Электротехника пәнін оқыту барысында жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту



1 Электротехника пәні, мақсаты
2 Электротехника және эксперимент
3 Конденсаторлар, түрлері, жалғануы
Электротехника пәні, мақсаты
Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты жас ұрпақтың дүниені ғылыми тануын, өз бетінше ғылыми тұрғыда ойлай алуын, өз ойын ашық айтуын қалыптастыру қажет.
Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы ХХI ғасырдың табалдырығын аттап отырған кезеңде оқушыларға көлемді білім, білік дағдыларын меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.Жаңа технологияларды іс жүзіне енгізу-өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше білетін шығармашылық ақыл - ой қабілеті бар адамдарды қажет етеді. Олай болса, оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты міндеті-оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын қалыптастырып дамыта білу.Бұл орайда шығармашылық туралы зерттеуші ғалымдардың тұжырымдаған ойларын басшылыққа алу, оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
1. Китаев М.В. Успешный учитель-успешный ученик. Москва 2003
2. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Физиканы оқыту әдістемесі. Алматы,
«Рауан»1998
3. Электротехника .Оқу құр . Каирбаев М. - А.А.,2007.-240б
4. Шуркова Н.Е. Тәрбие жүйесіндегі жаңа технология
5. Заман талабы. Егемен Қазақстан 2006. 12 шілде
6. Электротехникалық жабдықтар. Өтешев О.,Кешуов С.-А.А.,2007.-360б
7. Электротехника негіздері және жалпы автоматика.Каирбаев М.,Полищук В.И.- А.А.,2007.-300б
8. Электротехника және өнеркәсiптiк электроника негiздерi: Кәсiптiк- техникалық училищелерге арналған оқулық / В. Е. Китаев.- Алматы: Қазақстан, 1991.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Электротехника пәні, мақсаты
Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты жас
ұрпақтың дүниені ғылыми тануын, өз бетінше ғылыми тұрғыда ойлай алуын, өз
ойын ашық айтуын қалыптастыру қажет.
Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы ХХI ғасырдың табалдырығын аттап
отырған кезеңде оқушыларға көлемді білім, білік дағдыларын меңгертумен
бірге оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту бүгінгі күннің басты
талабы.Жаңа технологияларды іс жүзіне енгізу-өндірістік және әлеуметтік
өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер қойып, шеше
білетін шығармашылық ақыл - ой қабілеті бар адамдарды қажет етеді. Олай
болса, оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты міндеті-оқушылардың шығармашылық
іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын қалыптастырып дамыта білу.Бұл
орайда шығармашылық туралы зерттеуші ғалымдардың тұжырымдаған ойларын
басшылыққа алу, оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Зерттеуші ғалым Е.В.Мазалевская:Шығармашылық-адамз ат белсенділігі мен
өз бетінше әрекетінін ең жоғары түрі деп тұжырымдаған.Сол сияқты А.Бэн
Шығармашылық ойлау үшін, оқып үйренетін пәнге деген көзқарасты түбегейлі
өзгерту қажет деп сипаттайды.Көрнекті психолог Л.С.Выготский
шығармашылық деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оны даму ұғымымен қатар
қояды.Өйткені әрбір жаңалық ,әсіресе ақыл-ой саласында болса, ол психикасын
жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді.Бұл пікір бүгінгі күні
педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Зерттеушілер
шығармашылық әрекетке әр түрлі анықтамалар береді.Мысалы:И.Я.Лернер
шығармашылық әрекет деп, білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай
білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді.
Адамның іс - әрекеті әлеуметтік мағынаға ие болуы үшін білім, оны жүзеге
асыру тәжірибесі ғана емес, шығармашылық әрекет тәжірибесі де керек деп
тұжырымдады.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты
мақсаттарының бірі жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру, оның даралығын дамыту, табиғи дарындылығы мен
қабілетін ашуға және қалыптастыруға жағдай жасау.
Электротехника пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты арнайы
педагогикалық әдістер мен мақсатты, жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың
интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін
қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.
Электротехниканы тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама бойынша
жылдық жоспар жасалып, бекітілді.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың күрделенуі,
ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты кезеңде білім
беру ұйымдарының түлектеріне жоғары талаптар жүктеледі. Курстың негізігі
ерекшелігі физиканың негізгі заңдылықтарын теориялық және эксперименттік
тұрғыдан қарастыру болып табылады.
- физикалық ұғымдардың, заңдардың,теориялардың қолданылу шегі болатынын
түсіну және физикалық теориялар белгілі ғылыми фактілер мен
электротехниканың техника-экономикалық, экологиялық проблемаларды шешудегі
ролін түсіну
Электротехника және эксперимент
Электротехникалық эксперименттік тапсырмаларды беру осы пәнге ерекше
қызығушылықты тудырады. Өйткені мұндай жергілікті табиғи және тұрмыстық
(техникалық) жағдайлар ескеріледі.Берілетін эксперименттік тапсырмалар
жүйесі құрылған. Бұл жүйе төмендегідей бірқатар мәселелерді шешуге
бағытталған:
- Тәжірибелерді электротехникалық тұрғыдан қарастыру;
- Физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы
функционалдық тәуелділікті анықтау;
- Физикалық процестерді тұрмыстық техника көмегімен басқару мүмкіндігін
түсіндіру (тігін машинасындағы реостаттың және потенциометр – дыбыс
реттегіштің телевизордағы, магнитофондағы, радиоқабылдағыштағы міндетін
анықтау);
- Тұрмысқа қажетті техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және
есептеулер жүргізу (элекр құрылғыларының – үтіктің, электрплитасының қуатын
электр энергиясын есептегіш пен секундтық тілі бар сағат арқылы анықтау
және оны осы құралдың құжаттық көрсеткіштерімен салыстыру; егер олар сәйкес
келмесе себептерін түсіндіру);
- Техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану (май
қабатымен жабылған суда картоп тезірек піседі. Мұны тәжірибе тексеріп,
құбылысты түсіндіру керек).
Электротехнилық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны
игеру процессі әр оқушыда бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез
игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт
қажет.
Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік
жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет
болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.
Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау
қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде
алынса, онда экспериментті құру және өлшеулер жүргізу маңызды.
Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі
элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер
жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру. Эксперементтік есептердің бағалы
жері – ол оқушылардың алған білімін практикада қолдана білуін тексеруге жол
ашады.

Пайдаланатын әдебиеттер.

1. Китаев М.В. Успешный учитель-успешный ученик. Москва 2003
2. Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Физиканы оқыту әдістемесі. Алматы,
Рауан1998
3. Электротехника .Оқу құр . Каирбаев М. - А.А.,2007.-240б
4. Шуркова Н.Е. Тәрбие жүйесіндегі жаңа технология
5. Заман талабы. Егемен Қазақстан 2006. 12 шілде
6. Электротехникалық жабдықтар. Өтешев О.,Кешуов С.-А.А.,2007.-360б
7. Электротехника негіздері және жалпы автоматика.Каирбаев М.,Полищук В.И.-
А.А.,2007.-300б
8. Электротехника және өнеркәсiптiк электроника негiздерi: Кәсiптiк-
техникалық училищелерге арналған оқулық В. Е. Китаев.- Алматы: Қазақстан,
1991.

Конденсаторлар, түрлері, жалғануы.
Электр өрісінің энергиясы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Конденсатормен таныстыру, оның электр сыйымдылығы қандай
шарттарға тәуелді болатыны және оның түрлері, қолданылуы,
жалғануы туралы түсініктер беру. Зарядталған конденсатор
энергиясымен таныстыру.
Дамытушылық: Жаңа физикалық құралмен таныстыра отырып, оқушылардың ойлау
және есте сақтау қабілеттерін дамыту, ізденушілікке баулу.
Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылық пен жауапкершілікке
баулый отырып, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Қараевтың деңгейлік тапсырмалар элементін қолдана отырып
жұппен жұмыс жасату.
Аймақтық компонент: Өскемендегі конденсатор заводы.

Пәнаралық байланыс: электротехника, математика

Сабақтың көрнекілігі: Таратпа жұмыстар, проэктор, экран, слайдтар,
электрондық оқулық.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Кабинетке кіріп, оқушылармен сәлемдесу. Дәрісхананың тазалығына,
балалардың киіміне назар аудару. Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру.
2. Сабақты таныстыру:

Сабақтың тақырыбын айту, таныстыру, оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіру.

II.Үй жұмысын қайталау:
1. Жалпы сұрақ қою арқылы:
А) Өткізгіштер дегеніміз не?
Ә) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларын өзін-өзі тану арқылы еңбек іс- әрекетінің қүндылық бағдарын дамыту (Электротехника негізінде)
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Орта мектептердегі радиоэлектроника үйірме жұмыстарын жүргізу жолдары
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Жеке тұлғаның дүниетанымын еңбек қызметі арқылы қалыптастыру жолдары (Автоматика негіздері бойынша)
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
Көркем еңбек сабағында оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы шығармашылығын дамыту
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Қашықтықтан оқыту жүйесін дамыту жолдары
Пәндер