Бұлғарстан, Болгария Республикасы
1 Тарихы
2 Бұлғарстанның экономикалық және саяси дамуы
3 Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Бұлғарстан
4 Монархиялық.фашистік төңкеріс
5 Болгари мемлекетінің тарихының кезеңдері
6 Мемлекеттік құрылым
6.1 Сот жүйесі
7 Терминологиялық сөздік

Бұлғарстан, Болгария Республикасы – Балқан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Жері 110 мың км2. Халқы 7,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы бұлғарлар(85%), бұған қоса түрік, сыған, әрмен, грек, т.б. ұлттар өкілдері тұрады. Астанасы – София қаласы (1,5 млн.). Мемлекеттік тілі – болгар тілі. Халқының көпшілігі православие дінін ұстанады, 13%-ы мұсылмандар. Бұлғарстан – парламенттік республика. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығару органы – бір палаталы Халық жиналысы. Атқарушы билікті Министрлер Кеңесінің төрағасы жүргізеді. Жерінің солтүстігін Дунай жазығы, шығысын Добруджа үстірті және оңтүстігін Стара-Планина тауы (Балкан) алып жатыр. Климаты көп жерінде қоңыржай континенттік, тек оңтүстігінде ғана – жерортатеңіздік. Жауын-шашынның жылдық мөлшері: жазықта 450 – 600 мм, тауда 850 – 1300 мм. Бұлғарстан жерінде өзен көп. Басты өзендері: Дунай, Искыр, Марица, Струма, т.б. Көлдердің басым көпшілігі Рила, Пирин тауларында. Жерінің 30%-ы орманды. Қара теңіз жағалауында көптеген демалыс орындары орналасқан.
1. Bulgaria’s National Flag. Bulgarian Government (03 October 2005). Тексерілді, 1 қаңтар 2007.
2. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216 — 5

Мазмұны
1 Тарихы
2 Бұлғарстанның экономикалық және саяси дамуы
3 Капитализмнің уақытша тұрақтануы кезіндегі Бұлғарстан
4 Монархиялық-фашистік төңкеріс
5 Болгари мемлекетінің тарихының кезеңдері
6 Мемлекеттік құрылым
6.1 Сот жүйесі
7 Терминологиялық сөздік
Тарихы
Бұлғарстан жеріне адамдар палеолит дәуірінде қоныстана бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлардағы грек тіліндегі деректерге қарағанда, бұл жерлерді фракийлер қоныстанған. 1 ғасырда фракийлерді Рим империясы бағындырып, мұнда Мезия мен Фракия провинцияларын құрады. 395 ж. Болгария жері Византия империясының құрамына кірді. 7 ғасырдың 70-жылдарында Аспарух (Исперих) хан бастаған бұлғарлар (түркі тайпалары) Азов теңізі маңы мен Солтүстік Қауқаз өңірінен көшіп келіп, 680 ж. Балқан таулары мен Дунайдың төменгі ағысында славян-бұлғар тайпалары мемлекетінің негізін қалады. 9 ғасырда Сердиканы, Адрианопольді, т.б. аймақтарды қосып алу нәтижесінде бұл мемлекет шекарасы кеңейді. Бірінші Бұлғар патшалығы (1018 – 1186) Византияға бағынған. 1187 – 1396 жылдардағы Екінші Бұлғар патшалығы алғашқыда Батуға салық төлесе, 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Ноғай ордасына тәуелді болды. Бытыраңқылықтағы Бұлғарстан жерлерін 14 ғасырдың аяғында Осман сұлтандығы өзіне бағындырады. 15 ғасырдан бастап қалалар көркейіп, елдің әл-ауқаты артты, болгар шонжарларының бір бөлігі ислам дінін қабылдады. Өндірістік қатынастар, сауда дамып, ірі жәрмеңкелерде тауар айналымы артты. Орыс-түрік соғыстары (18 – 19 ғасырлар) болгарларды тәуелсіздік үшін күреске жұмылдырды. 1908 ж. жиырма екінші қыркүйекте Бұлғарстан өзін толық тәуелсіз ел деп жариялады. Бірінші Балқан соғысында (1912 – 13) Бұлғарстан Түркияның біраз бөлігін өзіне қаратқанмен, Екінші Балқан соғысында (1913) қайта айырылып қалды. Бұлғарстан 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Алмания мен Аустрия-Мажарстан жағында болды. 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Бұлғарстан бейтарап саясат ұстанғанымен, 1941 ж. наурызда Алмания, Италия және Жапония арасындағы үштік одақ пактісіне қосылды. 1944 ж. тоғызыншы қыркүйекте Бұлғарстан жеріне Кеңес Армиясы кірген соң, мемлекеттік монархиялық құрылымы жойылды. 1946 ж. он бесінші қыркүйектен 1989 жылға дейін Бұлғарстан социалистік даму жолын таңдаған елдер қатарында Варшава шартына, Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше болды. 1989 жылдан елде саяси өзгерістер, демократиялық жаңғыру, экономикалық нарықтық қатынастарға көшу басталды. 1991 жылға дейін үкіметті басқарып келген Бұлғарстан компартиясы биліктен кетті. Бұлғарстан БҰҰ-на, Еуропа Кеңесіне, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. 1992 ж. Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Бұлғарстан 1947 жылға дейін аграрлы ел болатын. 1947 – 90 ж. индустриялды-аграрлы мемлекетке айналды. 1996 ж. жан басына шаққандағы орташа жылдық табыс 1160 АҚШ долларын құрады. Экономикасының негізі машина жасау, тамақ өнеркәсібі, қара және түсті металлургия, химия және мұнай-химия өнімдерін шығару, ағаш өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар (бидай, жүгері), темекі, көкөніс, жеміс өсіріледі. Райхан майын экспортқа шығаруда дүние жүзінде бірінші орын алады. Экспортқа машина, пластмасса өнімдерін, темекі, шарап шығарылады. Қара теңіз жағалауында туризм дамыған.
Бұлғарстанның экономикалық және саяси дамуы
Бірінші дүниежүзілік соғыста Бұлғарстан үштік одақ мемлекеттері жағында соғысты. Бұлғарстан өз одақтастары сияқты бұл соғыстан жеңіліп шықты. Соғыс елдің экономикасын күйзеліске әкелді. Бұлғарстан соғыс жылдарында алманияны азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Соғыстың ауыртпалығы халықтың мойнына түсті. Өнеркәсіптің 70%-ы тоқтатылды. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырап, егіс көлемі 25-30% қысқарды. Елде қымбатшылық болып, азық-түлік жетіспеді. 1915-1918 жж. нанның бағасы 4 есе, ет – 5есе, қант – 3 есеге қымбаттады. Солдаттарға қару-жарақ, азық-түлік жетіспеді. Соғыстан қажыған солдаттар үйлеріне қайтуды талап етіп, соғыс майдандарында үкіметке қарсы қозғалыс кең етек ала бастады. 1918 жылы 26 қыркүйекте Владай селосындағы болгар солдаттары көтеріліске шығып, София қаласына бет алды. 29 қыркүйекте Владай көтерілісіжеңіліс тапты. 30 қыркүйекте Болгария соғыстан шықты. 3 қазан күні Бұлғарстан патшасы Фердинад тақтан түсіп, елдің билігін баласы Бориске берді. 1918 жылы 17 қазанда Бұлғарстанда ұсақ буржуазиялық үкімет құрылды. Үкіметтің құрамына социалистер мен БЗНС (Бұлғарстанның жер, халық одағы) партиясы кірді. Елде саяси дағдарыс шиеленісіп, революциялық ахуал күшейді. Жаңа үкімет кейбір жеңілдіктер жасауға мәжбүр болды. Біріншіден, елде кешірім (амнистия) жариялады, екіншіден, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. Бірақ бұл шаралар елдегі саяси дағдарысты жоя алған жоқ. 1919 жылы наурыз айында Болгар социал-демократиялық (тесняктар) партиясының ХХІІ съезі болды, бұл съезд партияның атын өзгертіп, Бұлғар Коммунистік партиясы деп атады. Оған БКП басшылары Васил Коларов, Георгии Димитровтар сайланды. 1919 жылы жаз айларында революциялық қозғалыстар кең етек алды. БКП басшылық жасап, халықтың арасында беделі өсті. 1919 жылы тамыз айында халық жиналысына (парламент) сайлау өтті. Сайлауда БЗНС ұсақ буржуазия партиясы жеңіске жетсе, екінші орынды БКП жеңіп алды. Парламентте 47 депутаттық орынға ие болды. Сайлаудан кейін бір партиялық БЗНС үкіметі құрылды. Үкімет басшысы болып БЗНС партиясынан Стамболийский тағайындалды. Бұлғарстан монархиялық-буржуазиялық ел болды. Бұлғар патшасы Борис орнында қалды. Стамболийский үкіметінің ішкі және сыртқы жағдайы өте ауыр еді.
1919 жылы 27 қарашада Нейи-Сюрсенде Антанта елдері мен Болгария арасында келісімге қол қойылды. Нейи келісімі бойынша, Бұлғарстан Грекияға Фракияны қайтарды. Югославияға 2500 кв км жері, Кула, Цариброд, Струлищ қалалары берілді. Сонымен бірге, Румыния Добрудж жерін алды. Бұлғарстан 2250 млн франк төлем төлеуге келісті. Грекия, югославия мен Румынияға 70 мың мал, 50 мың тонна көмір беруге тиісті болды. Нейи бітімі Бұлғарстан үшін өте ауыр соқты. 1920 жылы наурыз айында Бұлғарстанда парламент сайлауы болды. БЗНС партиясы жеңіске жетіп, А.Стамболийский жеке үкімет құрды. Елде бірпартиялық билік орнады. Стамболийский елде бірталай өзгерістер жүргізді. Бұлғарстанда экономикалық даму байқалды. Егіс көлемі өсіп, картофель, қант қызылшасы, темекі өнімдері мол өндіріле бастады. Мал басы өсті. Өнеркәсіп саны артып, капитал шоғырланып, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар көбейді. Француз капиталы еркін кірді. Болгария аграрлы ел болып қала берді. Шаруалар партиясы бола отырып, аграрлық реформа жүргізді. Ірі жер иеліктерінің меншіктерін тежеп, жерді кім өңдесе, жер соныкі деген принципті жүргізді. 1923 жылы мажоритарлық сайлау жүйесін енгізді. Сәуір айында өткен парламент сайлауында БЗНС 87% дауыс алып, парламентке көп депутат өткізді. Бірпартиялық жүйе нығая түсті. Парламент арқылы конституцияға өзгеріс енгізуді ұсынды. Елде Стамболийскийге қарсы буржуазия мен патша төңірегіндегі әскери топтар үкіметтік төңкеріс дайындап жатты. Халық бірлігі атты фашистік партия құрылып, мемлекеттік төңкеріс жасауды қолдады. Саяси дағдарыс жылдарында БЗНС партиясы жалғыз қалып, БКП-ны қолдамады. Әскери топтар мен фашистер бірігіп, 1923 жылы маусым айында төңкеріс ұйымдастырды. Бұлғарстандағы маусым төңкерісі. 1923 жылы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні мемлекеттік төңкеріс жүзеге асты. А.Стамболийский тұтқындалып, үкіметі мекемелерін басып алды. Мемлекеттік төңкерісті фашистік Халық бірлігі партиясы, офицерлік топтар және патша Бористің өзі қолдады. Монархиялық-фашистік билік орнады. Жаңа үкіметке Халық бірлігі партиясының басшысы А.Цанков тағайындалды. Стамболийскийді қолдаған топтар өте әлсіз болды. БКП мен халық Стамболийскийді қолдамады. БКП мемлекеттік төңкеріс арқылы келген үкіметті, ұсақ буржуазиялық топтарды қолдады. Бірақ бұл реакциялық буржуазиялық топтар болатын. А.Цанков үкіметі елде қарсыластарына қарсы терор ұйымдастырып, БКП-ның қызметіне тыйым салды. 1923 жылы 5-7 тамызда БКП-ның Орталық комитетінің отырысында өздерінің тактикалық қателіктерін мойындап, елде фашизмге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыруға шешім қабылдады. 12 қыркүйекте елде жаппай террор кең етек алды. 2,5 мың коммунист тұтқындалды. БКП халықты көтеріліске шақырды. 19-20 қыркүйекте Старозаор округінде антифашистік қарулы көтеріліс басталды. Қарулы көтерілісті басқару үшін әскери – революцалық штаб құрылды. Жалпыхалықтық көтерілісті В.Коларов, Г.Демитров және Г.Геновтер басқарды.
23 – қыркүйекте көтеріліс Бұлғарстанның Врачан, Видин округтерін түгел қамтыды. Фердинанд қаласы көтерілісітің орталығы болды. Оңтүстік Бұлғарстанда халық көтерілісі кең етек алды. Бірақ округ ауылдарыдағы көтеріліске қатысқан шаруаларда бірлік болған жоқ. Көтерілісшілерді қаладағы жұмысшылар қолдамады.
А.Цанков үкіметі көтерілісті басу үшін жақсы дайындалды. Сондықтан округтердегі аздаған қарулы топтарды бірінен соң бірін басып отырды. 1923 жылы 30 қыркүйекте Болгариядағы антифашистік көтеріліс жеңілді. Еуропада Италиядан кейінгі орнаған фашистік диктатураға қарсы халық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz