Қылмысты қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі



1 Қылмыстың қайталануының ұғымы және қылмыстық
құқықтық маңызы
2 Қылмыс рецидивінің түрлері
3 Қылмысты қайталану бойынша жауаптылықты қолдану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қылмыс әрқашан да қоғамға және оның жеке мүшелеріне қарсы бағытталған құқыққа қайшы әрекет болып табылады. Қылмыс бірнеше рет жасалуы оның қоғамдық қауіптілігінің жоғарылағандығын білдіреді. “Қылмыс көптілігі” түсінігінің мәнін ашу үшін ең алдымен “жеке қылмыс” түсінігін ашып алу керек, өйткені жеке қылмыстар жинақтала келе қылмыстың көптілігін құрастырады. Қылмыстық құқық теориясында жеке қылмыс түсінгін анықтауға байланысты біркелкі пікір жоқ. Мысалға, Н.И.Ветровтың жеке қылмыс туралы пікірі РФ ҚК 14-бабына сәйкес келеді, қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады. Бұндай түсініктеме біздің Қылмыстық кодексте де беріліп өткен.
Б.В.Леонтьевтің пікірінше “жеке қылмыс дегеніміз бір әрекеттен, бір зардаптан, бір кінә нысанынан тұратын және ҚК Ерекше бөлімінің бір бабымен сараланатын әрекет”. Жекелеген қылмыстардың мағынасын ашу үшін жеке қылмыстық құрамдарды бейнелеуге арналған қылмыстық заң нормаларының негізгі бағытын, олардың белгілері бойынша әр түрлі деңгейде болатынын ескеру керек тәрізді.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30-тамыз.
2 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 28.01.2011ж.
3 Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 28 тамыздағы N 858 Жарлығы "Егемен Қазақстан" 2009 жыл, 28 тамыз.
4 Алауханов, Е.О. ҚР Қылмыстық құқығы Ерекше бөлім, Алматы, Жеті жарғы, 2009 ж.113-бет.
5 Бұғыбай Д. ҚР қылмыстық құқығы Жалпы бөлім. Алматы, 2003 ж.86-бет.
6 Каиржанов, Е.И. , Ответственность за приготовление к преступлению и покушение на преступление. Алматы , 2001.стр-98.
7 Ещанов, А.Ш. Уголовное право (Общая и Особенная части). Караганда, 2001.стр.-233
8 Ветров Н.И. Уголовное право. Общая часть. М., 1999.стр.-94

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Қылмысты қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
1 Қылмыстың қайталануының ұғымы және қылмыстық
құқықтық маңызы
2 Қылмыс рецидивінің түрлері
3 Қылмысты қайталану бойынша жауаптылықты қолдану
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қылмысты қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
1 Қылмыстың қайталануының ұғымы және қылмыстық құқықтық маңызы
Қылмыс әрқашан да қоғамға және оның жеке мүшелеріне қарсы бағытталған құқыққа қайшы әрекет болып табылады. Қылмыс бірнеше рет жасалуы оның қоғамдық қауіптілігінің жоғарылағандығын білдіреді. “Қылмыс көптілігі” түсінігінің мәнін ашу үшін ең алдымен “жеке қылмыс” түсінігін ашып алу керек, өйткені жеке қылмыстар жинақтала келе қылмыстың көптілігін құрастырады. Қылмыстық құқық теориясында жеке қылмыс түсінгін анықтауға байланысты біркелкі пікір жоқ. Мысалға, Н.И.Ветровтың жеке қылмыс туралы пікірі РФ ҚК 14-бабына сәйкес келеді, қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады. Бұндай түсініктеме біздің Қылмыстық кодексте де беріліп өткен.
Б.В.Леонтьевтің пікірінше “жеке қылмыс дегеніміз бір әрекеттен, бір зардаптан, бір кінә нысанынан тұратын және ҚК Ерекше бөлімінің бір бабымен сараланатын әрекет”. Жекелеген қылмыстардың мағынасын ашу үшін жеке қылмыстық құрамдарды бейнелеуге арналған қылмыстық заң нормаларының негізгі бағытын, олардың белгілері бойынша әр түрлі деңгейде болатынын ескеру керек тәрізді. Өйткені жекелеген қылмыстар жоғарыда келтірген кейбір зерттеүшілердің айтқанындай қылмыстық заң нормаларында бір әрекет, бір зардап немесе бір кінә нысанымен анықталып, сипатталып жатпайды. Бір әрекет, бір немесе бір тектес зардаптар, бір кінә нысаны кездесетін жекелеген қылмыстар жай немесе қарапайым қылмыс түрлерін білдіреді. Мысалы кісі өлтіру, ұрлық сияқты қылмыстар негізінен обьектіге қарсы бағытталған бір әрекетпен (адамды өмірінен айыратын, мүлікті жасырын түрде алатын) кінә нысаны қашанда қасақаналықпен анықталады. Ал күрделі құрамдар деп аталатын кейбір жеке қылмыстардың құрылымы немесе құрам элементтерін сипаттайтын белгілердің көлемі бұған қарағанда күрделі болып келеді. Қылмыстық заңдағы көптеген қылмыстар негізгі және қосымша түрдегі бір неше обьектілермен, обьективтік жағының белгілері бойынша бір неше құрамдас іс-әрекеттермен, екі немесе одан көп зардаптармен, сондай-ақ кінәнің қос нысанымен сипатталады. Мысалы адамды ұрлау, кепілге алу сияқты қылмыстарды жасау кезінде жәбірленүшінің денсаулығына әр түрлі дәрежедегі зардаптар келуі, адамның бостандығына қарсы бағытталған әрекеттерді қасақаналықпен жасағанмен жәбірленүшінің өмірі мен денсаулығына зардапты тек қасақаналықпен ғана емес, абайсыздықпен де келтіруі, соған сәйкес бір неше обекті түріне зиян келтіруі мүмкін.
Сонымен жеке қылмыс дегеніміз қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің бір нормасымен қарастырылған қылмыстың бір құрамы. Сондай-ақ жеке қылмыстардың мазмұны күрделі болуы мүмкін, олар бірнеше әрекеттерден құралылып, нәтижесінде бір қылмысты құрайды. Ондай жеке қылмыстарға жалғаспалы, созылмалы және құрамды қылмыстарды жатқызуға болады.
Жалғаспалы қылмыс деп қорытынды қылмыстық әрекет бірнеше ұқсас қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмысты айтамыз, яғни бірнеше әрекеттер бір қылмыстық мақсатқа бағытталып, жиынтығында бір қылмысты құрайды.
Созылмалы қылмыс деп ондағы әрекет қандай да бір уақыт ішінде жалғасытын қылмысты айтамыз. Созылмалы қылмыс әрекет және әрекетсіздік нысанында жасалуы мүмкін.
Құрамды қылмыс ол екі өзара бөлек әрекеттен тұрып, бірақ өзіндік ішкі бірлік пен байланыс нәтижесінде бір қылмысты құрайды.
Жеке қылмысқа түсінік беріп алып енді қылмыстың көптілігін қарастырайық. Қылмыстың көптілігі – ол қылмыстық заңда өз көрінісін таппаған жалпыланған қылмыстық-құқықтық түсінік. Ол қылмыстық құқық теориясында қалыптасып, тәжірибеде тиімді қолданылуда.
Қылмыстық құқық теориясында оған келсідей түсініктеме берілген, қылмыстардың көптілігі – бір адамның әрқайсысында екі не одан да көп қылмыстардың белсігі бар екі немесе одан көп қылмыс жасауы. Егер жасалған қылмыстардың екеуінде де аяқталмаған қылмыс белгісі болған кезде де қылмыстардың көптілігі болады.
В.Н. Кудрявцев қылмыстардың көптілігін адамның жеке жылмыс үшін жауаптылық көздейтін ҚК Ерекше бөлімінің бір нормасымен қамтылмайтын әрекеттер жасау деп сипаттайды. П.С.Дагель қылмыстардың көптілігін бір адамның екі немесе бірнеше қылмыс жасауы деп көрсеткен. Сонымен, қылмыстардың көптілігін келесідей заңи белгілер сипаттайды:
бір адамның қылмыстық заңнаманың бір немесе бірнеше баптарымен көзделген екі немесе одан да көп қылмыстар жасауы.
жасалған әр қылмыс жеке болып табылады және қылмыстық заңның әртүрлі бабымен (баптың тармақтарымен) сараланады.
көплікті құрайтын әр қылмыстан оның жасалауына байланысты жеке зардаптар туындатады.
әрбір әрекет сот үкімімен анықталуы керек. Егер әрекеттердің бірі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол анықтау, тергеу не сотта қысқартылған болса, ол қылмыс көптілік құрамына кірмейді.
қылмыс бойынша ескіру мерзімі өтіп, соттылық жойылмауы керек.
әрбір қылмыс аяқталмаған және аяқталған болуы мүмкін. Егер қытсушылық болса, адамның онда қандай рольді орындағаны маңызды емес.
Қылмыстардың көптілігі болуы үшін адамның құқық бұзушылығының барлығы қылмыс ретінде танылып, қылмыстық заңмен анықталкы тиіс, егер құқық бұзушылықтың бірі қылмысқа жатпаса (азаматтық деликт, әкімшілік құық бұзушылық), бұл жерде қылмыстырдың жиынтығы болмайды.
Әлеуметтік қатынастардағы қылмыстардың көптілігінің қоғамдық қауіптілігі объектіге көп зардаптың әкелуімен сипатталады, мысалы, екі ұрлық, екі тонау, екі бұзақылық, немесе бірнеше объектіге зиян әкелумен сипатталады, мысалы, тонау және зорлық жасау және т.б. Жекелеген қылмыстар көптік қылмыстардан негізінен қылмысты әрекеттердің көлемі немесе қылмыстағы қылмыстық заңмен қорғалатын обьектілердің саны, бірнеше кінә нысандары бойынша емес, қылмыс құрамдарының көлемі бойынша ажыратылады.
Көптік қылмыстардың түсінігін ашуда құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субьектісі ерекшелік байқатады, өйткені бұл мәселеде бір адамның бір неше қылмысты іс-әрекеттер жасаған жағдайына құқықтық баға беріледі. Бірақ бұл белгіні де міндетті белгі қатарына жатқызұға болмайды, себебі көптік қылмыстар мәселесі бір неше адамдардың бірлесуі арқылы жасалатын қылмысқа қатысүшылықта да кездесе алады. Қылмыс бір адаммен немесе бір неше адаммен жасалсын, бірақ одан көптік қылмыстарды саралау ережесі өзгермейді, тек жасалған сол қылмысқа байланысты адамның кінәсі болса жеткілікті. Сонымен, көптік қылмыстар дегеніміз, бір адамның қоғамға қайшы іс-әрекеттерінде қылмыстық заңмен қарастырылған бірнеше қылмыстық құрамдардың орын алуы болып табылады.
Көптік қылмыстар бойынша саралау жүргізуде кінәліде бір қылмысты жасау мақсаты болған, болмағанын анықтау маңызды деп түсіну керек. Өйткені әр біреуі аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттер бір неше рет жасалғанда, көптік қылмыстар ретінде бір неше рет қайталанған қылмыс деп бағалау керек пе немесе жеке қылмыс ретінде ірі мөлшерде зардап келтіру деп саралау жасау керек пе деген сұрақ туындайтынын жоғарыда келтірдік. Мұндай жағдайларда қылмыскерде ірі зардап келтіру немесе ірі мөлшерде пайда табу мақсаты болса, онда әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір неше рет жасалған әрекет заң бабында келтірілгенде бір қылмыс ретінде бағалануы керек. Мысалы 175 баптың 3 бөлімімен ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп бағалануы керек. Ал әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір тектес әрекеттерде бір мақсат болмағанда және осы бапта қылмысты бір неше рет қайталау арнайы келтірілгенде, баптың тиісті бөлімімен бір неше рет қайталанған қылмыс деп саралау жасау керек.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстардың көптілігінің нысандарына байланысты даулар көп. Кейбір авторлар қылмыстардың көптілігінің келесі нысандарын бөліп көрсетеді:
қылмыстардың бірнеше рет жасалуы,
қылмыстардың жиынтығы,
қылмыстың қайталануы.
Ал кейбір авторлар қылмыстардың көптілігінің келесідей нысандарын бөліп көрсетеді: а) қылмыстардың жиынтығы; б) қылмыстың қайталануы; в) үкімдердің жиынтығы.
Осы нысандардың ішінде бізді қызықтыратын қылмыстың қайталануы болып табылады. Қылмыстың қайталануының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамалары зерттеу жұмысының келесі бөлімдерінде терең зерттеледі.
Қылмыстың қайталануы қылмыс көптілігінің ең қауіпті нысаны болып табылады. Сондықтан қылмыстық заңнама қылмыстың қайталануы заңда көзделеген шектер мен негіздерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады деп бекіткен (ҚР ҚК-нің 13-бабының 5-бөлігі). Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қайталануы туралы әртүрлі ой-пікірлер айтылған. Рахметов, С.М.: “...қылмыскер бірінші қылмыс үшін жазаланып, оны өтегеннен келесі қылмыс жасағанда қылмыстың қайталануы орын алады. Егер қылмыскер бірінші қылмыс үшін қылмыстық жазасын өтеп болғанша жаңа қылмыс жасаса, ол қылмыстың қайталануы емес, үкімдердің жиынтығы болады.”
А.С.Шляпочниковтың пікірінше, қылмыстың қайталануы ретінде адамның бірінші қылмысы үшін жазасын өтеп жатқанда немесе өтеп болғаннан кейін қайта қылмыс жасауы түсініледі. А.М.Яковлев, В.Н.Кудрявцев және өзге де ғалымдар қылмыстың қайталануы түсінігін анықтаудың негізіне соттылық белгісін алыну керек, ал жазаны өтеу белгісі міндетті емес. Бұл авторлар егер адам қылмыс жасап, сол қылмыс үшін оған сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп болғаннан кейін жаңа қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы болып саналады деген пікірді ұстанады және бұл жерде алғашқы қылмыс үшін соттылық мерзімінің өтпеуі маңызды.
Л.Д.Гаухманның пікірінше, қылмыстың қайталануы қылмыстың көптілігінің аса қауіпті нысаны болып табылады, оның мәні екі не одан да көп қылмыс жасаған адамның қасақана түзелу жолға түскісі келмейтіндігінде.
Әдебиетте қылмыстың қайталануының заңи белгілеріне келесілер жатқызылды: екі немесе одан көп қылмыс жасау; бірінші жасалған қылмыс үшін соттылықтың болуы; алдыңғы қылмыс үшін жазаны толық немесе ішінара өтеу.
Кеңес қылмыстық құқығында кейбір ғалым-криминалистер қылмыстың қайталануын қылмыс көптілігінің бір түрі ретінде танып, оны адамның алғашқы қылмысы үшін жазасын өтеп болған соң немесе алдыңғы соттылығы болған кезде жаңадан қылмыс жасау деп түсінген болатын.
Көріп отырғанымыздай, қылмыстың қайталануының құқықтық анықтамасына байланысты теорияда біркелкілік жоқ. Қылмыстың қайталануы түсінігіне толық анықтама беру үшін осы құбылысты сипаттайтын белгілерді анықтап алуымыз керек.
Қылмыстың қайталануы (pецидив) – латын термині және “қайталану” деген мағынаны білдіреді. Сөздіктерде де бұл сөз қылмыстың қайталануы деген мағынаны білдіреді.
Қылмыстық кодекстің 13-бабына сәйкес, Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қылмыстық заң қылмыстың қайталануының үш түрін келтіріп, жай, қауіпті және аса қауіпті қайталанудың түрлерін келтірген. 13 баптың 1 бөлімінде қылмыстың жай қайталануының түсінігін бере отырып, жалпы қылмыстың қайталануының да анықтамасын осы түсінік көлемінде қарастырған. Ал бұл түсінікті кеңірек мағынада қарастырсақ, онда қылмыстың қайталануы дегеніміз, бұрын қасақана қылмысы үшін соталған немесе соттылық мерзімі өтпеген адамның қайталай қасақана қылмыс жасауын білдіреді. Қылмыстық құықық теориясында қылмыстың қайталануының түсінігі және оның түрлері даулы мәселе болып саналады. ҚК 13 бабының 2 және 3 бөлімдерінде қылмыстың қауіпті және аса қауіпті қайталануының түрлерін анықтау негізі ретінде жасалған қылмыстардың қоғамға қауіптілік санаттары алынған.
Кейбір авторлар алдыңғы жасалған қылмыс пен кейін жасалған қылмыстардың ұқсастығы мен біркелкілігі қылмыстың қайталануының міндетті белгісі болып саналады. А.М.Яковлевтің жазуы бойынша “жасалған екі қылмыстің бірдей ұқсас болуы қылмыстың қайталануының қоғамдық қауіптілігін жоғарлатады”. Т.М. Культелеевтің айтуы бойынша, “сотталған қылмыстың қайталануы жағдайында жасағандардың көбі жалпы қылмыстың қайталануы үшін сотталған”. Сәйкесінше жай қылмыстың қайталануы оның санының көптігінен қоғамдық қаіпті болып табылады. Басқа бір ғалымдардың пікірінше, қылмыстың қайталануы орын алу үшін кінәлі әртүрлі құрамдар құрайтын екі немесе одан да көп қылмыс жасуы керек. Олардың пікірінше, қылмыстың қайталануы түсінігін ауырлығы бір дәрежедегі қылмыс жасаумен немесе ұқсас қылмыстар жасаумен байланыстырмау керек, жасалған қылмыстардың объективтік және субъекитвік жағынан ұқсастығы, олардың ауырлығы қылмыстың қайталануының қоғамдық қауіптілігіне байланысты түрлерге бөлу кезінде ғана ескеріледі.
Сондай-ақ қылмыстың көптілігін қылмыстың қайталануы деп тану үшін жасалған қылмыстар үшін жауаптылықтың түрі мен мөлшері де маңызды емес. Адам оның қылмысы зардап келтіргеніне немесе келтірмегеніне, қылмыстық аяқталғанына, оқталғанына немесе дайындалғанына және қылмысқа қатысушының орындаған роліне қарамастан қылмыс жасаған деп саналады. Сондықтан қылмыстың қайталануы орын алу үшін екі немесе бірнеше аяқталған қылмыс жасалуы ғана емес, сонымен қатар екі немес бірнеше аяқталмаған қылмыс жасау немесе бір аяқталған және бір аяқталмаған жасалуы да қылмыстың қайталануының орын алғандығын білдіреді. Тіпті адам бірінші қылмыста орындаушы болып, екінші қылмыста қылмысты ұйымдастырушы болса да орын алады.
Қылмыстың қайталануының міндетті белгілерінің бірі қылмыс жасалуының қайталуануы болып табылады, және ол теорияда да, тәжірибе де танылған факт.
Қылмыстың қайталануын анықтаған кезде қылмыстың ауырлығы, оның жасалу сипаты, жазаның түрі мен көлеміне көңіл аударылмайды. Жасалған қылмыстардың сипаты мен олардың ауырлығы қылмыстың қайталануының қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау үшін пайдаланылады, ал жазаның түрі мен көлемі қылмыстың қайталануының жеке тұлғасының қауіптілігін анықтау үшін қажет және қауіпі қылмысты қайталау жағдайында жасағандардың топтарын анықтау үшін қолданылады.
Қылмыстың қайталануы бойынша кінәнің нысандарының сәйкес болуы әрекетті саралау және тұлғаны аса қауіпті қылмыстың қайталануы жағдайында жасағандар деп тану үшін қажет.
Қылмыстың қайталануының келесі міндетті белгісі соттылық. ҚР ҚК 77-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне сотты болған деп есептелуі соттылық деп танылады.
Соттылыққа байланысты көп мәселелер өзіндік жеке анализ жасауды талап етеді, бірақ бұл біздің жұмыстың шегінен шығады. Сондықтан соттылыққа байланысты біз қарастырып отырған мәселеге қатысты көлемде қарастырып өтейік.
Соттылық жасаған қылмысы үшін қандай да бір жазаға тартулу фактісімен негізделеген адамның құқықтық жағдайы. Бұл жағдай сот үкімінің күшіне енгеннен бастап, заңмен белгіленген мерзімге дейін созылады және тұлға үшін заңмен белгіленген қылмыстық-құқықтық және жалпы құқықтық салдардың туындауымен байланысты.
Қылмыстық құқықта соттылық институтының қажеттілігі келсі шартармен негізделген:
заң шығарушы сотылықтың болуын тұлғаны аса қауіпті қылмыстың қайталануы жағдайында жасағандар деп тану негізімен байланыстырады; соттылықты кейбір қылмыс құрамдары үшін саралау белгілерінің бірі ретінде қарастырады;
соттылық институт жаңа қылмыстың алдын алудың факторы болып табылады;
соттылық институты қылмыстық құқық жүйесіне оның міндетті бөлігі ретінде кіреді.
Қылмыстың қайталануының міндетті белгісі ретіндегі соттылық туралы сөз айтқанда заң күшіне енген айыптау қорытындысы емес, кінәлі адамға нақты қылмыстық жаза тағайындалған үкім туралы айту керек.

2 Қылмыс рецидивінің түрлері

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қайталануының түрлеріне байланысты көқарстары бірдей емес, ол әр ғалымның қылмыстың қайталануындағы жіктеу негізі ретінде әртүрлі критерийлерді алуымен түсіндіріледі. Рецедиті түрлерге бөлуде осындай біркелкіліктің болмауы үшін бөлуде бір жалпы негізді алу керек.
Профессор Л.Д. Гаухман қылмыстың қайталануын теориялық деңгейде келесідей түрлерге бөледі: 1) жалпы қылмыстың қайталануы; 2) арнайы қылмыстың қайталануы; 3) жай қылмыстың қайталануы; 4) күрделі қылмыстың қайталануы; 5) пенитенциарлық қылмыстың қайталануы; 6) аса қауіпті қылмыстың қайталануы.
А.Н.Наумов қылмыстың қайталануын жіктегенде оны жай, қауіпті, аса қауіпті және арнайы қылмыстың қайталануы деп бөлумен шектелеген.
Профессор И.Ф.Кузнецова қылмыстың қайталануының келесідей түрлерін бөліп көрсетеді: жай, қауіпті, аса қауіпті және пенитенциарлық қылмыстың қайталануы.
Адамның алдындағы жасаған қылмысы үшін соттылығы болғандығына, тағайындалған жаза түріне, жасалаған қылмыстарының сипаты мен көлеміне байланысты кейбір ғалымдар қылмыстың қайталануын келсідей кеңірек жіктеуге салады: легалды (құқықтық), криминологиялық; фактілі, жалпы және арнайы, аса қауіпті, қауіпті және қауіптілігі орташа қылмыстардың қайталануы, пенетициарлық, реабилитациялық, аса қауіпті қылмыстың қайталануы.
Біз жоғарыда көрсетіп өткеніміздей қылмыстың қайталануы туралы егер адам қылмыс қайталап жасап, ол алдыңғы жазаны толық немесе ішінара өтесе және соттылығы жойылмаса ғана айтамыз. Сондықтан менің пікірімше, қылмыстың қайталануы түрлерінің қатарына фактілі қылмыстың қайталануын қосудың қажеттілігі жоқ. Кейбір авторлардың пікірінше, фактілі қылмыстың қайталануы деген - адамның соттылығы болуына қарамастан кез келген екінші қылмысты жасауы болып табылады. Сондай-ақ қылмыстың қайталануы түрлерінің қатарына ребилитациялық қылмыстың қайталануын да қоспау керек, өйткені әдебиеттерге сәйкес реабилитациялық қылмыстың қайталануы дегеніміз - адамның алдыңғы қылмысы үшін соттылығы заңмен көрсетілген тәртіп бойынша алынуы немесе жойылуынан кейін жаңа қылмыс жасауы.
Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстың қайталануының ажырамас белгісі соттылық болып табылады, ол нақты жаза қолданатын айыптау қорытындысы заңды күшіне енгеннен кейін пайда болады. Қылмыстың қайталануы және соттылық өзара бір-бірімен тығыз құқықтық түсініктер, оның бірі болмаса екіншісі болмайды, сондықтан соттылық жойылғанда немесе заңмен белгіленген тәртіпте алынғанда қылмыстың қайталануы туралы сөз болмау керек, осы себептермен біз фактілі және ребилитациялық қылмыстың қайталануын қылмыстың қайталануы түрлеріне жатқызбаймыз.
Әдебиеттерде фактілі қылмыстың қайталануы пен қатар криминологиялық рецедиті де бөліп көрсетеді. Кейбір авторлар криминологиялық қылмыстың қайталануы деп соттылыққа, соттылық мерзімі өтуіне қарамастан кез келген қылмыс қайталануын түсінеді; басқа авторлар криминологиялық қылмыстың қайталануы ретінде оның соттылығы болуына қарамастан бұрын қылмыстық заңмен белгіленген жаза қолданылған адамның жаңа қылмыс жасауы дейді, яғни әр уақытта кез-келген қылмыстар жасау және бұл жерде соттылық ескерлмейді. А.Х.Кунашевтің пікірінше, қылмыстың қайталануының криминологиялық түсінігі кез келген қылмыс жиынтығын қамтиды.
Жоғарыда көрсетілген соттылық белгісінің болмауына байланысты криминологиялық қылмыстың қайталануы да қылмыстың қайталануы түрлері қатарынан алынып тасталады.
1993 жылы жарық көрген криминология оқулығының авторларының легалды (құқықтық) қылмыстың қайталануы түсінігін қолданады және көп мәртелі қылмыстың қайталануы түсінігін бөліп шығара отырып, оның негізі ретінде адамның екінші, үшінші, төртінші қылмыс жасауын емес, екі, үш рет жаза қолданылғаннан кейін қайта қылмыс жасауын көрсетеді.
Легалды қылмыстың қайталануының қылмыстық-құқықтық түсінігі қылмыстың қайталануының басқа түрлеріне тиісті база болып саналатынын ескере отырып, өзіндік ерекшеліктері бар пенитенциарлық қылмыстың қайталануын бөліп көрсетуге болады. Қылмыстың қайталануының бұл түрінінің ерекше белгісі адамды пенитенциарлық қылмыстың қайталануы жағдайында жасағандар деп тану үшін ол кем деген екі рет бас бостандығынан айыру жазасын өтеу керек. Қылмыстың қайталануының бұл түрі бас бостандығын айыру жазасын анықтауға әсер етеді және жазаны өтеу барысында бірнеше негативті салдарға ұшыратады.
А.Ф.Кузнецова пенитенциарлық қылмыстың қайталануын анықтау үшін келесі қылмыстың жасау орны әсер етеді деп айта отырып, егер жаңа қылмыс бас бостандығын өтеуі барысында жасаса пенитенциарлық қылмыстың қайталануы деп танылады дейді.
Қылмыстың қайталануы жаңа қылмыс жасалған кездегі заңмен анықталады.
Мысалға, Б. 1992 жылы ескі Қылмыстық кодекс 260 бойынша қасақана бұзақылық үшін 4 жыл бас бостандығына айырылуға сотталады. Жазасын өтеп болған соң ол 1997 жылы ҚК 175-бабының 2-бөлігі бойынша үй-жайға кірумен ұштасқан ұрлық жасайды. Ескі қылмыстық кодекс бойынша қасақана бұзақылық ауыр қылмыстар қатарына жатады. 1997 жылы қабылданған ҚК 13-бабына сәйкес бұл жағдайда қауіпті қылмыстың қайталануы орын алады. Алайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстың қайталануы жағдайындағы жауаптылық мәселесі
Қылмыстың қайталануымен күресудегі қылмыстық жазаның тиімділігі
Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері туралы
Қылмыстардың қайталануы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде
Көптік қылмыстарды саралаудың теориялық мәселелері
Қылмыстық жаза туралы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Көптік қылмыстар жайлы
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Пәндер