Файлды тасымалдау хаттамасы (FTP) және HTML негіздері: серверлер, браузер және Microsoft Word арқылы веб-беттер


Файлды тасымалдау хаттамасы. (ҒТР)

Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін ҒТР атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады (file Transler Protocol-файлды тасымалдау хаттамасы. )

Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала берілмейді. Оларды сақтап ҒТР арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерелр бар. Оларды ҒТР серверлер деп атайды.

ҒТР хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің адрес өрісіне файл серверінің адрсін, мысалы, ftp: // ftp. relcom. ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей кватологтар мен файлдар көрінетін сервер беті шығады. Катологты шертіп ішкі катологқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны қолданған дұрыс.

ҒТР серверімен сеанс кезінде бірнеше бет құжат алған болсаңыз, аспаптар панелінің Кейін және Алға түймелерін пайдаланып, құжат бойынша әрі-бері жылжуға болады. Тоқтау түймесі шертілген кезде, ҒТР-серверімен байланыс үзіледі. Егерде басқа ҒТР-серверге ауысқыңыз келсе, IE терезесінің Адрес өрісіне оның адресіненгізіп, Енг пернесін басу жеткілікті. Не өрістің оң жағына орналасқан тілсызық түймесін шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдап алуға болады.

Басып шығару түймесі арқылы не Файл - Басып шығару командасын беріп, экранда көрінген бетті басып шығу қиын емес. Егер беттің қарпін өзгерту қажет болса, оны Шрифт түймесі арқылы орындау керек. Тәсіл Word мәтіндік редакторындағы сияқты.

HTML тілі элементтері

Веб-бет мәтінге қоса гиперсілтемелер де енгізіліп дайындалады. Оған түрлі суреттер, фотографиялар, кестелер мен мультимедиялық информацияның да енгізілуі мүмкін (мультимедия - компьютерде информацияны, дыбысты және қозғалыстығы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған технология) . Веб-беттер комьпютер экранында әдеттегідей форматталған түрде көрінгенімен, көбінесе олар құжатты форматтауға арналмаған гипермәтінді белгілеу тілі деп аталатын HTML тілінде дайындалады. HTML де қатаң ережелері бар компьютерлік тіл, ерекшелігі: оған енгізілетіндердің басым көпшілігі кәдімгі мәтіндерден тұрады. Құжатты әдеттегідей редакторда, мысалы, Microsoft Word сияқты мәтіндік редакторда не осы үшін арналған FrontPage редактор терезесінде жазуға болады. Құжатта бастамасы, соңы, тақырыптары, абзацтары және т. б. болатыны, ал Word сияқты мәтіндік редакторда олар түрлі форматта дайындалатыны белгілі. HTML тілінде осы сияқты ұғымдар ТЕГ деп аталатын маркерлер (арнайы белгілер, символдар) арқылы көрсетіледі. Маркерлер бұрыштық жақшалар ішінде және басым көпшілігі форматтың басы мен соңында қосақтасып жазылады, тек формат соңында жазылатын тег алдына көлденең сызықша (/) белгісі кірістіріліп қойылады.

Тегтерді бас не кіші әріптермен жазудың айырмашылығы жоқ. Абзац тегтерін жазу міндетті емес, бірақ олар бар кезде браузер абзац шекараларын дәл анықтайды.

Келесі жолға өту үшін не ретімен кездесетін бірнеше позициялық бос орындарды бейнелеу үшін HTML файлында тек бір бос орын қалдырып кетуге болады (оларды HTML тілінің редакторы автоматты түрде белгілейді) .

Гиперсілтеме дайындау үшін <а> тегінің ішінде жазылатын href = « . . . » тег атрибуты пайдаланылады. Мұндағы қос тырнақшаның ішіне гиперсілтеме болатын URL адресі не файлдың толық аты енгізіледі.

Microsoft Word-та Веб-бет құру. Бетте гиперсілтеме орнату.

Веб беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Веб-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не сүретті белгілеуде мүмкін. Экранда көрінген веб бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша веб бетте экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Веб-бетті Word 2000-да дайындау тәсілі: Файл - Құру - Веб-бет командасын беріп, ашылған терезеде мәтін дайындау. Файл - Вет-бет түрінде сақтау командасын беру. Веб-бет типі (. htm) автоматты түрде енгізілген Сақтау терезесі көрінеді. Терезедегі Файл типі (тип файла) өрісінен HTML құжаты пунктін таңдап, Веб-бетке ат беру. (мысалы, Ержан)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
WWW және HTML негіздері: веб-беттер, гиперсілтемелер, шолғыштар мен желілік хаттамалар
Серверлерге кіріспе: веб-серверлер, Unix және файлдарды енгізу (FTP, CGI, MIME)
Веб-қосымшаларды дайындау технологиялары: HTML және гипермәтіндердің құрылымы, формалар мен статикалық/динамикалық беттер
Веб-парағын құру негіздері: WWW, HTML және веб-редакторлар
Delphi 6 көмегімен веб-әзірлеу: Интернет, HTML, динамикалық беттер, CGI/ISAPI және деректер қорымен жұмыс
Веб-беттерді құру және HTML тілінің негіздері
HTML негіздері мен веб-беттерді жобалау
Блакнот бағдарламасында веб-сайттар құру: HTML және CSS негіздері
Жергілікті және ғаламдық компьютерлік желілер: серверлер, веб-технологиялар және электрондық пошта
Веб-сайт құру әдістері, кезеңдері және негізгі қағидалары: HTML редакторлары, домен мен хостинг негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz