Жеке адамның күқықтарының жіктелуі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жеке адамның күқықтарының жіктелуі

Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде кең тарағаны - барлық құқықтарды негативтік және позитивтік (колданушы) етіп бөлу. Негативтік мағынада бостандық мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет жағынан адамды қажетсіз әрекеттерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды. Оларды жүзеге асыру мемлекеттің қаржы-қаражатына, елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне, жағдайына байланысты емес. Бұлар, негізінен абсолюттік, позитивтік құқықтарды басшылыққа алатын құқықтар болып есептеледі. Мұны, әсіресе, АҚШ-тың конституциялы құқықтары туралы Билльден анық аңғаруға болады. Мысалы, оның бірінші бабында (түзетуінде) былай делінген: "Конгресс белгілі бір дінді белгілемеу немесе оған ерікті түрде кіруге рұқсат етпеу, сөз және баспасөз бостандығына немесе халықтың бейбіт түрде жиналып үкіметке қиянат етушілікті тоқтату жөнінде коллективтік арнаулы етінішпен баруына тыйым салу туралы заң қабылдамауға тиіс". Бұдан біз мемлекеттің "не істемеу керек" екендігін білеміз.

Пазитивтік мағынада құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттілігін көрсете білуді білдіреді. Негативтік құқықтармен салыстырғанда мұнда мемлекеттің, ұйымдардың, адамдардың азаматтарды қайсыбір игіліктермен қамтамасыз ету, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауды корсетеді. Мысалы, бұған әлеуметгік көмек көрсетуге, білімге, денсаулықты қорғауға, лайықты тіршілік дәрежесінде өмір сүругс құқықтылық және т. б. жатады. Негативтік құқықпен салыстырғанда позитивтік құқықты қамтамасыз етіп, іске асыру киын. Себебі, біріншісінде мемлекет тарапынан ешқандай іс-әрекеттің керегі жоқ. Тек қана ол табиғи құқыққа араласып, бөгет жасамаса болғаны. Ал позитивтік құқықта, керісінше, мемлекет жоғарыда көрсетілген және т. б. құқықтарды іске асыру үшін қыруар жұмыс атқаруына тура келеді. Ондай мемлекетте жеткілікті жағдай, қаражаты, мүмкіншіліктері болуы керек.

Сонымен негативтік құқықта біз мемлекеттің "не істемеу керектігі" жөнінде білсек, позитивтік құқықта оның "не істеу керектігіне" көзіміз жетеді. Негативтік құқықты жақтаушылар позитивтік құқыққа адамдардың арасындағы "табиғи" қарым-қатынастарды бұрмалау деп қарайды.

Адамдардың құқықтары мен бостандықтары әр түрлі болады. Орындалу, іске асырылу ортасына қарай олар азаматтық (жеке, дербес), саяси, экономикалык, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар болып бөлінеді.

Азаматтық құқықты сөз еткенде оны азаматтардың құқығымен араластырмаған жөн. Азаматтардың құқығына мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы жатады. Азаматтык құқықка табиғи, адамнан ажыратылмайтын, негізінен, негативтік құқықка жататын адамдардын құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке, жеке адамның дербес құқылығы, ар-намысты және ізгілікті аты мен атағын, кадір-қасиетін сақтауға, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің кұпиялылығына, бір жерден екінші жерге еркін барып келуіне, тұрақты қоныс таңдауына, оның ішінде қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуіне немесе келгің келгенде қайтып оралу бостандығы және т. б. құқықтар жатады.

Саяси құқықтар азаматтардын мемлекетті басқаруға және қоғам өміріне белсенді қатысуын белгілейді. Оған сайлауға және сайлануға құқықтық; одақтар мен ассоциацияларға, демонстрациялар мен шерулерге, жиналыстар мен жиындарға, митингілер мен пикеттерге еркіндік; ақпарат хабарлар құқы, сөз, пікір, оның ішінде баспасөз, радио, теледидар атжылы айтылатын сөз, дінге сену бостандығы және т. б. жатады. Әрине, бұдан ауызға келгенді айта беруге болады деген ұғым тумайды. Ең алдымен, конституциялық зандылықты, қоғамдық тәртіпті сақтау керек. Елдін прогресті дамуы, жалпы халықтық гуманистік түрғыдан әрекет жасау керек. Бірақ бұрынғы Кенес Одағы кезінде адамдардың саяси құқықтары езіліп, жаншылды, еркін дамуына мүмкіншілік жасалмады. Коммунистік партия оған мүдделі болмады да. Себебі, адамдар өздерінің саяси құқықтарын білсе. Оның ерістеуіне жағдай жасалса, бұрынғы Одақта орын алған көптеген жауыздыққа жол берілмеген болар еді.

Экономикалық құқыққа жеке адамнын. тұтыну заттарын, жеке меншігін, жұмыс күшін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады. Бұрынғы Одақ кезінде жеке меншікке тыйым салынып, оған капиталистік системаның, буржуазиялык жолмен баюдың, қанаудын белгісі деп қарап, дамуына жол берілмегені мәлім. Бұл адамдардын, жұмысқа деген ынтасын, ықыласын түсірді, жауапсыздықты туғызды, материалдық, байлық жетіспеді, ақыры, елді аздырып-тоздыруға әкеліп соқтырды.

Әрине, жеке меншікті қалай болса солай дамытып қоя беруге және болмайды. Демократиялык жолмен дамып келе жатқан елдерде жеке меншік мемлекеттің бақылауына алынады. Мысалы, Германия, Франция, Италия, Швеция және т. б. елдердің заңдарында жеке меншік жалпы қоғамның, халықтын мүддесіне сәйкес пайдалануы керектігі корсетіле келіп, оны қаншалықты дамытуға болатындығы, яғни шегі белгіленеді. Бұдан жеке меншікті, жер жүзі мойындаған дара адамнын жеке меншікке құқықтығын жоққа шығаруға мүлдем болмайды. Әсіресе, біз сиякты бұрынғы тоталитарлық жүйенін құрсауынан жаңа босаған шақта жекс меншікті, іскерлікті дамытудың маңызы өте зор.

Әлеуметтік құқық әрбір адамға лайықты өмір деңгейін және әлеуметтік қорғануаы камтамасыз етуді білдіреді. Мұнда пәтер-үйге, дем алуға, денсаулықты қорғауға, қоршаған ортанын жайлы болуына, азаматтарды қартайғанда, сондай-ақ ауырып-сырқағанда және еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда матери­алдык жағынан қамтамасыз етілу құқықтары жатады. Ол мемлекеттін әрбір мұқтаж адамды күнелтуге керек қаржымен. адамшылық абыройын қорғауға тиіс, қарапайым қажеттілігін қанағаттандыратын әлеуметтік қамсыздандыру құқын анықтайды.

Мәдени қуқық адамнын, рухани дамуын ербітіп, өрістету ге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рүқсат, өнер мен техникалык жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т. б. жатады.

Адам құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын онын коғам мен мемлекеттің алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз байланысты. Бұл міндеттердің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет.

"Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен" салыстырғанда жеке адамнын, көпшілік мақұлдаған міндеттері жоқ. Дегенмен, қазіргі демократиялық мемлекеттердің конституцияларында, әдетте, мынадай міндеттер аталады: занды бұзбау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, полициялық үйғарым, бұйрықтарға бағыну және орындау; әскерлік борышты өтеу; заң жүзінде белгіленген салықтар мен алымдарды төлеу; қоршаған ортаны, табиғатты, мәдени ескерткіштерді қорғау және т. т, Кейбір елдерде азаматтардың міндетті түрде сайлауға қатысуға тиістілігі көрсетіледі. Жапония, Италия жәнет. б. елдердің конституцияларында еңбек ету, Италияда балаларды тәрбиелеу, Жапония, Уругвайда өз денсаулығы жөнінде қам жеп уақытында тексеріліп, емделіп отыру керектігң енгізілген. Бірак ол міндеттер орындалмаса, ол үшін әдетте адамдарды жауапкершілікке тартпайды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасынын Конституциясы бойынша әркімнің өмір сүруге, өзінің, жеке басының бостандығына, ар-ождан бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жүрттын бәрі тең. Адамнын кадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Әркімнің жеке өміріне, өзінің жеке отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысынын, қорғалуына құқығы бар. Сез бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Қазакстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Коғамдық бірлестіктердің кызметі заңмен реттеледі. Қазакстан мемлекеті адам құқығы мен бостандығын оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе туралы түсінік.
Саяси жүйе
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мемлекеттік кепілдіктері
Экологиялық құқық негізінің түсінігі, пәні, жүйесі
Адам құқығы туралы
Адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының жіктелуі
Адам құқығының тарихы
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ. Адам құқығы білім саласы ретінде
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz