Халық емшілігі


Жоспар
- Кіріспе
- Халық емшілігі
- Халық медицинасыда өсімдіктер
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ауруды берген Алла оның емін де берген. Тек жөнін, жолын таба білу керек. Осы қағиданы бағдар тұтқан Зиядан қажы Қожалымов ғылыми медицинамен салыстыра отырып, халық емшілігін зерттеуге, елімізде оның емшілік құрылымын жасақтауға айрықша ізгі ниетпен кіріседі.
Алла, дін жолы, Құран-Кәрім, емшілік туралы жазылған әркездегі Батыс, Шығыс әдебиеттерін терең зерттеп, өз дүниетанымын биік қалыптастырған ғылымгер азамат қазақи халық медицинасының кенжелеп қалғанын аңғарады. Оны көтерудің сара жолдарын іздестіреді. Көне жазбалардан, мұражайлардан, ел аузынан, білікті ғалымдар мен ғұламалар шығармашылықтарынан деректер жинайды. Оларын салыстырмалы тәжірибелік әдістермен зерттейді, нәтижесінде көптеген құнды қорытындылар, түйіндер жасайды. Мысалы, оташылық пен құмалақшылықтың тұқым қуалайтын құпиялы қасиет екенін, тамыршылықтың тұқым қуалап, әрі оқып-үйренетін ілім екенін, көріпкелдік пен телепатияның бір-біріне тәуелділігін айғақтайды. Көріпкелдік, болжампаздық, жұлдызнамалық, жауырыншылық, әуез терапиясы, балмен емдеу, мануальді терапия, биоэнергетикалық, фитотерапиялық емдер жайлы да жүйелі түйіндердің жүлгелерін айшықтай түседі. Қазақтың ұлттық медицинасы болғандығына Өтейбойдақтың «Шипагерлік баян» атты кітабы ғылыми жүзінде дәлел бола алады. Бірақ, Қазақстанда ұлттық медицинаны зерттеп, тарихи құндылық ретінде танып, бағалап жатқан адамдар некен - саяқ. Осының салдарынан қазақтың ұлттық медицинасы әлі де болса, ақсап тұрған жайы бар.
Халық шипагерлігі халықтың қанымен аралас, ұрпақтан ұрпаққа берілетін тектік қасиет, қазақ халқының шипагерлік ілімін дамытуда ХV ғасырда өмір сүрген Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының да орны бөлек. “Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін “Шипагерлік баяным” артымда қалмақ” деп өсиет ретінде қалдырған бес мың беттік қолжазбасында ол дала тәжірибесі арқылы көптеген емдердің түсін түстеген. 1108 түрлі дәрі-дәрмек түрін, 858 түрлі дәрілік өсімдік пен базбір жан-жануарлар мүшелерінің емдік қасиеттерін анықтаған. 1050 түрлі шипа ем атын, 4577 шипалық дәрілік рецепт әзірлеген. Адамның сыртқы және ішкі ағзаларының анатомиялық тұлғалық атауын жазып қалдырған.
97 жыл ғұмыр кешіп, 1485 жылы дүние салған, әз-Жәнібек хан тарапынан “Қараүзген шипагер” атанған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының ізденісті еңбегі терең білімді Зиядан қажыға айрықша шабыт бергені даусыз. Халық емшілігінің тынысын ашып, өшкенін жағып, ел игілігіне ұсынуды мақұл көруі - қалың көпшілік тарапынан асқан алғыс сезімімен қолдау табуда. Арғы жылы Шымкент, ал былтыр Түркістан қалаларында өткен форумға 500-ден астам халық емшілері қатысты. Тәжірибе алмасты, ой-пікір бөлісті. Ел ішіндегі дуалы ауыз емшілерді іздестіру, оларды біліктілігіне қарай санатқа бөлу, марапаттап отыру, білімін жетілдіру, тәжірибелерін кітапша етіп насихаттау сияқты іргелі істер де қолға алынған. Бұл қадамдарға жұмсалар қаржы көздерін табу жайы да қарастырылған. “Қазақстан халық емшілері қауымдастығының” өсіп-өркендеу жолдарының түбегейлі даму жоба-жоспарын жасап, бірнеше жүздеп саналатын халық емшілері сарбаздарын бір ұяға ұйымдастырып, терең де мәнді тәрбиеге бағыт беріп отырған Зиядан қажы Қожалымовқа, оның көмекші әріптестеріне, халық емшілеріне ел, қоғам тарапынан жемісті жетістіктер тілеу жөн. Бұл бірліктің және түсіністіктің нәтижесіне баланары даусыз. Болашағы бар деп есептелетін халық емшілігі қолдаушысы нәтижесінде өркениетті болмақ.
Қазақстан халық емшілері ассоциациясы тарапынан ұйымдастырылып, үстіміздегі жылдың 24-26 шілдесі аралығында Тараз қаласында өтетін “Қазақтың ғалым-шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (XV ғ. ) ” атты VІ халықаралық конгресінде де ұлтымыздың мақтанышына айналған төл перзентіміздің іргелі ізденістері мен оның қазіргі кезеңге дейін жеткен жемісті арналы ағыстары, болашағы жан-жақты сөз болары даусыз.
Халық емшілігі
Халық емшілігі жайлы көріпкел, болжампаз бабалардан, шипагер даналардан қалған жазбаша, ауызша тарихи деректер, мол мұралар бар. Олар өркениетті ел мұражайларында, ел есінде сақтаулы. Тек жетпей тұрғаны - соларды мейлінше жинақтап жүйелеу, мәні мен маңызын елге түсіндіру, емдік игілікке пайдалану. Бұл тақырыпқа түрен салып орамды ойларын, пісіп жетілген пікірлерін қалың қазағына мұра етіп қалдырған Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Ақжан Машани сынды, тағы басқа да тұлғаларымыздың қадау-қадау жазбалары бар. Оларда Қойлыбай бақсы, Абылай ханның жұлдызшысы Байыс, Мөңке би, Маңқы би, Бекет әулие, Бұқар жырау сынды, өзге де халыққа аты кең жайылған қыдыр дарып, бақ қонған көріпкелдер мен данагөйлердің өрнекті өсиеттері мен сөздері, істері сөз етіледі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлер тарапынан айтылған болжампаздық, көріпкелдік, жұлдызнамалық, құмалақшылық, тағы басқа да қасиетті емдік бастаулар қаншама. Шығыс медицинасының аталары саналатын екінші Аристотель атанған жерлесіміз Әбу Нәсір Әл-Фараби, Бұқара, Самарқанд, Хорезм, тағы басқа шаһарларда атақ-даңқы жер жарған Ибн Сина, туған жеріміздің төл перзенті Өтейбойдақ Тілеуқабылұлын, ХV ғасырда өмір сүрген француздың жұлдызшы сәуегейі Нострадамусты, болгарлық Ванга әжейді халық емшілігі жолындағы көріпкелдер, болжампаздар, керемет иесі деуге болмай ма?!
Халық медицинасыда өсімдіктер
Қоршаған ортаның адам-ға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіре-се, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытын-да суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз.
Ал, кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа «туу, түрі құрысын, қандай сүй-кімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.
Ал, кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктер-дің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С. Мей-сонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал, жерік болған кезде қатты ит жерік болып, тіпті дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі.
Сөйтсе, фикус өз қожайы-нын әйелінен қызғанып, хи-миялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.
Әрине, өсімдіктердің бар-лығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғарма-са, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.
Ертеде адамдар зығыр (лен) еккен кезде, жала-ңаштанып егеді екен. Әйт-песе, мол өнім болмайды деп есептеген. «Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені белгілі ғой.
Ертеде «қыдырып» кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер жатын бөлме-ге алқызыл түсті гүлді қойған. Сол бөлмеде үш күн қонған ер адам ендігә-рі басқаға қарамай, тек өз әйеліне деген сезімі арта түседі екен. Ең жағымд-ы гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда, өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.
Гүлді өз қолыңыздан егіп, күтіп-баптаған жөн. Оларды сәбиді баққандай күтсеңіз, өс-кен соң сіздің денсаулығыңыз-ға, отбасыңызға оң әсер етеді дейді. Гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаңыз көңіл-күйіңіз көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласыз.
Ал, мына бір оқиға осыдан 7 жыл бұрын болған. Бір үйдің ауласында жапырағы жайқалып, әдемі үлкен ағаш өсіп тұрған. Үй иесі отыздағы әйел бұл ағашты шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын аршып тастайды. Ағаш солып қалған соң, кесіп тастамақшы болады. Әне-міне деп жүріп қолы тимейді. Бір күні «әйел өз болашағын білмекші болып көріпкел-ге барады. Көріпкел оған «отыз жасыңда өлесің» дейді. Әйелдің өзі де, туыстары да «дені сап-сау, аяқ қолы балғадай адам қалай өледі?» деп, көріпкелдің сөзіне аса мән бермейді. Тамыз айында әйел отыз жасқа толады да, туыстарын, көршілерін, жора-жолдастарын шақырмақшы болып, той қамына кірісіп кетеді. Құрбысы екеуі есіктің алдына шығып, мерейтой туралы әңгімелесіп тұрған сәтте, ауа райы күрт өзгеріп, аспанды қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз да әрең тұрған ағаш желдің күшімен тура екі әйелдің үстіне келіп құлайды. Біреуі қашып үлгіреді, екіншісі ағаштың астында қалып, қайтыс болады.
Тура отызға толған күні, көріпкел айтқандай, ағашты кескен әйел қайтыс болыпты. Көріпкелдің айтқаны тура келді. Бұл оқиғада ең таң-қаларлығы-ағаштың әйел-ден өшін алғаны. Мүмкін, кездейсоқ болған шығар. Кім біледі? Бірақ, «ағаштың да жаны бар, олар да сезеді» дейді ғой.
«Емші» өсімдіктер Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреуле-рінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы - табиғат, алғашқы дәріханасы - орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.
Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша, т. б. өсімдіктер-дің шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық меди-цинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы - шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Ха- лық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П. С. Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.
Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің жанын-дағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан жараланған киік деседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz