Артық салмақ қиындық тудыра ма?


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Артық салмақ қиындық тудыра ма?

Қазіргі таңда артық салмақ мәселесі бүкіл әлемдегі күрделі мәселелерге айналып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша 2015 жылға қарай 2, 3 миллиард ересек адам артық салмаққа ие болып, ал 700 миллион адам семіздікке шалдықпақ.

Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздіктің таралуы алаңдатады, - деп мәлімдеді баспасөз клубының спикерлері.

Оның көрсеткіші бүгінгі күні 1970 жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда 10 есе жоғары, бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына үдемелі қаіп тудырады. Мәселенің мәні балалар өздерінің мұғалімдері немесе дәрігерлердің сөзіне қарағанда, коммерциялық жарнаманың әсеріне көбірек шалдыққыш келетіндігінде болып отыр.

2006 жылы Қазақстанда жүргізілген ұлттық зерттеулер бойынша 5-жасқа дейінгі балалардың 11, 4%-ы артық дене салмағына немесе сезімдікке шалдыққан. Бұл Ақтөбе (16%) және Қызылорда (15, 8%) облыстарында жиі кездескен болса, көрсеткіш бойынша Жамбыл (7, 8) және Солтүстік Қазақстан (8, 3%) облыстарында екі есе төмен болып шыққан.

Мамандар артық салмақ індетінің жылдам өсуін тағамның калориялы өнімдерінің қолжетімділігінің артуымен және физикалық белсенділіктің төмендеуімен байланыстырып отыр. Майлылығы, тәттілігі жоғары, жасунық деңгейі төмен тағам мөлшері және көп мөлшерде тамақтану қуатты артығымен тұтану қаупін арттырады.

Сондықтан, құрметті ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен сатушылардың өздері, балақайларға арзан, бірақ өте зиянды тамақ алудың алдында, бірнеше рет ойлануларыңызды сұраймыз.

Бірінші байлық-денсаулық дегендей, өз байлығымызды сақтай білейік!

Дәрісіз денсаулық. Ашығу емі деген не?

Ол - белгілі бір мерзім аралығында ішіп-жеуден бас тарту арқылы емделу тәсілі. Аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия - РДТ) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа еніп кеткелі қашан. Ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген. Тіршілік иелерінде ауырып не жараланғанда тамаққа тәбеті тартпайтын қасиет бар екендігі белгілі. Оған ағзадағы сақтану түйсігі итермелейді. Ондайда (жай кезде ас қорытуға жұмсалатын) өмірлік қуат жараланған орынға шоғырланып, сол жерді барлық зиянды заттардан аластайды, денені тазартады. Демек, ашығу арқылы аурудан арылу, денені улы заттардан тазарту - о бастан барлық тіршілік иелеріне тән қасиет.

Тарихы

Аштықпен емделудің тарихы тереңде. Оны сонау көне заманнан бері барлық халықтар қолданып келеді. Айталық, бұл емдеу тәсілін осыдан екі мың жыл бұрын көне Рим дәрігері Асклепиад[1] та қолданған. Грек ойшылы Плутарх «Дәрі ішкенше екі күн ашыққаным артық» деген екен. Аштықпен емделудің артықшылығын мойындайтын осыған ұқсас деректерді көне үнді, қытай, жапон жазбаларынан да кездестіруге болады. «Каббала» деп аталатын еврейлердің құпия ғылымы мен мистикалық пәлсапасы да ашығуға оң көзқарас танытуда. Пифагор (б. з. д. VI ғасыр) өз шәкірттеріне математика мен пәлсапа ғылымының қыр-сырын үйретер алдында рухани тазару әрі ақыл-ой зеректігін арттыру мақсатында олардан 40 күн ашығуды талап ететін болған. Х-ХІ ғасырда шығыстың шарапатты дәрігері Ибн Сина көптеген ауруларды, әсіресе, шешек пен мерезге шалдыққандарды аштықпен емдеген. Буддалар өз алдына, Дәуіт пайғамбар күнара ауыз бекітсе, Иса мен Мұса пайғамбар 40 күн ораза ұстаған. Ал, Ислам дінінде 30 күндік парыз ораза бар екені бәрімізге белгілі. Оған қосымша, Мұхаммед пайғамбар (с. а. у. ) әр айдың 14, 15, 16-сы күндері, сондай-ақ әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері жиі-жиі үзбей нәпіл ораза ұстаған. Әрі оны үмбетіне өсиет еткен. Парсының күнге табынушыларына 50 күн бойы ашығу таңсық болмаған. Тіпті, ол дәстүр әлі күнге Үндістанда да бар. Мәселен, Үндістанның рухани көсемі Махатма Ганди жиі-жиі ішіп-жеуден тыйылып тұруды ұнатқан. Ганди ашығуға денені тазалау мен емдік қана емес, рухани тазару, сана-сезімді дамыту тұрғысынан да баға берген.

Түрлері

Ашықтыру емі сусыз, тағамсыз жүзеге асса, онда толық ашығуға немесе «құрғақ» түріне жатады. Мерзіміне қарай ол мынадай түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді (1-3 күн, бір апта, он күндік), ұзақ мерзімді (бір ай, 40-50 күндік) . Осы уақыт аралығында денені барлық қалдық атаулыдан, улы заттардан тазарту көзделеді.

Дененің қалдығы деген не?

Денедегі қалдық (шлак) дегеніміз - бірте-бірте ағзамыздың жекелеген жасушалары мен ұлпаларына сіңіп қалған өте ұсақ заттар. Олар негізінен белок алмасуының соңғы өнімдері: зәр, зәр қышқылы, креатинин, аммондық тұздар, т. б. суда еруі қиын ағзада тұнып қалатын нәрселер.

Денеге қалдық жиналуының бірнеше себептері бар. Ең негізгілеріне: тоя тұра үстемелетіп тамақ жеу, дененің белок пен майға, крахмалға бөгуін, сондай-ақ, жеген тамақтың дұрыс қорытылмауы, өте ащты тағам мен өте дәмді тағамды дұрыс қолданбау, ішімдік, темекі, есірткі, ауаның ластығы, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қабылдаған дәрі-дәрмек қалдықтарын және т. б. жатқызуға болады.

Бұлардың ең маңыздысы, көп тамақтана тұра дененің аз қуат жұмсауы, яғни денедегі алынған қуат пен жұмсаған қуат тепе-теңдігінің сақталмауы. Оған қоса, өкпе, бүйрек, тері, ішек арқылы ыдырайтын өнім мөлшерінің дұрыс болмауы.

Әсері

Ашығу кезінде ағза қандай күй кешеді? Ашығу нәтижесінде венуланың қыл тамырлармен тоғысқан жерінде бос қуыс (вакуум) пайда болады. Ал, қылтамырлардың бос қуысы өз кезегінде қан айналымының қозғаушы күшіне айналады. Ендеше, бос қуыс - ол күш деген сөз. Ал, ашығу - сол бос қуысты жасау арқылы адам денесінің тұтастай қозғаушы күшін тудыру.

Арылту-диеталық терапиясы денені тазарту мен сауықтырудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Сырттан тамақ қабылдау дереу тоқтаған жағдайда, дене сол уақытқа дейін жинап келген ішкі қосымша қорегін іске қосады. Бұл кезде дененің барлық бөлу жүйелері мен ішкі секреция бездері өте қарқынды жұмыс істейді. Бір ғана өкпенің өзінен газ тәрізді әр түрлі 150-дей уыт бөлінуі соның айғағы. Вегетативті жүйке жүйесі жанданады, адамның белсенділігі артады. Биохимиялық тұрғыда май мен бауырдың гликоген қосымшаларының ыдырауы реттеледі, қан құрамы өзгереді. Қан айналымы мен ас қорыту жүйелері жақсарады.

Ашығуды дұрыс іске асырған жағдайда ол сіздің ағзаңызды барлық керексіз улы заттардан тазартып, денсаулығыңызды шыңдайды, жасушаларды жаңартып, күш-қуатыңызды арттырады. Ашығуды тәмамдарда белгіленген көрсеткіштерге сүйену аса маңызды. Алайда, кейде ашығуға болмайтын жайттар да кездеседі. Оны да ескерген жөн.

Ашығуға болмайтын жағдайлар

Энцефалопатия (ми жүйесінің әлсіреуі) анықталса, қарттық шақ (60 жастан жоғары), дене әлсіреген кезде, соматикалық аурулардың қабынған кезінде, қандай да бір түрдегі қатерлі ісік белең алғанда, жүрек стенокардиясына, жүректің ишемиялық ауруларына, жүрек пен бүйректің органикалық ауруларына, қан айналымы мен тыныс алудың асқынған жағдайында, өткір құрт ауруына (туберкулез), бақшаңкөз (зоб), қан аурулары, жұқпалы полиартритке (бруцеллез) шалдыққанда.

Жүзеге асуы

Ашығу емін қабылдау ережесінің айтарлықтай қиындығы жоқ. Бар болғаны, сабыр сақтап, ауызды астан тыя білсеңіз жеткілікті. Ашығу кезінде тек қана дистиллияцияланған (буландыру әдісімен) су қабылданады. Қанша ішем десе де су мөлшері науқастың өз еркінде. Алайда, ағзаға басқа ешқандай тағам қабылданбауы тиіс. Мамандар ұзақ мерзімді ашығуға тәуекел етердің алдында әуелі қысқа мерзімді ашығуларды бастан өткерудің пайдалы екендігін айтуда. Ашығу міндетті түрде маман адамның бақылауымен жүзеге асуы тиіс. Неге десеңіз, кейде алғашқы күндерде-ақ денеден улы заттар өте көп шыққан жағдайда ашығуды үзуге тура келеді. Ұзақ мерзімді ашығу кезінде артық қимылға бармаған жөн. Көбіне төсекте жатып тынығып, теледидар мен радиодан бас тарту керек, тіпті әңгімелесудің де қажеті аз. Бірақ бұл бойдағы күш-қуатты үнемдеу мақсатында болмаса, бар тірліктен бас тартып, тырп етпей жатып алу емес. Сондай-ақ, ашығу кезінде дәрі қабылдауға, темекі тартып, спиртті ішімдік ішуге қатаң тыйым салынады. Қайта таза ауада көп жүру, жылы ванна қабылдау, тазалық клизмасы мен тыныстау жаттығуларын жасап тұру пайдалы.

Бір тәулік аштықты қалай өткеруге болады?

Бір тәуліктік аштық ертеңгі астан ертесі күнгі ертеңгі асқа дейін немесе кешкі астан ертесі күнгі кешкі асқа дейін жүзеге асады. Бұл уақыт аралығында дистилляцияланған судан басқа ешқандай тағам қабылданбайды. 24 сағаттық бұндай аштық кезінде дисстиляцияланған су толы кесеге бір шай қасық лимон шырынын не шынашақтай бал қосу денедегі улы заттардың еруін тездетеді. Ол сізге күш беру мақсатында емес, қара судың тәтті дәмін келтіру әрі шырышты улы заттардың еріп, сіздің табиғи сүзбеңіз (фильтр) - бүйректерден жеңіл өтуіне жағдай жасаудан туындайды. Ашығу кезінде бүйрек өте үлкен қызмет атқарады. Дистиллияцияланған су ішу керектігі де содан. Қай мерзімдік болмасын ашығу аяқталғанда ең әуелі үгітілген сәбіз бен туралған қырыққабаттан жасалған жас көкөніс салатын жеу керек. Ол ішектерді өте жақсы тазалайды. Ішек-қарын жолының жұмысын жандандырады. Салаттан кейін бұқтырылған жас қызанақ секілді қуырылған көкөніс тағамын жеген жөн. Ашығуды ет, сүт, сыр, май, балық, жаңғақ түрлерімен аяқтаудың және бастаудың дұрыс еместігі қатаң ескертіледі. Ашығу емі қабылданғаннан кейінгі алғашқы тамақ салат не қуырылған көкөніс өнімі болуы міндетті. Ет секілді басқа да тамақ түрлері содан кейін ғана біртіндеп барып қабылданады.

Қандай ауруларға ем?

Аштықпен емдеу профилактикалық құрал ретінде көптеген аурулардың алдын алады. Анығырақ айтсақ, мына аурулар: жүрек-тамыр ауруларына, асқазан-ішек, буын, тыныс жүйелеріне, аллергия, 2 түрдегі қант диабеті, жүйке жүйесі қызметі бұзылуында, тері ауруларына, психикалық ауытқушылықтарға, диспепсия, іш қату, бауырдың қатаюы, соқырішектің қабынуы, бауыр қабынуы (гепатит), гастроэнтерит, ревматизм, семіздік, шорбуын (артрит), демікпе, жоғарғы қан қысымы, шемен (водянка), ишиас, қояншық, ұйқысыздық, әлсіздік, сал ауруының барлық түрлері, бас аурулары, бас сақинасы, өкпе қабынуы, артық салмақ, бронхит, өкпе қабығы ауруы (плеврит), безгек, тонзиллит, сүзек, тамырлардың түйнеліп кеңеюі, құлақ аурулары, қатерлі ісік, миқұрт (менингит), аденоидтар, жарық (грыжа), өт қабына тас байлану, қуықтың қабынуы (цистит), созылмалы іш өту, тік ішек аурулары, жүйке сал ауруы, қаны аздық т. б.

Ашыққан адам бастапқы екі күн ғана қиналады. Одан кейінгі күндері өз-өзін жеңіл сезіне бастайды. Өйткені, адам денесінің сезіну қабілеті күшейеді. Ашығудың бесінші күні әлсін-әлсін адамды тамаққа деген тәбет тартады. Кейде ашыққан адамның тамаққа тыжырына қарайтын кезі де болады. Табиғи тәбет қайта қалыпқа келгенге дейін аштық жеңіл күйде жалғасын таба береді.

Ашыққанда ауызда жағымсыз иістің пайда болып, тілдің өңезденуі, кейде тамырдың соғуы 120-ға дейін жиілеп, кейде 40-қа дейін түсуі, жиі құсу, бас айналу, түкіріктің жиналып қалуы, әлсіздік, тамақтың жыбырлауы, тоңып-жаурау, аз уақытқа іш өту белгілері ешқандай да қауіпті емес. Қайта ағзаның толықтай тазалануының көмекші көріністері болып табылады.

Қорыта келгенде, аштықпен емделу - физиология, биохимия, медицина саласының ғалымдары тарапынан көп зерттелген әрі бүгінгі күні Германия, Австралия, Жапония, АҚШ, Ресей секілді бірқатар өркениетті елдер кеңінен қолданып отырған өте тиімді емдік тәсіл. Зерттеуші Герберт Шелтон «Аштық тіпті өміріңізді де құтқарып қалуы мүмкін» десе, денсаулық сақтау мамандары қазіргі уақытта ғасыр індеті болып отырған «ішкі улануды» (эндотоксикоз) болдырмайтын бірден-бір емнің осы аштық екенін айтып дабыл қағуда. Қалай дегенмен де, күллі тіршілік иелеріне ауырғанда асқа тәбет тартпайтын қасиет дарытқан Жаратушы ісінің астарында осындай үлкен емдік тәсіл жатқандығы ғажап-ақ!

Қазақстанда семіздер саны - 4 миллион

Бүгінде семіздік мәселесі бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, 2015 жылға қарай 2, 3 миллиард ересек адам артық салмаққа ие болып, ал,

700 миллион адам семіздік дертіне шалдығады екен. Семіздік салдарынан түрлі ауру­лар туындап, адамдардың өмір жасының қысқаруына әкеп соғуда. Соңғы кезде жүрек, қан тамырлары аурулары мен сусамыр дертінің дендеп бара жатқанына да көп жағдайда артық салмақтың әсері күшті.

Соңғы кезде балалар мен жасөспірімдерде артық салмақ қосу проблемасы күн санап артып отыр. Дене салмағын реттеу, семіріп кетудің алдын алу шараларын бала кезден қолға алған тиімді. Кейде 5-7 жасар баласы тола бастаса кейбір ата-аналар оны ұл-қызының денсаулығы­ның мықтылығына балайды. Қате. Мұндай бала ен­ді 10-15 жылдан соң қан­ша салмақ тартуы мүм­кін? Әрине, артық сал­мақтың алдын алу, семіз­дікпен күрестің бәрі де маман-дәрігерлердің ақыл-кеңесімен жүзеге асырылуға тиісті. Қазіргі кезде әртүрлі ауруларды ұзақ мерзімді ашығу ар­қылы емдейді. Осындай жолмен адам тәнінде жиналып қалған зиянды заттардан арылуға болады. Ашығу кезінде ағзаның қорғаныс күштері іске қосылып, тән­нің әсер туғызу қабілеті кү­шейеді. Ал ем-дәм ұстау арқылы шизофрениялық (ақыл-естен айырылу), жұқ­палы аурулардан туындайтын орталық жүйке жү­йесінің сырқаты, улану, ас қорыту ағзаларының бұ­зылуы, буын, тері (есекжем, нейродермит), демікпе және қан қысымы дер­тінің алдын алуға болатыны анықталған. Яғни, денсаулық көтеретін болса, шамадан тыс салмақ пен семіру жағдайында ішінара ашығуды пайдалануға болады. Ислам дінінде де тоя тамақтануға шек қойылған. Ұлы Пай­ғам­барымыз (с. ғ. с. ) тоя та­мақтанбау туралы былай деген: «Үмбеттерім үшін ең қатты қорқатын жайларым: мешкейлік, ұйқышылдық, жал­қаулық», «Адам тә­нінде қарыннан жаман мүше жоқ. Бірнеше рет асаған тамақ адамға жеткілікті тойымдылық бе­ре­ді. Мүмкіндігінше, қа­рынның үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға, қалған үштен бі­рін тыныс алдыруға қал­дыру керек».

Мамандар дұрыс та­мақ­танудың үш «алтын ере­жесін» ұсынады:

1. Та­мақты тартынып іші­ңіз;
2. тамақ құнарлы болсын;
3. тамақтану тәртібін қатаң сақтаңыз.

Артық тамақтану сым­батыңыздың сынын кеті­реді, көріксіз қатпарлар мен қос бұғақ пайда болады. Қант пен тәттіні шамадан тыс тұтынбаңыз. Қанттың тәуліктік мөлшері - 70-80 грамнан аспағаны дұрыс. Қанттың орнына бал, қара қарақат қайнатпасын қол­даныңыз. Жас ұлғайған сайын әл­сіздене түсетін адам сүйегі мен оның артық салмағы сусамыр ауруына алып ба­рады екен. Колумбия уни­верситетінің Медицина орталығындағы Генетика және даму департаментінің басшысы Жерард Карсен­ти және оның әріптестерінің дәлелдеуінше, адам сүйегі остеокальцин деп аталатын гормонды бөліп шы­ғарады. Ол гормон өз кезегінде қан құрамындағы қанттың мөлшерін рет­теу­мен айналысады екен. Әри­не, сал-
мақ қосқан адам­ның бәрі 2-ші топтағы диа­бет, яғни сусамыр ауруына шал­ды­ғады деген сөз емес. Дей тұрғанмен, 90 пайыздық жағдайда ол әсердің тікелей екендігі дә­лелденіп отыр. «Сусамыр ауруы 2030-шы жылға қа­рай өсе түседі деген қауіп бар» дейді ғалымдар.

Бүгінде жасөспірімдер арасында да семіздік ке­селі көбеюде. Дүние жүзін­де семіздік пен артық сал­мақ қосқан адамдардың саны 2 миллиардқа жетті. Қазақстанда 4 миллионнан астам адам семіздікке шалдыққан. Бұл біздің елімізде тұратын халықтың санын ескергенде, үлкен көрсеткіш болып табылады. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің артық салмақ қосуы алаң­дататын жағдай. Балалар мен жасөспірімдер арасында семіздікке шалдығу Еуропа елдеріне қарағанда, біз­де бүгінде 10 есеге өс­кен. «Қазіргі уақытта 5 жас­қа дейінгі балалардың 11, 4 пайызы артық дене салмағына немесе семіздікке шалдыққан. Ол дегеніміз, егер бала кезден семіздік басталса, онда есейе келе де жалғаса бе­реді, яғни өмір бойы ар­тық салмақ жинап өседі. Семіздіктің жүрек талмасына себеп болатынын ес­керсек, өлім бойынша Қа­зақстан 1-ші орынға шығып отыр. Елімізде, 50-60 жас аралығындағы адамдар­дың екіден бірі жүрек нау­қа­сынан дүниеден өтеді екен.

Тиімді тамақтану

Біздің организміміздің құнарлы тағам түрлеріндегі майлар, көмірсулар, ақуыздар мен минералдардағы қажеттілігін қауіпсіз азық-түлік түрлерін тұтыну арқылы тиімді сапалы тамақтану қамтамасыз етіледі. Салауатты тамақтану күделікті тіршіліктің ажырамас бөлігі болуы тиісі, және адамның физиологиялық, психикалық және әлеуметтік денсаулығына ықпал етуі тиіс.

Кәзіргі кезде көптеген аурулар: созылмалы инфекциялық емес аурулар, оның ішінде жүрек қан-тамыр дерттері мен қатерлі ісіктерді қоса, остеопороз, йоджетіспеушілік, теміржетіспеушілік дамуының негізгі қауіп-қатерлері тамақтанудың бұзылуына, жануарлар майын, тұзды аса көп қолданып, ал көкөністер мен жемістерді аз тұтынуға, дене салмағының көптігінен, темекішегушіліктен, алкогольді салына тұтынуға, дене шынықтырумен айналыспауға байланысты.

Бұл ретте қауіп-қатер тек кейбір факторлардың болуына ғана емес, сонымен қатар олардың қосарлануында.

Бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының, балалардың тиімді тамақтанбауға байланысты ауру-сырқаулық пен өлім көрсеткіштерін төмендету, салауатты тамақтану туралы білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын ұстану мен тамақтану дағдыларын өзгерту арқылы денсаулығын сақтау және нығайту.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) салауатты тамақтанудың он екі қағидасы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артық салмақ мәселесі
Қатыстық сын есімдер
Мамандық таңдау жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері
Үлгермеуші балалардың педагогикалық - психологиялық аспектілері
Болашақтағы мектеп психологы, арманыңды іске асыр!
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Қалдықсыз және жартылай қалдықты өндірістік технологиялар
Баланың үлгерімін жақсартуда мұғалім мен ата-ананың іс-әрекеті
Адам денсаулығы және қоршаған орта
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz