ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер



Жоспар
Кіріспе

ХIХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер.
1. Қазақтардың мал шаруашылығы
2. Қазақтардың егіншілігі.
3. Қазақтардың сауда .саттық кәсібі.
Корытынды
Пайданылған әдебиеттер
Кіріспе

Бүгінгі қазақ халқы егеменді ел. Тәуелсіз мемлекет құрып, нарықтық экономиканы іске асырып, Орталық Азиядағы терезесі тең елге айналып келе жатырмыз. Өйткені тарихымызға сын көзбен қарап, ондағы орын алған «ақтаңдақтардан» тазарып, қазіргі заманның талабына сай шынайы қазақ халқының тарихын жазу тарихтың басты міндеті. Өйткені Ресейге бодан болған кездердегі және Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ халқының адамзат тарихын саясатқа негізделіп жазылып, ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткен оқиғалары бойынша бұрмаланып жазылды.
Патшалы Ресей Кіші жүз ішінде болып жатқан өзгерістерді мұқият бақылай отырып, оларды басқаруда жаңа жүйелер енгізген. Орынбор әкімшілігі хан мен оның айналасындағы сұлтандардың халық арасында беделінің әлсіреп, ал халыққа жақын тұрған старшын мен билер ықпалының өсіп келе жатқанын сезіп халыққа білдірмей старшындардың ханға қарсы іс-қимылын өз мүдделеріне пайдаланып отырды. Патшалық Ресей Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдің мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесін енгізу жолдарын ойластыра бастайды.
XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан. Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған. Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді. Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған. Қазақтардың күн көрісі, тіршілігі, малдың төрт түлігіне тәуелді болды.
Мал бағып өсіру атам заманнан бері келе жатқан кәсіп болғанымен, оның ауыртпалығы да көп. Малдың өсіп-өнуі ауа-райы мен табиғат жағдайына тікелей байланысты. Ыстығы мен суығына төзе отырып, қазақтар мал санын сақтап қана қоймай, оны көбейтіп, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған Кіші жүз даласының жері мен табиғаты біркелкі емес, соған орай мал шаруашылығын дамытудың үш түрі болған, олар: көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылдық.
Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар, егіншілікпен де айналысқан, бірақ бәрі бірдей емес. Мал шаруашылығы сияқты, егіншілік те табиғаттың, ауа-райының жағдайына байланысты дамиды. Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ. Оңтүстік-шығыс ауданы, Сыр өзені бойы, батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес, бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз. Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды.
XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарында егіншілік дами бастады. Оның бірінші себебі қазақтар шамалы болса да егіншілікпен ертеден-ақ айналысқан, оның ішінде Сыр бойы қазақтары суармалы егіншілікті де білетін, ал Ресей империясының отарлық саясатының салдарынан қазақтардың ата-баба жерлерінен айрылып, көшпелі мал шаруашылығының қысқаруы күн көріс үшін егіншілікпен айналысуға айналып соқты.
Пайдаланған әдбиеттер тізімі

1. Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алма-Ата, 1969,
2. Қайсар Құсайынұлы Қазақ шаруашылығы отаршылдық дәуірде. Алматы., 2001.
3. Казақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін 3 том ,Алматы,2002,
4. Қазақстан тарихы очеркі. А., 1994.
5. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. Алматы., 1994,
6. Мәшінбаев С.М. Патшалық Ресейдің Қазақстандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы Алматы, 2001

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы‭ ‬Халықаралық қазақ‭ ‬– түрік университеті

Заң факультеті

Социология және политология кафедрасы
СӨЖ

Òàºûðûáû:‭ ‬ХIХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер


²àáûëäà¹àí:Нұрбетова Г.О.

‭ ‬ Îðûíäà¹àí:‭ ‬Жаңабала М.

‭ ‬ Тобы:‭ ‬ЗҚТ-111о.

Түркістан‭ ‬-‭ ‬2011‭ ‬ж
Жоспар‭
Кіріспе‭

ХIХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер.
1.‭ ‬Қазақтардың‭ ‬мал шаруашылығы‭
2.‭ ‬Қазақтардың егіншілігі.‭
3.‭ ‬Қазақтардың сауда‭ –‬саттық кәсібі.
Корытынды‭
Пайданылған әдебиеттер‭

Кіріспе

Бүгінгі қазақ халқы егеменді ел.‭ ‬Тәуелсіз мемлекет құрып,‭ ‬нарықтық экономиканы іске асырып,‭ ‬Орталық Азиядағы терезесі тең елге айналып келе жатырмыз.‭ ‬Өйткені тарихымызға сын көзбен қарап,‭ ‬ондағы орын алған‭ ‬ақтаңдақтардан‭ ‬тазарып,‭ ‬қазіргі заманның талабына сай шынайы қазақ халқының тарихын жазу тарихтың басты міндеті.‭ ‬Өйткені Ресейге бодан болған кездердегі және Кеңес өкіметі дәуіріндегі қазақ халқының адамзат тарихын саясатқа негізделіп жазылып,‭ ‬ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткен оқиғалары бойынша бұрмаланып‭ ‬жазылды.‭
Патшалы Ресей Кіші жүз ішінде болып жатқан өзгерістерді мұқият бақылай отырып,‭ ‬оларды басқаруда жаңа жүйелер енгізген.‭ ‬Орынбор әкімшілігі хан мен оның айналасындағы сұлтандардың халық арасында беделінің әлсіреп,‭ ‬ал халыққа жақын тұрған старшын мен билер ықпалының өсіп келе жатқанын сезіп халыққа білдірмей старшындардың ханға қарсы іс-қимылын өз мүдделеріне пайдаланып отырды.‭ ‬Патшалық Ресей Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдің мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесін енгізу жолдарын ойластыра бастайды.‭
XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан.‭ ‬Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған.‭ ‬Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді.‭ ‬Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған.‭ ‬Қазақтардың күн көрісі,‭ ‬тіршілігі,‭ ‬малдың төрт түлігіне тәуелді болды.‭
Мал бағып өсіру атам заманнан бері келе жатқан кәсіп болғанымен,‭ ‬оның ауыртпалығы да көп.‭ ‬Малдың өсіп-өнуі ауа-райы мен табиғат жағдайына тікелей байланысты.‭ ‬Ыстығы мен суығына төзе отырып,‭ ‬қазақтар мал санын сақтап қана қоймай,‭ ‬оны көбейтіп,‭ ‬ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған Кіші жүз даласының жері мен табиғаты біркелкі емес,‭ ‬соған орай мал шаруашылығын дамытудың үш түрі болған,‭ ‬олар:‭ ‬көшпелі,‭ ‬жартылай көшпелі және отырықшылдық.
‭ ‬Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар,‭ ‬егіншілікпен де айналысқан,‭ ‬бірақ бәрі бірдей емес.‭ ‬Мал шаруашылығы сияқты,‭ ‬егіншілік те табиғаттың,‭ ‬ауа-райының жағдайына байланысты дамиды.‭ ‬Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ.‭ ‬Оңтүстік-шығыс ауданы,‭ ‬Сыр өзені бойы,‭ ‬батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес,‭ ‬бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз.‭ ‬Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды.
XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарында егіншілік дами бастады.‭ ‬Оның бірінші себебі қазақтар шамалы болса да егіншілікпен ертеден-ақ айналысқан,‭ ‬оның ішінде Сыр бойы қазақтары суармалы егіншілікті де білетін,‭ ‬ал Ресей империясының отарлық саясатының салдарынан қазақтардың ата-баба жерлерінен айрылып,‭ ‬көшпелі мал шаруашылығының қысқаруы күн көріс үшін егіншілікпен айналысуға айналып соқты.
Кіші жүз жерінде патшалы әкімшілік-баскару жүйесінің орнауы,‭ ‬қазақ даласында хандықтың жойылуы елге саяси өзгерістер әкелсе,‭ ‬сонымен бірге шаруашылық саласында да көптеген өзгерістер ене бастады.‭ ‬Ресейдің отарлық саясаты ХІХ ғасырдың бірінші жартысында,‭ ‬Кіші жүз даласын экономикалық жағынан оған тәуелді етіп қойды.‭ ‬Себебі өндірістің пайда болуы казақ даласындағы байырғы шаруашылықтың ыдырауын туғызған.‭ ‬Казақстан біртіндеп патшалы Ресейдің шикізат өндіретін аймағына айнала бастады.‭ ‬Ал мұның өзі сауда-саттық істің жандануына әкелді.‭ ‬Осыдан соң қазақ даласында бұрыннан келе жатқан керуен саудасы дамумен қатар тұрақты жұмыс істейтін жәрмеңке ұйымдастырылды.‭ ‬Жәрмеңке базар болғаннан кейін оған апаратын тауар керек.‭ ‬Сондықтан қазақтардың шаруашылығы осыған бейімделе бастайды.‭ ‬Қазақтар саудаға араласады.‭ ‬Сөйтіп,‭ ‬XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардан сауда кәсіпкерлері қалыптасты.‭ ‬Алғашқы қазақ саудагерлері бай мен сұлтандардан шығады.‭ ‬Қазақ саудасымен айналыспаған,‭ ‬сауда оның ата кәсібі болмаған деген пікір соңғы кезде айтылып жүр.‭ ‬Бұл дұрыс емес.‭ ‬Сонау ерте кезден-ақ қазақ даласынан керуен жолдары өткен ғой.‭ ‬Ал Жібек жолы ше‭? ‬Ол Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жері арқылы өтеді емес пе‭? ‬Жібек жолындағы қалалар сауда орталығы болған жәрмеңкелерге малдарын әкеліп сатқан қазақтар сауданы білген және онымен айналысқан керуен жолдарындағы қазақтар малдарын өзіне қажет тауарға айырбастаған.‭ ‬Ал Орта Азия хандықтарымен көрші,‭ ‬сондай-ақ Ресей шекарасында жақын жердегі қазақтар саудамен айналыса отырып,‭ ‬малдарын өз өнімдеріне ақшаға да сатқан.‭ ‬Алып сатарлық сауда жүйесі онша дами алмаған.‭ ‬Сауданың бұл түрі Кіші жүз даласында барлық жерде бірдей дамыды.‭
Қазақтардағы сауда-саттық дала өнімдеріне сәйкес,‭ ‬өз ерекшелігімен дамыды.‭ ‬Сондықтан қазақ саудасының үш түрі болды.‭ ‬Біріншісі‭ – ‬ежелден келе жатқан керуен жолдарындағы ішкі қазақ даласындағы айырбас сауда,‭ ‬екіншісі‭ – ‬жәрмеңкелердегі сауда жазғы және күзгі мал жайылымдарына жақын жерлерде жасалды.‭ ‬Үшіншісі‭ – ‬тұрақты сауда‭ ‬-‭ ‬XІХ ғасырдың екінші жартысында патшалы Ресейдің отарлық саясатының ішіне енуіне басталып,‭ ‬Қазақстан жері түгелдей өлкеге айналған кезеңі қалыптасты.
‭ ‬ Н.В.Якубов Кіші жүз қазақтарының егін шаруашылығы және сауда-саттық‭ ‬ісін бірінші орынға қойды‭ ‬.Атап айтатын болсақ қазақ-орыс саудасының дамуы,‭ ‬керуен жолдарының ашылуын көрсетті.‭ ‬Мал саудасы Ресейге қазақ жерінен Орынбор және Кіші жүз жеріндегі жәрменкелер арқылы өткендігін атап көрсетті‭
.‭ ‬И.‭ ‬П.‭ ‬Рычковтың зертеулерінде Кіші жүз қазақтары үшін керуен саудасының маңызы зор болды‭ ‬.‭ ‬Қазақтар саудаға араласып,‭ ‬керуен жолдары өтетін ауылдарға керекті тауарларын малға және мал өнімдеріне айырбастап алып отырған.‭ ‬Кіші жүз арқылы‭ ‬Орта Азия және Ресеймен байланыста болды деп жазады.‭

1.‭ ‬ Қазақтардың мал шаруашылығы

XVIII ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз қазақтары өздерінің ежелден келе жатқан кәсібі мал бағумен айналысқан.‭ ‬Мал шаруашылығы экстенсивті жағдайда дамып отырған.‭ ‬Ол негізінен табиғи жайылымның жыл бойына пайдалануына байланысты еді.‭ ‬Кіші жүз даласының барлық жерінде мал саны өте көп болған.‭ ‬Қазақтардың күн көрісі,‭ ‬тіршілігі,‭ ‬малдың төрт түлігіне тәуелді болды.‭ ‬Бұл жөнінде Кіші жүз даласына саяхат жасаған И.‭ ‬Фальк былай деген:‭ ‬Қазақтардың ежелден кәсібі мал бағу,‭ ‬олардың малы өте көп,‭ ‬және малдары сол жердің табиғатына бейімді әрі төзімді келеді‭‬.‭
Мал бағып өсіру атам заманнан бері келе жатқан кәсіп болғанымен,‭ ‬оның ауыртпалығы да көп.‭ ‬Малдың өсіп-өнуі ауа-райы мен табиғат жағдайына тікелей байланысты.‭ ‬Ыстығы мен суығына төзе отырып,‭ ‬қазақтар мал санын сақтап қана қоймай,‭ ‬оны көбейтіп,‭ ‬ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған Кіші жүз даласының жері мен табиғаты біркелкі емес,‭ ‬соған орай мал шаруашылығын дамытудың үш түрі болған,‭ ‬олар:‭ ‬көшпелі,‭ ‬жартылай көшпелі және отырықшылдық.
XVIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Кіші жүз даласында мал өсірудің негізінен көшпелі және жартылай көшпелі түрі болып келіп,‭ ‬XVIII ғасырдың‭ ‬20-30‭ ‬жылдарында Ресей империясының отарлық саясаты орнаған кезде,‭ ‬мал шаруашылығында оның отырықшылдық түрі дами бастады,‭ ‬оның екі себебі болды,‭ ‬біріншіден,‭ ‬патшалық Ресей әкімшілігі қазақ даласына толып жатқан бекіністер салып,‭ ‬екіншіден,‭ ‬отырықшылдық шаруашылыққа көшу Ресей отаршылдарына қолайлы болды.‭ ‬Сондықтан олар Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының отырықшылдыққа көшуін қолдап көмек көрсетіп,‭ ‬1822,‭ ‬1824‭ ‬жылдардағы әкімшілік басқару реформалары арқылы мұны заңды‭ ‬айналдырды.‭ ‬XIX ғасырдың‭ ‬20-30‭ ‬жылдарында мал шаруашылығы тауарлы өндіріске айнала‭ ‬ бастады.‭ ‬ Қазақ‭ ‬ даласында‭ ‬ мал сататын жәрмеңкелер‭ ‬ашылып,‭ ‬қазақтар малдарын сатып кәсіп жасап,‭ ‬орыс-қазақ саудасы дами бастады.
Көшпелі мал шаруашылығы мен Маңғыстау,‭ ‬Үстірт,‭ ‬Ырғыз қазақтары және Кіші жүздің шығыс бөлігіндегі ел айналысты.‭ ‬Бұл өңірдегі қазақтар жайылымдарға малдарын айдап,‭ ‬қашықтығы‭ ‬500-1000‭ ‬шақырымға дейін баратын болды.‭ ‬Бұлар көшіп жүргенде төзімді қой,‭ ‬ешкі мен жылқы өсірді.‭ ‬Бұл малдар сонымен бірге қыста,‭ ‬қар астындағы шөпті тұяғымен аршып тебіндеп жайылған.‭ ‬Қазақтардың көшіп-қонуға ыңғайлы киіз үй ата-бабасынан келе жатқан мәдениет көрінісі.‭ ‬Маңғыстау қазақтары мал соңында Ырғыз,‭ ‬Темір өзендерінің бойларына дейін көшіп келетін болған.
‭ ‬XIX ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүздің Батыс және Орта бөліктерінде экстенсивті жартылай көшпелі мал шаруашылығы дами бастайды.‭ ‬Мұның өзі жайылымдарды тиімді пайдалану,‭ ‬қыстақтар салу,‭ ‬қысқа шөп жинау арқылы жүргізілді.‭ ‬Жартылай көшпелі шаруашылыққа көшкен қазақтар қой,‭ ‬ешкі,‭ ‬жылқы,‭ ‬түйеден басқа сиыр малын өсіре бастады.‭ ‬Жартылай көшпелі шаруашылықтың ерекшелігіне орай олар егіншілікпен де айналыса бастады.‭
Сыр өзені бойындағы қазақтар мал шаруашылымен қатар суармалы егіншілікпен және балық аулау кәсібімен айналысты.‭ ‬Мысалы,‭ ‬Қазалы бекінісі маңындағы қазақтардың‭ – ‬6,2‭ ‬%-і,‭ ‬Перовскі маңындағы қазақтардың‭ – ‬4,8‭ ‬%-і балық аулаған.‭
Мал шаруашылығының отырықшылдық түрімен,‭ ‬әсіресе,‭ ‬өзен жағалауындағы,‭ ‬бекініс маңындағы қазақтар айналысқан,‭ ‬отырықшылдық мал шаруашылығының жоғарыдағы екі түрінен оның ерекшелігі,‭ ‬біріншіден,‭ ‬қазақтар малдарын жайылымға айдамай,‭ ‬ауыл маңында қыстақта бағып,‭ ‬жазда жайлауға шығып отырған,‭ ‬жайылым қашықтығы‭ ‬10-15‭ ‬шақырымдай ғана.‭ ‬Мал саны басқа шаруашылықтарға қарағанда аз болған.‭ ‬Мал түрінің‭ ‬көбі ірі қара мал,‭ ‬жылқы және түйе.‭ ‬Қой саны өте аз.‭ ‬Отырықшылдық мал шаруашылығы Кіші және Орта жүз қазақтарының солтүстік аудандарында дамыған.
Кіші жүз қазақтарындағы шаруашылықтың түріне қарай жылқы малын да көп ұстаған.‭ ‬Қазақтардың жылқысы қыста да,‭ ‬жазда да далада жайылған.‭ ‬Қыста жылқы жайылымы да болып,‭ ‬қар астында қалған шөпті тұяғымен аршып тебіндеген.‭ ‬Жылқы малы негізінен Кіші жүз даласының‭ ‬батыс және солтүстік аудандарында көп болған.‭ ‬Батыс және солтүстік аудандарында барлык малдың үлесін алғанда,‭ ‬жылқы‭ – ‬12,4-13,7‭ ‬%‭ ‬болса,‭ ‬Бөкей ордасында‭ – ‬11-12,4‭ ‬%,‭ ‬ал Маңғыстау мен Үстіртте‭ – ‬4,6‭ ‬%‭ ‬қана.
Мұндай ерекшеліктердің болуы,‭ ‬біріншіден,‭ ‬шаруашылықтың түріне байланысты болса,‭ ‬екіншіден,‭ ‬ауа-райы мен табиғат жағдайына байланысты.‭ ‬Қазақ даласында жергілікті ауа-райына төзімді қазақ жылқысының бірнеше түрлері болған.‭ ‬Соның ішінде жабайы жылқы,‭ ‬яғни жылқының қарабайыр тұқымы ерекше мықты болып келеді.
Қазақтар жылқы малын өздерінің жанындай көріп мақтаныш тұтқан.‭ ‬Сондықтан қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жырындағы Ер тарғын,‭ ‬Қобыланды,‭ ‬Қамбар батыр т.‭ ‬б.‭ ‬келбетімен қатар,‭ ‬олардың аттары әр уақытта қатар жүрді.‭ ‬Қазақ байларының мақтанышы болған.‭ ‬Арғымақтарды күтіп ұстап,‭ ‬оларды жәрмеңкелерде,‭ ‬той жиындарда өтетін ат жарыстарында салып бәйгеге қосып отырған.‭ ‬Қазақтар жылқы тұқымын жақсартуға көп көңіл бөлген.‭ ‬Қазақтың қарабайыр тұқымының бойында атақты түркмен,‭ ‬арап және башқұрт жылқы тұқымдарының қаны бар.‭ ‬Маңғыстаудағы адай аттарының тұқымы атақты түркмен жылқысы ақалтекеден шыққан.‭ ‬Бұдан туындайтын ой,‭ ‬Кіші жүз қазақтары ежелден жылқы тұқымын асылдандыруды біліп ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.‭ ‬Жылқыны баппен күту,‭ ‬жорыққа дайындауда атақты бапкерлер көп болған.‭ ‬Жылқы етінен жасалатын ұлттық тағамдардың да түрі сан алуан болған‭ – ‬қазы-қарта,‭ ‬жал-жая,‭ ‬шұжық және сүр ет.
Кіші жүз қазақтарының мал шаруашылығында ерекше орын алатын қой және ешкі малы.‭ ‬ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласындағы қой шаруашылығында жаңа тауарлы-сауданың дамуына байланысты қой мен ешкі көп өсірген.‭ ‬Қазақ даласындағы жәрмеңкелерге орыс саудагерлері жиі келіп қой малын көптеп сатып алып,‭ ‬оның жүні мен терісін Ресейде өндірісте өңдеп,‭ ‬мол пайда тапқан.‭ ‬Мал шаруашылығын дамыта отырып,‭ ‬Ресей отарлық әкімшілігі Кіші жүз даласында Ресей империясының жеңіл өндіріске қажетті шикізат көзіне айналдырып,‭ ‬мал өнімдерінен жасаған дайын тауарларды қазақ даласына әкеліп,‭ ‬қымбат бағаға сатып,‭ ‬өсімқор орыс саудагерлердің көбеюіне негіз болды.‭ ‬Ресей империясында экономикалық өзгерістер қазақ даласындағы мал шаруашылығының жаңа рыноктық кезеңіне бейімделіп,‭ ‬капиталистік қатынастың қазақ даласында ене бастауына себепші болды.‭ ‬Сондықтан мал шаруашылығы осы өзгеріске тиімді дамыды.
Кіші жүз жерінің барлық адандарында қой мен ешкі санының үлес салмағы жоғары болды.‭ ‬Мысалы:‭ ‬Солтүстік және Батыс аудандарда‭ – ‬6,4‭ ‬%,‭ ‬Маңғыстауда‭ ‬-‭ ‬8,4‭ ‬%,‭ ‬Бөкей ордасында‭ – ‬5,2‭ ‬%.‭ ‬Қой малы шаруашылықтың қай түріне де төзімді,‭ ‬әрі оның жүні мен терісі жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіріске өте қажет болса,‭ ‬қазақтардың тұрмыс салтында қой жүні мен терісі,‭ ‬киімі әрі баспана‭ (‬киіз үй қой жүнінен басылып жасалады‭)‬,‭ ‬Кіші жүз қазақтарындағы қой малының тұқымы дала ауа-райы мен табиғатына төзімді қазақ қойы Еділбай тұқымы болған.‭ ‬Жайылымға төзімді,‭ ‬еті тәтті болып келеді.‭ ‬Қазақ қойының етін жеген орыстар аузынан суы құрып,‭ ‬қазақ қойының етінің дәмі бальзам татиды‭‬ деп баға берген.‭ ‬Еділбай тұқымды қазақ қойы екі жастағы,‭ ‬сойған кезде‭ ‬1‭ ‬пұтқа жақын құйрық малын алуға болады,‭ ‬ал оны еріткенде‭ ‬20-30‭ ‬қадақ еріген май алған.‭ ‬Қазақтар қойдың жүнін күзде қырқып,‭ ‬жүнді Орынбор,‭ ‬Гурьев,‭ ‬Ырғыз,‭ ‬Калмыкова,‭ ‬Орал қалаларының жәрмеңкелеріне және Ресейге Орта Азияға апарып сататын болған.
Қазақтар қой малымен бірге ешкі малын да ұстаған.‭ ‬Қазақ ешкілері тибет ешкісінің тұқымына ұқсас.‭ ‬Кіші жүз жерінде ешкі өте көп болған,‭ ‬бірақ Ресей отарлық саясаты қазақ ешкіні баға алмайды деген оймен,‭ ‬ешкінің көбі Орынбор даласында өсіріп,‭ ‬ешкі түбітін Орынбор қаласында өңдеген.‭ ‬Орынбор ешкісі,‭ ‬орыс түбіті,‭ ‬Орынбор түбіті шәлісі күні бүгінге дейін осылай аталып келеді.‭ ‬Қазақ ешкілерінің түбітінен тоқылған түбіт шәлілерді Ресей шет елге шығарып Орынбор түбіт шәлісі деп атап кеткен.‭ ‬Кіші жүздің оңтүстігінде ешкінің үлесі‭ ‬10-18,2‭ ‬%,‭ ‬Маңғыстауда‭ ‬6,7‭ ‬%.‭ ‬Қазақ ешкісінің тұқымдарын Францияға апарып өсіруге әрекет жасаған.‭ ‬Қазақ ешкісі атақты Кашмир ешкісі тұқымымен пара-пара келген.
Ертеде қазақтар‭ ‬Ешкі кедей малы‭ ‬деген екен.‭ ‬Мұның негізгі себебі,‭ ‬біздің ойымызша ешкіні кедейлер сиыр малының орнына көп ұстағандықтан болса керек.‭ ‬Ешкі сүтінің дәмділігі мен майлылығына тең келетін сүт жоқ екенін‭ ‬ әрбір‭ ‬ қазақ біледі.‭ ‬Ешкі қойды бастаған‭ ‬деген нақыл сөз бар.‭

2.‭ ‬Қазақтардың егіншілігі.

‭ ‬Кіші жүз қазақтары мал шаруашылығымен қатар,‭ ‬егіншілікпен де айналысқан,‭ ‬бірақ бәрі бірдей емес.‭ ‬Мал шаруашылығы сияқты,‭ ‬егіншілік те табиғаттың,‭ ‬ауа-райының жағдайына байланысты дамиды.‭ ‬Кіші жүз даласында егіншілікке қолайлы жер көп болған жоқ.‭ ‬Оңтүстік-шығыс ауданы,‭ ‬Сыр өзені бойы,‭ ‬батыс бөліктің солтүстік-шығыс жеріндегі қазақтар егіншілікпен ғана емес,‭ ‬бау-бақша өсірумен де айналысқанын көреміз.‭ ‬Егіншілік пен көшпелі шаруашылық қатар жүріп отырды.
XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарында егіншілік дами бастады.‭ ‬Оның бірінші себебі қазақтар шамалы болса да егіншілікпен ертеден-ақ айналысқан,‭ ‬оның ішінде Сыр бойы қазақтары суармалы егіншілікті де білетін,‭ ‬ал Ресей империясының отарлық саясатының салдарынан қазақтардың ата-баба жерлерінен айрылып,‭ ‬көшпелі мал шаруашылығының қысқаруы күн көріс үшін егіншілікпен айналысуға айналып соқты.
Ресей отаршылдарында қазақтарды біржолата бағындыру әдісі жөнінде екі түрлі көзқарас болды.‭ ‬Біріншісі‭ – ‬қазақтар ата кәсібі мал шаруашылығы-мен айналысып жүре берсін де Ресейдің астығы мен өндіріс заттарын малға айырбастап алып тұратын болсын десе,‭ ‬екіншілері‭ – ‬қырда егіншілік дамып,‭ ‬қазақтарды отырықшылыққа көшіру керек деп білді.‭ ‬Екінші көзқарас жеңіліп‭
XІХ ғасырдың бірінші жартысында патшалы өкімет отырықшылдықты,‭ ‬оның ішінде егіншілікпен айналысқан қазақтарды қолдап,‭ ‬оларға көмек көрсетіп отырды,‭ ‬мұндағы саясат көшпелі қазақтарды бағындырудан гөрі,‭ ‬егіншілікпен айналысатын отырықшы халықты бағындыру оңай деп білу.
‭ ‬Кіші жүз қазақтары да ежелден егіншілікпен айналысып келген дедік.‭ ‬Бұдан бұрынғы зерттеулерден бір кемшілік‭ – ‬егіншілікпен қазақ жерінде тек кедейлер ғана айналысқан деген пікір.‭ ‬Біздіңше егіншілікпен айналысу үшін жарлы болу шарт емес.‭ ‬Күйлі-қуатты орта шаруалар да егін еккен.‭ ‬Олардың қолдарында құрал-сайман,‭ ‬күш-көлік жеткілікті болған жоқ.‭ ‬Сондықтан да қазақтар көп салалы шаруашылықпен айналысқан.‭ ‬Себебі қазақтар өздерімен көрші халықтар сияқты бір шаруашылықтың өнімінен күн көрген.‭ ‬Бұдан шығаратын қорытынды,‭ ‬Кіші жүз қазақтары да Орта,‭ ‬Ұлы жұз қазақтары сияқты егіншілік және бау-бақша ісін қатар жүргізген.‭ ‬Қазақтардың көшпелі халық деген бір жақты пікір дұрыс емес екенін соңғы кездегі тарихи зерттеулер дәлелдеп отыр.
‭ ‬Кіші жүз жерінің әрбір бөлігінде егіншілік қалай дамыған,‭ ‬енді соған шолу жасап көрейік.‭ ‬Сыр өзенінің төменгі және орта ағысы бойы ежелден егіншілік мәдениетінің орталығы болды.‭ ‬Бұл өңір мұнда Орта ғасыр заманынан бері тұрып келген қазақ тайпалары шаруашылығынан мұра болып жасалып келді.‭ ‬Сыр өзенінің‭ ‬суы мол,‭ ‬өзен жағасынан канал қазып,‭ ‬су ағызып бірнеше шақырым жерге созылған арық іздері күні бүгінге дейін байқауға болады.
Хорезм зерттеу экспедициясының бастығы С.П.‭ ‬Толстов:‭ “‬Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығында жартылай көшпелі шаруашылық және егіншілік мәдениеті дамыған.‭ ‬Сыр өзеніне бұрын су құйып келген Жаңадария мен Қуандария өзендерінің бойындағы арықтардың іздерінің сақталуы,‭ ‬осыған дәлел бола алады,‭” ‬деп жазған.
Сыр өзенінің төменгі суармалы егіншілікке өте қолайлы болған.‭ “‬Өзеннің екі жағасында жыл сайын қазақтар егін егіп,‭ ‬күн көрген‭”‬,‭ ‬-‭ ‬деп оқимыз мұрағат құжаттарынан.‭ ‬Жоғарыдағы‭ ‬ дәләлдер‭ ‬ Сыр қазақтары‭
отырықшы болып,‭ ‬егіншілікпен айналысқанын анықтайды.‭ ‬Сыр қазақтары егіншілік мәдениетін дамыта отырып,‭ ‬көрші өзбек,‭ ‬қарақалпақтармен тәжірибе алмасып,‭ ‬егіншілік мәдениетін жетілдіріп отырған.‭ ‬А.‭ ‬Левшин былай деп жазған:‭ “...‬Сыр бойы егіншілерін аралаған кезде,‭ ‬қарақалпақ және Ташкент өзбектерінің қазақтарымен бірге жұмыс істеп жүргенін көреміз‭”‬.
1820-1840‭ ‬жылдары‭ ‬8-10‭ ‬мың шаңырақтың егін алқаптары болған.‭ ‬21‭ ‬814‭ ‬500‭ ‬пұтқа дейін бидай,‭ ‬сұлы,‭ ‬арпа өнімдерін жинаған.‭ ‬Сыр бойындағы орыс-казак бекіністеріндегі орыс шаруаларында‭ ‬800‭ ‬десятина жерге егін егіп,‭ ‬12‭ ‬мың пұп бидай,‭ ‬арпа жинаған.‭ ‬Сыр өзені бойындағы қазақтар ежелден өзеннен су тартуды білген.‭ ‬Өзен арасынан бас канал қазып,‭ ‬каналдардан арықтар арқылы егістікке су жіберген.‭ ‬Көбіне су өз арнасымен ағып келетін болған.‭ ‬Келген суды белгілі бір жерге жинақтап көлшік жасаған.‭ ‬Көлшіктердің жағасынан қамыспен бекіткенде,‭ ‬ондағы су ұзақ сақталған.‭ ‬Су тартудығ екінші әдісі биік жерлерге арнаулы шығырлар орнату арқылы жүргізілген.‭ ‬Былайша сву тартудың үш әдісі болған:‭ ‬үлкен,‭ ‬орта шығырмен егістікке құйған үлкен шығырда‭ ‬32‭ ‬қыш құмыра болған,‭ ‬бір минутте‭ ‬2‭ ‬метр тереңдікте‭ ‬6‭ ‬шелек су шығарған,‭ ‬ал орта шығырда‭ ‬2‭ ‬метр тереңдіктен минутына‭ ‬2,5‭ ‬есе‭ ‬5‭ ‬шелек су шығарса кіші шығыр арқылы‭ ‬1,5‭ ‬метр тереңдіктен минутына‭ ‬2‭ ‬шелек су шығарған.‭ ‬Шығырды түйе немесе шегіп қозғалысқа келтірген.
Шығырды арнаулы ағаш ұсталары жасап сатқан,‭ ‬үлкен шығыр сол кездегі орыс ақшасымен‭ ‬15-25‭ ‬сом болған.‭ ‬Шығырды байлар мен сұлтандар шаруашылығы ғана пайдалана алған.‭ ‬Кедейлер егіс алқаптарын құдықтан суды шелекпен алып суғарған.‭ ‬Кедейлердің егіс алқаптары да аз болғанға ұқсайды.
Сыр өзені бойындағы қазақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
Қазақтың ХІХ ғасырдағы мал шаруашылығы
Көшпелі қазақ шаруаларының жаппай отырықшылыққа көшуі
ХІХ ғасырдағы Түркістан қаласы
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
Кіші жүз қазақтарының егіншілік және саудасының дамуы
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшірудегі мемлекет саясаты (ХХ ғ. 20-30-шы жж.)
Сырдария облысы қазақтарының этникалық тарихы және этноэкономикалық ерекшеліктері
Пәндер