Қарт және қарттық

Қарт және қарттық
Адам үш түрлі қартаяды.
Адамның қартаюы – адамзатты ежелден мазалап келе жатқан жұмбақ. Философтар ғасырлар бойы қартаюдың себептерін талқыласа, көптеген діндер кәрілікке киелі маңыз берген. Алайда қартаю үрдісінің биологиясы әлі күнге дейін толық зерттелген жоқ, тіпті адамның қартаю шапшаңдығын тежеудің әдістері де табылмай келеді.
Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді. Қартаюды: қалыпты немесе физиол. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю – адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады. Қартаюды қазіргі теориялар жас шамасының ұлғаюына байланысты белок синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Адамның салыстырмалы түрде ұзақ жасаған ғұмыры көп сатылы. Ғалымдар өмір жолын нәрестелік (бір жасар), балалық (1-13 жас), жастық (13-25), кемелдік (25-49), егделік (49-61), кекселік (61-73), қариялық (73-85) және қаусау (85-тен асқан) кезеңдерге бөліп, әрқайсысына биологиялық және физиологиялық тұрғыда толық мінездеме береді. Бір ғажабы, ғылыми нұсқалы аталған кезеңдер қазақтың мүшел жас (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85) өлшемдеріне дәлме-дәл келеді. Адам межелі ғұмырында қоян жымындай бұралаң, кедірлі-бұдырлы соқпақ, табан тірелмес тайғақ, биік асулы, терең өткелді, сондай-ақ тақтақ даңғыл, әйтеуір, қилы-қилы жолдардың талайынан өтеді. Өмірдің ең баяу сырғитын бөлігі қырық жасқа дейін ысылады, пысиды. Ой және қол еңбегінде шыңдалады. Ой өрісі кеңиді. Дүние танымы тереңдейді, молаяды. Қоғамдық ортада өз орнын табады. Азаматтық бейнесі әбден қалыптасып, келешек өмір нысанасы айқындалады. Одан әрі талпыныс, ілгерілеу, жеделдеген елу, сосын алпыс.
Алпыс – төре және сыни жас. Өткен кезеңдерге сарапшы, алдағыны болжамшы шақ. Апақ-сапақ өмірдің қоңыр күзі, ақшамы. Егделіктің көлеңкесі ұзарып, батыс көкжиегіне еңкеюі, қарттықтың табалдырығы, босағасы.
Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қартаю организм мен ой сезімнің даму, жетілу үдерісі тоқырып, белсенділік мүмкіншілігі мен қарқынының үдемелі төмендеуі. Адамға қалауынсыз-ақ өзінің табиғи жолымен жетер бұл кәрілік кезең ел аузында: “Ат мініп, атан жетелеп, келмейді, сірә, кәрілік. Күтпейді оны көпшілік, сағынып не тарығып” деп сипатталады.

Адам үш түрлі қартаяды.
Ерте тәни қартаю – кәрілік белгілерінің мезгілінен бұрын аян болуы. Адамның биологиялық және психологиялық қорғаныс механизмдерінің шамадан тыс тотығуы. Тұқым қуалаушылық пен туабітті гендік – тектік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қарттар психологиясына теориялық талдау
Қарттар үйіндегі қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық жұмыстың ерекшелігі
Әлеуметтік психологиялық теориялар
Қартаң адамдардың проблемалары
Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы туралы
Қарттар үйіндегі адамдардың тұлғааралық қабылдауының ерекшеліктері
Қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс жасау
Қарт адамдардың қоғамдағы орнын зерттеу
Пәндер