Этнолингвистиканың теориялық негіздері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

І Этнолингвистиканың теориялық негіздері

1. Этнолингвистика - ғылым саласы

1. 1. Этнолингвистика, оның зерттеу объектісі.

Этнолингвистиканы пән ретінде оқыту - бүгінгі заман талабына сай қажеттіліктен туындап отырған мәселелердің бірі. Осыған орай, макролингвистиканың бір саласы болып табылатын, тіл мен халық арасындағы қатынасты лингвистикалық және этникалық факторлардың өзара әсер-ықпалдарын тілдің атқаратын қызметі мен дамуы аясында зерттейтін этнолингвистика (О. С. Ахманова) курс болып жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына енгізіліп отыр.

Этнолингвистика - этностың (халық, ұлт) инсандық болмысынан туған, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тілі арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, корланып, рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дістүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы (Ә. Т. Қайдар) саласы. Осындай ерекшеліктеріне қарай оны «этностық тілтаным» десе де болады.

Этнолингвистиканың зерттеу объектісі - барлық жағдайда да этнос тілі. Алайда ғылым- білім саласында тілге тікелей қатысты, оны әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған, ғылым, білім, мәдениет т. б. салалар болып табылады» . (Ә. Т. Қайдар Этнолингвистика // Білім және еңбек, 1985, №10, 18-22 бб.

Этнос - өткен дәуірлерде дүниеге келген белгілі бір географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай, мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ, өзінің ортақ тегін, туыстығын, тұтастығын сезіне білетін, сатылап даму барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы болып табылады.

Мұндай этностар жер жүзінде өте көп және олар сан жағынан да, даму сатысы бойынша да әртүрлі: көбісі халық, ұлт дәрежесіне көтерілсе, ру-тайпа деңгейінде қалып қойғандары да аз емес.

Этнос болмысы - этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы реальды шындық. Басқаша айтқанда, этнос болмысы дегеніміз -этностың сонау балаң кезінен бүгінгі есейген шағына дейінгі өмір-тіршілігінің айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани мәдени қазынасы.

Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі ұрпаққа археологиялық қазбалар мен сәулет кесенелері, тас мүсіндер мен қашалып жазылған тас ескерткіштер арқылы да жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі - этнос басып өткен өмірдің елесі ғана. Этностың шынайы бейнесі, болмысы тілі арқылы ұрпақ жадында сақталады. Этнос тілінде тек оның өзі туралы ғана емес, өзі жасап келе жатқан табиғи ортасы мен қоғамдағы қарым-қатынастары жан дүниесі, жүрек сыры, қуануы мен сүйінуі, ренжуі мен күлуі, түс көруі, ұққаны мен түйгені, танымы мен талғамы айналадағы құбылысты өзінше бағалап-бағамдауы өз тілінде өрнегін тауып, өзін-өзі көрсететін айна іспеттес . (Ә. Т. Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері)

Этнолингвистика өзінің бітім- болмысы, табиғаты жөнінен тарихи категория. Себебі ол этностың қазіргі күйін емес, өткен дәуірін өзінің зерттеу объектісі етіп алады. Ал, этностың өткен жолы тілдің этномәдени қоры немесе этнолингвистикасында анық білініп тұрады. Этнолингвистикалық лексикаға барлық материалдық және рухани аталымдар жатады.

Осы орайда қазақтың өткен ғасырлардағы этнолингвистикалық қазынасын зерттеуде, тілдік сипатын танып түстеуде сол дәуірлерде өмір сүрген шығармашылық өкілдерінің шығармалары баға жетпес рөл атқарады. Олардың қалдырған әдеби мұралары, өткені мен бүгінін жалғастырып тұрған «алтын көпір» сияқты, өйткені ғылымы мен мәдениеті кештеу дамып, қалыптасқан елдерде ондай әдебиет үлгілері белгілі бір кезеңдегі халықтың тыныс-тіршілігінен, әдеби тілдің деңгейінен, материалдық және рухани өмірінен мол хабар, дерек беретін бірден-бір ғылыми көз болып табылады.

Этнолингвистикалық құбылыстар өткен ғасырларда ғұмыр кешкен ақын-жазушылардың шығармаларының барлығында да кездесіп отырады. Өйткені халық өмірін, халық тарихын, оның сан алуан тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын жырламайтын, өз шығармашылығына арқау етпейтін ақын не жазушы болмайды. Этнолингвистикалық көріністердің кейбір ақындардың шығармаларында көп, енді біреулерінде аз болуы, олардың таңдаған тақырыбына, талант-қуатына, шама-шарқына қатысты мәселе.

Этнолинвистика ғылымының негізгі міндеті - тіл байлығы негізінде халықтың рухани, мәдени өмірінің тарихын, салт - дәстүрі мен ұлттық дүниетанымын жан - жақты ашып көрсетіп, оны халыққа түсіндіру болмақ.

1. 2. Этнолингвистика жөнінде ғалымдардың пікірі.

Тіл байлығын жалпы этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу тіл ғылымында ертеден -ақ қалыптасқан, яғни ХVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында жасалған И. Г. Гердер, В. Гумбольдт, М. Брэал, Ж. Гримм еңбектерінен этнолингвистиканың зерттеу әдістері мен нәтижелерін көруге болады.

Этнолингвистиканың өз алдына жеке сала ретінде қарастырылып, қалыптаса бастауы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарынан кейінгі кезең болып табылады. Англиялық Л. Р. Палмер, швециялық Ф. де Соссюр, польшалық В. Маленовский, американдық Ф. Боас, Б. Уорф т. б. ғалымдардың зерттеулерінің, яғни ғылымға қосқан үлесінің нәтижесінде этнолингвистика дербес ғылым саласына айналды.

Этнолингвистикалық көзқарас ХІХ ғасырдың екінші жартысында В. Гумбольдт, А. А. Потебня сияқты ғалымдардың зерттеулерінде қалыптаса бастаған. Содан бері бұл ғылым саласы өзінің зерттеу объектісін, бағыт-бағдарын айқындап, тәсілін ұстартып, ізденіспен келеді.

Алғашында Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, Қ. Жұбанов еңбектерінен бастау алып, ХХ ғ. соңғы ширегінде ғалымдар Ә. Т. Қайдар, . Кеңесбаев, Р. Сыздықова, М. Копыленко, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов зерттеулерінде іргетасы қаланған қазақ этнолингвистикасы Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, С. Сәтенова, Г. Смағұлова, А. Жылқыбаева, Б. Уызбаева, Қ. Аронов, М. Ержанұлы, Қ. Ғабитханұлы, Б. Ақбердиева, А. Сейілхан т. б. орта және жас буын ғалымдардың зерттеу жұмыстарында өзінің бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін жан-жақты айқындап, зерттеу нысандарын саралап, әдіс-тәсілдерін жетілдіре түсті.

Қазақ этнолингвистикасының көш бастаушысы академик Ә. Т. Қайдардың осы мәселеге байланысты айтар ойы мен тұжырымдары мол: «Этнолингвистиканың зерттеу объектісін этностың тілі десек, ондағы мақсаты- сол тілі арқылы этностың болмысын танып- білу болады. Бұл баршаға түсінікті болғанымен, нақты айтқанда ол туралы әртүрлі көзқарастың барлығы байқалады. Өйткені қай ғылым саласы болмасын өзінің қалыптасу дәуірінде өз концепциясы мен принциптерін, зерттеудің тәсілдері мен әдістерін анықтап алуға тырысады.

Қазақ тіл білімінде 70-жылдардан бастап Ә. Т. Қайдардың басшылығымен этнолингвистиканы зерттеу ісі қолға алынды.

Академик Ә. Т. Қайдар бұл ғылым саласы туралы ең алғашқы ұйымдастырылған ғылыми конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген болатын: «Этнолингвистика дегеніміз не? Қазақ тіл білімінде ғылымның бұл саласы бұрын- соңды арнайы сөз болған емес. Сондықтан да бұл біздер үшін әрі жаңа, әрі тың мәселе болып саналады. Ана тіліміздің ұшан - теңіз байлығын, ғасырлар бойы толассыз толығып, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, мұра болып келе жатқан асыл қазынасын мүмкіндігінше толық меңгеріп, ел игілігіне айналдыруды мақсат ететін ғылым салаларының бірі - осы этнолингвистика болмақ», -дей келе, өз ойын әрі қарай сабақтаған ғалым: «Сонда, этнолингвистиканың мақсаты не, зерттеу объектісіндегі ортақтық неге байланысты? Ғылым дүниесі қандай қажеттіктен этнография мен лингвистиканың ортасынан жаңа ғылым саласын тудырып, оған «этнолингвистика» деп ат қойып, айдар тағып отыр? Этнолингвистика терминіне тілшілердің беріп отырған анықтамасы мынау: «Этнолингвистика - это «раздел макролингвистики, изучающий отношения между языком и народом и взаимодействие лингвистических и этнических факторов в функционировании и развитии языка. ( О. С. Ахманова. Словарь лингвистических терминов. М., 1966, 529-б. ) . Этнографтардың бұл жайындағы түсінігі де біржақты сияқты. Олар бұл терминге байланысты зерттеу объектісін негізінен этнос деп қарайды да, тілді екінші орынға қояды», - деп, осы ғылым саласының атқаратын қызметі мен зерттеу объектісіндегі өзіне тән бірнеше ерекшеліктерін қазақ тіл білімінде алғашқылардың бірі ретінде санамалап, дәлелдеп атап айтқан болатын. Кейіннен ғалымның бұл пікірі баспасөз бетінде жарияланды. ( Ә. Т. Қайдар Этнолингвистика // Білім және еңбек, 1985, №10, 18-22 бб. )

Қазірге дейін біршама жұмыстар қарастырылып, өзіндік нәтижесін берді. Атап айтсақ, академик Ә. Т. Қайдардың жазған «Қазақтар: Ана тілі әлемінде» атты 4 томдық этнолингвистикалық сөздігі өз алдына арнайы зерттеуді қажет ететін көлемді дүние . ( Ә. Т. Қайдар Этнолингвистика // Білім және еңбек, 1985, №10, 18-22 бб. )

Сонымен бірге ғалымның жетекшілігімен түрлі (зергерлік өнер, киім-кешек, тамақ-тағам, халықтық астрономия, халықтық өлшемдер, бағыт-бағдарды анықтау (ориентация) халықтық антропонимия, ономастика, эпос тілі, киелі де, қасиетті (сокральды) жағрафиялық объектілер, соматизмдер, зоофразеологизмдер, т. б көптеген тақырыпқа) этнолингвистикалық зерттеу жүргізіп, қорғалған диссертациялар да этнолингвистика ғылымына қосылған сүбелі үлес болмақ. Олардың қатарына ғалымдар Ә. Ахметов, Е. Жанпейісов, Р. Н. Шойбеков, Ж. А. Манкеева, Р. Б. Иманалиева, А. Ж. Мұқатаева, С. К. Сәтенова, А. Ш. Жылқыбаева, Қ. Аронов, Б. Уызбаева, М. Ержанов, М. Мұсабаева, Қ. Ғабитхан, т. б. көптеген, 80-нен аса ғалымдарды жатқызуға болады. .

Этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарастырып келе жатқан ғалымдардың барлығы оның этнос пен этнос тілі негізінде қалыптасқандығын мойындаса да, кейде (Ф. де Соссюр) этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихының өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өз ойын «халықтың салт-дәстүрі оның тілінде көрінсе, тіл керісінше, сол халықтың өзін қалыптастырады» деген ой айтқан

Орыс ғалымдары Н. И. Толстой, В. Н. Топоров, В. В. Иванов, А. ФЖуравлев т. б : «Этнолингвистика-көне дүниені зерттеуші ғылым, оларды байырғы халық тілінен, жергілікті тіл терекшеліктерінен іздеу керек»-деді . . .

Этнолингвистиканың түп тамырына тереңірек үңілсе, этнография мен лингвистиканың жай қосындысы емес, бір шаңырақ астында әрқайсысы өз бетінше тон пішіп, өзінің жырын жырлайтын шартты түрде ғана қосарласқан дүниеде емес, бір-біріне етене жақын, бірінсіз-бірін толық түсінуге болмайтын объект, ол объект - этнос және оның тілі, өйткені тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүруі мүмкін емес: «Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру-оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүниетанымы мен мәдени рухани байлығын, ана тілінде сақталған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу, оларды ел игілігіне асыру болып табылады. Өйткені кез-келген этностың тілінде оның басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр. Олар бүгінгі ұрпаққа тас мүсіндер мен жартастарға қашалған жазулар арқылы, ескі архитектуралық ескерткіштер мен ғимараттар арқылы жетуі мүмкін. Сондықтан этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы, оның тек тілінде ғана сақталады», - дей келіп, академик Ә. Т. Қайдар: «Бұл ғылым саласының бір кереметтігі де, бүгінгі таңдағы ғылыми- практикалық маңызы да - оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз - бірін толық түсінуге болмайтын, объект екендігінде. Ол объект- этнос және оның тілі. Өйткені тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүруі мүмкін емес», - деп мәселенің басын ашып айтқан еді

Ә. Т. Қайдардың идеясын жалғастырушы өзінің шәкірті, осы ғылым саласын көптен бері зерттеп жүрген ғалымдардың алғашқыларының бірі профессор Е. Жанпейісов 1994 жылы жарық көрген «Этнолингвистика» атты мақаласында бұл жаңа саланың табиғатын кеңірек аша түсті:: «Этнолингвистиканың қазір халқымыздың жалпы рухани өмірін, талай ғасырғы тағылым жүйесін, ата салтын, асыл да ежелгі елдік қасиетін қайта түлетуде ерекше мән-маңыз алып отырғанын жете сезіну үшін оның өзіндік негізгі ерекшеліктері, мазмұндық сипаты жөнінен жан-жақты қанық хабардар болу керек» - деген пікірді ұсынды. Осы тақырыпқа қатысты көптеген тың, әрі жаңа мәселелерге байланысты Е. Жанпейісов: «Этнолингвистиканың психолингвистика мен социолингвистика сияқты тіл біліміндегі жаңа бір бағыт, ол диалектология, фольлористика, этнология, культурология, мифология сияқты ғылым салаларымен байланысты, соған байланысты этнолингвистикалық атластар жасалуы қажет» - деп мысалдар келтіре отырып, өз ойын дәлелдеп көрсетеді. ( Е. Жанпейісов Этнолингвистика // Ана тілі, 1994, 7-бет) .

Этнос - белгілі бір тарихи дәуірде және өлкеде қалыптасып, өзінің өзгеден ерекшелігін тани білген, тілінің, дінінің, табиғатының, психологиясының тұтастығын мойындаған, басқа да өзіндік қасиеттерін сезіне білген қауым. Этнос белгілі бір қоғамдық формацияда ру, ру-тайпа бірлестігі болып саналса, феодализм дәуірінде- ұлыс не халық, капитализм дәуірінде ұлт ретінде дамуы мүмкін. Бұл бәрімізге белгілі қағида.

Ғалым М. М. Копыленконың пайымдауынша, «этнолингвистика» термині ғылым әлемінде ең алғаш рет шетел ғалымы Б. А. Уорфтың идеясы негізінде этнография мен социология ғылымдарының аралығынан туындаған болып танылады.

Ғалымның «Этнолингвистика негіздері» атты еңбегінде фоносемантика, ономастика, тарихи этнолингвистика, этногенез проблемалары, тарихи және тарихи-мәдени проблематика, аңыздар және дәстүршілдік, ежелгі жазу, фольклор, ежелгі әдебиет, сөздіктер мен атластар, аралас пәндер-паралингвистика, аударматану, социолингвистика, психолингвистика, этномәдениеттану т. б. этнолингвистикалық мәселелерге қатысты (Ә. Т. Қайдар, Мельников, Е. А. Керімбаев, Т. Жанұзақов, О. Т. Молчанова, В. А. Серебрянников, Б. Е. Көмеков, Н. А. Баскаков, Е. К. Қойшыбаев, І. Кеңесбаев, Н. И. Толстой. Р. Ғ. Сыздықова, Р. С. Амиров, Г. С. Боранбаев,

К. К. Юдахин, А. Н. Нұрманов пен Н. Н. Сейітхановтың, Г. Е. Корнилов, К. Ш. Хусайынов т. б. ) көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерін салыстырмалы түрде қарастырып, олардың барлығының да этнолингвистика ғылымының дамуына қосқан үлесіне, жетістігіне тоқталған. (6) . (М. М. Копыленко «Основы этнолингвистики» М., )

1. 1. 1. Тіл және адам

Тіл иесі халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір-салтының, оның рухани әлемі мен материалдық мәдениетінің, тұрмысы мен салт-дәстүрінің, әдет-ғұрып, жөн-жосынының, діни мифтік түсініктері мен наным-сенімдерінің бастауы, қозғаушы күші - Адам. Өйткені мұның барлығы адамның өмір сүру амал-тәсілдерінің саналы іс-әрекетінің жемісі, адамның өзі ойлап тапқан және үнемі дамытып, жетілдіріп отырған өмірлік ұстанымдары, қағидалары. Сондықтан да адамды, оның қадір-қасиетін, түр-тұлғасын, кейіп-кескінін, ақыл-мінезін, көңіл-күйін, іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, әлеуметтік жағдайын т. б. суреттеп, сипаттап, бейнелеп атайтын тілдің үлес-салмағының жоғары болатыны белгілі.

Кейінгі кезде қалыптаса бастаған тағы бір көзқараста «этносты» «Адам» деген ұғыммен алмастыру арқылы этнолингвистиканың баламасы ретінде антропология («адам туралы ғылым») терминін қолдану үрдісі де кең қолданылып келеді. .

Қазақ жұртының адамды және оның өзіндік ерекшеліктерін, қасиеттерін, іс-әрекеттерін сипаттайтын бейнелі фразеологизмдеріндегі бірдей образдық модельдердің көбі мал шаруашылығына қатысты болып келетіндігі байқалады. Өйткені халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған көшпелі өмір салты, сол негізде туындаған рухани және заттық мәдениеті, дүниетанымдық көкжиектері т. т. олардың тұрмыс-тіршілігінің көзі болған мал шаруашылығымен астасып дамығандығы белгілі. Мәселен, «бет-әлпетіне жарасымсыз етіп шоқшитып сақал қойған сүйкімсіз кісіні» қазақтар «теке сақал»деп, жаратпай атайтын болса, «қойдан қоңыр» деп, қақ-соқпен ісі жоқ «момын» адам мінезін қой образы арқылы береді.

1. 1. 2. Тіл және этнос

«Тіл білімі өзі қаншалықты көне болса, тіл мен этностың ара - қатынас мәселесі де соншалықты әріден келе жатқан, ежелден бар құбылыс. Тіл- этностың ең тұрақты, ең бір басы ашық негізгі көрсеткіші. Ал тұрақтылығы бұған қарағанда осалдау, өзгеруге бейім территориялық бірлік, экономикалық- шаруашылық және мәдениет тұтастығы, т. б. этностың қосалқы белгілеріне жатады. Демек, тіл тағдыры мен этнос тағдыры бір- бірімен тығыз байланысты.

Тіл және этнос арасындағы осы тығыз байланыс лингвистерге, этнографтарға, тарихшыларға жақсы мәлім, бірақ түркологияда күні бүгінге дейін тіл тарихы мен тіл иесі халықтың этникалық тарихын ұштастыра отырып зерттеген бірде-бір арнайы еңбек жоқ. Тіл біліміндегі бұл олқылықты белгілі дәрежеде этнолингвистика ғана толтыра алады. Өйткені ол тілдің дамуы мен оны иеленуші халықтың этникалық дамуын, сондай- ақ тіл мен этностың әрқайсысының тек өзіне ғана тән дара және өзара ұқсас белгілерінің дамуын, тілдің түрлі диалектілерге бөлінуі мен этностың жағырафиялық бөлінуін бір мезгілде, қатар тексеруді талап етеді. Бұл проблемаларды шешуге этнолингвистикалық география көбірек қатыса алады. Ол үшін алдымен этнолингвистикалық атластар жасалуы тиіс (Е. Жанпейісов) . Ал мұндай атластарда лингвистикалық және этнографиялық карталар қатар беріліп отырылуы керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Этнолингвистика қандай пән?

2. Оның зерттеу объектісі?

3. Этнолинвистика мәселелеріне арнайы тоқталған қандай ғалымдар еді?

2. Этнолингвистиканың қоғамдық- әлеуметтік пәндермен байланысы

2. 1. Тіл және мәдениеттану

Тіл және мәдениеттану - көп аспектілі өзекті мәселе болғандықтан оны тек тілшілер ғана емес, тарихшылар, философтар, психологтар, этнографтар, әдебиеттанушылар да қарастырады. Лингвистика бұл мәселенің бірқатар қызықты, әрі оны түрлі деңгейде дәйектеуге тырысқан шешімдерін алға тартады. Ұсынылған шешімдер әрқилы және өзіндік сипаты бар:

1. Тіл және мәдениет арасындағы себеп-салдарлық тәуелділік жоққа шығарылады. (Э. Сепир)

2. Тіл және мәдениет арасында, тіл тарихы және мәдениет тарихы арасындағы себеп-салдарлық байланыс сөзсіз мойындалады (К. Фосслер, В. Шмидт, Э. Сепир, Б. Уорф) .

Аталмыш тұжырымдар сенімді емес, себебі олар мәселені шешудің балама жолдарын ұсынады. Қазіргі тілдік типология тіл және мәдениет мәселесін қарастыра отырып, бір жақты детерминизм ізінен тіл және мәдениет «не бірінші және не екінші» деп шешуден бас тартуда. Өйткені тіл және мәдениет өзара байланысты. Қазіргі ғалымдар көп жағдайда тіл және мәдениет құрылымдары арасындағы өзге сәйкестіктерді табуға, оны диахрониялық тұрғыда зерттеуге көңіл бөлуде.

«Тіл және мәдениеттің өзара байланысы әржақты және барынша берік. Тілді мәдениет құралы ретінде және мәдениет құбылыстарының жалпы бәріне ортақ жеке белгілері арқылы да зерттеуге болады. Екінші жағынан, тіл мен мәдениет құрылымы жөнінен изоморфты болып келген, бір- біріне тәуелсіз, автономды жүйелер ретінде қарастырылуы мүмкін. Этнолингвистика тіл мен мәдениеттегі қостілділікті немесе көптілділікті, қостілділіктегі біртектілік пен әртектілікті, сондай-ақ норма, стиль, тілдік және мәдени субстрат, территориялық, әлеуметтік диалект сияқты мәселелерді ашып көрсете алады. Территориялық мәдени диалект ұғымы, әсіресе, диахрондық зерттеулер үшін маңызды: қай халықтың болсын көне рухани мәдениеті мен лексикалық тіл қорының ең ежелгі байырғы қалпын реконструкциялауда шешуші рөл атқарады. Бірақ ол этнографияда, культурологияда әлі пайдаланылмай келеді» - дейді ғалым Е. Жанпейісов. (Ана тілі 1994)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнолингвистикасының қалыптасуы
Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканы зерттеудің ғылыми негіздері мен басты қағидалары
Энтнолингвистика және этимологияның өзара байланысы
Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат - мүдделері
Этнолингвистика
Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Лингвомәдениеттанудың теориялық негіздері
Тілдің үштұғырлығы тіл саясаты
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдердегі адам мінезқұлқының этнолингвистикалық сипаты
Қазақ ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz