Қылмысты алдын ала тергеу сатысы



КІРІСПЕ
АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ САТЫСЫ.
АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ САТЫСЫНДАҒЫ ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТТЕРІ.
КІРІСПЕ
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып, жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi, әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары құрастырылады. Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп есептейдi екен.
Қылмыстық іс жүргізу мәселелеріне арналған әдебиеттерде, монографияларда, ғылыми мақалаларда қылмыстық іс қозғау ұғымына түрліше түсінік беріліп жүр. Сондықтан да қылмыстық іс қозғауды көп қырлы ұғым деп санаймыз. Ең алдымен қылмыстық іс қозғауды процессуалдық институт деп атаймыз, яғни қылмыстық іс қозғау сатысында туындайтын мәселелерді реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Екіншіден, қылмыстық іс козғау деп — іс қозғау туралы жазылған процессуалдық актіні айтамыз. Осы іс қозгау туралы процессуалдық акті жазылғаннан кейін, ягни іс қозгау туралы қаулы шыққаннан кейін, тергеу әрекеттері жүргізіле бастайды. Үшіншіден, қылмыстық іс қозғау деп — қылмыстық іс жургізудің жеке (бөлек) тәуелсіз сатысын айтамыз. Қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ең қажетті, міндетті бөлігі болып табылады.
Қандайда болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды. Біз қылмыстық іс козғау сатысы жеке, бөлек, тәуелсіз саты дедік, соған орай қылмыстық іс жүргізудің басқа да сатылар сияқты іс қозғау сатысының өзіне тән белгілері, ерекшеліктері болады. Осы белгілері мен ерекшеліктері арқылы қылмыстық іс қозғау сатысын басқа сатылардан айыра білеміз. Мысалы, бұл сатының өзіне тән міндеттері болады. Қылмыс бойынша іс қозғау міндеттері арнаулы лауазымды адамдарға жүктеледі. Іс қозғау жұмыстары заңда көрсетілген тәртіппен реттеледі, ягни процессуалдық нысанда өтеді. Қылмыстық іс қозғау кезеңі нақтылы бір шешім қабылдаумен аяқталады. Қылмыстық іс қозғау қылмыстьіқ іс жүргізудің бастапқы сатысы. Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокурор қылмыс белгілері бар іс әрекет туралы мәлімдемелер бойынша іс жүргізуді бастауға фактілік және құқықтық негіздерді анықтап, тиісті шешім қабылдайды. Қылмыстық іс жүргізуге арналған әдебиеттерде іс қозгау көпшілік таныған қылмыстық іс жүргізудің тәуелсіз сатысы деп саналады, яғни іс қозғау іс жүргізудің бөлек, тәуелсіз сатысы деп айтылған. Шындығына келгенде, іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысы екендігіне дау жоқ. Бірақ 30-шы жылдары бұл туралы басқа да пікірлср айтылды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қылмысты алдын ала тергеу сатысы (алдын ала тергеу және анықтау) – бұл сотқа дейiнгi өндiрiс, оның ұйымдастырылуы барысында дәлелдемелер жиналып, жасалған қылмыстың мән-жайлары, келтiрiлген зиянның сипаты мен мөлшерi, әрекеттiң қылмыстық-құқықтық жiктелуi туралы тергеу болжамдары құрастырылады. Қолданыстағы қылмыстық iс жүргiзу заңнамасы алдын ала тергеу жұмысы аяқталуының әр түрлi нысандарын қарастырады. ҚР ҚIЖК-нiң 195 бабына сәйкес, алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық iстi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн сотқа жiберу туралы қаулы, не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады. Сонымен, заң шығарушы қылмыстық iстi қысқартуды алдын ала тергеудiң аяқталу нысаны деп есептейдi екен. 
Қылмыстық іс жүргізу мәселелеріне арналған әдебиеттерде, монографияларда, ғылыми мақалаларда қылмыстық іс қозғау ұғымына түрліше түсінік беріліп жүр. Сондықтан да қылмыстық іс қозғауды көп қырлы ұғым деп санаймыз. Ең алдымен қылмыстық іс қозғауды процессуалдық институт деп атаймыз, яғни қылмыстық іс қозғау сатысында туындайтын мәселелерді реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Екіншіден, қылмыстық іс козғау деп — іс қозғау туралы жазылған процессуалдық актіні айтамыз. Осы іс қозгау туралы процессуалдық акті жазылғаннан кейін, ягни іс қозгау туралы қаулы шыққаннан кейін, тергеу әрекеттері жүргізіле бастайды. Үшіншіден, қылмыстық іс қозғау деп — қылмыстық іс жургізудің жеке (бөлек) тәуелсіз сатысын айтамыз. Қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ең қажетті, міндетті бөлігі болып табылады. 
Қандайда болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды. Біз қылмыстық іс козғау сатысы жеке, бөлек, тәуелсіз саты дедік, соған орай қылмыстық іс жүргізудің басқа да сатылар сияқты іс қозғау сатысының өзіне тән белгілері, ерекшеліктері болады. Осы белгілері мен ерекшеліктері арқылы қылмыстық іс қозғау сатысын басқа сатылардан айыра білеміз. Мысалы, бұл сатының өзіне тән міндеттері болады. Қылмыс бойынша іс қозғау міндеттері арнаулы лауазымды адамдарға жүктеледі. Іс қозғау жұмыстары заңда көрсетілген тәртіппен реттеледі, ягни процессуалдық нысанда өтеді. Қылмыстық іс қозғау кезеңі нақтылы бір шешім қабылдаумен аяқталады. Қылмыстық іс қозғау қылмыстьіқ іс жүргізудің бастапқы сатысы. Бұл сатыда анықтау органдары, тергеуші және прокурор қылмыс белгілері бар іс әрекет туралы мәлімдемелер бойынша іс жүргізуді бастауға фактілік және құқықтық негіздерді анықтап, тиісті шешім қабылдайды. Қылмыстық іс жүргізуге арналған әдебиеттерде іс қозгау көпшілік таныған қылмыстық іс жүргізудің тәуелсіз сатысы деп саналады, яғни іс қозғау іс жүргізудің бөлек, тәуелсіз сатысы деп айтылған. Шындығына келгенде, іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің бірінші сатысы екендігіне дау жоқ. Бірақ 30-шы жылдары бұл туралы басқа да пікірлср айтылды. Мысалы, қылмыстық іс қозғау іс жүргізудің өз алдына болек сатысы емес, алдын ала тергеу сатысының басы, бастамасы деп айтылды. Мұндай жағдайда іс қозғалмай түрып тергеу әрекеттері жүргізілмесін деген заң талабы бұзылады, бұл заңсыздыққа әкеп соғады. Сонымен қатар мұндай жағдайда алдын ала тергеу мерзімі қылмыс туралы арыз алғаннан кейін басталады, ал заң бойынша алдын ала тергеу мерзімі іс қозгау туралы қаулы қабылданғаннан кейін басталуы керек.
Курстық жұмыстың өзектілігі: қылмыстық іс қозғау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ең қажетті, міндетті бөлігі болып табылады. Қандайда болмасын қылмыстық іс осы сатыға соқпай өте алмайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: қылмыстық процесс сатыларының маңызы мен мінездемелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың нысаны: қылмыстық процесс сатылары
Курстық жұмыстың міндеттері:
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесін қарастыру; 
Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары, олардың ұғымы мен мазмұнын анықтау;
Тергеу және алдын ала тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң жалпы ережелерiн қарастыру;
Алдын ала тергеу сатысында қылмыстық істерді қысқартуды зерттеу

АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ САТЫСЫ.
 
1.  Алдын ала тергеу сатысының ұғымы, маңызы және міндеттері. Алдын ала тергеу сатысының жүйелері, кезеңдері.
2.  Алдын ала тергеудің түрлері (формалары).
3.  Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша қызметі.
4.  Алдын ала тергеу жүргізудің  жалпы шарттары : ұғымы, түсінігі, жүйесі және маңызы.
4. 1.  Алдын ала тергеу жүргізудің басталуы, тергеу жүргізілетін жер, тергеудің міндеттілігі.
4. 2.  Тергеуге жататындық (подследственность): ұғымы және тергеуге жататындықты анықтайтын белгілер.
4. 3.  Анықтау мен алдын ала тергеу мерзімдері.
4. 4.  Алдын ала тергеуді тергеушілер тобының жүргізуі.
4. 5.  Анықтау мен алдын ала тергеу барысындағы прокурордың өкілеттілігі.
4. 6.  Алдын ала тергеу сатысындағы сот бақылауы.
4. 7.   Алдын ала тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу.
4. 8.  Тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының іс-әрекеті мен шешіміне шағымдар. Шағымдарды берудің және оларды қарау мерзімдері.
Қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі әрекеттер.
 Қылмыстық істі қозғағаннан кейін алдын ала тергеу жүргізіледі.  Басқаша айтқанда, қылмыстық іс қозғау сатысынан кейін алдын ала тергеу сатысы басталады. Бұл кылмыстық сот өндірісінің негізгі құрамдас бөлігі, оның нақты міндеттері қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндеттерінен туындайды. ҚР ҚІЖК 8-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізудің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады.   Сөйтіп, қылмыстық істі сотқа тапсырудың алғы шарттары жасалады.
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғайды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда — оны дереу толық ақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуга, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
     Мііне, осы ҚІЖК 8-бабында айтылған қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндеттері, тергеуші мен анықтау органының өкілеттілігін анықтайтын баптарда, алдын ала тергеу сатысының мақсатына байланысты, нақты анықталады. Мысалы, ҚІЖК 64-бабына сәйкес тергеуші істің жағдайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге барлық шараларды қолдануға, қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдер жиналса азаматты айыпталушы ретіндежауапқа тартып, айып тағып, ҚІЖК-не сәйкес бұлтартпау шараларын қолданып, айыптау қорытындысын жасап, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыруға міндетті.
  Анықтау  органдары  заңмен  белгі ленген   құзыретіне   сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолданады ( 65-бап; 1-бөл. 1-тар).
Қылмыстық істі толық, жан-жақты, шындыққа сай жүргізудің қоғамдық-саяси маңызы зор, өйткені сондай жағдайда ғана еліміздің азаматтарын мемлекет тарапынан олардың конституциялыққұқыктары мен бостандықтарына қол сұғудан сақтауға болады. Алдын ала тергеу қылмыстық істің дұрыс шешілуін қамтамасыз етеді және әрбір қылмыс жасаған адам жауапкершіліктен құтылуға тиіс емес деген ұғым іс жүзінде жүзеге асады. Қылмыстық іс жүргізудің басқа сатылары сияқты, алдын ала тергеу сатысында  демократиялық принциптер орын алады. Бұл принциптер азаматтарды заңсыз,  орынсыз,  негізсіз жауапқа тартуға  үзілді-кесілді тыйым салады, азаматтардың құқықтары бостандықтары мен міндеттері бұзылмайтынын баяндайды, іс бойынша азаматтардың тілектерінің (мүдделері) орындалуын қамтамасыз етеді.
Кейінгі жылдары  республикамызда жасалған  қылмыстардың  саны бірде азайып, бірде өсіп отырғаны байқалады. Оған мына сандар  айғақ:   республика  бойынш а  өндіріске  түсксн   қылмыстық іс тер саны 1998 жылы І43268, 1999 жылы - 130824, 2000 жылы -127715, соның ішінде сотқа жіберілген істердің саны 1998 жылы - 49124, 1999 жылы - 42156, 2000 жылы 69031 болған, ал Карағанды облысы бойынша есепке алынған қылмыстар саны 1999 жылы17678 (ашылғаны — 65,3 пайыз), 1999 жылы — 14949 (ашылғаны — 72,0 пайыз), 2000 жылы — 17553, сотқа жіберілгені — 11436, 2001 жылы 16931, сотқа жіберілгені 10602 болған[1].
 Қылмыстың өсуі экономикалық және әлеуметтік жағдайларға  байланысты екені айтпаса да түсінікті. Сонымен бірге, полиция қызметкерлерін, соның ішінде тергеушілерді техникалық жағынан жарақтандырудың тым артта қалушылыгы көп қолбайлау болып отыр. Біздің қазіргі тергеушілеріміз бен жедел іздеушілеріміздің бесаспап қаруы — тапанша мен қалам ғана, оның өзі де бірде бар да бірде жоқ. Ал қазіргі қылмыскерлер болса небір құйтырқы техника мен жарақтарды пайдаланады.      Біздің полиция қызметкерлеріміз бен АКШ-тың полицияларының қоғамдық тәртіп сақтау, қылмыспен күрес жолында қолданатын құрал-жабдықтарын салыстыратын болсақ, айырмашылығы жер мен көктей. Америкада полиция қызметкерлері көп қатпарлы резеңке тоқпақтарынан басқа 38 немесе 45 калибрлі, тиген жерінқопарып кететін оқпен оқталатын тапаншалармен қаруланады.  Жәй қарапайым оқ тиген адам, жарасы ауыр болса да, бірнеше секунд тірі жатып, қарсы оқ атуға мүмкіндігі болады.
Ал ірі калибрлі қарудың оғы тиген жеріне диаметрі 10 сантиметрге дейін жара салады. Мұндай жара адам өлмегеннің өзінде де, оны қимылдатпай тастайды. Сонымен бірге американдық полицейлер жүйкеге қас қағым сәтте әсер етіп, естен тандыратын газ шашатын баллоншалармен қаруланады. Мұндай газдар адамды 10-20 минут естен тандырып, қарсылық жасауға мүмкіндік бермейді. Полиция қызметкерлері кеуделеріне оқ өтпейтін оққағар (бронжилет)  киіп жүреді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық істерді іздестіру басқармасының мәліметіне қарағанда республикада әрбір 7 минутта ұрлық жасалып, әрбір 45 минутта тонау, әрбір 2 сағатта денеге  ауыр жарақат салу, әрбір 4 сағатта кісі өлтіру немесе қарулы шабуыл жасау және әрбір 6 сағатта жыныстық зорлау болады екен[2] .
Нарық  қыспағы күшейіп, қымбатшылық құрығы ұзарған сайын қылмыстың бұрын адам біліп-көрмеген түрлері пайда бола түсуде. Ал олардың тамырына дер кезінде балта шауып, бәрін түбірінен  құртып жібермесе де азайтып отырмаса,  қылмыстардың бірінің үстіне бірі жамалып өсе түсетіні сөзсіз. Уақытында әшкереленбей, ашылмай, тергелмей қалған қылмыстың кейіннен қиындық  тудырары  айтпаса да түсінікті.   Әрбір қылмыс уақытында ашылуы тиіс, ол үшін тергеуші қолдан келген барлық амалды қолдануы керек. Айыпкер анықталып, тиісті жазаға тартылуы керек. Жаза мақсаты — жасалған қылмыс үшін қылмыскердің сазайын  тарттыру ғана емес,  сотталған адамдарды түзеу, еңбекке адалдықпен қарау, заңдарды дәлме-дәл орындау, қоғамдық тәртіпті бұзбай, құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ сотталғандардыда, басқаларды да қылмыс жасаудан алдын ала аластату.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс жүргізудің екінші кезеңі, екінші  сатысы,  қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттеледі, заңда  көрсетілген тәртіппен  жүргізіледі,   қылмысты   ашып,  айыпкерді  жауапқа  тартуды көздейді, қылмыстың жасалуына ықпал ететін себеп пен  жағдайды анықтайды.
Сонымен, алдын ала тергеу дегеніміз — қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген, қылмыстарды тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге және қылмыстык, жауаптылыққа тартуға, қылмыстық іс бойынша барлык, жағдайды анықтауға, соның нәтижесінде соттың  әділ шешім қабылдауына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Қылмыстық іс қозғау жайлы
Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, маңызы, мақсаты
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен лекциялар
Қылмыстық іс қозғау
Қылмыстық істі қозғау сатысының құқықтық табиғаты
Қылмыстық іс қозғау – алдын ала тергеудің дербес сатысы ретінде
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
Қылмыстық істі қозғау
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Пәндер