Ырымға байланысты ат қою


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ырымға байланысты ат қою

Қазақтың салты бойын- ша, жас нәресте туған кез- де ата-анасы ең сыйлы, қат- ты құрмет тұтатын адамы- на өз сәбиінің есімін қой-ғызады. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұн- дайда үлкен кісілердің айт-қаны - заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы - бұлжытпай орындалатын міндет. Тек есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн.

Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойыл- са, оның болашақ тағды-ры соған байланысты бо- лады», - деген наным-се- нім бар. Адам есімі ке- лешек тағдырына қанша-лықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің мінез-қылығы неліктен бір- біріне ұқсас? Бұл ХХ ға-сырдың басынан бері ға- лымдардың зерттеу жүргі- зіп келе жатқан жұмыс-тарының бірі. Соның нәти- жесінде кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды. Осы адам есімде- рін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.

Ырымдап ат қою - қа-зақтың қанына сіңген дәс-түрі. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою - бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмі-рі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түп- кі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. Жалпы, Шоқан Уәлиханов ырымды әдет-ғұрыпқа жатқыз- са, Сейіт Кенжеахметұлы «Ырым - халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып, ха-лықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы», - дейді. Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта ол - жақсы дәстүр. Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс.

Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдын- да қойған. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің бірі Ю. Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланы бесікке бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, әркім қал-қадірінше той жасайды. Тойға жиналғандар балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған. Бірінші ке- зекте балаға ағайын-туысы-ның ұйғарымымен өздері іштей құптап жүрген есімді қою. Мұны сол ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. Ал, ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-жорамал бар. Маңдайы нұрлы болып туған бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік, Жаманбала, Сасықбай деп, әдейі жиіркенішті есім қоя салады. Баламның аты затына сай болсын деп не-бір жаһангер қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер болған. Бірақ, олардың есімін әке-шешесі ержеткенше жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере алмай, өліп қа-луы ықтимал деп жорыған» (Ю. Бошняков, Денсаулық, 1991, № 11, 25 бет) . Иә, баласының атын ырымдап қою - ата-анасының ниетін білдіреді. Қазір де көп адам баласына ғұлама болсын деп - Марғұлан, Қаныш, ақын болсын деп - Абай, батыр болсын деп - Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп - Зе-ре, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе бастады. Бір ғажабы, кейбір елдерде «тағдыр» деген сөз ат қою деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөздің жаны бар. Өйткені, ертеректе адамдар атын өзгертуді өз өмірін басқа арнаға бұ- ру деп қабылдаған. Өмірінде күрт өзгеріс болған, мысалы, күйеуге шыққан қыздардың тегін өзгертуі де осындай түсініктен шыққан дейтіндер де бар. Бәрі мүмкін. Ал, Латын Америкасында бір адамға қосарланған аттың сыртында бірнеше есімді, яғ- ни, 8-9 атты бірақ қою дәс-түрі қалыптасқан. Оны Бра- зилия мен Мексиканың те-левизиялық сериалдарынан айқын аңғаруға болады. Бұл теледидарлық хикаяттарда Луис - Карлос - Фернанда - Аугусто - Мария - Хосе - Игнасио деген шұбалаңқы есім айтылмайды ма? Бұл жақта өзіне осындай шұбалаңқы есім қойылған бала өсе ке-ле солардың ішінен бір ат- ты таңдап алып, туған-туыс, жолдас-достарына сол есіммен өзін атауды өтінетін кө-рінеді. Есімдерді ырымдап қою бір- неше топқа бөлінеді. Олар негізінен, мынандай: атақ-ты, белгілі, ғұлама, жақсы адамдарға тартсын деп олар- дың есімін қою, бала тілеп, тілеуі қабыл болған-да шүкіршілік айтып, соған лайықты атау (Ондай есімдер: Тілеуқабыл, Аллабер- ген, Құдайберген, Тілеубер- ген, Тәңірберген) . Шаңырақ-та сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп, жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз өмірге ке-ле бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, Ұлтуар, Ұлжан тә-різді есімдермен атап, ұл күту. Егерде баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңді-гүл, Меңсұлу деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан. Баласы қайтыс болғаннан кейін шаңырақта тағы да бір сәби дүниеге келсе, біздің ата-бабаларымыз оны өлген ұл-қызының орнына келген санап, сол баланың өтеуі деп, ұлдарын Төлеген, Төлеу, Төлеубек, Төлеуқадыр деп атауды ырымға айнал-дырған.

Қазақтың ұлттық киімдері Ол - өте құнды тарихи-мәдени мұрамыз

Киім - адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат полеолит-тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С. И. Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.

Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршек- ті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі) . Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлт-тық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал-серілер киімі, сән-салтанат киімдері, ұлттық ойын-сауық, жарыстарда киетін киім-дер, ғұрыпты киімдер, қа- зақтың неке киімдері, күй-еу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салт- тық және ғұрыптық киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері, малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т. б. Біздің арнайы зерттеп, пай-ымдағанымызда білгеніміз: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Сондай-ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т. с. с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қа-рай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бірқа-тар қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасыр- ларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үл- гілері бізге жеткен жоқ. Біз-дің ұлттық киімдеріміздің не- гізгі түрлеріне байланысты арнайы салт-дәстүр, ырымдар бар.

Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

Аңға байланысты ойындар : ақсерек-көксе-рек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр. 2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота. 3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ырым-тыйымдары
Ұлы Жібек жолындағы діндердің таралуы
Қазақ халқы салт- дәстүрлерінің бала тәрбиесіндегі алатын орны
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымы. бесік тәрбиесі
Антропонимика мен лингвомәдениеттанудың сабақтастығы
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
Есімдер сыры
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына халықтық салт – дәстүрді сіңіре білу
Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері
Ұрпақ тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz