Статистика ғылым ретінде


Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Ақтөбе экономика-құқық колледжі.

Мәнжазба

Тақырыбы: Статистика ғылым ретінде.

Ақтөбе 2006 жыл

Тақырыбы: Статистика ғылым ретінде.

Жоспар:

1. Статистика түсінігі.

2. Статистика тарихы.

3. Статистика ғылым пәнінің негізі.

4. Статистикалық ғылымның теориялық негізі.

5. Статистикалық ғылым әдісі.

6. Статистикалық ғылымның жалпы теория саласы.

7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикалық қазіргі жүйесін ұйымдастыру.

Кіріспе:

Әлемдік дамудың негізгі бағытына барлық салалардағы мемлекеттік ынтымақтастық ауқымының кеңеюі, шаруашылық өмірдің ұлтаралық өсуі, халықаралық ынтымақтастық жатады. Осыған байланысты қазіргі заманғы экономикалық білімнің өзінше жаңа саласы - статистика пайда болды.

Әлеуметтік және экономикалық процестерде елдердің өзара тәуелділігі

мен өзара әсерінің өсуі, статистикалық практикада халықаралық стандарттрың

енгізілуі, кәсіпорынның сыртқы экономикалық қатынасының кеңеюі

қазіргі экономистерге жаңа талаптар қояды. Олар халықаралық экономикалық

статистика әдістерін пайдалана білу қажет, экономика салаларының жетілуін, халықтың өмір деңгейінің халықаралық көрсеткіштер жүйесін, экономикалық қызметтің қаржылық нәтижелерін, өндірістің рентабельдік көрсеткіштерін және сол сияқтыларды білу қажет.

Шетелдегі экономикалық статистика мәліметтері экономиканы жобалауда және реттеуде пайдаланады. Отандық практикада ұлттық шоттар құрылуының халықаралық тәжірибесін пайдалану үлкен мәнге ие. Ұлттық шоттар әдістері көмегімен жасалынған макродеңгейдегі экономикалық талдау жалпы ішкі және жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс және т. б. макроэкономикалық көрсеткіштерді халықаралық деңгейде салыстыруға мүмкіндік береді.

Статистика ғылым пәнінің негізі:

Статистиканың оқыту пәні болып табылатындар: елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын салыстыру, халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі, статистикалық

қызметінің ұйымдастырылуы, халықаралық ұйымдардың ресми статистикалық

жинақтары, дамыған елдердің экономикалық көрсеткіштерінің өсу деңгейін бағалау.

Халықаралық статистиканың әдістеріне индекстік әдіс, жобалап есептеулері, жіктеу, статистикалық көрсеткіштерді құру әдістері жатады. Статистикалық салыстыру әдісі

әр түрлі елдерде статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу және талдауда біртұтас

әдістеме болуын талап етеді . Мұнда графикалық әдіс, таралу сипаттамаларын

салыстыру, орталықтану және шоғырлану (концентрация) көрсеткіштерін есептеу

сияқты әдістер пайдаланылады.

Статистиканың ұйымдастырудың орталықтанған жүйесі Батыс Европа елдерінде, сонымен бірге

Канадада қолданылады. Ұйымдастырудың орталытанбаған түрі АҚШ, Жапония, Францияда орын

алған. Шетелдік статистикалық орталықтанған жүесінің біздің елдің статистикалық қызметінен ерекшелігі

ел үшін біртұтас статистика, есеп жүйесі дегенді білдірмейді және есепке алуды формамен әдістердің

біртектілігін тудырмайды. Мысалы, жекеленген аудандардағы статистикалық органдар жергілікті

басқару органының мүддесіне қарай өз бетінше статистикалық бақылау жүргізе алады.

Статистика тарихы және оның жалпы түсінігі :

Статистика бұл сандық көрсеткіштер жиынтығы. Статистика латынның "статус"

деген сөзі заттың, нәрсенің, құбылыстың жәй күйі деген мағына білдіреді.

Статистика ғылымының даму процесі өзінің бастамасын 17 ғасырдың аяқ кезінен

Англиядан басталды. Оның негізін салушы ағылшын ғалымы Джон Граунд және

Вильям Петти. Сонымен қатар оның дамуына көптеген ғалымдар үлес қосты.

Нарықтың экономикалық өту кезіндегі статистика туралы 1996 жылы заң ережесі қабылданды. Статистика қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процесін ондағы сандық қарым- қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін ғылым.

Статистиканың сандық жағы деп, құбылыстың процесінің мөлшерін, көлемін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауды айтады. Сапа деп сандық көрсеткіштердің өзіне тән ұғым түрінде берілуін айтады.

Статистика қоғамдық құбылыстармен процестерді зерттеу барысында біртектес элементтерден тұратын

көрсеткіштерді қарастырады. Бұл элементтер "бірліктер" деп аталады, және олардың әрқайсысын

сипаттайтын ортақ қасиеттерін статистика түрінде белгі деп атайды.

Статистика тарихының екінші бір бастауы "Саяси арифметикамен" бір мезгілде шыққан неміс ғалымы Г. Конрингтің (1605-1681) еңбектерінде қалыптаса бастаған мемлекет тану ғылымында жатыр. Мұнда статистика география, этнография, заң және басқа да ғылым салаларымен бірге зерттеледі. Себебі,

статистиканың саяси экономикадан және басқа да әлеуметтік-экономикалық пәндерден әлі де жігін

ажырата қоймаған кезі еді.

Статистиканың одан ары дамуына көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерімен атсалысты. Солардың ішінде мына ғалымдардың аттарын атамай кетуге болмайды: неміс ғалымы Г. Ахенваль (1719-1772), Бельгия ғалымы А. Кетле (1796-1874), Англия ғалымы А. Боули (1869-1957) және тағы басқалар. Мысалы, 19 ғасырдың ортасына қарай Бельгия ғалымы А. Кетле және оның шәкірттері статистикалық қатарларда бірімен -бірі байланысты заңдылықтардың бар екенін дәлелдеді. А. Кетле - Бельгияда дүние жүзінде бірінші болып мемлекеттік орталық статистика мекемесін құрады және ол бірінші халықаралық статистикалық ұйымдастырушысы болып саналады.

19- ғасырдың 2- ші жартысы мен 20- ғасырдың басында статистикалық ғылымы ғарыштап дами

бастады. Оған көптеген ғылымдармен статистиктердің сіңірген еңбектері дәлел бола алады. Мысалы

маетематикалық статистиканың ықтималдық теориясын қолдану арқылы көптеген сандық көрсетркіштерді

есептеу тәсілдерді анықтайды . Бұл салада П. Л. Чебышев, А. А. Марков, А. М. Ляпунов, С. Н. Берныштейн

сияқты атақты математиктер елеулі еңбек етті. Бұл кезде мемлеккетік статистика органдарында жетіліп, дами бастаған мезгіл еді.

Статистика ғылым әдісі:

Статистика әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен процестерге статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қоғамдық ғылымның негізгі қағидалары мен зандылықтарына, яғни құбылыстарды танып білудің диелектикалық әдісіне сүйенеді. Бірақ, басқа ғылымдар сияқты статистиканың да өзіне тән ерекшеліктері мен зерттеу әдістері бар. Ол әдістер өздерінің қолданылуына және бірінен соң бірінің жалғасып келуіне қарай үш сатыға бөлінеді. Олар мыналар; 1) статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау; 2) жиналған мәліметтерді өздеріне тән ерекшелігіне қарай топтау, өндеу және жинақтау; 3) жинақталға, өңделген мәліметтерге талдау және қортынды жасау . Осы көрсетілген әдістер жиынтығын статистикалық әдістемелер немесе зерттеу кезеңдері деп атаймыз. Статистика бақылау - статистикалық зерттеудің бастапқы сатысы. Мұнда әлеуметтік-экономикалық қүбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтер алдын - ала жасалған бағдарлама бойынша жиналады. Статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізген әрбір фактыны өздеріне тән белгісіне қарай анықтау және нақты шындықтың толық қамтылуы, анық та, дәл, нақты, әрі керекті мәліметтерді жинау. Статистикалық бақылау әрқашанда кең көлемді, толық жүргізіледі. Демек, бақылау кезінде жиналған мәліметтер неғұрлым көп болатын болса, көрсеткіштер соғұрлым толық және айқын болып келеді. Бұл - статистиканың үлкен сандар заңын қорлануы деген сөз. Мысалы, А. Қаласында туған балалардың арасында ұлдарға қарағанда, қыздардың саны көп болды делік, ал бүкіл Қазақстанға шаққанда бұл көрсеткіште өмірге жаңадан келген 100 қыз балаға 106 ұлдан келінді. А. қаласымен салыстырғанда республика бойынша жинақталған мәліметіміз дұрыс. Дегенмен, статистикалық бақылау жүргізу кезінде кездейсоқ қателер болмай қоймайды. Алайда, олар математикалық статистика арқылы, яғни ықтималдықтар теориясы бойынша анықталады.

Статистикалық көрсеткіштерді топтау, өндеу және жинақтау . Бұл-статистикалық зертеудің екінші сатысы болып саналады. Осы әдісті қолдану кезінде статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер өздеріне тән жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға және іштей жіктерге бөлінеді. Бірақ, олардың әрқайсысы статистикалық жеке көрсеткіштер жүйесіне сай сипатталады. Сондықтан, зерттеудің бұл кезеңінде қоғамдық құбылыстар мен процестердің топтық көрсеткішері ірілендіреді, жекелеген топтардың сапалық айырмашылығы анықталады және талдау, қортынды жасау үшін сандық көрсеткіштерді есептеледі.

Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қортындылау .

Бұл статистикалық зерттеудің соңғы, яғни үшінші сатысы. Мұнда жинақталған, топталған, өнделген статистикалық көрсеткіштер біртектес топтық белгілері бойынша жеке қарастырылады. Олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Соңдай-ақ қортындылаушы көрсеткіштер орташа, қатысты шамалар немесе өсіңкілік қатарлар, индекстік әдістер арқылы есептеледі. Олар статистикалық кестемен көрсетіледі немесе график арқылы бейнеленеді. Сонымен, статистикалық мәліметтерге талдау жасау деп жинақталған, топтастырылған, өңделген көрсеткіштерді салыстыру, қортындылау және солар арқылы ғылыми тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауды айтады. Жоғарыда көрсетілген стстистикалық зерттеудің бұл үш сатысы арасында қолданысына қарай өзара айырмашылығы бар. Бірақ, олар бірінен-бірі бөлінбейді. Мысалы, бақылаусыз топтау болмайды, ал топтаусыз талдау немесе қортынды жасалынбайды. Демек, статистикалық зерттеудің бұл үш сатысы бір-бірімен тығыз байланысты. Соған орай оларды әр түрлі мамандар жүргізеді. Статистиканың осы зерттеу әдістерін жетік меңгеру мақсатында оқу құралының 3-ші және 4-ші тарауларында бұл мәселелер толық қарастырылды.

Статистикалық ғылымының жалпы теория саласы :

Табиғатында, статистика - жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Бұл жайында анықтамада айтылған. Қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды. Сонымен, статистика әлеуметтік - экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады. Статистиканың жаппай құбылыстарға тән сандық қарым - қатынастарды зерттейтіні анықтамада көрсетілген. Статистиканың сандық жағы деп, зерттелген әлеуметтік - экономикалық құбылысты процестің көлемін, мөлшерін сандық көрсеткіштер түрінде сипаттауын айтады.

Сандық жағын оқып - үйрену жолдары төмендегідей:

Біріншіден, статистика қоғамдық құбылыстармен процестердің көлемін, мөлшерін зерттейді.

Сандық жағын зерттей отырып, көптеген қызықты көрсеткіштерге тап боламыз және олардың қалай өзгергенін анықтай аламыз. Мысалы, халықтың саны, өндірілген өнім мөлшері және т. с. с.

Екіншіден, статистика қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін уақыт арқылы көрсетеді. Яғни қай уақытта қанша болғандығын анықтайды.

Үшіншіден, статистика қоғамдық құбылыстардың өзара қарым-қатынасын немесе пропорциясын зерттейді.

Жоғарыды көрсетілген үш элемент - қоғамдық құбылыстардың сандық құрамының негізгі бөліктері болып саналады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикалық қазіргі жүйесінің ұйымдастырылуы.

Қазіргі егемен республикамыздағы статистиканың дамуы еліміздегі статистика тарихының жаңа кезеңінің басы болып саналады. Яғни, статистикалық теория мен әдістемелердің түбегейлі мәселелері зерттеліп, оларды пайдаланудың жаңа үлгілері жасалынды. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистика туралы 1996 жылы заң мен ереже қабылданды және оның міндеттері мен функциялары анықталды. Сонымен, статистика органы халық шаруашылығы салаларының есебін жүргізуші мекеме ретінде жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол жүелі түрде басшылық жасаудың аса маңызды құралдардың бірі болып саналады.

Қазіргі кезеңде "статистика термині төмендегідей әр түрлі мағынаға қолданылып жүр:

статистикалық органдар арқы- статистика- статистикалық статистика- қпғамдық ғы -

лы көптеген қоғамдық құ- жинақтарда, анықтамалар- лымның бір саласы және

былыстардың өзгерістерін да, мерзімді баспасөздер- оның өзіне тән жеке пәні

жүйелі түрде есепке алу. де жатияланатын сандық мен зерттеу әдістері бар

көрсеткіштер. ғылым .

Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын (формасын) қолданады. Оның біріншісі - есеп беру, екіншісі - арнайы ұйымдастырылған бақылау .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму кезеңдері
Арнайы кедендік статистика
Статистика пәні және оның зерттеу объектісі (зерзаты)
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Вариация көрсеткіштері және олардың қасиеттері. Статистикалық талдауда вариация көрсеткіштерін қолдану
Қазақстандағы статистика ғылымы
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Математикалық статистиканың бірінші есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz