ЖҚТБ-дан сақтану


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. ЖҚТБ-дан сақтану үшін мүшеқап әрдайым сенімді
бола бермейді . . . 3
2. 2. Мүшеқап қолданылса да туған балалар . . . 3
2. 3. Тесік мүшеқаптар . . . 3
2. 4. Мүшеқапты қолданып та, ауру жұқтыруға болады . . . 4
2. 5. Мүшеқап машиналардың қауіпсіздік белдігіне ұқсас . . . 4
2. 6. Емдеу, вакцина және сақтандырғыш жайлы
таңғаларлық «жаңалықтар» . . . 5
2. 7. Әйелдер де мүшеқап іспетті сақтандырғышты
қолдана алады . . . 6
2. 8. Контрацепция . . . 7
2. 9. Ішетін контрацепциялар . . . 8
3. 0. Контрацептикалық әдісті таңдау . . . 10
ЖҚТБ-дан сақтану үшін мүшеқап әрдайым сенімді бола бермейді
Көптеген қауымдарда сақтандырғыш (мүшеқап-презерватив, кондом) туралы сөйлесуді жөн көрмейді. Бірақ шындықты айту қажет қой. Медицина тарапынан алғанда мүшеқап қолдануға болатын нәрсе ме? Оны қолдануға ұсыну - сенушілердің ахлақтық (моральдік) құндылықтарына қайшы ма?
Тағы да бір сұрақ бар. Егер ЖҚТБ адамды өлтіретін болса және ағза онымен күресуге дәрменсіз болса, ал дәрі-дәрмектер көмектеспесе, вакциналардың пайдасы тимесе, онда басқа қандай үміт бар? Мен мектептерге барып жастармен әңгімелескенде, олардың барлығы маған ең қауіпсіз жыныстық қатынас жолы мүшеқапты пайдалану екендігін айтады. Тіпті өздері оны ешқашан қолданбауды ұйғарса да, олар солай айтады. Алайда егер ойларын өзгертіп, мүшеқаптар қолданатын болса, ол шынымен адамдар ойлағандай тиімді ме? Мүшеқаптардың соншалықты қауіпсіз емес екенін ешкім мойындағысы келмейді.
Мүшеқап қолданылса да туған балалар
Ондаған жылдар бұрын әрбір ана өз қызына кім көрінгенмен жақындасатын болса, нәтижесінде баласымен жалғыз қалатынын ескертетін. Бірақ мүшеқаптар баяғыдан, тіпті, біздің заманымызға дейінгі 1850-жылдан бері белгілі болған. Ежелгі қытайлар мен римдіктер мүшеқап жайлы жақсы білген, әрі сол кезде оның пайдасы қазіргіден жоғары болған емес.
Тіпті бүгінгі күні мүшеқаптар көптеген адамдардың ойлайтынындай жүктіліктен еш шүбәсіз сақтай алмайды. Егер мен дәрігер-гинеколог болсам және менің қарамағымда жүктіліктен сақтану үшін мүшеқапты таңдап алған жүз жас келіншек бар болса, мен жыл сайын олардың он төрті айлықтары тоқтап қалғандықтан, зәрелері ұшып ұялып кабинетіме келетінін күмәнсіз айта аламын. Олар өздерінің жүкті екеніне сене алмайды, олардың серіктері әрдайым мүшеқапты пайдаланған сияқты еді ғой!
Тесік мүшеқаптар
Сатылымдағы сапасы төмен он мүшеқаптың жетеуі тесік болуы мүмкін екендігін есіңізге саламыз. Тіпті сапасы ең жоғары деп саналса да бәрібір 200 мүшеқаптың әйтеуір біреуі сіз оның сыртқы орамасын ашпас бұрын-ақ тесік болады. Бірақ ең маңыздысы - оны ашқаннан кейін не болатыны. Мүшеқапты дұрыс пайдалану соншалықты оңай емес екен. Қараңғыда оның жыртылып қалуы, әйелдің әшекейлеріне ілініп қалуы, жарылып кетуі, түсіп қалуы, сыдырылып түсуі, егер жыныстық қатынастан кейін дұрыс шешпесе, шәует ағып кетуі мүмкін.
Егер шынын айтсақ, мүшеқаптардың неліктен сіздің сеніміңізді ақтамайтынын ешкімнің білмейтінін мойындауымыз керек. Бірден-бір маңызды себеп мүшеқапты пайдаланамын дейтін адамның оны дұрыс ниетпен сатып алса да, қолданудың сәті түскенде оны киіп те үлгермейді.
Мүшеқапты қолданып та, ауру жұқтыруға болады
Егер сперматозоидтың ұзындығы он сантиметр деп елестетсеңіз, онда онымен салыстырғанда вирустың көлемі түйреуіштің басындай-ақ болар еді. Егер сперматозоид еркектен әйелге өте алатын болса, онда вирусқа не шара. Сондай-ақ, вирус кері бағытпен әйелден еркекке де өте алады. Мүшеқаптың мұқият қолданылғанына қарамастан ерлердің АҚТҚ-ны өз жұбайларына немесе әйелдердің оны күйеулеріне жұқтырғандары жайлы мәліметтердің көптеп кездесуі таңғалдыратын жағдай емес.
Тіпті мүшеқаптан сперма өтіп кетсе де, әйелдің жүкті болып қалмауы да мүмкін. Себебі әйел отыз күннің үш күнінде жүкті бола алады. Тіпті ұрықтануға дайын тұрған аналық жасуша бар болған күнде де, көптеген адамдарға нәрестенің пайда болуы үшін көп рет тырысуға тура келеді. Шын мәнінде жүз адамның бесеуі бұның нәтижесін ешқашан көре алмайды. Ал басқа бесеуіне нәрестенің пайда болуы үшін айлар, тіпті жылдар бойы қажымай тырысулары қажет болады. Орта есеппен алғанда бұл үшін әйел мен еркекке шамамен төрт ай уақыт керек.
Бірақ АҚТҚ-ны айдың кез келген күнінде жұқтыруға болады. Бұған серігіңізбен бір-ақ рет төсектес болудың өзі жетерлік.
Мүшеқап машиналардың қауіпсіздік белдігіне ұқсас
Қауіпсіздік белдігі жылына мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалады. Алайда бұның кері әсері де бар: адамдар белдікті таққаннан кейін өздерін қауіпсізбін деп сезініп, олар көбіне жылдамдықты күшейтіп, бағдаршамға қарамай, өзгелермен жарысып, озуға тырысады. Ақыр аяғында адамдар қатерге тап болады. Сондықтан құтқарылғандардың саны болуға тиіс саннан анағұрлым аз болып шығады.
Мүшеқапты және оның сенімділігін асыра сілтеп насихаттап, кейбір денсаулық сақтау науқандары көптеген адамдардың бұрынғы жеңіл жүріске салынған өмірлерін жігерлендіреді. «Сол райыңнан қайтпа, бірақ мүшеқапты қолдануды ұмытпа».
Бәрі де түсінікті: егер сіз вирусты жұқтырып алғаны мүмкін адаммен жыныстық қатынасқа түсуге тәуекел ететін болсаңыз (адамдардың бәрі бірдей шындығын айтпайды, әрі сіз ауруды сырт келбетіне қарап ажырата алмайсыз, онда оны қалай біле аласыз) әрі мүшеқапты қолданбасаңыз, онда сіз - есіңізден адасқансыз.
Мүшеқап сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін. Мүшеқаптардың миллиондаған адамдардың өмірін ЖҚТБ-дан сақтап қалғандығы еш күмәнсіз.
Егер сіз мүшеқапты пайдаланып жүрген болсаңыз, оның сапалы екендігіне көз жеткізіңіз. Мүшеқаптар ыстық жерде, әсіресе пайдалануға дейін көп ай бойы сақталса, жарамсыз болып қалады. Бұған қоса ауруды жұқтырып алу қаупін азайту үшін спермицидті қолданыңыз. Егер сіз (қынапты ылғалдандыру үшін) любрикантты пайдаланғыңыз келсе, судың негізінде жасалған және спермициді барын қолданыңыз. Майдың негізінде жасалған любриканттар санаулы минуттың ішінде сақтандырғышты ерітіп жібереді.
Бірақ өзіңізді алдамаңыз: егер сіз мүшеқапты пайдаланып жүрген болсаңыз, бұл еш жүкті болмайсыз, немесе ешқандай инфекцияны жұқтырып алмайсыз дегенді білдірмейді.
Егер сіз вирусты тасымалдаушы бір немесе бірнеше адаммен үнемі жыныстық қатынаста болсаңыз, мүшеқаптың көмегімен бе әлде онсыз ба маңызды емес, онда күндердің күнінде ауру жұқтырасыз. Бұл спорт машинасымен үнемі қауіпсіздік белдігін тағып алып, жол жүру ережелерін елемей, апат болса да, өлмеймін деп ойлап жоғары жылдамдықпен жүрумен бірдей. Қауіпсіздік белдігі қауіпті азайтады, бірақ жарақат алмайсыз деген кепілдік бермейді.
Емдеу, вакцина және сақтандырғыш жайлы таңғаларлық «жаңалықтар»
Біз ЖҚТБ-ға қарсы жасалып шығарылған ғажайып жаңа дәрі-дәрімектер туралы апта сайын дерлік оқып не естіп жатамыз. Бізге біреу вакцина тауыпты, енді сақтандырғышты (мүшеқапты) қолданса, жыныстық қатынаспен айналысу қауіпсіз дейді. Егер осылар рас болса, бұл шынымен жақсы жаңалық. Бірақ ол солай ма? Кейбіреулер егер пәктігін жоғалтпаған адаммен жыныстық қатынасқа түссең, ЖҚТБ-дан айығасың дейді. Сандырақ. Адамдардың соншалықты сенгіштігі таңғалдырады.
Сіздің оқитындарыңыз бен еститіндеріңіздің көбі - бос сөз. Егер кейбіреулер айтып жүргендей ЖҚТБ-ның дәрісі табылса немесе жақсы вакцина табылған болса, дәрігерлер, медбикелер және үкіметтер уайымдауларын доғара алар еді. Бәрінің де инфекцияның таралуының алдын алу қамын ойлап жүруінің себебі оның ешқандай емі жоқтығында және ертелі-кеш пайда болу мүмкіндігінің аздығында. Қазіргі уақытта тиімді вакцина жоқ және алдағы онжылдықта табылып қалуы да неғайбіл. Одан сорақысы - көпшілік жұрт ойлағандай сақтандырғыштар (мүшеқаптар) сондай қауіпсіз де емес.
Мен жуық арада вирусты өлтіретін, ағзамызға қауіпсіз дәрі-дәрмектер шығарылады деп үміттенемін. Сол іске асқанда, бізде тұмаудың, әдеттегі суық тиюдің, полиомиелиттің, сарыаурудың (гепатит), ұшықтың (герпес) және көптеген басқа аурулардың, сонымен бірге ЖҚТБ-ның де дәрі-дәрмектері болады. Бірақ оған әлі алыс.
Қазіргі шақта бізде оны жүзеге асыратындай қажетті технология жоқ. ЖҚТБ-ны емдеу үшін бізге ағзаның ішіндегі әрбір жеке жасушамен жұмыс жасай алатындай ғажайып құралдарды ойлап табу керек. Адамды Айға немесе Марсқа қондырудың өзі ЖҚТБ-ға қарсы дәріні ойлап табумен салыстырғанда, оп-оңай ғана шаруа. Оны тапқан адамның есімі ең ұлы өнертапқыштардың бірі ретінде адамзат тарихында мәңгі қалатын болады. Ол туралы ХХІІ ғасырда да кітаптар жазылатын болады.
Ал бізге әзірше жүздеген лақап «емдеулер» жайлы оқуға тура келеді. Мәселе ЖҚТБ-ға шалдыққан адамдардың сол аурудың өзінен өлмеуінде. Өзіміз байқағандай, адамдар ЖҚТБ-ның ағзаны әлсіретуінің нәтижесінде пайда болған аурудан немесе инфекциядан өледі. Дененің осы инфекциялардан құтылуына көмегін тигізетін дәрілердің бәрі науқасқа үлкен қолғабыс бола алады. Науқастар үйлеріне сергек болып оралады және кейде бірнеше ай бойы өздерін жақсы сезінеді. Олар тағы бір жаңа инфекцияны қабылдағанша, адамдар оларды айығып кетті деп ойлайды. Және бұл лақап сөз бен жалаң мәліметке жол ашады:
«Мен мына ерекше антибиотикті қабылдай сала бір күннен кейін ауруымды түгелдей ұмытып, ауруханадан шықтым. Енді менде ЖҚТБ жоқ».
Бірінші айтылған ой дұрыс, ал екіншісі - өтірік. Адам кез келген уақытта тез арада өліп кетуі мүмкін. Жауынгер жасушалар әлсірей береді және ағза күн өткен сайын жаңа микробтарға мойынсұнғыш келеді. Тіпті адам тәуір болып көрінгенімен, оның төрінен көрі жақын.
Әйелдер де мүшеқап іспетті сақтандырғышты қолдана алады
Қазір мүшеқаптың жаңа түрі бар. Ол кәдімгі мүшеқаптың материалынан жасалынады, бірақ әйелдің ішкі ағзасында орнықты тұруы үшін арнайы құрылыммен нығайтылған. Бұндай сақтандырғыш қосымша қорғаныш жасайды. Мәселе әйел мен еркек жыныстық қатынасқа түскенде, бұл жұқа резеңке кімнің қолданғанына қарамастан, әйел ме, әлде еркек пе, бәрібір, орнынан шығып немесе жыртылып кетуі мүмкін. Бәрі де болуы мүмкін, бірақ ешбір адам бұны әбден кеш болмайынша байқамайды. Бұйым неғұрлым тығыз әрі қалың болса, адамдар соғұрлым оны пайдалануды құп көрмейді. Екеуіне де көрінбейтін әрі білінбейтін мінсіз сақтандырғыш жоқ, дегенмен, кейбіреулердің айтуынша, әйелдердің сақтандырғышы мінсіздікке жақын, бұған қоса оны көп рет қолдануға болады. Дүние жүзі бойынша олардың 35 миллионы сатылған.
Контрацепция
Көптеген ерлі-зайыптылардың және әйелдердің алдында, керек емес жүктіліктен қалай сақтау керек деген сұрақ тұрады. Бұл сұрақтың туындауына себеп болатын, жүкті болатын әйелдің немесе дүниеге келетін баланың дені сау болама деген сұрақ емес, сонымен қатар бақытты отбасы құрыла ма жоқ па деген күрделі сұрақ тұрады
Осы кезде контрацепцияны қолдану қауіпсіз жыныстық қатынас жасауға және денсаулығыңды сақтауға, сонымен қатар өзіңнің жаныңа жайлы және ұнайтын өмір сүруге көмектеседі.
Контрацепция сізге қалай көмегін тигізеді:
Ұнайтын адамыңмен ерікті сезінуіңе көмектеседі және керегі жоқ жүктіліктің болып қалуынан сақтайды.
Сіздің балалы болуыңызды ойлануға мүмкіндік береді. Сондықтан, ойланып шешкенен кейінгі балалы болуға шешім қабылдап, еккіқабат болып, балалы болуыңыз өзіңіздің жоспарыңызбен болады да, ол ісіңізге өкінбейтін боласыз.
Жасанды жолмен баланы алдырып тастағанда, денеңізге және жан-дүниеңізге жарақат әкелетін, денсаулығыңызға зиянын тигізетін қауіп және қатерден сақтайды.
Бір бала туғаннан кейінгі екінші баланы туудың арасындағы уақыттың жиі болмауын сақтауға көмектеседі. Себебі екі баланың арасының аз дегенде үш жыл болуы, ананың денсаулығының қалпына келіп және келесі баланы тууға да денсаулығын дайындауға көмегін тигізеді.
Кейбір контрацепциялар жыныс жолымен жұғатын аурулардан сақтайды.
Күтпеген жүктіліктен сақтанудың көптеген әдістері бар. Бірақта, барлық әйелдерге бірдей жақсы әсер ететін контрацепциялық дәрі жоқ екенін естен шығармау керек. Қандай емдік әдісті алсаңыз да, оның жетістігі мен жетіспеушілігі, жағымды, жағымсыз және кері әсерлері болады. Сондықтан контрацепцияны әр-адамның дене мүшесіне қарай, қалай әсер беруіне байланысты, жыныстық қатынасқа деген нйетіне және денсаулығының жарамдығына байланысты таңдауы керек. Сіздің денсаулығыңызға пайдасы бар контрацепцияны дәрігер акушер-гинеколог немесе әйелдерге кеңес беру мекемесінің арнайы даярланған акушеркасы ғана таңдап бере алады.
Ішетін контрацепциялар
Гармондық контрацепцияларды ойлап тапқан уақыттан бері күтпеген жүктілікті болдырмайтын ерекше бір жаңалық болып есептелді деуге болады. Өткен ғасырдың ортасында жүктілік кезінде фолликуланың өсуі мен жетілуі тоқтайтындығы анықталды және осы уақт жүктілікті болдырмайтын уақыт екендігі белгілі болды. Көптеген ғалымдар бір-біріне тәуелді емес ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Соның негізінде әйелдердің жыныс мүшелерінен бөлінетін контрацептикалық әсері бар эстроген мен прогестерон - гармондарын анықтады. Осы ғылыми жаңалықтардан кейін ғалымдар арасында контрацептикалық гармондық препараттарды зерттеулер кеңінен жүргізіле басталды.
Қазіргі кезде жүктілікті болдырмайтын эстрогендер мен прогестерондар құрамында бар көптеген таблеткалар бар, олардың ең басты жұмысы жұмыртқа жасушасының түзілуін бәсеңдетеді де контрацептикалық әсер береді.
Қазіргі уақытта жасалып жатқан контрацептикалық әсері бар препараттарды, егерде, дұрыс қолданса 100% күтпеген жүкітілктен сақтайтын қасиеті бар.
Гармондық дәрілерді цикл бойынша қабылдау керек. Оларды күнделікті бір ішу арқылы 21 күн үздіксіз қолдану керек те, содан кейін 7 күн үзіліс жасап, етеккірдің 1-ші немесе 5-ші күнінде қайта ішуді бастау керек, дәріні ішкенде белгілі бір уақытта ішетін болып дағдыланса сапасы дұрыс болады.
Гармондық дәрілердің контрацептикалық әсерімен қоса әйелдердің дене мүшелеріне жағымды әсері де барын ескерген жөн.
Жүктілікті болдырмайтын дәрілерді ішкен кезде етеккірдің көп келуі азаюмен қатар етеккір арасындағы (овулярлық) ауыртулар азаяды, етеккір ретті келумен қатар ұзақ және көп қан ағу да азаяды. Жүктілікті болдырмайтын іріктірілген дәрілерді ішу етеккір алдындағы синдромдарды азайтады және темір жетіспеушіліктен қанның құрамының қызыл түйіршіктерінің азайып кетуін жақсартады.
* Ішетін контрацептикалық дәрілерді қолдану ішкі жыныс мүшелерінде жедел қабыну ауруларының болуын төмендетеді де әйелдердің бала туа алмай қалатын жағдайлардан сақтайды.
* Ішетін контрацептикалық дәрілерді қолдану ішкі жыныс мүшелерінде аса қатерлі ісік ауруларынан сақтаумен қатар жұмыртқа және эндометрия қатерлі ісігін 50%-ға төмендететіндігі анықталды. Жұмыптқа және эндометрия қатерлі ісігінің болмауының ұзақтығы ішетін контрацептикалық дәрілерді қаншалықты ұзақ қолданса соншалықты болмауы мүмкін. Бұл құбылысты 12 ай бойына үзіліссіз ішетін контрацептикалық дәрілерді қолданған адамдарды зерттегенде анықталды, және дәріні ішуді тоқтатқаннан кейін де ұзақ уақыт аурудың болмағаны анықталды.
Ішетін контрацептикалық дәрілер овуляция құбылысын төмендетумен қатар, әйелдердің жұмыртқасындағы сулу ісіктің 90 %-ға төмендегені анықталды.
Контрацептикалық дәрілерді қабылдаған кезде қатерлі ісіктердің дамуы азайады, соның ішінде емшек безінің ісігі фиброаденома мен сулы ісіктері тоқтайтындығы анықталды.
Әйелдер өлімінің ең басты себебі болатын жатыр сыртында пайда болатын жүктілікті овуляция құбылысын тежеу арқылы азайтады.
Гармондық жүктілікке қарсы дәрілерді қолдану көптеген тері ауруларын (әртүрлі бөрткендер) болдырмайды. Тері ауруларын болдырмау қасиеті барлық гармондық дәрілерге тиесілі, дегемен де, соңғы кезде өндіріліп жатқан құрамында аз мөлшерде эстроген бар дәрілер жақсы әсер беруде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz