Инвестициялық қызметінің құқықтық нысаны және тиімділігі



Жоспар
Кіріспе

Инвестициялық қызметінің құқықтық нысаны және тиімділігі

1.Инвестиция туралы түсінік және оның түрлері
2.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен принцптері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе

«Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма)пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. осы тұрғыдан «инвестициялау» күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисы Дж.Кейнс өзінің «жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) еңбегінде қарастырған. онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырған. инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына , өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады.
Инвестиция қайнар көзіне - өнеркәсіп кәсіпорынның (фирма) көптеген пайдасы. Ірі банктердің еркін ақшалай қоры тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқарып тұрғандарын жабдықтауға сондай – ақ жол құрлысына , денсаулық сақтау, оқу - ағарту , мәдени объетілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.
Пайдаланған әдебиеттер

1. С.П. Мороз «Кәсіпкерлік құқық» Алматы 2009
2. «Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау» Қ . Ш . Дуисенбаев ,
3. Ә . Т Төлегнов , Ж . Г .Жұмағалиев «Алматы -2001»
4. «Қаржылық есеп» Қ . К Кеулмжаев , З . Н Әжбаева , Н . А Құдаибергенов , А ,Ә Жантаев .( 2001 –ж , Алматы ).
5. ( Қазақстан экономикасын басқару негіздері ) К . Б Бердалиев, ( 2001 – ж Алматы ).
6. ( Хабаршы 2005 -ж , №4 , №6 )

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
‭ ‬

Жоспар
‭ ‬Кіріспе

Инвестициялық қызметінің құқықтық нысаны және‭ ‬тиімділігі

1.Инвестиция туралы түсінік және оның түрлері
2.Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен принцптері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

‭ ‬ Инвестиция‭ ‬немістің‭ ‬invesition‭ ‬деген сөзі және бұл кәсіпорынға‭ (‬фирма)пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.‭ ‬осы тұрғыдан‭ ‬инвестициялау‭ ‬күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді.‭
Инвестиция теориясын ағылшын экономисы‭ ‬Дж.Кейнс өзінің‭ ‬жалақы,‭ ‬пайыз және ақшаның жалпы теориясы‭ (‬1936‭ ‬ж.‭) ‬еңбегінде қарастырған.‭ ‬онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырған.‭ ‬инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына‭ ‬,‭ ‬өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді,‭ ‬яғни жұмыссыздықты жояды.
‭ ‬Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады.‭
Инвестиция қайнар көзіне‭ ‬-‭ ‬өнеркәсіп кәсіпорынның‭ (‬фирма‭) ‬көптеген пайдасы.‭ ‬Ірі банктердің еркін ақшалай қоры тұрғындардың жинаған ақшалары,‭ ‬мемлекеттің ақшалай қоры,‭ ‬яғни мемлекеттің табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау.‭ ‬Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқарып тұрғандарын жабдықтауға сондай‭ – ‬ақ жол құрлысына‭ ‬,‭ ‬денсаулық сақтау,‭ ‬оқу‭ ‬-‭ ‬ағарту‭ ‬,‭ ‬мәдени объетілеріне бағытталған,‭ ‬яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.

Инвестициялық қызметінің құқықтық нысаны және тиімділігі

1.Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері

‭ ‬Инвестициялар деп‭ ‬-өнеркәсіпке,‭ ‬құрлысқа,‭ ‬ауыл шаруашылығына және өндірістің басқада салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей,заттай,‭ ‬сондай-ақ ақша‭ ‬қаражаты түрінде,‭ ‬яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
‭ ‬Жалпылай алғанда,‭ ‬инвестиция дегеніміз‭ ‬-‭ ‬бүгінгі күні қолда бар ақшаны,‭ ‬мүлікті және басқада заттарды,‭ ‬яғни капиталды қандайда бір өндірісті дамыту үшін жұмсап,‭ ‬сол арқылы келешекте,‭ ‬яғни алдағы уақытта пайыз‭ (‬процент‭) ‬түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
‭ ‬Бұл‭ ‬жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.‭ ‬Оның біріншісі‭ – ‬уақыт‭ ‬,ал екіншісі‭ – ‬тәуекелдік‭ (‬тәуекелге бару‭) ‬.‭ ‬Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып,‭ ‬елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды.‭ ‬
Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың,‭ ‬ғылыми‭ – ‬техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің,‭ ‬инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
‭ ‬Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның,‭ ‬яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі болып табылады.‭ ‬Басқаша айтатын болсақ,‭ ‬инвестиция көзі‭ – ‬жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады.‭ ‬Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен,‭ ‬өзін‭ ‬-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды.‭ ‬Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар‭ ‬нақтылық‭ (‬реалный‭) ‬және‭ ‬қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінелі.
Нақтылық инвестиция дегеніміз‭ –‬шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық,‭ ‬өндірістік қорлардың,‭ ‬яғни активтердің‭ (‬жер,‭ ‬жабдық,‭ ‬құрлыс)өсуіне,‭ ‬дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз‭ –‬акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға,‭ ‬облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес,‭ ‬керісінше оларды‭ ‬бірін-бірі толықтыратындар деп түсінген‭ ‬дұрыс.‭ ‬Бұған,‭ ‬яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды қарастырайық.
Қандайда бір кәсіпкер құрлысты салу үшін қаржы керек етеді.‭ ‬Мұндай жағдайда құрлыс нақты инвестицияның объектісі болып табылады.‭ ‬Кәсіпкер‭ ‬бұл құрлысты қаржыландыру үшін‭ ‬өзінің акцияларын шығарып,‭ ‬басқа біреулерге сату мүмкін.‭ ‬Сөйтіп бұл мысалда‭ ‬кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция,‭ ‬ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады.‭ ‬Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы,‭ ‬өндірісты дамыту,‭ ‬ондағы өндірілетін өнімдердің,‭ ‬дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту,‭ ‬яғни оларды халықаралық‭ ‬стандартқа сай етіп сыртқы нарықта сата алатын дәрежеге жеткізу,‭ ‬өндіріске жаңа‭ ‬техникалар мен‭ ‬технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.‭
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
a)қысқа мерзімдік‭ ‬-‭ ‬иелену мерзімі бір жылға дейін‭;
ә)ұзақ мерзімдік‭ ‬-‭ ‬ иелену мерзімі бір жылдан артық:
Жылжымайтын мүліктерге салынған нивестицияларды иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
‭ ‬Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін салым ретінде салынуын,‭ ‬яғни шетел инвесторларын тартудың артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:‭
1.‭ ‬Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдерді көбейтеді‭;
2.‭ ‬Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол‭ ‬халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып,‭ ‬сатып алу қабілетін арттырады‭;
3.‭ ‬Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технологияны елдің шаруашылық субъектілерінде қолдануды‭ ‬ жылдамдатады‭;‬
4.‭ ‬Сырттан келген капитал‭ – ‬елде экспорттың көбеюіне,‭ ‬бәсекелестіктің қабілетінің жоғарлауына әсерін тигізеді.‭ ‬

2‭ ‬Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен принциптері
‭ ‬Негізгі қорға қаржы жұмсау‭ (‬өндірістің негізгі қоры‭ ) ‬босалқы қорларға,‭ ‬резервтерге,‭ ‬сондай‭ – ‬ақ пайда,‭ ‬дивиденд және басқада табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал‭ ‬бөлуды инвестиция деп атайды.‭ ‬Инвестицияны материалдық‭ – ‬заттық және ақшалай нысынына бөлуге болады.‭ ‬Материалдық‭ – ‬заттық инвестиция‭ – ‬ол‭ ‬салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер,‭ ‬жабдықтар‭ ‬,‭ ‬машиналар және е.б.сонымен қатар,‭ ‬ол‭ – ‬ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге,‭ ‬материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған,‭ ‬ал инвестицияның ақшалай нысаны болса,‭ ‬ол‭ – ‬ақшалай капиталдың материалдық‭ ‬-‭ ‬заттық инвестициясын жасауға,‭ ‬инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.‭
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды.‭ ‬Ол‭ – ‬негізгі капиталдің‭ (‬негізгі қор‭) ‬артуын қолдауға бағытталады.‭ ‬Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады.оның ішінде біреуі‭ – ‬амартизация‭ ‬.‭ ‬ол‭ – ‬негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшу процесі.‭
Екінші біріктіруші‭ ‬таза инвестиция‭ – ‬бұл катпиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру,‭ ‬өсіре беру‭ ‬,‭ ‬ғимараттар салу,‭ ‬өндіру және қондыру,‭ ‬қосымша‭ ‬жабдықтар,‭ ‬қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады.‭ ‬Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициямен қатар,‭ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық инвестицияның теориялық негіздері
Жобаға қатысу тиімділігі
Инвестициялық қызметтің ерекшеліктері мен формалары
Лекциялық кешені «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Өзара инвестициялық қорлар
Ассоциациялық кәсіпкерлік
Ұйымдарды корпоративтік басқару
ҚР-ғы инвестициялық саясаттың мәні мен қажеттілігі
Пәндер