Алматы


Алматы
Алматы (бұрынғы кездері Верный және Алма-Ата деп аталған) - Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 434 755 адам тұрады (2011) .
Халқы
Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т. б. тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал ресми дерек бойынша Алматыда 1, 3 милллионды қоныстайды. Алматыда 1, 185, 900 адам тұрады (2004) .
ТарихыТянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде, қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы - алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы - Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Атазаң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.
Алматы теңіз деңгейінен 650-12-00 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы - Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында.
Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына Алматының мемлекеттік гербын әшекейлеген барс жатады. Тау баурайында дәнді, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады.
Қала 170 шаршы км. астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің торабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы бүгінде, 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді.
Алматы - елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.
Басты қала құндылықтарының бірі - Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биіктікте орналасқан. Көктебенің басына шығу арқылы қаланың алақандай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар.
28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.
Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А. Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берген.
Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы - Шота Уалиханов. Монументтің ұшында барсқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.
А. Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей - республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады.
Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан.
Қайта құру кезеніндеҚұрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар, солардың қатарында Ленин атындағы сарай, «Қазақстан» қонақ үйі, Медеу спорттық кешені т. б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі архитектуралық-құрылыстық мақсат - Алматының «жасыл желекті қала» атын сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу көзделді.
Тәуелсіздік кезеңі1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.
ЭкономикасыАлматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар рыногін дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т. б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ.
Мәдениеті ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz