Құқық жүйелерінің конституциялық негіздері



1.1. Конституция . мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні
1.2. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы
Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, Конституция ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде "Конституция" деген сөз "саяси құрылыс" ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқықпен бейнеленетін кұрылым мағынасына ие болды. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында "Конститу¬ция" атаусөзі "мемлекеттің жай-күйі" ұғымын танытты. Конс¬титуция атаусөзі (латынның constitutio — бекіту, орнату деген сөз). Рим империясы зандарында императорлардың құкық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлыктарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашкы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
II б өл і м

құқық жүйелерінің конституциялық негіздері конституция - мемлекеттің aтa заңы: қалыптасуы мен дамуы

1.1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні

Тарихқа көз жүгіртіп қарасақ, Конституция ұғымын ерте заманда сонау Грецияда Аристотель қалыптастырған болатын. Ол кезде "Конституция" деген сөз "саяси құрылыс" ұғымын білдіретін. XVII ғасырда Францияда бұл сөз рентаны, рента шартын бейнеледі. Мұнан соң көне грекше ұғымға қайта оралып, бұл атаусыз құқықпен бейнеленетін кұрылым мағынасына ие болды. Ұлы француз төңкерісі қарсаңында "Конституция" атаусөзі "мемлекеттің жай-күйі" ұғымын танытты. Конституция атаусөзі (латынның constitutio — бекіту, орнату деген сөз). Рим империясы зандарында императорлардың құкық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлыктарын білдірді. Орта ғасырларда феодалдық еркіндік туралы құжаттар осылай атала бастады.
Ең алғашкы конституциялық типтік актілер Англияда қабылданған болатын. Бірақ оның тарихи дамуының ерекшелігінің салдарынан мемлекеттің ішкі өмірінің ең басты жақтарын, оның ішінде қоғамдық кұрылысты, азаматтардың құқыктары мен бостандықтарын реттейтін тұтас актілердің болмауына әкеп соқтырды. Сөйтіп, осы күнге шейін, қазіргі ұлыбритания, Жаңа Зеландия жазбалы емес конституциялары бар мемлекеттер. Оның жазбалы емес конституциясы деп саналатын актілердін қатарына XIII—XX ғасырларда қабылданған көптеген актілер, соның ішінде сот үрдістері (прецедент), әдет-ғұрып (конституциялық келісім) жатады. Бұлардың бәрі бір-бірімен байланысы жоқ, белгілі бір жүйеге келтірілмеген, сондықтан тұтас акті ретінде қалыптаспаған.

Ең алғашқы жазбалы конституцияны (ішкі құрылымдарға бөлінген бірыңғай негізгі заң) АҚШ-тікі деп атауымызға болады, ол 1787 жылы қабылданып, осы уақытқа дейін қолданылып жүр. Еуропадағы жазбалы конституциялар Польша мен Францияда 1791 жылы қабылданған болатын. Кез келген конституция қоғамда орныққан тәртіптің негізгі ұстандарын бекітіп береді. Мұнда ел өміріндегі аса маңызды өзгерістер көрініс табады.
Конституцияның ерекше белгілерін айқындап отырып,
құқықтанушылар, оны ұлттық құқықтық басқа көздеріне карағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы зандық күші бар құқық
нормаларының жүйесі, ол бір жағынан адам мен қоғамның,
екінші жағынан адам мен мемлекеттің арасындпғы қатынастар
негізін, сонымен бірге мемлекеттің өзінің ұйымдастыру
негіздерін қоғамдық және конституциялық құрылысының
негіздерін, адам мен азаматтың негізгі құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару (бу-
ындарын ұйымдастыру және олардың қызметі қағидаттарын
бекітуші әрі реттеуші Негізгі Заң ретінде тұжырымдайды. Сондықтан Қазақстан Реепубликасының Конституциясы елімізде
колданылып жүрген барлық зандардың іргетасын қалайды,
оның зандарының заңы болуы шындық, ақиқат. Құқық калыптарының бұл жүйесі заң салаларына қағидаттық қалып болып
табылып, құкық реттегіштің базасына айналады. Ал, ағымдағы
зандар осы конституциялық қағидат қалыптарын әрі қарай дамытушы күш ретінде есептелінеді.
Бұл оқулықта Ата заң (Конституция) оның мейлінше көп тараған мағынасы — ең жоғарғы құдіретті күші бар заң немсе зандар деген ұғымда қолданылады. Конституцияның кұдіретгі күштілігі мынадан айқын керінеді: біріншіден, оның нормалары өзге зандардың тұжырымдарынан айрықша басымдылыққа болады, екіншіден, жай зандар және оған тәуелді нормативтік актілер осы конституцияда айқындалған органдар арқылы конституциялық процедураға сай қабылданулары тиіс, үшіншіден. төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата заңымыздың нормаларына сәйкес болуы керек (241-бетті қараңыз).
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциялары төртінші Ата зан (1937, 1978; 1993, 1995 жж.). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш peт мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады. Кейінгі Aтa занда (1995 ж.) құқықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның жан-жақты қалыптасуына қажетті экономикалық еркіндігі, идеологиялық пен саяси әр алуандығы (сөз бен шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық қозғалыстар бірлестігі), халық билігін жүзеге асырудың демократиялық амалдары, экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға сай бейнеленеді.Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының мәтінінен көріп отырғанымыздай, оның нормалары ұзақ жылдарға бейімделген, тұрақты, жалпы мәндес болулары тиіс. Ал Конституцияның өзі референдумда (Қазақстан Республикасында, Ресейде, Францияда, т.б. елдерде сияқты) немесе құрылтай жиналысында (Үндістанда, Италияда сияқты), немесе басқаша да қабылдауы мүмкін. Оның іс жүзіне енгізілуі біржақты — мемлекет басшысының актісі арқылы болуы да мүмкін. Сайып келгенде, Конституцияға құқықтық акт ретінде ғана емес, оны бүкіл қоғамымыздың әділеттілік адамгершілік бағытын ұстаушы қалып ретінде қарауымыз дұрыс. Өзінің мәні жағынан конституция ол қабылдаған кездегі саяси күштердің арақатынасын көрсетуші қоғамның әр түрлі бөліктерінің саяси мүдделері тоғысқан бейне бір қоғамдық шарт маятнигі болып табылады. Мұндай қоғамдағы үйлесімсіз ешқандай құкықтық тәртіптің орнығуы мүмкін емес.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті: заң (құкықтың басты қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын) және идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын — адам және адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын) дәріптеуші қызметін атқарады.
Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқық жүйесінің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Ата заңының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарылауда.
Қоғамдық қатынастардың конституциялық құқықтык реттілігінің дамуын мінездейтін әлемдегі мынадай үш негізгі тенденцияларын атап көрсетуге болады:
1. Конституцияларды, жалпы алғанда конституциялық құқықты тұрақты социализацияландыру көрініс табуда. Дүние жүзіндегі алғашқы конституциялар, әдетте, саяси сферамен шектелінген. Олар жеке (азаматтық) және (саяси) құқықтар мен бостандықтарын уағыздаған. Тек, ерекше жағдайда ғана құқық меншігін (мәні жағынан әлеуметтік-экономикалық, тұрғыда) мәлімдеген.
XX ғасырдағы әлеуметтік шиеленістердің нәтижесінде конституцияға бүкіл қоғамдық кұрылысты реттеудің белгілі бір нысандарын (саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдениет жүйелерін қосқанда) енгізу қажеттігі талап етілді. Осындай дәстүрді іс жүзіне енгізіп, нығайтуға "социалистік" деп аталатын елдердің (атап айтқанда КСРО) конституциялары көп әсерлерін тигізді. Демек, еңбекшілердің әлеуметтік қарсылығы негізінде пайда болған "социалистік" және "ұлттық-социалистік" тоталитарлық режимдердің өмір сүруінің өзі дүниеге демократиялық мемлекетті "түнгі күзетші" міндетін атқарудан әрі асырмайтын және нарық жағдайында қоғамдық қатынастардың өзін-өзі реттеу үмітіне төнген аса зор қауіп екенін көрсетті.
Алғашқы жылы кеңестік конституциялары Қазан революциясынан кейін пайда болды. Олар - 1918 жылғы РСФСР Конституциясы, 1924 және 1936 жылдардағы КСРО Конституциялары, ақыры, 1977 жылғы бүкілхалыктық мемлекеттін Негізгі заңы. Біздің республикамызда ең алғашқы Қазақ автономиялық республикасының Конституциясы 1924 жылы жасалынды. Тек 1926 жылғы 18 ақпанда Орталық Атқару Комитеті бекіткен болатын. Ол кезде біз Ресей Федерациясының қарамағында болғанбыз, өкінішке орай, бұл Конституцияның жобасын Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитеті кейіннен бекітпей тастады, өйткені ол кездегі Ресейдің Конституциясы бойынша автономиялық республикалардың Ата заңдарын бекіту Ресей өкілеттілігінде болатын. Сондықтан да болар Қазақ Автономиялық Республикасының 1926 жылғы Конституциясы кағаз жүзінде қалып койғаны өкінішті.
Орталықтың үстемдігі мұнымен аяқталған жоқ. Оны біз 1937 және 1978 жылдардағы Қазақ КСР-інің конституцияларының мәтіндерінен аңғаруымыз болады. Оларда КСРО Конституцияларының негізгі мәтіндері толығынан сақталынған, тек аздаған өзгерістер, Қазақстан Республикасының ерекшелігінен туындаған.
2. Конституциялық құқықты демократизацияландыру. Бұл тенденция барлық жерлерде сайлаудың жалпыға бірдей, тең және төтелігінен туындайды. Өйткені, біз, Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің, Сенатының және маслихаттарынын депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін жасырын дауыс беру жағдайында, лауазымына қарамастан, тек Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Конституциялық заңы негізінде ғана өткіземіз. Бұдан да басқа қазіргі кездегі, өз егемендігімізді алғаннан бері дүниеге жаңа демократиялық институттар келіп, дами бастады. Солардың бірі — әкімшілік пен конституциялық әділеттілік, адам құқығы жөніндегі мемлекеттік ұйымдар, т.б.
3. Конституциялық құқықты интернационализациялау. Бұл тенденцияның басты өзегі әрбір демократиялық мемлекеттің Ұлттык конституциялық құқығының халықаралық құкықпен жақындасып, олардың арасындағы алшақтықтың бірте-бірте жойылуы. Жеке мемлекеттің конституциялық құқық мәселесіндегі айтарлықтай жетістіктері халықаралық деңгейде қорытындылап, олар халықаралық актілерге фактілер, конвенциялар, және т.б. түрінде енеді. Мұның өзі әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарына тиісті демократиялық конституциялық құқықтық институттарды кіргізуге өз әсерін тигізеді деген сөз. Қазақстан Республикасының Конституциясындағы "Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика зандарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады" (4-баптың 3-тармағы) және "барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құкықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады", — делінген тұжырымдар осының куәсі, Демек, біздің Ата заңымызда тікелей көрсетілмесе де, тек республика бекіткен халықаралық шарттар ғана өзіміздің құқықтық жүйелердің, құрамдас бөлігі деп есептеуімізге күмән жоқ. Ал Ресей Конституциясының 15-бабының 4-тармағындағы жазуларға көз жіберсек, онда жалпыға танымал халықаралық құқықтың қағидалары мен нормалары және халықаралық шарттар Ресей Федерациясының құқықтық жүйелерінің құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Егер Ресей Федерациясынын, халықаралык шарттарында заңнан өзге ережелер тағайындалса, онда халықаралық шарттардағы ережелер қолданылады, — делінген.
Мемлекеттік құкық ғылымында "конституция" терминін материалдық және формальды негізінде түсіндіреді. Материалдық мәні ретінде конституция — бұл жазбалы акт, актілердің жиынтығы немесе конституциялық әдет-ғұрыптар. Мұндай материалдық мәнінде термин "конституция" өмірде аз қолданылады. Көбінесе, біз конституцияны формальды мәнінде, яғни заң немесе заңдардын топтары ретінде, өзге нормативтік актілермен, заңдармен салыстырғанда оның ең жоғарғы күші бар екендігін түсінеміз. Демек, конституцияны бұл тұрғыда заңдардың заңдары ңемесе Ата заң деп түсінуіміз қажет.
Конституция түсінігін заңды (юридикалық) конституция және нақтылы (фактически) конституция жүктеулерінен ажыратуымыз қажет. Заңды конституция — бұл қоғамдық қатынастарды реттейтін белгілі құкықтық нормалардың жүйесі. Нақтылы конституция болса, ол өмір өзегінен туындайтын қатынастар. Яғни, мұндай конституция өмірмен тығыз байланыста болып, одан алшақтамауы тиіс. Былайша айтқанда, ол өмір шындығы, өмір ақиқаты,
Сөйтіп қорыта келгенде, біз мынаны айтпақпыз. Қазақстан Республикасының Конституциясы — басқа ұлттық құқықтык қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күщі бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің ңегіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы.

1.2. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы (жалпы сипаттама)

Аталған мәселенің өзегін ашпастан бұрын жалпы конституциялардың нысаны (формасы) мен құрылымына тоқталғанымыз дұрыстау шығар. Заң әдебиеттері мен оқулықтарында көрсетілгендей, конституцияның нысаны — бұл конституциялық нормалардың жазылуы мен тұжырымдау тәсілі. Конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.
Біртұтас және жалғыз конституциялық акті болып есептелінетін, мысалы, Германия, Испания, Ресей, Қазақстан Республикасының конституцияларын айтсақта жеткілікті. Ал бұлардан айрықша Швеция конституциясы үш нормативтік актілерден тұрады. 1974 жылғы басқару нысаны, онда мемлекеттік құрылыс негіздері, негізгі бостандықтар мен құқықтар және мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі реттелінген; 1810 жылғы мұрагерлік таққа отыру актісі және 1974 жылғы ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі акт.
Егер Конституцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық мәні бар негізгі мәселелерді қамтыса, онда оны кодификацияландырылған (сұрыпталған) деуімізге болады. Ал өзге жағдайда, айталық, жоғарыдағы мәселелер бірнеше актілерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше, кодификацияланбаған деп есептейміз.
Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың түрлеріне сай келуі тиісті. Оның ірге тасы преамбулдан (кіріспеден), негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша ережелерден қалануы қажет. Әдетте, преамбулаға конституцияның мақсаты жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады. Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық құрылыстың негізі, мемлекеттік органдардың жүйелері мен мәртебесі, мемлекет рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді. Мемлекеттік органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктің бөліну қағидаларына сәйкестендіріліп орныктырылады: көбінесе, алдымен парламент жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот билігі және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.
Қорытынды ережелерде әр түрлі нормалар сөз етіледі. Мұнда, әдетте, конституцияның күшіне ену тәртібі тағайындалады. Конституцияны өзгерту тәртібі мен мемлекеттің рәміздері туралы нормалар негізгі бөлікке енбеген жағдайда ғана қорытынды ережелерде тұжырымдалуы мүмкін.
Ендігі жерде бұл қағидалардың іске асқандығын мысалы ретінде Қазақстан Республикасының Конституцияларынан көруге болады.
Шындығына келетін болсақ, Қазақстан өмірінде еліміздің Ата заңы бес рет қабылданған болатын. Ең біріншісі — Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының 1926 жылғы 18 ақпанындағы Конституциясы. Бірақта Қазақстан заңгер ғалымдар қауымы оны осы күнге шейін елемей келеді. Оның да өзіндік сыры бар. Өйткені, сол кезде біздің еліміз РКФСР-дің қарамағында болатын. Жоғарыда сөз етілгендей 1926 жылғы Конституция ҚАКСР Орталык Атқару Комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР Бүкіл россиялық Орталық Атқару Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы жобасы онда қаралмады. Сондықтаң ол республика аймағында іс жүзінде колданылмапты. Сөйтіп ол жоба түрінде жабуды қалды. Соған қарамастан біз бұл туралы мәліметті естен шығармауымыз қажет, өйткені, оның бөлімдері мен тарауларындағы тұжырымдар біздің. тарихымыз, ғылымымыз үшін өте орасан зор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
Құқық жүйесі және құрылымы
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Құқық негіздері, нормасы және жүйесі
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Пәндер