретте құқықтық саясат құқық жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын, базалық тетiктерiн мемлекеттiк тұрғыда пайымдауды және құқыққолдану практикасы шараларын белгiлi бiр кезеңге орай жетiлдiрудi бейнелеуге тиiс, iске асырылуын 2010 жылға дейiн аяқтау көзделiп отырған осы Тұжырымдама да соған байланысты әзiрленген. Қазақстан Республикасының Конституциясында жария етiлген, адам мен азаматтыңқұқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтыңүстемдiгi, бiртұтас мемлекеттiк билiктiң тармақтарға бөлiнуi және олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы келiсе қызмет iстеуi принциптерiне негiзделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтiк мемлекет құру бағытының заңнамада дәйектi түрде iске асырылуын қамтамасыз ету керек. Бұл орайда адам құқықтарының басымдығын қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiмен үйлесiмдi сәйкестендiрген жөн. Құқықтық жүйенi бұл бағытта дамыту, оны халықаралыққұқықтың жалпыға бiрдей танылған принциптерi мен нормаларына, халықаралық стандарттарға дәйектi түрде сәйкес келтiру қажеттiлiгi Мыңжылдық басқосуында (2000 ж. ) қабылданған БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында бекiтiлген. Декларация мемлекеттердiң, әлемдiк қоғамдастықтың "демократияны қолдау және құқықтық тәртiптi нығайту" үшiн күш-жiгер жұмсау қажеттiгiн ерекше атап көрсетедi. Бұл тұрғыда Құқықтық саясат тұжырымдамасы тек құқықтық жүйе дамуының бағытын айқындап қоймай, сонымен бiрге құқықтық және саяси салалардағы реформалармен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Құқықтық даму мақсаттарының бiрi саяси жүйенi жетiлдiру болып табылады. Халықтың саяси белсендiлiгiнiң заңдық нысандарының алуан түрлiлiгi мен мәдениетiн шынайы қамтамасыз ету қажет. Үкiмет туралы заңнама оныңқызметiнiң тиiмдiлiгiн және қабылдаған шешiмдерi үшiн жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында жетiлдiрудi қажет етедi. Сайлау заңдарын, сайлау процесiн ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру, бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау iс-шараларын әдiл де толық көрсетудегi рөлiн нығайту және жауапкершiлiгiн арттыру қажет. Мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру мақсатында бiртұтастық пен басқарушылық талаптарының бұлжымай орындалуы жағдайында мемлекеттiк билiктiң түрлi деңгейлерi арасындағы қызметтер аясын, функциялары мен жауапкершiлiктерiн нақты ажыратуды қамтамасыз ететiн заңдарды одан әрi жетiлдiрiп, сонымен бiрге жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар туғызу мақсатқа сай болмақ. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару институттарын кезең-кезеңмен қалыптастыру азаматтыққоғам институттарын нығайтуға ықпал етпек. Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл институтын (омбудсмен) құру қажеттiлiгi туындап отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары нарығын дамыту, оның экономикалық дербестiгiн, сондай-ақ оларға қоғамдық және мемлекеттiк бақылау жасау тетiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдарды одан әрi жетiлдiру қажет. Азаматтық-құқықтыққатынастарды реттейтiн заңдар жетiлдiру талап етедi. Нарықтық экономикаға өту, мемлекеттiң меншiк иесi, монополист, елде шығарылатын өнiмнiң негiзгi өндiрушiсi және ұсынушысы рөлiнен бас тартуы азаматтыққұқықпен реттелетiн қоғамдыққатынастар саласын сапалық тұрғыдан кеңейттi. Азаматтыққұқық еңбек, отбасылық және өзге де қоғамдыққатынастарға барған сайын дендеп ене түстi. Мұның бәрi мемлекеттiңқұқықтық жүйесiнiң мемлекеттiк және қоғамдық мүдделердi қорғайтын бұқаралыққұқық пен жеке мүдделерге қызмет етiп, оны қорғауды қамтамасыз ететiн жеке құқыққа ауқымды бөлiну процесi аясында жүрiп жатыр. Осымен байланысты жеке, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi байыпты үйлестiрудiң шұғыл қажеттiлiгi сақталып отыр. Бұдан келiп, заң шығарушының азаматтық-құқықтыққатынастарды реттеудегi негiзгi мiндетi мұндай құқықтыққатынастарға қатысушылардың барлығының мүдделерiн қорғайтын нақты құқықтық тетiгi бар еркiн нарыққа барынша кеңөрiс ашу болмақ. Осыған орай, бұлжымай орындалар болса, азаматтық заңдардың одан әрi дамуы жүзеге асуы тиiс азаматтық заңдар принциптерi ерекше өзектiлiкке ие болады. Негiзгi принциптер қатарына мыналарды жатқызуға болады: мемлекеттiң немесе оныңәкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнiң енерде өз азаматтық-құқықтық серiктестерi алдында қандай да бiр артықшылықтары немесе жеңiлдiктерi болмайтынын, ал кез келген ұйымдық нысандағы заңды тұлғалар субъектiлерi ретiнде жеке тұлғаларға теңестiрiлетiнiн, және де шетелдiк азаматтар мен шетелдiк заңды тұлғалар, Республика заңдарында белгiленген шегiнiстер болмаса, қазақстандық азаматтар мен заңды тұлғалар секiлдi құқықтар мен мiндеттердi, әрi нақ сол тәртiппен иемденетiнiн бiлдiретiн азаматтық-құқықтыққатынастар субъектiлерiнiң теңдiгi;
ең алдымен, меншiк иесiнiңөз мүлкiн өзiнiң жеке ұйғарымы бойынша пайдалану мүмкiндiгiн тануды бiлдiретiн меншiкке қол сұқпаушылық бұл орайда меншiк иесiнiңөз құқықөкiлеттiгiн жүзеге асыруы өзге адамдардың және мемлекеттiңқұқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауы тиiс;
кез келген тұлғаныңөз қалауы бойынша және мәжбүрлеусiз шешiм қабылдау - өзiнiңқандай да бiр шартқа кiру-кiрмеу өзi шартқа отыруды қалаған серiктесiн таңдау және шарт талаптарын айқындау құқығы барлығын бiлдiретiн азаматтық-құқықтық шарт жасасу еркiндiгi; әрекетке қабiлеттi азаматтардың немесе заңды тұлғалардыңөз мүлкiне иелiк етуiне, пайда табуына, кiрiстерiн жаратуына мемлекеттiк органдар мен басқа да тұлғалардың ықпал етуiне жол берiлмеуiн бiлдiретiн, мемлекеттiң және үшiншi тұлғалардың жеке iстерге және жеке өмiрге араласпауы; азаматтық-құқықтыққатынастардың негiзгi субъектiлерi ретiнде кәсiпкерлер мен тұтынушыларды қорғау. Жалпы алғанда, азаматтық заңдар меншiкке қол сұқпаушылықты және тауар-ақша қатынастарына қатысушылар қызметiнiң еркiндiгiн қорғауы тиiс. Бұл үшiн бiрiншi кезекте меншiк құқығын, мүлiктiк және мiндеттiлiк құқық институттарын одан әрi де дамыту, жеке адам мен қоғам мүдделерiнiң барынша үйлесуiнiң, құқықты оныңәлеуметтiк мақсатына сай пайдаланудың негiзiнде жеке-құқықтыққатынастардың заңнамалық базасын жетiлдiру қажет. Нарықтыққатынастардың одан әрi дамуы ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншiк институтын енгiзудi қажет етедi. Азаматтыққұқықты дамытудың басымдық бағыттарының бiрi зияттық меншiк объектiлерiне құқықты реттейтiн заңдарды одан әрi жетiлдiру болуы тиiс. Ол авторлар мүдделерiн, сол секiлдi Қазақстанның экономикалық, технологиялық және мүдделерiн сақтауға негiзделуi тиiс. Ғылыми-техникалық жетiстiктердi құруға және пайдалануға қатысты бiрқатар заң және заңға тәуелдi актiлердi қабылдау қажет, олар өз кезегiнде азаматтардың - санаткерлiк меншiк объектiлерiне айрықша құқы барлардыңәрi осы объектiлер иелерiнiңқұқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған iс-шаралар кешенiн практикада iске асыруға мүмкiндiк бередi. Жұмыс берушiлердiңөз жұмысшыларын мiндеттi медициналық сақтандыруын енгiзу туралы мәселе шешiмiн талап етедi, бұл халыққа медициналық көмек көрсету көлемiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi, сол секiлдi әлеуметтiк тәуекелдер түрлерi мен төлемдер негiздерi бойынша заңдарды кезеңдеп жүйелеу көзделуде. Еңбек қабiлетiн жойған, асыраушысынан айрылған немесе жұмысын жоғалтқан жағдайда халықты қосымша әлеуметтiк қорғаумен қамтамасыз ету мақсатында мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн одан әрi жетiлдiру үшiн құқықтық база құру қажет. Нарықтық экономикада орын алған еңбек қатынастары нысандарыныңәр алуандылығы мен күрделiлiгi еңбек заңдарын одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл орайда еңбек құқыққатынастарын реттеу қазақстандықтар мүдделерiнiң басымдығы тұрғысында өрбуi тиiс. Мұнымен бiргеҚазақстанда азаматтыққызмет институтын құру және дамыту үшiн заңдық негiз құру қажеттiлiгi туып отыр. Әлеуметтiк қарама-қайшылықтарды құқықтықәдiстермен шешу тетiгiн құрудың, әлеуметтiк шиеленiстiң саяси өрiс алуын болдырмаудың маңызы зор. Мұнда кәсiптiк одақтардыңқызметi шешушi фактор болып табылады. Осыған байланысты олардың рөлi мен жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында кәсiподақтар туралы заңдар жетiлдiрудi талап етедi. Мемлекеттiк қызмет туралы заңдарға мемлекеттiк қызметтiң кәсiбилiгi мен тұрақтылығын арттыруға, мансаптықөсудi ынталандыруға, ықпалды кадрлық резерв қалыптастыруға, кадрларды оқытудың жалпы мемлекеттiк жүйесiн құруға, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк және құқықтыққорғау шараларын күшейтуге бағытталған
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz