Салықтық құқық қатынастары


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Салықтық құқық қатынастары

2. Салықтардың қалыптасқан түрдегі функциялары

Пайдаланылған әдебиеттер:

Салықтық құқық қатынастары

Салықтық құқық - заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтыи негһде, заң жүзінде бслгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдсрді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық катынастарды реттейтін құқықтық норма-лардың жиынтығы. Салықтық құқык мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады.

Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды және әлеуметтік-экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға айналуына байланысты салықтық қаты-настардың рөлі арта түсуде.

Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байла­нысты қатынастарды реттейді.

Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызметінің ең маңызды, басты түрі - мемлекеттік кіріс. Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді:

А. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы, акциздер, жер салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы.

Ә. Алымдар. Заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалғанмәмілелерді, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік қүралдары ментіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелері, дәрі-дәрмек кұралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алымдар; автокөлік кұралдарының ҚР аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген кызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық және телевизия мен радио хабарларынтарату ұйымдарына радиожілілік спектірін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымдар.

Б. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны, жануарлардуниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожілілік спектірін, кеме жүретін су жолдарынпайдаланғаны, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемақылар.

В. Мемлекеттік баж.

Г. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.

Салықтар дегеніміз - жалпы мемлекеттік қажсттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды жәнс жеке тұл-ғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлем-дер. Ал алымдар, толемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілеттіоргандардың алатын төлемдері.

Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш функциясы бар :

1. Фискалдық - салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.

2. Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарынын белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.

3. Салықтық реттеу - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы немесе ынталандыру функциясы.

Салық кызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметті айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне алу, салықтық реттеу және бақылау аркылы атқарылады.

Салықтық кұқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық мәселері жөнінде кабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және т. б. есептеледі.

Төменде салықтардың әрқайсысына кысқаша жеке тоқталып, қарастыра отырып жалпы сипаттамасын береміз.

1. Корпорациялық табыс салығы . Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан Респуликасының резидент заңды тұлғалары(ұлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ак елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратыннемесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады.

Объектілері салық салынатын, төлем көзінен салық салынатын табыс пен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы. Жылдық жиынтық табыс пен шегеріс жасау арасындағы айырма ретінде есептелген табыс осы салықтын салықсалынатын табысы болып табылады.

Жылдық жиынтық табысқа салык толеушінің табыстарының барлық түрлері, соның ішінде: тауарларды (жұмыстардан, қызметтер көрсетуден) өткізуден түсетін табыс пен мүлікті жалға беруден түскен табыстар, үлеспайдадан (дивиденттер), ұтыстар, сыйақылар және т. б. жатады.

Корпоративтік салықты есептегенде төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан пайыздар, күмәнді борыштар, резервтік қорларға аударымдар мен амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығыстар және т. б. (СК 92 - 114 баптары) шегерімге жатады.

Ставкалары. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %, негізгі өндіріс кұралы жер болыптабылатын салык төлеуші 10%, ал резидент еместерден 15 % салық ұсталады.

Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезені болып табылады. Салык төлеушілер корпорациялыктабыс салығын төлеуді өзінің түрып жатқан ориы бойынша (ағымдағы айдың 20-шы жүлдызынан кешіктірмей) жүзегеасырады.

2 Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141 бабына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығының субъектілері болыптабылады, ал объектілеріне төлем көзінен салық салынатын және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар жатады.

Жеке тұлғалардың табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды:

еңбекакы төлеуге байланысты төлемдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгенмөлшерде мемелекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемакылар мен өтемдер;

балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;

әскери кызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері әскери қызмет-міндеттерін орындауға байланысты алатын төлемдері;

білім беру орындарында окитындарға ҚР зацда-рында белгіленген мемелекеттік стипсндияларға арналған мөлшерде төленетін стипендиялар және СК 144 бабында көрсетілген салық салуға жатпайтын басқа да төлемдер.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына: қызметкердің табысы, біржолғы төлемдерден алынған табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар мен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы, ал төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы мен адвокаттар мен жеке нотариустардын табысы жатады.

Жеке табыс салығын есептеу кезінде қызметкердің төлем көзінен салынатын табысын аныктау кезінде салык жылы ішіндегі орбір ай үшін шегерімге айлык есептік көрсеткіш мөлшеріндегі, асырауындағы әрбір отбасынын мүшесіне айлық есептік көрсеткішіндегі сомалар мен жинақтаушы зейнетақы корларына төленетін міндетті төлемдер жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері
Салық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері. Салықтың құқықтық қатынастардың субъектілер құрамы
Салық құқығының түсінігі, пәні
Салықтық құқық бұзушылықтың экономикалық негіздері мен ерекшеліктері
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Салық құқығының түсінігін ашу
Бюджеттік құқық: ұғымы, пәні, әдістері, жүйесі және қайнар көздері
Салықтық құқықтық нормалар және салықтық құқықтық қатынастар, салық құқығығылымының мемлекеттік салық салу қызметіне тигізетін әсері
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі
Аймақтық бюджет табысын қалыптастырудағы меншікке салынатын салықтын ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz