Халықаралық жеке құқық туралы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері
- Халықаралық жеке құқықтың әдістері
- Халықаралық жеке құқықтың түсінігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Халықаралық құқық - бұл халықаралық құқықтың субъектілері туындататын және халықаралық құқықтың субъектілері (мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар, халықаралық ұйымдар арасындағы, сонымен қатар кейбір жағдайларда, жеке және заңды тұлғалар қатысатын) арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық- құқықтық қағидалар мен нормалардың жиынтығы.
Халықаралық құқықтың да өз реттеу пәні бар. Халықаралық - құқықтық реттеудің пәні болып табылатын қатынастарды екіге бөлуге болады:
а) мемлекеттер арасындағы қатынастар;
б) мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар арасындағы қатынастар. Халықаралық құқықтың нормалары, ең бастысы, халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері - мемлекеттер арасындағы қатынастарды белгілеуге бағытталған. Бастапқыда халықаралық құқық мемлекететр арасындағы құқық ретінде қалыптасқан болатын.
Бірақта, халықаралық құқық мемлекеттер арасындағы емес сипаттағы қатынастарды да, яғни қатысушыларының біреуі мемлекет болып немесе мемлекет мүлде қатыспайтын қатынастарды да реттеді. Қазіргі уақытта, халықаралық келісімге қатысушылардың ауқымы кеңейіп келеді және мемлекеттің ішкі құзырлығына кіретін көптеген қатынастар мемлекеттердің ортақ мүдделерінің сферасына көшті.
Мемлекеттер арасындағы емес халықаралық қатынастар:
а) мемлекет пен халықаралық ұйымдар арасындағы;
б) халықаралық ұйымдар арасындағы;
в) бір жағынан мемлекететр, халықаралық ұйымдар, екінші жағынан жеке және заңды тұлғалар арасындағы;
г) жеке және заңды тұлғалар арасындағы.
Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері
Халықаралық жария құқықтың әлі күнге дейін жалпыға танылған, бірыңғай қайнар көздерi турлерінің тiзiмi жоқ екенін айта кету қажет. Бұл тізімінің бiр нұсқауы ретiнде, БҰҰ Халықаралық сотының Статуты пайдаланылуы мүмкін. 38-бабында халықаралық құқық кайнар көздерiнiң санаттарын көрсетедi. Бiрiншiден, олар халықаралық шарт, халықаралық әдет-ғұрып пен құқықтың ортақ кағидалары. Екiншiден, құқықтың нормаларды аныктау үшiн көмекшi туралы ретiнде - сот шешiмдерi мен доктрина келтiрiледi. Біздің негiзгi назарымыз, сол аталған қайнар көздердің санаттарына белiнетiн болады. Сонымен бiрге, соған қоса біржақты актілердің маңызын, сондай-ақ iшкi мемлекеттiк заңдар мен халыкаралык құқықтық қайнар көздердің мәселесiне байланысты сот шешімдерінің маңызын сипаттаудың кажетті екендiгiн айтамыз. Халықаралық құқықтың жеке қайнар көздерiн қарастырудан бұрын, мына сұракка жауап берелiк - құқықтың қайнар көзі (мұнда халықаралық құқық жайындағы айтылады) сапасының аса зор маңызға ие болып отырғандығы нелiктен?
Оның жауабы: осындай жагдайларда (бiрiншiден, мұндағы халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы даулар), халықаралық құқықтың сәйкес нормаларына сүйене отырып, өзiндiк позицияны негiздеудiң өзi өте қажет, ал оның, халықаралық құқық қайнар көзінің қандай да бiр түрінің шеңберінде объективтiленгенi қажет. Осыдан туатын сұрак - сол, не өзге де бiр акті, халықаралық құқықтың заңды қайнар кезi бола ала ма? (Мысалы, халықаралық шарт, әдет-ғұрып немесе жалпы құқық қағидасы түрiнде) . Бұл сұрақтың шешiмiнен, халықаралық құқық субъектiсiнiң құқыққа тартымдылығынын қанағаттануы (немесе қанағаттанбауы) байланысты. Сондықтан да бұл сұрақтың өзi манызды тәжірибелік мәнге ие болып саналады.
Қазіргі таңдағы халықаралық құқықтың негізін салушы қайнар көздердің бiрi болып - халықаралық шарт танылады, дегенмен жогарыда айтылғандай, халықаралық құқықтағы негiзгi реттестiрушi тәсілі болып-халыкаралық құқық субъектiлер еркілерінің санасу тәсiлi саналады, онын өзі, халықаралық шартты бекiту кезінде айқын көрiнедi. Халықаралық құқық қайнар көздерi ретiндегi халықаралық шарттың нормалары, халықаралық әдет-ғұрыптар секiлдi калыптасатын нормаларға қарағанда, қалауымызға жақын, дсгенмен де, “халықаралық шарт” ұғымы халықаралық әдет-ғұрып ұғымына қарағанда әлдеқайда анық болып табылады, даулы жағдайда, сол тәртіп ережелерінің әдеттегі құқықтық норма ретiнде барын дәлелдеудің өзiнде қиынға түседi (яғни сәйкес өлшемдер бойынша) . Халықаралық шартқа байланысты мәселелер қазiргi кезде негiзгi үш келiсiмдермен реттеледі - 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығының Вена Конвенциясымен, 1986 жылғы халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясымен, сондай-ақ 1978 жылғы халықаралық шарттарға қатысты, мемлекеттердiң құқыққа иеленушiлiк жайындағы Вена Конвенциясымен реттеледi. Олардын ішіндегі ең маңыздысы болып, 1969 жылғы Конвенция танылады. Осы құжатқа сәйкес халықаралық шарт деп - мемлекеттер арасындағы жазбаша түрде бекiтiлiп, мұндай келісімнің бiр құжатта не бiрнеше өзара байланысы бар құжаттарда бар болуына, не оның нақты аталуына қарамастан, халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім түсіндірілуі мүмкін.
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Халықаралық жеке құқықты құқықтын бір саласы ретінде басқа саладан айыра білу қажет. Құқық жүйесіне байланысты бірқатар мәселелерді айтсақ, халықаралық жеке құқық басқа құқық салаларымен, атап айтқанда, азаматтық құқықпен ұқсас болып келеді. Жалпы бөлімде, халықаралық жеке құқықтың принциптері мен негізгі бастамапарына байлаңысты жалпы ережелер де шоғырланған. Дегенмен, халықаралық жеке құкық пен азаматтық құқықтардың реттеу пәндерінің бірдей немесе ұқсас болуы олардың пән ретінде ұқсастығын білдірмейді. Халықаралық жеке құқық стандартты мүліктік қатынастарды емес, тек қана халықаралық қатынастардан туындайтын қатынастарды реттейді. Мәселен, екі қазақстандық фирма арасында жасалған шарт азаматтық құқықпен реттелуге жатады, ал егер сол шартқа отырушы мемлекет шетел мемлекеті болса, бұл халықаралық жеке құқықтың нормаларымен реттелуге жатады.
Осыдан шығатын қорытындыны таразылай отырып, халықаралық жеке құқықтың қоғамдық қатынастарының екі белгісін шығарып алуға болады. Олар: біріншіден, халықаралық; екіншіден, азаматтық - құқықтық болып табылады. Тек қана осы екі белгінің бір кезде кездесуі ғана қоғамдық қатынастардың құрамынан халықаралық жеке құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды бөліп қарастыруға жол ашады. Мысалы, қазақстан азаматының өлімінен кейін оның қазақстаңдағы аманаты ашылады және оған сәйкес мұрагерлері анықталады. Бұл тұста азаматты к-құқықтық қатынастар туындайды. Егер осы мұра басқа бір мемлекет аумағында ашылса немесе мұрагерлер шетелдік азаматтар болып шықса, онда бұл халықаралық жеке құқықтың көмегіне жүгінетін қатынас болып шыға келеді.
Сәйкесінше, қазақстандық ішкі қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі де, олардын біразы халықаралық сипатқа ие болатын болса, халықаралық жеке құқықтың реттеу пәніне кіреді.
Осыдан келіп, халықаралық жеке құқықтың пәні болып халықаралық азаматтық құқықтық қатынастар табылады деп жауап берумізге болады.
Осыдан келіп азаматтық деген қатынастардан бөлек отбасылық, еңбек қатынастары осы халықаралық жеке құқықтың реттеу объектісіне жатады ма, әлде жоқ па деген заңды сұрақтар туындай бастайды.
Халықаралық жеке құқықтың пәнін құрайтын тағы бір қатынастардың белгілері бар. Бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың арасында жасалатын қатынастар. Дегенмен, бұл принцип өзбетіндік сипатқа ие емес, өйткені олардың барлығы жеке құқыктық табиғаттан келіп шығады.
Халықаралық жеке құқықтың түсінігі
Халықаралық жеке құқығының түсінігі мен белгілері.
Халықаралық жеке құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде.
Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұтастағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономикалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де ХІХ-ХХ ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі ХХ-ХХІ ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, өндірістік қауымдастық, оның құрамына бірлескен кәсіпорындар мен өндірістер, бірлескен кәсіпорындар мен өндірістер, бірескен зерттеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.
Екіншіден, бұл жағдай - соғыстар мен түрлі сипаттағы қақтығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.
Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, көлік жетістіктері арқасында көптеген елдер өзара жақындасты, осының арқасында, жалпы, адамзаттық қарым-қатынас дамыды, телерадио құралдары, бейнетехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер дүние жүзінде әр түрлі хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді; космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми-техникалық прогресстің кертартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Ирактағы трагедиялар, қоршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп қана қоймайды.
Халықаралық жеке құқық үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе - халықаралық гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің - халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарында адам, оның жай-күйі, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс.
Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұтастарынан да көрінеді.
Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып келеді.
Халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатындығын анықтауға бағытталған.
Халықаралық жеке құқықтың мақсаты - әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.
Қатынастардың екінші бір тобы - шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық жеке құқыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.
Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады. Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін - әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқыктық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде: - осы жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кен мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туыңдайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халыкаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементі мен күрделеңдірілген қатынасты білдіріп тұрады. Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы - олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әртүрлігіңде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасыңдағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, мемлекеттің егемеңдігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туыңдауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық - құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жеке құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz