Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық тиімділігі (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША
ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сапалы тамақ өнімдерін өндіру – нарықтық шаруашылықтың кезек күттірмейтін элементі болып табылады. Ол шаруашылық салалары мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін, тамақ өнімдерін тұтыну сұранысын қамтамасыз етеді.
Сапалы өнімдерді өндіру Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мүмкіндіктерін айқындайтын және әлемдік нарықтағы бәсекелік қабілетін арттыратын маңызды факторлардың бірі. Қазіргі кезде елімізде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде, бұл орайда отандық өнімдердің сапасын арттыру алдыңғы кезектегі мәселеге айналды.
Қазақстан Республикасының 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасында жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану арқылы – өмір сүру сапасының деңгейін арттыруға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесінде экономикалық жетістіктерге, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалануға, сондай-ақ ұлтты сауықтыру үшін тамақ өнімдерін қатаң бақылауға, халықтың жан басына шаққандағы табиғи шырындар мен сүт өнімдерін ұлғайтуға, ішкі нарықтағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілеттілігін арттыратын экологиялық таза технологияны қолдану нәтижесінде алынатын экологиялық таза өнімдер арқылы халықтың орташа өмір сүру деңгейінің өсуіне, генетикалық ауытқулардың азаюына, иммунитеттің нығаюына, кәсіпорындардың қосымша пайда табуына, денсаулықты қалпына келтіру шығындарын азайтуға, соның нәтижесінде еңбекке қабілеттілікті арттыруға қол жеткізе аламыз.
Соңғы он жылдықта шет мемлекеттерде қазіргі жаңа технология бойынша минералды тыңайтқыштар қолданылмаған қоспасыз, табиғи шикізаттан алынатын, экологиялық таза аймақтарда өсірілетін экологиялық таза тамақ өнімдерді өндіретін саланы дамытуға баса назар аударуда.
Еуропада 2005 жылы экологиялық таза өнімдердің нарықтағы үлесі бұрынғы 5-тен – 10 пайызға дейін артты. Еуропа елдерінде жыл сайынғы сауда көлемінің өсуі келесідей: Германияда – 5–15%, Данияда, Швеция және Швецарияда – 30–40%. Келтірілген мәліметтерден көрінгендей, Батыс Еуропада экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру алдыңғы орында тұр. Мұнда экологиялық таза тамақ өнімін өндіретін кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау жүйесі жүзеге асырылады, сертификатталған экологиялық таза тамақ өнімдерін өткізудің ұтымды саясаты жүргізіледі.
ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында әзірге отандық кәсіпкерлік құрылым әлсіз дамыған: себебі мұнда қаражат, өндіріс қуаты жетіспейді және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейді. Дегенмен де елімізде шет елдердегі сияқты экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлік құрылымдар бар. Бірақ мұндағы экологиялық таза тамақ өнімге қызығушылық қосымша пайда табу нысанына айналды.
1 Экологиялық таза өнім өндірісінің шетелдік тәжірибелері // «Ізденіс» Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің ғылыми журналы. – 2004. – № 4 (2). – 58–61 бб. – 0,3 б.т.
2 Экологиялық таза өнім өндірісінің экономикалық аспектілері // «Саясат» ақпараттық-аналитикалық журнал. – 2006. – № 1. – 53–55 бб. – 0,5 б.т.
3 Экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірудегі сапа мен бәсекегеқабілеттілік // ҚазЭУ Хабаршысы. – Алматы, 2006. – № 4. – 180–184 бб. – 0,5 б.т.
4 Экологиялық таза жеміс – көкөніс өңдеу кластерін құру және қаржыландыру көздерін қалыптастыру // ҚазЭУ Хабаршысы. – Алматы, 2007. – № 2. – 267–272 бб. – 0,5 б.т.
5 Совершенствование механизма управления производством экологически чистой продукции // Бозор, Пул ва кредит Илмий-амалий журн. – Ташкент, 2007. – № 4 (119). – 62–63 бб. – 0,2 б.т.
6 Экономическое регулирование производства экологически чистой сельскохозяйственной продукции // «ХХІ ғасырдың басындағы ғылымның, білімнің және қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары», М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ 60-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның Еңбектері. – Шымкент қ., 2003. – 76–78 бб. – 0,3 б.т.
7 Экологиялық таза өндіріс және экологиялық таза тамақ өнімінің теориялық дамуы // «Қазақстандық әлеуметтік-саяси, құқықтық және экономикалық қамтамасыз ету жолы», халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы / Д.А. Қонаев атындағы Университет. – 2005. – 217–219 бб. – 0,4 б.т.
8 Қазақстандағы табиғи шырындар нарығын маркетингтік зерттеу // Халықаралық ғылыми-рактикалық конференция. «Әлемдік шаруашылық жүйесін жетілдірудегі орта азиялық елдердің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын модернизациялау», 27–29 сәуір / Х.А. Иассауи атындағы ХҚТУ. – Түркістан қ., 2006. – 408–411 бб. – 0,3 б.т.
9 Экологиялық таза тамақ өнімін өндіру мен тұтыну шарттары // «Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанның тұрақты экономикасының негізі» халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары /
М.О. Әуезов атындағы ОҚМУ. – Шымкент қ., 2006. – 221–224 бб. – 0,3 б.т.
10 Экологиялық таза өнім өндіруді жүзеге асырудағы экологиялық маркетингтің рөлі // Академик К.А. Шайбековтың 80-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру: мәселелер, тәжірибе, келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы. ҚазГЗУ-дің Оңтүстік Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы құқығы институты. – Шымкент, 2006. – 332–335 бб. – 0,3 б.т.
11 Повышение качества плодоовощной продукции – требование рынка // «Қазақстан аймақтарының тұрақты даму үлгісінің қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның Еңбектері, 23–25 желтоқсан. – Шымкент, 200. – 90–93 бб. – 0,3 б.т.
12 Тамақ өнеркәсібі маркетингінің ерекшеліктері // «Қазақстан аймақтарының тұрақты даму үлгісінің қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның Еңбектері, 23–25 желтоқсан. – Шымкент, 2002. – 93–95 бб. – 0,25 б.т.
13 Жерден мол өнім алу шаралары // «Оңтүстік Қазақстан білімі мен ғылымы», Республикалық ғылыми журнал. – Шымкент, 2002. – № 27. – 0,25 б.т.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 330.356.3:663.81.504 Қолжазба құқығында

САПАРАЛИЕВА КУЛШАТ САИЛБЕККЫЗЫ

Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық
тиімділігі (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)

08.00.19 – Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экономикасы

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Диссертациялық жұмыс М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университетінде орындалды

Ғылыми жетекшісі экономика ғылымдарының докторы
Ниязбекова Р.Қ.

Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы
Абралиев О.А.

экономика ғылымдарының кандидаты
Айтжанова Д.А.

Жетекші ұйым М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік
және коммуникация академиясы

Диссертация 2008 жылдың 27 мамырында сағат 14.00 Т. Рысқұлов
атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі ғылымдар докторы дәрежесін
беру жөніндегі Д 14.45.10 диссертациялық Кеңестің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы: 050035, Алматы қ., О. Жандосов көшесі, 55-үй, 144-бөлме

Диссертациямен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің
кітапханасында танысуға болады

Автореферат 26 сәуірде 2008 ж. таратылды

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, э.ғ.д. У.А. Текенов
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Сапалы тамақ өнімдерін өндіру – нарықтық
шаруашылықтың кезек күттірмейтін элементі болып табылады. Ол шаруашылық
салалары мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономикалық
қатынастардың негізін құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері мемлекеттің азық-
түлік қауіпсіздігін, тамақ өнімдерін тұтыну сұранысын қамтамасыз етеді.
Сапалы өнімдерді өндіру Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда
Ұйымына кіру мүмкіндіктерін айқындайтын және әлемдік нарықтағы бәсекелік
қабілетін арттыратын маңызды факторлардың бірі. Қазіргі кезде елімізде
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде, бұл
орайда отандық өнімдердің сапасын арттыру алдыңғы кезектегі мәселеге
айналды.
Қазақстан Республикасының 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға
көшу тұжырымдамасында жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды
пайдалану арқылы – өмір сүру сапасының деңгейін арттыруға ерекше мән
берілген. Атап айтқанда, ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді
енгізу нәтижесінде экономикалық жетістіктерге, ресурстарды пайдалану
тиімділігін арттыруға, экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалануға,
сондай-ақ ұлтты сауықтыру үшін тамақ өнімдерін қатаң бақылауға, халықтың
жан басына шаққандағы табиғи шырындар мен сүт өнімдерін ұлғайтуға, ішкі
нарықтағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлу
қажеттілігі айтылған.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілеттілігін арттыратын
экологиялық таза технологияны қолдану нәтижесінде алынатын экологиялық таза
өнімдер арқылы халықтың орташа өмір сүру деңгейінің өсуіне, генетикалық
ауытқулардың азаюына, иммунитеттің нығаюына, кәсіпорындардың қосымша пайда
табуына, денсаулықты қалпына келтіру шығындарын азайтуға, соның нәтижесінде
еңбекке қабілеттілікті арттыруға қол жеткізе аламыз.
Соңғы он жылдықта шет мемлекеттерде қазіргі жаңа технология бойынша
минералды тыңайтқыштар қолданылмаған қоспасыз, табиғи шикізаттан алынатын,
экологиялық таза аймақтарда өсірілетін экологиялық таза тамақ өнімдерді
өндіретін саланы дамытуға баса назар аударуда.
Еуропада 2005 жылы экологиялық таза өнімдердің нарықтағы үлесі бұрынғы 5-
тен – 10 пайызға дейін артты. Еуропа елдерінде жыл сайынғы сауда көлемінің
өсуі келесідей: Германияда – 5–15%, Данияда, Швеция және Швецарияда –
30–40%. Келтірілген мәліметтерден көрінгендей, Батыс Еуропада экологиялық
таза тамақ өнімдерін өндіру алдыңғы орында тұр. Мұнда экологиялық таза
тамақ өнімін өндіретін кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау жүйесі жүзеге
асырылады, сертификатталған экологиялық таза тамақ өнімдерін өткізудің
ұтымды саясаты жүргізіледі.
ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында әзірге
отандық кәсіпкерлік құрылым әлсіз дамыған: себебі мұнда қаражат, өндіріс
қуаты жетіспейді және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейді. Дегенмен де
елімізде шет елдердегі сияқты экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірумен
айналысатын кәсіпкерлік құрылымдар бар. Бірақ мұндағы экологиялық таза
тамақ өнімге қызығушылық қосымша пайда табу нысанына айналды.
Экологиялық таза өнім өндіру мен тұтыну үлкен әлеуметтік-экономикалық
мағынаға ие, ол – бір жағынан өндірістік – инновациялық кәсіпкерліктің
арнайы түрін дамыту; екінші жағынан ұлт денсаулығы мен өмір сапасы деңгейін
сипаттайтын көрсеткіштерге қол жеткізу.
Осы орайда экологиялық таза тамақ өнімдерінің өндіру мен тұтыну бойынша
сараптаулар мен талдауларды, ұтымды және маңызды факторларды, экономикалық
тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен пайымдауларды ғылыми негіздеудің
маңызы арта түседі. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін
айқындап, оның ғылыми – тәжірибелік құндылығын көрсетеді.
1. Мәселенің зерттелу дәрежесі. Табиғатты пайдалану экономикасы,
экологиялық таза тамақ өндірісі, экологиялық таза технология, сапа
және бәсекеге қабілеттілік мәселелерін зерттеуге көптеген отандық
және шетелдік ғалым – ізденушілер үлес қосты. Олардың қатарында: В.
Игнатов, А. Кокин, Л.Батурин, Н. Бурецева, В. Данилов-Данилян, В.
Протасов, С. Тяглова,
А. Молчанов, Э. Арустамов, И. Левакова, Н. Баркалов Н.А. Киприянов,
Р.Қ. Ниязбекова, М.С. Тонкопий, Е.М. Үпішев, С. Мұқаұлы. Нарықтық
экономика жағдайында ауыл шаруашылық өндірісті экологизациялау,
экологиялық таза ауыл шаруашылығы өндірісімен байланысты экологиялық-
экономикалық мәселелер, сапалы тамақ өнім өндірісі мен бәсекеге
қабілеттілік С.А. Бабаева, С.К. Диярова, Е. Исабеков, Е.
Әмірбекұлының еңбектерінде қарастырылған.
Тамақ өнеркәсібі мен халықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сапа және
бәсекегеқабілеттілік туралы ғылыми еңбектер тамақ өндірісі өнеркәсібінің
дамуына үлес қосты. Дегенмен экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру мен
тұтынудың әлеуметтік-экологиялық-экономикалық қырлары толық зерттелінбеген:
экологиялық таза өнімдерге шекті бағаны есептеу әдістемесі және өндірушіге
қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін бағалау әдістемесі қарастырылмаған.
Сондықтан аталған мәселелерді теориялық және әдістемелік тұрғыдан зерттеу
қажеттілігі диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз
болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты –
экологиялық таза тамақ өндірісінің тиімділігі мен бағалау жолдарының
теориялық әдістемелік тәсілдерін зерттеу және экологиялық таза тамақ
өндірісін дамыту туралы ұсыныстар енгізу. Осы мақсатқа сәйкес, зерттеу
міндеттеріне келесілер жатады:
– экологиялық таза өндіріс пен экологиялық таза өнімді өндіру
ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу;
– экологиялық таза өнім өндірудің экономикалық тиімділігін анықтауға
мүмкіндік беретін баға шектерін анықтау;
– экологиялық таза тамақ өнімі өндірісін дамыту стратегиялық бағыттарын
анықтап, тұжырымдамасын жасау;
– экологиялық таза өнім өндірісінің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық
тиімділігін анықтау;
– экологиялық таза тамақ өнімі өндірісін басқарудың экономикалық
механизмін ұсыну
Зерттеу тақырыбы – Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы
экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру
–экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы.
Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы табиғи шырын өндіруші
мен жеміс-көкөніс өңдеуші кәсіпорындар, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан
облысындағы АҚ ЭкоПродуктГруп алынды.
Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздерін табиғат
пайдалану экономикасы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық таза тамақ өнімі
өндірісін ұйымдастыру мен басқару жөніндегі отандық және шетелдік
ғалымдардың еңбектері құрайды. Мәселені зерттеу барысында жүйелік,
логикалық, статистика – экономикалық, салыстырмалы талдау, топтастыру,
сараптама әдістері қолданылды.
Зерттеудің нормативтік-құқықтық базасын Қазақстан Республикасында
қабылданған табиғат қорғау заңдары, заңдық-нормативтік, құқықтық актілер
жинағы, бюллетеньдер, ҚР Президенті мен Үкіметінің Жаршысы, Тамақ
өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы туралы, Тұрғындардың санитарлы-
эпидемологиялық игілігі құқықтарын қорғау туралы, Экологиялық кодекс,
Стандарттау мен сертификаттау туралы, Тауардың пайда болу орнының атауы
мен қызмет көрсету белгілері, тауарлық белгілері туралы, Тұтынушылар
құқығын қорғау туралы заңдары, мемлекеттік бағдарламалар мен халықаралық
келісім құжаттары, Президенттің Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына
жолдауы және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2007–2024 жылдарға
арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы құрайды.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының
статистика жөніндегі комитетінің статистикалық жинақтарының мәліметтері,
ЭкоПродуктГруп акционерлік қоғамының материалдары, тұтынушылардан
сауалнамалық сұрау нәтижесінде алынған ақпараттар, ғылыми-тәжірибелік
конференциялар мен семинарлардың материалдары, ғылыми журналдар мен
мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер құрады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Нарық жағдайында тамақ өнеркәсібінің
ғылыми-теориялық әдістемелік тәсілдерін зерттеп, экологиялық таза тамақ
өндірісінің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық тиімділігін анықтап, дамыту
жолдарын ұсыну.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
1. Экологиялық таза өндіріс пен экологиялық таза өнімді өндіру
ерекшеліктерінің ғылыми-теориялық негіздері жүйеленді.
2. Экологиялық таза өнім бағасында экономикалық пайда алуға мүмкіндік
беретін баға шектері анықталды.
3. Экологиялық таза жеміс-көкөніс кластері мен болжау жасалынды.
4. Экологиялық таза өнім өндірісінің әлеуметтік-экологиялық-экономикалық
тиімділігі айқындалды.
5. Экологиялық таза өнім өндірісін қаржыландыру көздері мен экономикалық
басқару механизмі ұсынылды.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Ғылыми-зерттеу жұмысының
нәтижелері мен ұсыныстары, әдістемелік нұсқаулары келесі бағыттарда
қолданылуы мүмкін:
– тұрақты даму бағдарламасын іске асыру бағыттарында;
– экологиялық таза өнім өндірумен айналысатын кәсіпорындардың іс-
әрекеттерінде;
– табиғатты пайдалану экономикасы, экология пәндері бойынша дәрістік және
тәжірибелік оқу үрдісін дайындауда.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы. Зерттеу жұмысы М.О. Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Менеджмент кафедрасының
ҒЗЖ жоспарына сәйкес орындалды.
Зерттеудің негізгі мазмұны мен нәтижелері мерзімдік басылымдарда
жарияланды және келесі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда
баяндалды: Қазақстан аймақтарының тұрақты даму үлгісінің қалыптасуы
М. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ., 2002 ж.); ХХІ ғасырдың басындағы
ғылымның, білімнің және қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму
проблемалары М. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ., 2003 ж.);
Қазақстандық әлеуметтік – саяси, құқықтық және экономикалық қамтамасыз ету
жолы, халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы Д.А. Қонаев атындағы
Университет (Алматы қ., 2005 ж.); Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция Әлемдік шаруашылық жүйесін жетілдірудегі орта азиялық елдердің
мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын модернизациялау Х.А. Иассауи
атындағы ХҚТУ (Түркістан қ., 2006 ж.); Қазақстан Республикасында құқықтық
мемлекет құру: мәселелер, тәжірибе, келешегі ҚазГЗУ-дің Оңтүстік
Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы құқығы институты (Шымкент қ., 2006 ж.);
Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанның тұрақты экономикасының
негізі М. Әуезов атындағы ОҚМУ (Шымкент қ., 2006 ж.).
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертация тақырыбы бойынша 3.9
баспа табақ бетті құрайтын 13 ғылыми жұмыс жарияланған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен
және қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Aдам денсаулығы үшін қауіпті нәрсе тамақ өнімдерінде болатын – ауыр
металдар (РШШ – рауалды шекті шама деңгейінен жоғары). Кез – келген тамақ
өнімдерінен ауыр металдарды байқауға болады, бірақ әрбір тағамда металдық
ластану дәрежесі (құрылымы) әр түрлі болып келеді.
Ауыр металдардың шамамен 70 пайызы адам ағзасына тамақ өнімдері арқылы
түседі. Тамақ өнімдерінің уытты металдармен ластануы адамдардың
денсаулығына зиян келтіреді. Өндірілетін өнімнің металлдық ластану құрылымы
негізгі дайындалатын шикізатты өсіру жағдайы мен тазалылығы, оны
технологиялық өңдеудің сапалылығы және пайдаланылатын қосымша материалдарға
тәуелді болады.
IFOAM (органикалық ауыл шаруашылығының қозғалысы жөніндегі халықаралық
федерация) анықтамасы бойынша, экологиялық таза өнім – генетикалық
өзгеріске ұшырамаған, өсіру мен өндіру кезінде пестицидтер, гербицидтер,
улы химикаттар қолданылмайтын өнімдер. Экологиялық таза тамақ өнімі дүние
жүзінде әртүрлі терминдермен аталады. Батыс Еуропа елдерінде биологиялық
өнім, Солтүстік Еуропада экологиялық өнім, АҚШ пен Ұлыбританияда
органикалық өнім, Финляндияда табиғи өнім деп аталады.
Экологиялық таза дәрежесін алу үшін, өнім тек таза күйінде өсіріліп
қана қоймай, химиялық заттарды пайдаланбай сақталынған, қайта өңделген,
жабдықталған және тұтынушыға жеткізілген өнім болуы керек. Мысалы, Еуропада
био, эко, немесе органик маркаларымен белгіленген тауарлар
тыңайтқыштар, улы химикаттар және пестицидтерді пайдаланылмай өндірілген
өнім түрін білдіреді.
Біздің пікірімізше экологиялық таза тамақ өнімі дегеніміз – адам
денсаулығына өмір бойы зиянын тигізбейтін, болашағына кері әсер етпейтін
өнім және оның құрамында әр түрлі уытты заттардың, агрохимикаттардың, ауыр
металдар мен радионуклидтердің болмауы тиіс.
Экологиялық таза өнімді өндірілуіне байланысты келесідей бөлуге болады:
1. Экологиялық таза өнім – бұл құрамында зиянды заттар дәстүрлі
өнімдерге қарағанда аз, (жол берілетін шекті шамадан аспайтын) сапасы
бойынша нормативті құжаттарға сәйкес өнімдер;
2. Экологиялық таза өнім – экологиялық таза аумақта қосымша минералды
тыңайтқыштарсыз, қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиялар көмегімен
табиғи шикізаттан алынған өнім.
Ауыл шаруашылығында экологиялық таза өнім алу үшін, 3–5 жылға дейін
химикаттар әсері байқалмайтын топырақ пайдаланылады.
Экологиялық таза өнім ұғымы 1924 жылы Р. Штайнердің теориялық
негіздеуімен қалыптасты, ол кезде тәжірибе жүзінде биодинамикалық аграрлық
қызметтер жүзеге асырыла бастады. 1930–1940 жылдар аралығында бұл идея
Швейцарияда Г. Мюллердің, Ұлыбританияда Э. Бэлфер мен А. Ховордың,
Жапонияда Фукуокойдың бастамасымен дами бастады (1-кесте ).
Органикалық тауарларды тұтыну Одағының экологиялық ұйымдармен бірлесе
отырып жұмыс жасауы генетикалық құрамы өзгертілген ауыл шаруашылық
өнімдерінің нарықта пайда болуына қарсы күрес жүргізуіне мүмкіндік туғызды.
Ал қазіргі кезде органикалық және агроөндірістің басқа да әдістерін нақты
жолға қою қажеттілігі пайда болуда. Био сауда белгісі тұтынушыға өнімнің
нақты белгіленген әдістерді қолдана отырып өндірілгендігін көрсетеді, яғни
талаптарға сай келетінін бейнелейді. Бұл органикалық секторда өсірілетін
өсімдік түрі мен сорты, мал, аң, құс тұқымы және балық түрлері дәстүрлі
секторларда да өсірілетінін көрсетеді. Дегенмен органикалық өнімдердің
тұтыну құндылығы дәстүрлі өнімдерге қарағанда ерекшеленеді. Мысалы,
органикалық және дәстүрлі секторларда өсірілген, алманың элемент құрамы,
түсі, көлемі бірдей болмайды, органикалық секторда өндірілген өнімде
химиялық заттардың болмауы өнімнің тұтынушы үшін тартымдылығын көрсетеді.

1 кесте – Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің қалыптасу кезеңдері мен
ерекшеліктері

Қалыптасу Мәні Сипаттамалары
кезеңдері
1. Алғашқы кезеңЭкологиялық таза өнімнің Бұл кезеңде шаруашылықтағы
1930–1940 жылдарқалыптасуының алғашқы кезеңітауар өндіру деңгейі өте
әртүрлі иеленушіктер жерді төмен болатын.
пайдалана отырып,
экологиялық таза өнім
өндіретін аз ғана тәжірибе
жүргізетін шаруашылықтың
пайда болуымен байланысты.
2. Екінші кезең Органикалық агроөндірісті Органикалық фермаларда тауар
ХХ ғасырдың қарқынды дамытуымен деңгейі көтеріліп, өндіру
60-жылдары байланысты. көлемі және шаруашылықтар
саны артты, экологиялық таза
өнім өндіруге бағытталған
мемлекеттердің саны артты.
3.Үшінші кезең Оның алдыңғы екі кезеңнен Осы кезеңде экологиялық таза
ХХ ғасырдың басты ерекшелігі Батыс өнім жөніндегі ұлттық және
90-шы жылдары Еуропа, Азия және халықаралық ұйымдар құрыла
Солтүстік Америка мемле- бастады, мұнда тұтынушы
кеттерінде сұраныстың талғамын тұрақты
артуына сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік
органикалық тауарлармен беретін ақпараттық және
байланысты халықаралық саудаағартушылық жұмыстар
орындарының кеңейтілуі және күшейтілді.
органикалық ауыл
шаруашылығын реттеу мен
мемлекеттік қолдау.
4. Қазіргі кезеңЭкологиялық таза – Экологиялық таза тамақ
саудалық маркасымен өнімінің нарығын дамытуға
берілетін, бірақ таза емесназар аударылып, мемлекеттік
баламадағы экологиялық таза талаптар қойыла бастады.
тамақ өнімдерінің пайда
болуы.
Е с к е р т у – Зерттеулер негізінде автор құрастырған.

Қазақстан Республикасындағы тамақ өнеркәсібі өнеркәсіп салаларының
маңызды стратегиялық саласы және тұрғындарды сандық, сапалық тағам
өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етеді. Табиғи шырын өндірісі тамақ
өнеркәсібінің ішінде өзіндік маңызы бар сала болып табылады. Бұл осы сала
өнімдерінің халық шаруашылығының басқа да салаларына кеңінен пайдалануымен
түсіндіріледі, себебі бұл сала адам ағзасына қажетті дәрумендер мен
минералдарды заттар жинақталған тағам өнімдерімен тұрғындарды қамтамасыз
етеді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы табиғи шырын нарығы негізінен шет елдерден
әкелінген және отандық тауар өндірушілердің өнімдерінен тұрады. Алыс және
жақын шет мемлекеттерден әкелініп жатқан табиғи шырындар отандық тауар
өндірушілердің негізгі бәсекелестеріне айналды. Бұған қоса, ішкі өнім
өндірушілер Қазақстан нарығында бәсекелік ортаның жоғарлауына ықпал етуде.
Табиғи шырындардың жетіспеушілігі импортты шырындардың тұрақты өсуіне алып
келді, ал ол отандық өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды өндіруіне
мүмкіндік туғызды. Қазіргі уақытта импортталған арзан өнімдер Қазақстан
нарығын жаулап алды.
Диссертациялық жұмыста біз шырын нарығына байланысты біршама өзекті
мәселелерді қарастырдық. Қазақстан Республикасында табиғи шырын өндіретін
кәсіпорындарға маркетингтік зерттеулер жасалынды.
Қазақстанда сусындар спектрі өте кең- дүкендердің сөресінен шырын,
нектарлар, морс, газдалмаған және газдалған су, аз алкогольді және
алкогольсіз сусындарды, квас, тониктерді көруге болады, тіпті
салқындатылған шай түріндегі сусындарды да кездестіруге болады. Дегенмен әр
түрлі белгідегі шырындарды қарапайым тұтынушылардың таңдауы өте қиын: яғни,
сусындарды таңдауда тұтынушы денсаулық үшін пайдалы және сапалы не
сапасыздығына назар аудармай, керісінше сол өнімнің арзан не қымбаттығына
көңіл аударады.
Шырындарды тұтынудың жоғары деңгейін, сыра және күшті алкогольды
сусындарды ұсынатын солтүстік үлгі деп аталатын Батыс Еуропалық сусындар
саласымен салыстырсақ, Қазақстанда тұтынушылар әлі де болса Еуропаның
солтүстік елдеріндегі шырынды тұтынудың орташа көрсеткіштерінен (халықтың
жан басына шаққанда 24–28 л) артта қалып келеді. Германияда табиғи
шырындарды тұтыну ерекше жоғары мәнге ие: онда халықтың жан басына шаққанда
табиғи шырындарды тұтыну 42–44 л. Ресейде қазіргі көрсеткіш 10 л деңгейіне
жетіп отыр. Ал Қазақстанда халықтың жан басына шаққанда табиғи шырындарды
тұтыну 8 – литрден келеді.
Нарыққа ұсынылған өнімдерді таңдау барысында тұтынушының назары, ең
алдымен, жарнамалануы көп өнімге ауады. Оның қасиеттерін алдын – ала білуі
және басқа ұқсас өнімдерден ерекшелену сипаттарымен таныс болуы, тұтынушыны
осы өнімді сатып алуға итермелейтіні сөзсіз.
Қазақстандағы шырын нарығын тұтыну сұранысының өсуі халықтың тұтыну
қабілетінің жоғарлауына байланысты. Алайда тағы бір маңыздысы-
тұтынушылардың экологиялық таза өнімге деген қызығушылығының артуында.
Табиғи шырындар өніміне деген сұраныс, ірі қалалардағы өмір сүруге зиянды
факторлардың әсерін бейтараптандыру, сондай-ақ ағзаға жетіспейтін
дәрумендерді толықтыру қажеттілігінен туындайды.
Табиғи шырын өндіретін Оңтүстік Қазақстандық консерві зауыттарының көбі
Кеңестік кезеңде салынған зауыттардың негізінде жұмыс істеуде. Соның бірі
зерттеуімізге негіз болып отырған Түлкібас жеміс консерві зауыты.
Түлкібас консерві зауыты (1965 ж. іске қосылған) отандық жеміс-көкөніс
өңдеуші кәсіпорындардың арасындағы ірілерінің бірі саналады.
Түлкібас консерві зауыты өнімі бойынша Қазақстандағы Алматы (25000 т.),
Талдықорған (23440 т.), Сайрам (20840 т.) консерві зауыттарынан кейінгі
төртінші орында болған. 1980–1992 ж.ж. аралығында Түлкібас консерві зауыты
жылына 32 млн. шартты банкіге дейін консерві өнімдерін шығарып отырған.
Сонымен бірге жылына 10 мың тоннаға дейін алма, 25 мың т. көкөніс (соның
ішінде 20 мың. т. томат), 34 мың т. астам шие, қараөрік қайта өңделген.
Қазіргі уақытта Түлкібас консерві зауыты өзінің негізгі қорларын және өнім
шығару қабілеттілігін сақтап қалған жалғыз зауыт. Зауытта өндірістік
инфрақұрылым және коммуникация, техникалық және ауыз су мен қамтамасыз ету
көздері, табиғи газбен жұмыс істейтін қазандық және электрлік қосалқы
станциялар, екі теміржол тұйықтамасы бар.
2004 жылдан бастап Түлкібас консерві зауыты ЭкоПродуктГруп акционерлік
қоғамы деп аталады.
ЭкоПродуктГруп акционерлік қоғамының (Түлкібас консерві зауыты)
артықшылығы шырындарды жергілікті консервантсыз шикізаттардан
өндіретіндігі. Бірақ, Оңтүстік Қазақстан облысы нарығында әлі бұл зауыттың
шырындарының сатылу үлесі төмен (3%), бұл өнімдерінің икемсіз сыйымдылығы 2
литрлік шыны ыдысына құйылуымен байланысты. Шырындар – тез бұзылатын
өнімдер, сондықтан оларды 0,25 л, 0,5 л, 0,75л, 1л ыдыстармен және Тетра
Пак орамымен шығару керек. ЭкоПродуктГруп АҚ шығаратын Песня лета
белгісіндегі шырындар біртіндеп отандық нарықта үлкен сұранысқа ие болып
келеді.
ЭкоПродуктГруп акционерлік қоғамы 2006-2008 жылдарға арналған
өндірістік бағдарламасын жасады. Бұл бағдарламаның орындалу барысы
төмендегі суретте көрсетілген (1 сурет).
ЭкоПродуктГруп акционерлік қоғамында табиғи шырындарды өндіру 2006
жылы – 2605831 л., ал 2007 жылы – 2319131 литрге жоспарланған. Бірақ нақты
өндірілген өнім көлемі 2006 жылы – 1296905 л құраса, 2007 жылы бұл
көрсеткіш 1309275 л сәйкес келеді. Кестеден көріп отырғанымыздай өндірілген
табиғи шырындар көлемі 2006 жылы 49,9%-ға, 2007 жылы 56,5% – ды құрап отыр,
яғни 2006 жылға қарағанда табиғи шырынды өндіру көлемі 2007 жылы артып
отыр. Сәйкесінше басқа өнім өндіру көлемінің жоспардан ауытқу себебіне ауа
– райы жағдайының өзгеруіне байланысты шикізатпен толық қамтылмауы,
технологиялық үрдістердің толық орындалмауы ықпал етті.
Ескерту –
ЭкоПродук
тГруп
Акционерлі
к Қоғамы
мәліметтер
і
негізінде
жасаған
автор.
.
1 сурет –
ЭкоПродук
тГруп
Акционерлі
к
Қоғамының
2006–2008
жылдарға
арналған
өндірістік
бағдарлама
сының
орындалу
барысы
Жалпы, ЭкоПродуктГруп акционерлік қоғамындағы 2006–2007жылдардағы табиғи
шырындардың түрлері бойынша өндірілу үлесі келесі суретте көрсетілген (2-
сурет).

Ескерту – Құрастырған автор.

2 сурет – ЭкоПродуктГруп Акционерлік Қоғамындағы
табиғи шырындарды өндіру көлемі
Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеуге жаңа инновациялық, экологиялық
таза технологиялар ендіру есебінен аймақтық нарыққа шығару үшін шетелдік
өндірушілерге және ұқсас өнімді импорттаушыларға қатынас бойынша өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру ЭкоПродуктГруп акционерлік қоғамының
болжамдық көрсеткіштерінде көрсетіледі (2-кесте).

2 кесте – ЭкоПродуктГруп акционерлік қоғамының негізгі экономикалық
көрсеткіштерін болжау

Көрсеткіштер Өлшем Жылдар
бірлігі
2007 2008 2009 2010 2011 2012
Дайын өнім тонна 13498 13835,45 14341,6 15185,25 16028,9 16872,5
өндірісі
о.і. жартылайтонна 5234 5364,9 5561,1 5888,25 6215,4 6542,5
фабрикаттар
Шыны тонна 2263 2319,6 2404,4 2545,9 2687,3 2828,75
ыдыс-тағы
томат пастасы
Жеміс-көкөністонна 5090 5217,25 5408,1 5726,25 6044,4 6362,5
шырындары
Компоттар тонна 130 133,25 138,1 146,25 154,4 162,5
Маринадтар тонна 408 418,2 433,5 459 484,5 510
Дәмхана тонна 171 175,3 181,7 192,4 203,1 213,75
көкөніс
консервілері
Қайнатпа тонна 148 151,7 157,25 166,5 175,75 185
Джем тонна 54 55,35 57,4 60,75 64,1 67,5
Өнімді сату млн. 1173,2 1286,7 1419,8 1617,2 1825,7 2056,7
тенге
Өндіріс % 80,0 82,0 85,0 90,0 95,0 100
қуатын
пайдалану
коэффициенті
Тұтыну 1,07 1,07 1,07 1,07 1,07 1,07
бағасының
индексі
Ескерту – Құрастырған автор.

Тетра Пак орамындағы шырындардың кең таралуына қарамай, шыны
ыдыстардағы шырындар да маңызды болуда. Табиғи шырындар нарығында шыны
ыдыстағы импорттық шырындар жоғары бағаланады. ЭкоПродуктГруп акционерлік
қоғамының өнімінің өз бәсекелестерінің алдында үш артықшылығы бар:
біріншісі – жоғарыда аталғандай жергілікті экологиялық таза ауданда
өсірілген шикізаттан өндіру мүмкіндігі; екіншісі – бағасы, үшіншісі –
шырындарды тікелей сығымдау арқылы дайындау технологиясы. ЭкоПродуктГруп
АҚ іс-әрекетіне, консервіленген жеміс және көкөніс нарығына жүргізілген
талдау арқылы төмендегі қорытындыға келуге болады:
– Қазақстан нарығын әлемдік стандарттарға сай, сапалы экологиялық таза
тамақ өнімдерімен, томат пастасы, табиғи шырындар, жеміс және көкөніс
консервілерімен қамтамасыз етуге отандық тауар өндірушілердің толық
мүмкіндігі бар, соның бірі 2012 жылға қарай Оңтүстік Қазақстан облысының
консервіленген өнімге деген қажеттілігін қанағаттандыра алатын
ЭкоПродуктГруп АҚ (Түлкібас консерві зауыты), оның нарықтағы үлесі
14,5%-ды құрайды;
– ЭкоПродуктГруп акционерлік қоғамының өнімі Республикалық импорт
алмастыру бағдарламасына, индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына
жауап береді;
– ЭкоПродуктГруп АҚ тиімділігін арттыру облыс экономикасының ауыл
шаруашылық секторын дамытуға серпіліс береді, көкөніс және жеміс
өндірісінің көлемін ұлғайтуға, фермерлерді ынталандыруға және Түлкібас
ауданының әлеуметтік-экономикалық даму оның жақсаруына мүмкіндік береді;
– 2012 жылға дейінгі кезеңде барлық деңгейдегі бюджетке ЭкоПродуктГруп
АҚ келесі салық түрлерін төлейді: әлеуметтік салық – 120,4 млн. тенге,
мүлік және жер салығы – 539,4 млн. тенге, қосымша құнға салық-322,9 млн
тенге;
– өндірістен түсетін пайданың орташа нормасы 16%, алайда алынатын таза
пайданы томат, алма өндірісі үшін жеке шикізат базасын құруға
реинвестициялау қажет.
Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша
алынған экономикалық деректерді талдау немесе белгілі бір шешім қабылдау
қандайда да бір интуитивті немесе нақты экономикалық модель негізінде іске
асырылады. Мысал ретінде төмендегі кестеде көрсетілген Қазақстан
Республикасындағы жеміс-көкөніс өнім өндірісі мағлұматтарды алсақ бұл
кестедегі келтірілген көкөніс консервілері мөлшерін және жылдардағы
көрсеткіштерді бірге алып қарасақ және уақытты t деп белгілесек, модель
құру үшін 3-кестені қолданамыз.

3 кесте – Қазақстан Республикасындағы жеміс-көкөніс өнім өндірісі

Жыл
1990 1995 2000 2005
Уақыт t 1 2 3 4
Көкөніс, консерві у (тонна) 28 31 540 3383
Е с к е р т у – ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша жасаған
автор.

y – көрсеткіші ретінде әрбір бес жылдықтағы орташа мәндер алынған.
Байланыс түрі сызықтық болады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық таза өнім
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Қазақстанның Инвестициялық қоры
Түсті металлургияның салалық құрамы
ЖШС Сартомар шаруашылығының топырақ– климаттық жағдайы және тәжірибе үлгілері, зерттеудің бағдарламасы
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері
Қазақстан Республикасы егiн шаруашылығын дамытудың экономикалық мазмұны
Қызылорда облысы Сырдария ауданында күріш шаруашылығының дамуына экономикалық-географиялық талдау
Сапа менеджменті
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі бәсеке
Пәндер