Шағын жинақталған мектептердегі мәселелерді шешу



Кіріспе
МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ САТЫСЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ
5.11.СЫНЫПТАРДА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ
“ФИЛОЛОГИЯ” білім саласы Қазақ тiлi
2006-2007 оқу жылының ерекшелігі 2002 жылғы ҚР орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 10-сыныпта бағдарлы оқытуға көшу болып табылады.
Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысында оқушыларды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Оқыту бағдарламалары оқушылардың қабілеттіліктерін дамытуға бағдарлануы тиіс.
Пәндерді тереңдетіп оқытуға қарағанда бағдарлы оқыту барлық оқушылар үшін және олардың қызығушылықтары ескеріле отырып ұйымдастырылады. Білім беру мазмұнын құрудың бағдарлау принципі мектепте жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытудай емес, ауқымы кең білімдік кеңістікті құруға бағытталған.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бағдарлау процесінің екі құраушысын ескереді: бағдарлау бағыты және оқыту бағдары. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқытуды бағдарлау қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарында жүзеге асырылады. Мектеп оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың сұранысын ескере отырып, бір немесе екі бағытты бірдей таңдай алады.
1. Байтұрсынов А. Шығармалары, Алматы, Жазушы, 1980
2. Құдайбердиев Ш. Шығармалары, Алматы, Жазушы, 1988 ж.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Шағын жинақталған мектептердегі мәселелерді шешу
Кіріспе
2006-2007 оқу жылының ерекшелігі 2002 жылғы ҚР орта жалпы білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 10-сыныпта
бағдарлы оқытуға көшу болып табылады.
Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарғы сатысында оқушыларды
саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Оқыту бағдарламалары оқушылардың
қабілеттіліктерін дамытуға бағдарлануы тиіс.
Пәндерді тереңдетіп оқытуға қарағанда бағдарлы оқыту барлық оқушылар
үшін және олардың қызығушылықтары ескеріле отырып ұйымдастырылады. Білім
беру мазмұнын құрудың бағдарлау принципі мектепте жекелеген пәндерді
тереңдетіп оқытудай емес, ауқымы кең білімдік кеңістікті құруға
бағытталған.
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бағдарлау процесінің екі құраушысын
ескереді: бағдарлау бағыты және оқыту бағдары. Қазақстан Республикасының
жалпы білім беретін мектептерінде оқытуды бағдарлау қоғамдық-гуманитарлық
және жаратылыстану-математикалық бағыттарында жүзеге асырылады. Мектеп
оқушылардың қажеттілігі мен ата-аналардың сұранысын ескере отырып, бір
немесе екі бағытты бірдей таңдай алады. Оқушылар таңдаған бағыттары бойынша
физика-техникалық, экономика-математикалық, химия-биологиялық, география-
экологиялық, көркемдік, лингвистикалық, тарихи-құқықтық бағдарларда білім
ала алады.
Бағдарлап оқытудың негізгі міндеті - оқушылардың саналы кәсіби таңдау
жасауларына ықпал ету. Сондықтан бағдарлап оқытудың маңызды құраушысы
негізгі мектептің 9 сыныбында ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық болып
табылады. Ол келесі үш бөліктен тұрады:
1. Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру.
2. Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру.
3. Психологиялық көмек беру.
Бағдаралды дайындық нәтижесінде оқушы мектептің жоғары сатысында оқу
бағдарының бағытын саналы да сенімді түрде таңдау жасай алуы тиіс.
5-10 сыныптарда мектептік білім берудің алдында тұрған міндеттер 2002
жылғы МЖМББС негізінде дайындалған оқу бағдарламалары мен оқу жоспары
арқылы жүзеге асырылады:
- жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі сатысы бойынша
базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің 24.09.02 ж. № 693 бұйрығы);
- жалпы білім беретін оқу орындарының жоғары сатысы бойынша базистік
оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
24.09.02 ж. № 693 бұйрығы);
- 5-7 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша бағдарламалар
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11.03.2003 ж. №
148 бұйрығы);
- 8-9 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша бағдарламалар
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12.05.2004 ж. №
405 бұйрығы);
- 10-11 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша жаратылыстану-
математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарына арналған бағдарламалар
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18.10.2005 ж. №
672 бұйрығы).
10 сыныптағы оқу процесіне Қазақстан Республикасы тірек мектептерінде
сынақтан өткізілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
06.01. 2006 ж № 6, 16.03.2006 ж. №129, 25.04.2006 ж. №210 бұйрықтарымен
пайдалануға рұқсат етілген жаңа буын оқулықтары енгізіледі.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінде бағдарлы
оқытуды ұйымдастыруда Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында
дайындалған әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
1. Қонақова К.Ө. және т.б. Қазақстан Республикасы мектептерінде
бағдарлы оқыту ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. – Алматы, 2006.
-32 б.
2. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің базистік
оқу жоспары (ҚР білім және ғылым министрлігінің 13.03.1996 жылғы №69
бұйрығымен бекітілген). – Алматы: РИК, 1996.
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартының негізгі ережелері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2002
жылғы 24 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген). – Алматы: РОНД, 2003.
10-сыныпта МЖМББС-2002-ні енгізу ҚР БжҒМ-нің вариативтік компонент
негізінде валеология, отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясы,
информатика, экономика, қазақ тілі және т.б. сияқты бірқатар оқу пәндерін
міндетті түрде оқып-үйрену жөніндегі бұрынғы бұйрықтарының өз күшін
жойғанын білдіреді. Бірақ, егер қажет болған жағдайда мектеп көрсетілген
пәндерді бағдардың вариативті бөлігі ретінде оқытуға құқығы бар.
Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбында оқыту Қазақстан
Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1994
жылғы 14-сәуірдегі Жалпы білім беретін оқу орындарының оқу жоспарлары
туралы №156 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары бойынша іске
асырылады.

МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ САТЫСЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ТУРАЛЫ

Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш
сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие берудi ұйымдастыратын
бiлiм мекемесiнiң бастауыш сатысында оқыту мен тәрбиелеудiң өзара байланысы
арқылы қамтамасыз етiледi.
Мектептiң бастауыш сатысында оқытудың мақсаты:
- оқытудың келесi сатысындағы оқу бағдарламаларын игерту мақсатында
оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды
қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
- негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;
- ұлттық дiлiн, өз елiнiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн
ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту.
Жалпы бастауыш бiлiм (1-саты) оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетiнiң
негiзгi бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерiн, оқу
әрекеттерiне өзiндiк бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және
сөйлеу мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының
негiздерiн меңгертудi қамтамасыз етедi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауда олардың
функционалдық сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке
жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға
алынады.
Әйтсе де көпшiлiк жағдайда балалардың оқу, жазу және санай алу
дағдыларының қалыптасуы тексерiлетiнiн; баланың оқуға дайындығын тестiлеу
арқылы тексерудiң нәтижесiздiгiн; алдын-ала тексерудiң жағымсыз немесе
төмен деңгейдегi көрсеткiштерi баланы оқуға қабылдамауға негiз болатындығын
тәжiрибе көрсетiп отыр. Бiрақ, мұндай құқық медицина қызметкерлерiне ғана
тән.
Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты - алдағы
оқыту процесiне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер
енгiзу.
Мұғалiм бiрiншi сынып оқушыларымен жұмыс iстегенде мектепке дейiнгi
жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму
жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған
сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс.
Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы
балаларды дайындық деңгейiне қарай топтастыруға болмайды.
Бiрiншi сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға
белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау және оларды өзiн-өзi
бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бiрiншi жартыжылдығында
ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен тәсiлдерi
пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн жеңiлдету
мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың “сатылық”
режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы оқушылардың
белсендi демалысы мен ыстық тамақтандыру ескерiп белгiленедi, алайда ол 10
минуттан кем болмауға тиiс.
Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш сатысы бар бiлiм беру
ұйымдарында бiрiншi сыныптықтар оқуды бiрiншi ауысымда ертеңгі сағат 8.30-
дан ерте бастамауы тиіс.
Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз ететiндей екi
деңгейде жүргiзiледi:
1) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы - ғылым негiздерiн оқыту оқу
жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен сағат
көлемi арқылы жүзеге асырылады;
2) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - олардың қызығушылықтарына,
бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай шығармашылық дамуына қажеттi
жағдайлар жасау.
Нақты ұйымда бiлiм беру мазмұны 2002 жылы бекiтiлген Жалпы орта бiлiм
берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу
бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Ұйымның талаптарына балаларды бейiмдеу процесiн жеңiлдету мақсатында
1-сыныптарда оқу жүктемесiн бiртiндеп өсiре отырып, оқу сабақтарының
“сатылы режимi” қолданылуы тиiс: 1-тоқсанда сабақтың ұзақтығы 35 минуттан
күнiне 3 сабақ, 2-тоқсаннан бастап әрқайсысының ұзақтығы 35 минуттан күнiне
4 сабақ сабақ өткiзiлуi тиiс.
Сабақ кестесiн жасауда оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткiлiктi
ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет (Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы)
Мектептiң бастауыш сатысы бойынша жалпы орта бiлiм берудiң
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының нормаларын жүзеге асыру
мақсатында, сондай-ақ бiлiм, бiлiк, дағдыларды бақылау және бағалау
жүйесiн жетiлдiру үшiн бақылаудың белгiлi нормалары мен эталондарымен
қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар, аралық бақылаулар және т.б.)оқушылар
жетiстiктерiнiң деңгейiн анықтауға мүмкiндiк беретiн аралықты және
қорытынды бақылаудың тесттiк формаларын енгiзу ұсынылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу процесiнiң межелiк
кезеңiнде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында — 4-сыныпта жүзеге
асырылуы тиiс. Пәндер бойынша бастауыш бiлiм беру стандарты барлық оқушылар
меңгеруi тиiс мiндеттi минимумды белгiлейдi.
2006-2007 оқу жылында қазақ, орыс, ұйғыр тiлдерiнде оқытылатын жалпы
орта бiлiм беру ұйымдарында 2003 жылы ҚР БжҒМ-нің 11 наурыздағы N148
бұйрығымен бекiтiлген оқу бағдарламалары (Алматы, РОНД, 2003)
пайдаланылады.
Мектептiң бастауыш сатысында пәндердi оқыту өңделiп, қайта басылымнан
шыққан жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдiстемелiк кешендерi бойынша (оқулық,
әдiстемелiк нұсқау, жұмыс дәптерлерi, дидактикалық материалдар,
хрестоматия) жүзеге асырылады (ҚР БжҒМ-нің 06.01. 2006 ж. № 6, 03.2006 ж. №
129, 25. 04. 2006 ж. № 210 бұйрықтары).
Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi стандарттарының 9.3 бөлiмiне сәйкес пәндердi оқыту процесiн оқу-
әдiстемелiк, техникалық жағынан қамтамасыз етудi мектеп әкiмшiлiгi мен
бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi органдары (департаменттер) жүзеге
асырады.
Төменде барлық типтегi мектептердiң 1-4 сыныптарына арналған базалық
оқу пәндерi мен оқулықтары тiзбесiне сипаттама берiледi.
Мектептiң бастауыш сатысындағы “Филология” бiлiм саласына “Сауат ашу”,
“Қазақ тiлi”, “Әдебиеттiк оқу“ пәндерi енедi.
Бастауыш сатыда “Филология” бiлiм саласын оқыту жүйелi-концентрлi
ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта болады. Оқытудың бұл
құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк — iс-әрекеттiк бағытын жүзеге
асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң жаңаша сапасын
қамтамасыз ету бағытын жүзеге асыруға бағыт бола алады.
Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы жағынан
оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды
дайындығын қамтамасыз етедi.
Бастауыш сатыда оқытуда оқушы үшiн тiл қарым-қатынас құралы ғана емес,
қоршаған ортаны тануға, адамның тiлi мен ақыл-ойын дамытуға, адамдардың бiр-
бiрiне өзара әсер етуiне, оларға эстетикалық және адамгершiлiк тәрбие
беруге мүмкiндiктер ретiнде көрiнедi.
Бастауыш сатыдағы “Филология” бiлiм саласын оқытудағы тiлдiң қызметi
қарым-қатынастың, қоршаған ортаны танудың, жеке тұлғаның өзiндiк
қызығушылықтарын, қажеттiлiктерiн және қабiлеттерiн дамытудың құралы
ретiнде қарастырылады.
Сауат ашу - 1- сынып бойы (аптасына 7 сағаттан) жүретiн оқу пәнi.
Сауат ашу курсы әлiппеге дейiнгi кезең, әлiппе кезеңi және
әлiппеден кейiнгi кезең деп аталатын үш кезеңге бөлiнген.
Пәннiң негiзгi ерекшелiгi - әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II
жартыжылдықтың өн бойында жалғастырылып оқытылуы.
Сауат ашудың басты мақсаты - тiл дамытумен өзара байланыста оқу және
жазу дағдыларын қалыптастыру (I жартыжылдықта “Әлiппе” оқулығының
материалдарында) және оқу және жазу дағдыларын жетiлдiру, алғашқы
грамматикалық мағлұматтарды меңгерту (II жартыжылдықта „Ана тiлi”
оқулығының материалдарында).
Оқу пәнiнiң базалық мазмұны:
негiзгi тiлдiк бiрлiктер - дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтiн;
қазақ алфавитiнiң әрiптерi;
оқуға және жазуға, тiл дамытуға арналған иллюстративтiк, мәтiндiк
материалдар;
дыбыстық және дыбыстық-әрiптiк сызбалар, буынның, сөздiң, сөйлемнiң
сызбалары;
5) алғашқы грамматикалық мағлұматтар (II жартыжылдықта - әлiппеден
кейiнгi кезеңде).
Оқу пәнiнiң мазмұны 2 оқулық бойынша жүзеге асырылады: “Әлiппе”
оқулығында әлiппеге дейiнгi және әлiппе кезеңдерiнiң мазмұны, “Ана тiлi”
оқулығында әлiппеден кейiнгi кезеңнiң мазмұны қамтылады.
“Сауат ашу” пәнiнiң кiрiктiрiлген сабақтарының мiндеттерi:
- әлiппеге дейiнгi кезең: 1) сөздiк қорын байыту, лексикалық тақырыптар
бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; 2) дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi
талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс); дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және
дауыссыз дыбыстардың саны мен ретi); дыбыстық сызба құру, оны “оқу”; 3)
жазуға даярлау (әр түрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); жазу
жолын сақтай отырып әрiп элементтерiн жазу;
- әлiппе кезеңi: 1) құрамында жаңа таныстырылған әрiпi бар сөздермен
сөздiк қорын байыту; 2) жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және
жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); 3) сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау;
сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; 4) буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; 5)
байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; 6) байланыстырылған мәтiндi оқу; 7)
жазу;
- әлiппеден кейiнгi кезең: 1) оқу; 2) жазу; 3) тiл дамыту; 4) алғашқы
грамматика.
Сабақты ұйымдастыру түрi: сауат ашудың мазмұнына мейлiнше сәйкес
келетiн модульдiк құрылым. Кiрiктiрiлген сабақтардың құрылысы оқу уақытын
барынша үнемдеуге, әрбiр сабақтың мақсатын айқын анықтауға және мазмұнын
таңдауға мүмкiндiк туғызады.
Әдебиеттiк оқу пәнi 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады. Пән
мазмұнында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру, оқырмандық мәдениетке
баулу, қазақ және әлем балалар әдебиетiмен таныстыру, әдебиет теориясынан
бастапқы мәлiмет беру мен шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, елжандылыққа,
отансүйгiштiкке тәрбиелеу мiндеттерi қарастырылады.

Әдебиеттiк оқу пәнiнiң мазмұны тақырыптық-блоктiк, көркемдiк-
эстетикалық ұстанымдарға негiзделедi және ауыз әдебиетi үлгiлерi мен
классикалық балалар әдебиетiнiң жанрлық ерекшелiктерiнен қарапайым түсiнiк
қалыптастыру, авторлар өмiрiнен қысқаша мағлұмат беру көзделедi.
Қазақ тiлi пәнiн оқытудың басты мақсаты – оқушыларды (2-4 сыныптар)
оқуға, сауатты жазуға үйрету, негiзгi тiлдiк ұғымдармен таныстыру, өз ойы
мен пiкiрiн еркiн жеткiзе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Қазақ тiлiн оқытуда сөйлеу туралы түсiнiк беру, ауызекi және жазба
тiлде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тiлдiк құбылыстарды талдау,
орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелердi практикалық
тұрғыда меңгерту, көркем жазу дағдыларын жетiлдiру, сөйлеу мәдениетiн
дамыту мiндеттерi қойылады.
Бағдарламалық материалдардың “Тiл және сөйлеу”, “Фонетика”, “Лексика”,
“Сөзжасам”, “Морфология”, “Синтаксис”, “Мәтiн”, “Пунктуация” бөлiмдерiнен
құрылуы негiзгi тiлдiк ұғымдарды бiр-бiрiмен тығыз байланыста қарастыруға
мүмкiндiк бередi. Осы арқылы теориялық бiлiмдi ұғыну мен оны сөйлеу
әрекетiнде практикалық тұрғыдан меңгеру үрдiстерiнiң бiрлiгiне қол
жеткiзiледi.Қазақ тiлi пәнi 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.
Математика пәнiн оқытудың мақсаты: математикалық бiлiм, бiлiк және
дағдыларды игеру; математика курсының мазмұны арқылы баланы тұлға ретiнде
қалыптастыру; танымдық және коммуникативтiк iс-әрекетке, сондай-ақ
өздiгiнен бiлiм алуға, еңбекке дайындығын қалыптастыру
Математика пәнi бойынша оқу жүктемесiнiң көлемi 1-2 сыныптарда аптасына
4 сағатты (оқу жылында 136 сағат), 3-4 сыныптарда аптасына 5 сағатты (оқу
жылында 170 сағат) құрайды.
Мектептiң бастауыш сатысында “Математика” пәнi бойынша базалық бiлiм
мазмұны: 1) терiс емес бүтiн сандардың арифметикасы; 2) алгебра
элементтерi; 3) геометрия элементтерi блоктарынан тұрады.
Әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге
мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет (практикалық жұмыс, есеп шығару)
жүзеге асырылып отырады. Осы мақсатта бастауыш математикалық бiлiм
мазмұнында мәтiндi есептер жүйесi қамтылды. Есеп шығарудың әртүрлi
тәсiлдерiмен таныстыру олардың ең тиiмдiлерiн оқушылардың өздерi өз
беттерiмен iздестiрулерi үшiн жағдай жасайды.
Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi, қабiлеттердi
өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар
жүйесiн оқушылар оларды алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп
күрделiлерiн орындауда сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, өздерiнiң
ақыл-ой қабiлеттерiн жаттықтыратындай етiп құрылуы қажет. Сонымен бiрге
оқушылардың өз ұсыныстарын негiздеуiне, өз ойларын дәл, түсiнiктi және
тиянақты етiп жеткiзе алуына үлкен мән берiлуi керек.
Мәтiндi есептердi шығаруда белгiлер мен белгiсiздердi салыстыра отырып,
оқушылар олардың арасындағы негiзгi байланысты түсiнулерi және оны
математикалық қатынастар тiлiне ауыстыра алулары, есептердi шығарылуын
математика тiлiнде рәсiмдей алулары қажет.
Периметр, аудан және көлем жөнiндегi геометриялық материалдарды оқып-
үйренуде сандық және құрамында бiр ғана әрiпi бар әрiптi өрнектердi құруға,
оқуға, түрлендiруге, есептеуге қатысты бiлiктер мен дағдылар белсендi
пайдаланылады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Бала тәрбиесі бір өнер
Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері
Біріккен сабақ
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың теориялық негіздері
Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Функционалдық сауаттылықты дамыту
Пәндер