Францияның 80-90 шы жылдардағы экономикасы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе:

Франция әлемдегі жоғары дамыған бес мемлекет қатарына кіреді. Франция ЖІӨ көлемі жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан кейінгі төртінші орында.

Экономикада маңызды орынды ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсетулер алады. Франция ғылыми зерттеулердің кең көлемді мәселелерін мына бағытта жүргзуде: атом энергетикасы, әуе техникасы, байланыс құрал жабдықтары, электроника түрлері т. б.

Мемлекетте темір рудасы, (әлем бойынша 5-ші орында), тас көмір, табиғи газ, алтын, вольфрам т. б пайдалы қазбалар шығарылады. Францияда ұшақ шығаруда әлем бойынша 3-ші орында, ал ғарыш техникасын шығаруда 4-ші орында тұр.

Франция шетел инвеститцияларын тікелей тарту бойынша әлемде 4-ші орында. Инвесторлар мемлекеттегі қаржы тұрақтылығын, ғылыми зерттеулердің жоғарғы деңгейін, алдыңғы қатарлы техникаландырылған өндірісті т. б маңызды факторларды ерекше бағалайды. Экспорт бойыншаФранция мына мемлекеттермен байланысты: Европалық ауымдастық: 63%, Гермаия-16%, Ұлыбритания-8%, АҚШ-7%, Бельгия-Люкскнбург-11%

Қазіргі кезеңде Францияныңхалық саны 59 млн-нан астам адам. Халықтың өсу динамикасы 0, 37 % құрайды. Жалпы ішкі өнімі 1, 448 трлн доллор, ал жан басына шаққанда ЖІӨ-24000 доллор. ЖІӨ-нің өсу индексі 3, 1 %. Халықтың орташа өмір сүру деңгейі:ерлдерде 74 жас, әйелдер 82 жас.

Еңбекке жармды халық саны -25 млн адам, оның 61, 5 % - қызмет көрсету саласында, 31, 3 - өнеркәсіпте, 7, 3 % ауыл шаруашылығында. Жұммыссыздық деңгейі - 97%.

Елдің толық атауы - Франция республиасы. Мемлекеттік құрылымы -Президенттік республика. Ал, құрамы 22 облыстан тұрады, олар өз кезегінде 96 департаментке бөлінген. Астанасы - Париж.

Бюджет сипаты: кірістер-210млрд доллор, шығыстар-240млрд доллор. Экспорт-325 млрд доллор. Импорт-320 млрд доллор.

ЖІӨ -дегі ауыл шаруашылығының үлесі - 8 %, сауда мен тауар қызметінің үлесі - 25 %, қаржы және басқа тауарлық емес қызметтер үлесі -20 %, өнеркәсіп(соның ішінде өндеу саласы) -42%.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы алдыңғы орын жалпы машина құрылысы (12% ) және көліктік(10) %үлесінде. Автомобиль өнеркәсібі ұлттық өнеркәсібтің басты негізі болып саналады. Францияда екі ірі компаниялар - жеке меншік «Пежо-Ситроян»және мемлекеттік «Рено»-жеңіл көліктердің әлемдік өндірісінің 4-5% қамтамасыз етеді. Француз компаниялары әлемде Жапониядан кейінгі энергетикалық құрал-жабдықтар шығарудан екінші орынды алады.

Дамыған мемлекеттер ішінде Францияны айрықша ерекшелейтіні ЖІӨ - ге салықтық түсімдердің жоғарғы үлесі мен әлеуметтік қор жарналарының жоғарылығы. Франциядағы салық жүйесіне тән ерекшелік -тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғарғы деңгейі. Жанама салықтар жалпы бюджет табыстарының 60 % бередщі, негізінен бұл ҚҚС -ғы 45%. Ал, тікелей салықтар ішінде бсаты рөльге жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ие, оның үлесі жалпы түсімдердің 20%құрайды.

Бүгінде Франция үкіметі салық саясатын өзгертуде, жұмыссыздық деңгейін төменднтуде күрделі қадамдар жасауда.

1Францияның салық жүйесіне сипаттама .

Францияның салық жүйксінің ерекшкліктері:

  • міндетті аударымдардың жоғарғы үлесі

- әлеуметтік бағытағы қорларға аударылатын жарналардың жоғарғы үлесі;

- тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғарғы деңгейі.

Францияның салық жүйесі салықтард ыорталық бюджетке түсетін салықтар және жергілікті салықтар деп бөлінеді. Мемлекеттік салықтар орталық бюджеттің табыс базасы болып саналады. Жалпы бюджеттің шамамен 60%жуығын жанама салықтар береді, әсіресе ҚҚС-ғы.

ҚҚС-ң отаны да осы Франция мемлекет болып табылады. Ол1954 жылы Лоре оқымыстының еңбегіменен еңгізілген. Салық бюджеттік түсімдердің 45%ҚҚС-ның үлесінде.

Қазіргі кезде бұл салықтың негігі ставкасы 18, 5%. Кейбір тауар түрлеріне, мысалы:автомобиль, кино тауарлары, темекі бұйымдары, бағалы ттерілерге жоғарылытылған мөлшерлеме 22% қолданылады. Ал, төмендетілген 5, 5%азық-түлік тауарларының көптеген түрлеріне, ауыл шаруашылық өнімдеріне, кітаптар мен дәрі-дәрмектерге қолданылады.

Осымен қоса, ҚҚС -нан мыналар босатылады:

- мәдени, спорттық, тәрбиелік, әлеуметтік, әкімшілік саладағы істерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;

- медицина және білім беру салаларына ;

- кейбір еркін мамандықтар: жеке мұғалімдік іс, жеке тәжірибиеленуші дәрігерлер, рухани шығармашылықпен айналысатын адамдар.

Салық төлеушіге таңдау мүмкіндігі де берілетін жайлар болады, яғни ҚҚС-н төлеу ме, немесе табыс салығын төлеу ме? Бұл ғимаратты жалға бергенде, қаржы және банк ісінде; әдеби әртістік, спорттық салада, жергілікті шаруашылықта берілетін женілдік түрлері.

Сондай-ақ, тұтыныссалықтары ҚҚС-мен қоса басқа да жанама салықтармен толықтырылады, яғни акциздер. Акцизделетін тауарлар тізіміне мыналар кіреді:алкоголь ішімдіктері, темекі бұйымдары, қант және кондитер бұйымдары, сыры және минералды суы, автомобиль көліктерінің кейбір түрлері, ұшқыш аппараттары.

Кеден баждарын да қажетті салықтар қатарына қосуға болады. Кеден баждарынынң басты мақсаты -табыс табу емес, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ұлттық өнеркәсіпті де қорғау болып табылады. Кеден баждары мемлекеттің экономкалық саясатының құралы ретінде пайдаланылады.

Францияда табыс салықтарын кәсіпорындар және жеке тұлғалар төлейді. Кәсіпорындардың таза табысына салық салынады. Салықтың жалпы мөлшерлемесі -34%. Кейбір жағдайларда ол 42%көтеріледі. Әлдеқайда төмен мөлшерлемелер 10-нан 24% жер пайдалануынан түскен табыстарға, құнды қағаздарға салынатын салмдарға т. б. қолданылады.

Ал жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы Францияның мемлекеттік бюджеттеріндегі түсімдердің 20%жуығын қамтамасыз етеді. Бұл салық мөлшерлемесі прогрессивті сипатта. 0-ден 56, 8% мөлшерлемесі табыс көлеміне қарай қолданылады. 0-мөлшерлеме дегеніміз, табысы18140 франктен аспайтын жеке тұлғаларға қолданылады, яғни салыққа ілінбейді деген сөз.

Меншікке салынатын салықтар тобына сондай-ақ, тіркеу және елтаңбалық алымдарды да қосуға болады, сонымен қатар кәсіпорындар мен компаниялардың көлік құралдарына салынатын салық та осы топқа жатқызылады. Францияның салық жүйесінде жергілікті салықтар мен алымдардың алатын орнвы ерекшке.

Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табыстарының шамаамен 40%құрайды. Жергілікт салықтар құрамындағы төрт негізгі салықтарды атап айтуға болады:

- құрылған учаскелерге салынатын жер салығы;

- құрылмаған учаскелерге салынатын жер салығы;

- тұрғын үй салығы;

- кәсіби салық;

Бұл салықтардың мөлшерлемесін жергілікті органдар анықтайды. Құрылған учаскелердің жер салығы тұрғызылған учаскелерден алынады. Салық қозғалмайтын мүліктің бәріне қатысты, яғни ғимараттар, резервуалар, мұнарлар т. б., сонымен қатар өнеркәсіп пен саудаға арнап пайдаланатын учаскелерге де қатысты.

Бұл салықтан мемлекет меншігі босатылады; қал ашетінде орналасқан және ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылатын ғимараттар да босатылады; жасы 75-тен асқанжеке тұлғалар да босатылады, сондай-ақ қоғамдық қорлардан, жәрдем ақы алатын жеке тұлғалар да босатылады.

Ал, құрнылмаған учаскелерге салынатын жер салығы алқаптар, ормандар, жайылымдар т. с. с. қатысты.

Тұрғын үй салығы тұрғын үй иелерімен қоса, жалгерлерден де алынады. Тұрмысы төмен адамдар бұл салықтан біртіндеп босатылады. Кәсіби салықтарды белгілі бір кәсіппен айналысатын, бірақ оған еңбек ақы алмайтын заңды және жеке тұлғалар төлейді.

Франциядағы салық жүйесіне тән мәселелердің барлығын Бас салық Басқармасы қарастырып отыращды. БСБ қаржы және экономика министрлігінің құрамында. Жалпылама елде 830салық орталығы және 16 ақпарат орталығы орналасқан. Мұнда салықтық бақылау көбінесе құжаттық және калиарлық тексерулер арқылы жүрізіліп отырады.

2. Францияның 80-90-шы жылдардағы экономикасы.

1980жылғы ерекше назар аударатын жайттардың бірі ьилік басындағы, бағыттың өзгеоуі болды. 1981 жылдың мамырында өткен сайлауда жеңіске жылдың айрықша ерекшелігі, ішкі сұраныстың ұлғаюы болды. жеткен социолистер үкіметі коммунистердің қатысуымен жаңа бағыфт-бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісті.

Бағдарламаның басты бағыты-іскерлік белсенділікті ынталандыру, жалақы мен жәрдемақыларды көбейту. Ұлттық валютаны нығайту саясаты да қолға алынды. 1982 жылы ақпан айында маңызды реформаның бірі -«ұлтшылдандыру туралы» Заң қабылданды. Ұлтшылдандыру ірі-рі бес бірдей өнеркәсіп топтарын қамтыды. Осы реформа нәтижесінде Франция ең ірі мемлекеттік секторларды иеленді, мұнда әуе және ғарыш өнеркәсібі 8, 5% -ды қамтыды, 80% қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібінің тнң жарымын қаратты.

Ұлтшылдандыру секторымен қоса қай та құрудың бағыттары шағын бизнеске де бұрылды. Жаңа технологиялар іске қосыляып жатты.

«Делор жоспары» деген атпен шыққан саясат бінеше пунктерден тұратын бағдарлама еді. Саясат негізі -қатаң экономика, «Делор жоспарының» басты мақсаты -сыртқы сауда тапшылығын қысқарту болды. Қарстырылған мәселелер -салықтарды, заемдарды көтеру, мемлекеттік шығындарды азайту. Осының барлығы экономиканы біршама тұрақтандырғанымен, әлеуметтік қысымның жоғарылай түсуі 1986 жылдың наурызында өткен сайлауда консерваторлардың билікке келуіне әкеліп тірелді.

Осылайша, Ж. Ширак басшылығымен үкімет қалыптасты. Жаңа әкімшілік өз бағытын ұстанып, мемлекеттің экономикаға араласуын бәсендетуді мақсат етті. Жаңа үкіметтің тағы бір мақсаты салық салуды төмендету мен жеке кәсіпкерлік еркіндігін молайту болып саналады. Нәтижесінде 1986-1989 жылдары елде экономикалық өрлеу байқалып, ЖІӨ -нің жыл сайынғы өсімі 3%-ды құрады. 1993 жылдың аяғына қарай жағдай бұрыңғысынан жақсара түсті, үкімет экономиканы сауықтыру бағдарламасын жасап, қоғамдық жұмыстарды ұлғайту мен өндірісті ынталандыру сиақты мәспелелерді көтерді. Ақша-несие саясаты тузетулерге ұшырады. 1993 жылы жұмыссыздықпен күресу мақсатында мемлекеттік займ шығарылып, 110 млрд франк жинлды. Бұл өз кезкгінде жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыспен қамту жобаларын қаржыландыруға мүмкіндіктер туғызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Францияның салық жүйесіне сипаттама
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Америка мен Жапонияның тарихы
Экономикалық циклдың мазмұны мен жалпы белгілері
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік астары жайлы
Голль үшін тарихи тұлға - мемлекеттің дамуының негізі
Еуропалық Одақтың кеңею проблемаларын және оған қатысты Францияның ұстанымындарын және жүргізіп отырған саясаты
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz