Автономды тіршілік жағдайындағы адамдардың өзін-өзі қорғаудағы әрекеті


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Автономды тіршілік жағдайындағы адамдардың өзін-өзі қорғаудағы әрекеті
1. Тірі қалу факторлары: антропологиялық, табиғи орталық, экологиялық, материалды-техникалық.
2. Автономды тіршілік ету жағдайында тірі қалу тактикасы.
Экстремальдықтың дәрежесі. Материалдық жарақтанғанына байланысты (арнайы киімдер, төтенше жағдайға арналған құрал-жабдықтар) және сол сияқты географиялық-климаттық шарттарының ерекшелігіне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға (тауға) қонуы, әрине, экстремальдық жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Экстремальдықтың дәрежесі адам өмірінің сақталуына әсер етеді әрі тірі қалудың мүмкіншілігін анықтайды.
Осыдан барып, экстремальдық жағдай адамдардың мамандықтарына және олардың өмір сүру дағдысына қарай әр түрлі болады деген тұжырымға келуге болады.
Адамның жападан жалғыз экстремальдық жағдайда қалуы, ерекше талдауды қажет етеді. Амалсыз осындай жағдайға тап болған адам, алдымен қандай қиындыққа тап болғанын болмысымен түсінуі қажет, содан соң барып баспана, тамақ туралы және қайтып оралудың жолын ойластыруы керек, әрі алғашқы сасқалақтау, стрес жағдайымен күресуі қажет. Бұған адамның мінез-құлқы, жігерлігі немесе бозкүйектігі үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен ең бастысы - адамның бұндай жағдайдағы істейтін өз іс-әрекеті. Біріншіден, адамның өзі ұшыраған жағдайын дұрыс сараптауының, сыртқы факторлардың (аптап ыстық, боран, суырған жел және т. б. ) әсерін дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды (киімі, баспанасы, құрал-жабдықтары) дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың (аш, жалаңаш, ауру және т. с. с. ) - бәрінің маңызы өте зор.
Шешім қабылдағанда мына қажеттіліктерді қатты ескеру қажет:
- дәрігерлік көмек көрсетуді (егер қажет болса) ;
- сыртқы дүниемен байланыс орнатуға қам жасауды;
- баспана ұйымдастыруды;
- су мен тағам табуды;
- айналаны бағдарлап, зерттеп, жүретін бағытты анықтап алу керек.
Адам стрестік жағдайдан неғұрлым тез арада шыға алса, соғұрлым оның сабырлы, ойлы іс-әрекеті оң нәтижесін береді.
Байланыс орнатуға және белгі беруге әрекет ету. Экстремальдық жағдайға душар болған адам бірінші ретте сырт ортамен байланыс жасауға шара қолдануы керек. Оның құралдары: белгі зымырандары, от, факель жағу, қолдағы бар басқа да құрал-жабдықтарды пайдалану, айқайлау, ысқыру және т. с. с.
Өндіріс орындарында төтенше жағдайға арналған арнайы белгі беру құралдары болады.
Бұндай белгі беру құралдары шахталарда, кемелерде, су асты кемелерінде, ұшқыштарда және т. с. с. болады. Сол сияқты, төтенше жағдайда дабыл беретін 01, 02, 03, 04 деген телефон нөмірлері бар.
Мысал ретінде жол жүріп келе жатқандағы ұшыраған экстремальдық жағдайдағы дабылдар ыңғайы келген әдіспен беріледі:
- айқаймен (ысқырықпен) ;
- жарықпен (фонарь) ;
- қараңғы жерде ашық түсті (немесе керісінше) затты бұлғаумен;
- ашық күнде ақ түтін жіберу (отқа жасыл бұталарды, мүктерді тастаумен ақ түтінге қол жеткізуге болады) ;
- бұлтты, бұлыңғыр күні - қара түтін жіберу.
Тік ұшақтағы құтқарушыларға халықаралық кодты пайдалана отырып, дабыл белгілерін берген жөн. Мысалы, жоғарыдан анық көрінетін жерге қолда бар заттармен - матаның кесіндісімен, киіммен, бұтақтармен, қарды таптап із салу арқылы, оттың күлін пайлаланып - белгі беруге болады.
Дабыл берудің басқа да әдістері бар. Соның бірі айнаны пайдалану. Айнадан түсетін күннің жарығы электроника мен пиротехниканың нәтижесінен кем емес. Айнаның сәулдесін биіктіктегі ұшақтан 1, 5 км-ден 24 км-ге дейін қашықтықтан көруге болады.
Ендігі бір әдіс - ол радиобайланыс.
Радиобайланыс арқылы өзің туралы, апаттың түрі және дәрежесі жөнінде толық мәлімен бере аласың. Апатқа ұшырау дабылын спутниктер жер шарының кез-келген нүктесінен қабылдап, жақын арадағы құтқару станцияларына қас-қағым сәтте жеткізіп бере алады.
Баспана тұрғызу. Апат болғандығы жөнінде дабылды берген соң немесе оған дайындық жасап болған соң, паналайтын баспана тұрғызуды ойластыру қажет. Бірінші ретте, оны тұрғызуға қолда бар заттарды (парашют, мата кесіндісі, қаптайтын заттар) пайдаланады. Болмаса табиғи заттардан тұрғызады. Экстремальды жағдайға тап болған кездегі баспана тұрғызудың қажеттігі жаңбырдан, күшті желден, суықтан, қайнаған ыстықтан қорғанумен айқындалады.
Баспана тұрғызуға пайдаланатын әмбебап заттардың бірі - тент. Жерге белгілі бір бұрышпен орнатылған тент жаңбырдан, ана қорғап қоймайды, сонымен бірге оттың жылуын да сақтауға көмектеседі.
Суық уақытта жатын орынды от жанып, қызуы қалған жерге салған жөн. Астына майда бұтақтармен құрғақ жапырақтар төсеген абзал. Егерде жерде түнеу қауіпті болса, жатын орынды ағаш басында орнатуға болады. Бүйрекке суық тигізбес үшін сыз жерде, қар үстінде жатуға мәжбүр болғанда, белді жылы киіммен орап тастаған жөн.
Қажет болғанда қауіпсіз баспана тұрғызған дұрыс. Ол үшін ыңғайлы орын табу керек. Біріншіден, орын құрғақ, жан-жағы ашық болуы керек, су көзіне де жақын болғаны тәуір. Егер уақытша баспананы табиғи орыннан тапса (ағаштың қуысы, үңгір т. с. с. ), уақыт жағынан да, әл-күшті сақтауға да үлкен көмегі тиер еді. Үлкен ағаштағы қуыста баспана бала алады.
От жағу. Баспана тұрғызылған соң, от жағуды ойлану керек. Сапарға шыққанда, табиғат аясында дем алу үшін қыдырысқа шыққанда, қажет болса, өзіңізбен бірге сіріңке алып жүргеніңіңз абзал. Әрине сіріңке полиэтилен пакетіне салынған болса, немесе оралған болса, онда сіріңке су болмай құрғақ күйінде сақталады. Егер де сіріңкеңіз су болған болса, отты басқа жолмен (үйкеумен) алуға тура келеді.
Оттың жануына құрғақ бұтақтар керек. Алдымен тұтанғыш үстіне, тығыздамай, жіңішке бұтақтар, немесе құрғақ шөп, мүк салып тұтандырған жөн. От жаққанда өрт шығып кетпеудің қамын ойлаған абзал.
Тамақ пен суды табу. Экстремальды жағдай кезінде тамақ пен су табу аса маңызды мәселенің бірі болып есептеледі. Егер адам жападан жалғыз қалуға мойын ұсынып, дайындалған болса, онда ол осы мәселені ертерек ескергені жөн, яғни соған сәйкес дайындық жасауы қажет. Ал егер бұндай жағдайға ойда жоқ жерден душар болған болса, онда су мен тамақты табудың жолын, мүмкіндіктерін іздестіреді.
Адамдардың аштықта, шөлде өзін-өзі ұстауы, іс-әрекеті туралы талай рет ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сондықтан осы зерттеулердің нәтижесін дайындық кезінде толық ескерген жөн.
Егер адам толық сусыз, тамақсыз қалған жағдайда, алғашқы 10 күн ішінде қазаға ұшырайтындығы белгілі.
Ал арнайы дайындалған адамдардың тәжірибесі, мысалы, иогтардың өз бойын толық меңгеріп сусыз, тамақсыз 40 күнге дейін тірі бола алады екен.
Аштықтың алғашқы 2-3 күнінде адамда тағам қозуы (қарыны ашады) болады. Бұл кезде адам қанында қант бірден төмендеп кетеді. Аштық қинап, іші гүрілдеп, сілекейі ағып, мазасызданады. Бір тәуліктің ішінде адам салмағы 1 кг азаяды. Қан қысымы көтерілмегенімен тамыр соғысы жиілейді.
Организмде көміртегінің азаюы майдың қорытылмауына, метоболизмнің (май қышқылы, ацетон) қышқыл өнімдерінің жиналуына әкеліп соғады. Ацидоз дами бастайды. Синил қышқылымен уланған кездегідей, аш адам ацидоздан өледі.
Жападан жалғыз қалғанда аштан өлмес үшін, адам бәрін де жей алатындығын ұмытпауы керек. Мысалы, кесірткені де, жыланды да, құрбақаны да, шегірткені де, құрт-құмырсқаны да, құсты да, балапандарды да, оның жұмыртқаларын да - бәрін де жеуге болатындығын білген дұрыс. Құрт-құмырсқалардың кеудесі мен іш жағын жейді. Әрине тамақ ретінде жүнді құртты, көбелек, қоңызды, раковинасы жоқ құрлық молюскаларын пайдалануға болмайтынын білу керек т. с. с.
Тамақ болатын жемістер, дәндер, тамырлар, жапырақтар өсімдік әлемінде де жеткілікті. Негізінен, тамырды, бадананы, түйнекті тамаққа пайдалану үшін, азпаздық өңдеуден өткізу керек. Ал өсімдіктердің ішінде тамаққа өзіңе бұрыннан белгілерін пайдаланған дұрыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz