Хадис әдістемесі


ХАДИС ӘДІСТЕМЕСІ
Доц. док. Ахмет Иылдырым
Түркістан/Қазақстан 2011
ББК
УДК
Пікір жазғандар:
Кенжетай Досай профессор, философия ғылымдарының докторы
Исмайл Чалышкан профессор, теология ғылымдарының докторы Асалыоғлы Адем философия ғылымдарының докторы
Бұл еңбекте, Хадис әдістемесімен қоса әртүрлі тақырыптарды қарастырған. Кітапта алдымен хадиске байланысты негізгі ұғымдар хадистің діндегі алатын орны, қарастыратын мәселесі, хадис ілімінің пайда болуы, қайнар көздері жайында мәлімет берілген. Содан соң хадистің жеткізілуі қарастырылып, риуаят (хабар, естуі бойынша) етушіні риуаят етілген хадистер туралы кең, ауқымды түрде зерттелген. Осылайша Хадис усулімен байланысты бір көзқарас пайда бола бастады. Кітап дайындалу барысында көптеген әдебиеттер пайдаланылды. Алайда бұл еңбектегі пайдаланылған әдебиеттер сілтемелерде емес, әр бөлімнің соңында және жалпы әдебиеттер көрсеткішінде көрсетілген.
Қорытындылай келе кез-келген жұмыс кемшіліксіз болмайтындығын ескере отырып, кемшіліктер болса оны түзету үшін үлес қосуларыңызды өтінеміз.
АЛҒЫ СӨЗ
Хадистер Құранның өмірде қолданылуы және Құраннан кейінгі ең бірінші пайдаланатын қайнар көз болуымен Исламдық білімдер арасында айрықша маңызға ие. Өйткені, хадистер Ислам сенімі мен мәдениетінің айрықша білім салаларының арасынан орын алады. Бүгінгі күнге дейін Құран аяттары бұзылмастан, ешбір өзгеріссіз келгендігі үшін оның негізін қарастыруға еш себеп жоқ болып отыр. Алайда хадистер олай емес. Бізге жеткен хадистердің қалай жеткендігін, сондай-ақ, қайсыларының қандай өзгеріске ұшырағандығын қарастыру хадис ілімінің салалары арасына кірген. Осылайша хадис ілімдері арасында Хадис усулі деген атпен жаңадан бір ілім қалыптасты.
Бұл ілім Хз. Пайғамбар (с. а. у. ) қайтыс болғаннан соң шамамен 30 жылдан кейін маузу (ойдан шығарылған) болған қауіпті хадистер пайда бола бастағанда хадис ғалымдарының хадис пен сүннетті қорғау және хадистердің «сахих» болғандарын «сахих» еместерден ажырату үшін жүзеге асырылған алдын алу шаралары мен қойған принциптерінің нәтижесінде қалыптасқан болатын. Уақыт өте келе Хадис усулі хадис ілімінің сүйенген принциптер мен хадис әдістемесі ретінде риуаят етушілердің жағдайлары мен өздерінде болуы тиіс шарттарды риуаяттың шартын, сапасын және үкімдерін, риуаят етілген хадистердің сапалары мен бұлардан үкім шығаруға қарастыратын бір ілім болып саналады. Осылайша бұл ілімнің арқасында хадистің дұрыстығы (сахих екендігі), әлсіздігі (зайыф екендігі), және басқа да мәселелері жайында мағлұматтарға қол жеткізуге болады. Осы мәселелердің нәтижесінде хадистердің дұрыстығы және т. б. жайында сенімге ие бола аламыз.
Пайда болған күннен бастап бүгінгі күнге дейін бұл іліммен байланысы бар мәселелер төңірегінде көптеген еңбектер жазылған. Біз де Қазақстандағы дінтану факультеттеріндегі қажеттіліктердің орнын толтыруға үлес қосу мақсатында бұл кітапты жазуды ұйғардық. Дәріс кітабы санатындағы бұл еңбекте, Хадис усулімен қоса әртүрлі тақырыптарды қарастырған. Кітапта алдымен хадиске байланысты негізгі ұғымдар хадистің діндегі алатын орны, қарастыратын мәселесі, хадис ілімінің пайда болуы, қайнар көздері жайында мәлімет берілген. Содан соң хадистің жеткізілуі қарастырылып, риуаят (хабар, естуі бойынша) етушіні риуаят етілген хадистер туралы кең, ауқымды түрде зерттелген. Осылайша Хадис усулімен байланысты бір көзқарас пайда бола бастады. Кітап дайындалу барысында көптеген әдебиеттер пайдаланылды. Алайда бұл еңбектегі пайдаланылған әдебиеттер сілтемелерде емес, әр бөлімнің соңында және жалпы әдебиеттер көрсеткішінде көрсетілген.
Қорытындылай келе кез-келген жұмыс кемшіліксіз болмайтындығын ескере отырып, кемшіліктер болса оны түзету үшін үлес қосуларыңызды өтінеміз.
Ахмет Иылдырым
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЖАЛПЫ ҰҒЫМДАР
Бұл бөлімде, хадис ілімінің негізгі ұғымдары арасынан орын алатын “хадис”, “сүннет”, “хабар” және “еңбек” (туынды) ұғымдарымен бірге усул (әдіс-тәсілдер) ұғымына да терең тоқталамыз.
Терминдер - ғылым салаларының ажырамас бөлшектері. Ғылым саласының құрылымдары терминдер арқылы қысқа жолмен түсіндіріледі. Сол себептен де терминдер үлкен маңызға ие. Ислам ілімдерінің де өздеріне тән терминдері бар. Хадис ілімін терминсіз ойлау мүмкін емес. Бұл ғылым саласының басқа ғылымдармен байланысын қарастырған кезде тақырыптың бұдан да кең ауқымды екендігі көрінеді. Әсіресе хадис ілімінің ішінде орын алатын Хадис усулі (әдіс-тәсілдері) ілімінде терминдердің көптігіне байланысты терминдер ілімі (ғилму мусталахатил-хадис) деп қабылданған. Бұл терминдердің мағыналары кейде сөздердің сөздік мағыналарына жақын болуымен қатар көбінесе әртүрлі мағыналарды қамтиды. Сондай-ақ хадис ілімінің негізгі ұғымдарын үйрену, Хадис усулінің тереңірек түсінуге көмекші болады.
А-Хадис
Хадис сөзі сөздікте арабтың “суләси” (үш әріпті) х-д-с түбірінен шыққан (туындаған) жаңа және түпнұсқа мағыналарымен қатар, ескі немесе көне сөзіне қарама-қарсы мағыналарда да қолданылады. Хадис сөзі екіншіден, “ кейіннен пайда болу”, “бұрын-соңды болмаған нәрсенің пайда болуы” мағыналарын білдіретін х-д-с етістігінің рубаиси (төрт әріпті) хаддәсәдан (сөйлесті, хабар берді) шығарылған (пайда болған, туындаған) туынды есім сөз. Масдары (түбірі) “ әт-тахдис” , “әл-хадис” сөзі осы түбірден шыққан есім сөз.
Сонымен қатар хадис - “сөз” және “хабар” мағынасын да білдіреді. Өзінің мәні жағынан басым болған мағынасы да осы. Құран Кәрімдегі мына аятта келген хадис сөзі осыған дәлел болады:
(Мұхаммед Ғ. С. ) Осылар Аллаһтың аяттары. Саған бұларды хақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Аллаһтың аяттарынан кейін қай сөзге сенеді? (Жасия: 6)
(Мұхаммед Ғ. С. ) саған Мұса (Ғ. С. ) ның (оқиғасы туралы) әңгімесі (хабары) келді ме? (Таһа: 9)
(Мұхаммед Ғ. С. ) енді олар бұл сөзге (Құранға) сенбесе, арттарынан кейін, өзіңді жоя жаздайсың. (Кәһф: 6)
Бұл аяттағы «сөз» - Құранды мегзе п отыр.
Сөздікте, зат есім болып қолданылғанда хадис, тарихи болсын, аңыз болсын, шын не жалған болсын хал (осы шақ) не мази (өткен шақ) болсын бір мәлімет бөлшегі, бір баяндау, бір әңгіме немесе бір риуаят ( ар: «хабар» ) үшін термин ретінде қолданылады. Сондай-ақ бұрынғы кезде не жақын арада болған оқиғаларға байланысты тарихи мәліметтер мағынасына да келеді. Кейін уақыт өте келе «хадис» сөзі сөздіктегі жалпы мағынасынан тыс тек Хз. Мұхаммедтің (с. а. у) сөзін, іс-қимылын (фиил) және (тақрир) мақұлдауларын (шешім, ұйғарым) білдіретін терминге айналды. Осылайша Хз. Пайғамбарға ғана қатысты болған сөз, іс-қимыл және мақұлдауларына « хадис» атауы берілген.
Бұл анықтамаға хадисшілер Хз. Пайғамбардың (с. а. у) мінез-құлқын және болмысындағы (жаратылысындағы) ерекшеліктерді де енгізген. Хадис дәл осы мағынада қолданылған сүннеттің баламасы ретінде де қолданылады. (Kasimi, Kavaidut-Tahdis, s. 60-64) Хз. Пайғамбардың сөз, іс-әрекеті мен мақұлдауларынан тұратын сүннеттің сөзбен түсіндірілген түрі мен жазылған мәтіндері хадис деп аталады.
Хз. Пайғамбардың сахабалары және олардың соңынан ілескен «табиғундардың» (сахабалардың өзін көріп, олардан білім алғандар) да көзқарастары Хз. Пайғамбарға жақын өмір сүргендіктері және көптеген пікірлері мен амалдарын Пайғамбарымыздан алғандығы туралы тұжырым маңызды саналғандықтан, ғалымдардың көпшілігі (сахабалар мен табиғундардың көзқарастарын) хадис анықтамасының ішіне енгізген. Көптеген мағыналарына және хадис кешендерінде орын алған риуаяттарға (хабарламалар) назар салсақ, хадис дегеніміз- Хз. Пайғамбарға, сахабалар және табиғундарға қатысты болған әртүрлі сөз, фиил (іс-қимыл) тақрир (мақұлдау) және өзіндік ерекшеліктері бар риуаят (хабар) болып табылады.
В-Сүннет
Сүннет, арабтың с-н-н түбірінен шыққан (туындаған) сират (жол), табиғат, жибилләт яғни ізінен жүрілген жол, жағдай (хал) және ұғым, мінез-құлық, әдет, жалғыз аяқ жол, өзгермеген мінез, жол, жол бағыты, әдіс-тәсіл деген мағыналарды білдіреді.
Сүннеттің жоғарыда келтірілген сөздіктегі мағыналарында қолданылған аяттар мен хадистерді кездестіруге болады. Мысалы, Аллаһ Т. былай дейді:
«Қашан да Адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман келтірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе, (бұрынғылардың жолы, яғни) бұрынғыларға келген апаттың; өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары». (Кәһф:55)
Бір хадисте де Пайғамбарымыз (с. а. у) былай дейді:
“Кім де кім бір игі істе өзгелерге (жол салса) үлгі болса, сол игі істің және сол игі іспен амал етушілердің де сауабы бастаушыға тән. Ал сол іске амал етушілердің сауабынан еш кемітілмейді де. Кім де кім жаман істе өзгелерге (жол салса) үлгі болса, сол күнәнің және онымен амал етушілердің күнәсі де бастаушыға жазылады. Соңынан ілескендердің де күнәсі кемітілмейді” (Муслим, Ғылым, 15)
Байқағанымыздай, бұл хадисте сүннет (жол мағынасында келген) әрі игі істі әрі күнә істі білдіретін сөз ретінде қолданылған. Исламнан алдыңғы кезеңде Мүшрик (Аллаһқа серік қосушы) арабтар аталарының жолдарына тым берілген халық еді және бұл сүннеттеріне үлкен маңыз бергендіктен сүннеттің мәні (түсіндірмесі) сол кезеңде өмірлерінде қолданыс тапқан еді. Кейіннен бұл түсіндірме мұсылмандықпен бірге бір термин ретінде, Хз. Пайғамбардың сүннеті болып аталды. Яғни, “Исламдағы сүннет - Хз. Мұхаммедтің (с. а. у) сөздері, өмірінде соңынан ілесіп әдетке айналдыруды бұйырған жолы, басқалай айтқанда өмір сүру мәнері” деген анықтама берілді.
Басқа бір түсіндірмеде сүннет - Хз. Пайғамбар (с. а. у) үшін “ фитраты сәния” яғни екінші жаратылыс және өзгермейтін мінезі болған жүріс-тұрысының баяны. Осы ерекшелігімен сүннет; оның ұғым, жүріс-тұрыс және іс-әрекетіндегі тұрақтылық және бір қалыптылық сипатын баяндауда.
Қысқасы сүннет, оқиғалар (дау-жанжал) кезінде тұрақты, бір қалыптылықты бойында сақтаған бір болмысты баяндайды. Тұрақтылық пен бір қалыптылық сүннеттің өзгермейтін болмысы. Сондай-ақ Хз. Айша(р. а. ), Хз. Пайғамбардан : “Қандай амал амалдардың абзалы?” - деп сұрағанда “Ұдайы жалғасқан, тұрақты болған амал” деп жауап берген. Және Айша (р. а) анамыз Пайғамбарымыз (с. а. у) үшін ұнамды болған амал - бір мұсылманның әдетке айналдырған яғни, үнемі қалдырмай орындайтын амалы - екендігін де баян етеді. Аллаһ үшін ұнамды болған амал - аз болса да үнемі орындалып отырған амал. (Buhari, Rikak 18)
1-Хадис немесе сүннеттің бөлімдері
Хадис немесе Сүннет әртүрлі саладағы кейбір бөлімдерді қамтиды. Оларды былайша жүйелей аламыз:
а) Қаули Сүннет ( әс-Сүннәтул-Қаулийя (Ауызша Хадис) - Бұл сүннеттер Хз. Пайғамбардың (с. а. у) әртүрлі мақсатта, түрлі себептермен айтқан сөздері. Бұлар, Расулаллаһқа тән сөздер. Қаули сүннет өте көп. Мысалы:
“Амалдар тек ниетке байланысты” (Buhari, bed'u'l-Vahy, 1; Iman, 4; Muslim, Imare, 155)
б) Фи'ли Сүннет (Фи'ли Хадис) - Расулаллаһтың (с. а. у) жүріс-тұрысы мен (фи'ли) іс-әрекеттерінің (амалдарының) түсіндірмесі. Бұған Хз. Пайғамбардың намаз оқуы, қажылығы т. б. -ды мысал етуге болады. Мысалы: Хз. Пайғамбарымыздың(с. а. у) :
“ Мен намазды қалай орындасам, сіздер де солай орындаңыздар” (Buhari, Ezan: 18; Edeb, 27; Ahad: 1) -деген хадисін келтіруге болады.
Хз. Айша (р. а) былай дейді: “Расулаллаһ (с. а. у) бір іс жасағанда толық әрі аяғына дейін жасайтын” (Muslim, Musafirin, 141)
Пайғамбарымыздың іс-әрекеттерін (амалдарын) мынадай үш топқа бөлуге болады:
1. Хз. Пайғамбардың (с. а. у) бір адам немесе пенде ретінде жасаған амалдары. Мысалы: Ішіп-жеу, киіну, ұйықтау, отырып тұру сияқтылар.
2. Хз. Пайғамбардың (с. а. у) тек өзіне ғана тән ерекше іс-әрекеттері (амалдары) . Түнде тахажжуд намазының оған парыз болуы, төрт әйелден артық әйелге үйлене алуы секілділер.
3. Хз. Пайғамбардың (с. а. у) тәшри'и (үкім қою) әртүрлілігіндегі өзінің әрі үмметінің ілесуі, бейімделуі керек болған амалдар. Мысалы: намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару . Пайғамбарымыздың бұл амалдары өзі үшін фарыз болса үмметі үшін де фарыз, уәжіб болса оларға да уәжіб, жайыз (рұқсат) болса жайыз болады.
в) Тақрири Сүннет (әс - Сүннәтул - Тақририйя) - Хз. Пайғамбардың жанында мұсылмандардың айтқан бір сөзін, істеген бір іс-әрекетін көргенде немесе өзі жоқта айтылған сөз және жасалынған іс-әрекетті естігеннен кейін оларға қарсы еш нәрсе демеуі, үндемеуі. Бұл үндемеу және қарсылық танытпау - айтылған сөздердің, жасалған істердің (амалдардың) мұбах (тыйым салынбаған), жайыз (рұқсат етілген) екендігін білдіреді. Жалған және Ислам шариғаты қабыл етпеген сөздер айтылып жатқанда немесе Ислам шариғатына теріс қылық жасалып жатқанда Хз. Пайғамбардың үнсіз қалмасы айдан анық нәрсе. Тақрири Сүннет екіге бөлінеді:
- Сарих(ашық) тақрир:
Расулаллаһтың (с. а. у) өзі куә болған, өзі көрген қандай да бір оқиғаны не сахабалардың өзіндік іс-әрекеттерін мақұлдағанын және растағанын ашық білдіруі. Сарих тақрири сүннетке мысал берсек:
“Әбу Са'ид әл-Һудридың риуаяты (хабарлауы) бойынша, сахабалардың бірі, бір жолаушылық кезінде жылан шаққан тайпа басшысын Фатиха сүресін оқып емдеп жазып, ақысына бірнеше қой алады. Жолдастары “қойларды өзара бөлісейік” дегенде: ем жасаған кісі: “тоқтай тұрыңдар, Расулаллаһтан сұрайық” деп, елге қайтқан соң, болған мән - жайды пайғамбарға (с. а. у) түсіндіреді. Сонда Пайғамбар(с. а. у) :
“- Фатиханың ем болатынын қайдан білдің? (дұрыс қылыпсың) Қойларды өзара бөлісіңдер, бір үлесін де маған бөліңдер” - дейді . (Buhari, Tib, 33, 39; Icare, 16; Muslim, Selam, 66) Оның бұл сөзі Құранмен ем жасағанда ақы алудың болатындығын ашық түрде қабылдау, мақұлдау және растау болып тұр.
2. Зымни (жасырын, іштегі) тақрир:
Өзі куә болған, өзі көрген қандай да бір оқиға кезінде Хз. Пайғамбардың үнсіз қалуы. Мысалы: Хандәк соғысы кезінде Бәни Құрайзаға бара жатқанда сахабалардың бір бөлігінің аср (намаздыгер) намазын жолда оқиды да, бір бөлігі (пайғамбардың) “Бәни Құрайза жеріне бармастан (асрды) оқымаңдар” деген бұйрығы бар деп уақыт өтіп кетсе де намаздарын оқымайды. Бұл жағдайды Расулаллаһ (с. а. у) естігенде үнсіз қалады. Бұл әр екі топтың да әрекетін зимни, яғни жасырын, іштей мақұлдап, растауы. (Buhari, Havf, 5; Muslim, Megazi, 30)
Хз. Пайғамбардың көріп, естіген бір амалға қарсылық білдірмеуі - оны қабыл еткендігі. Өйткені, Аллаһтың Елшісі бір амалдың (істің) жасалып жатқанын көрген не естіген кезде ол амалдан тыймаса әрі үндемесе, бұл жағдай оның бұл амалды (істі) мақұл көргендігі және қабыл еткендігі мағынасын білдіреді.
Сүннеттің бұл үш түріне (қаули, фи'ли, тақрири) бірдей мысал бола алатын мына хадисті келтірейік:
Абдуллаһ бин Омар (р. а) былай түсіндіреді: Пайғамбар (с. а. у) алтын жүзік тақты, сахабалар да алтын жүзіктер тақты. (Бір күні) Пайғамбар (с. а. у) :
- “Мен бір алтын жүзік таққан едім”- деді де саусағынан жүзікті шығарып:
- “Бұдан кейін оны (алтын жүзікті) мүлде тақпаймын”- деді.
Осыдан кейін сахабалар да (алтын) жүзіктерін (енді қайта тақпастай болып) саусақтарынан шығарды”. (Buhari, I'tisam:4)
Бұл жерде Хз. Пайғамбардың жүзікті тағуы және кейін шығарып тастауы - фиғл (яғни іс-қимыл) ; “Бұдан кейін оны мүлде тақпаймын” деп айтуы сөз ; сахабаларының бұрын алтын жүзік тағуларына, кейіннен (пайғамбарымыздың) өзіне ілесіп (сахабалардың) бұдан (жүзік тағудан) бас тартуларына араласпағандығы да тақрир болады.
д) Сипат (уасфи) сүннет
Бұл екі бөлікке бөлінеді:
1. Хилқи (ахлақи) сифат (мінез - құлық сипаты) : Расулаллаһтың қандай да бір мінезін танытқан хадистер. Мысалы:
“Расулаллаһ адамдардың ең жомарты еді. Ол (с. а. у), Рамазан (айын) да өте жомарт болатын” (Buhari, Bed'l-Vahy, Muslim, Fedail: 50)
2. Хулқи (жаратылысымен, болмысымен байланысты) сипат:
Хз. Пайғамбардың физиономиялық жаратылысына қатысты мағлұматтарды қамитын хадистер. Мысалы:
“Расулаллаһ (с. а. у) реңі жағынан адамдардың ең әдемісі, жаратылысы жағынан да ең кереметі. Ол (с. а. у), тым ұзын (бойлы) да, тым қысқа (бойлы) да емес еді”. (Buhari, Menakib: 23; Muslim, Fedail: 113)
Сүннет сөзі уақыт өте келе Хз. Пайғамбардың (с. а. у) іс-әрекетіне берілген бір есімге айналды. Осылай болған кезде сөздің нашар (мінез-құлыққа) жүріс-тұрысты білдіретін болымсыз түсінігі орынсыз қолданылмады. Басқаларының іс-әрекетінен (сүннетінде) айыру үшін “пайғамбардың сүннеті” (суннату Расулиллаһ, суннатун-Нәбийи) анықтамасы қолданылған, ал өз алдына қолданылған кезде жалпы Хз. Пайғамбардың (с. а. у) сүннеті дегенді білдірген. Осылайша мұхаддистер (хадис ғалымдары) сүннетті Хз. Пайғамбардың(с. а. у) өмірінде жалғастырған, яғни жүрген жолы, әрекет түрлері, өмір сүру жағдайы, керек десеңіз пайғамбар болмай тұрған кездегі және пайғамбар кезіндегі жүріс-тұрысы, көркем мінез-құлқы деп ұққан.
2 - Хадис пен сүннет арасындағы айырмашылық
Хадис сөзі, негізінде Хз. Пайғамбардың сөздеріне ғана қатысты болуымен қатар, Ислам ғалымдары, (хадис деген) сөздің білдіретін мағынасына байланысты басқа да көзқарастар келтірген. Бұған қарағанда, кейбір усул ғалымдарының анықтамасында хадис Хз. Пайғамбардың сөз, фиғл және тақрирлері (мақұлдау) айтылса, бұл мағынасымен хадис сөзі, бірдей мағынада қолданылған сүннеттің баламасы, яғни синонимі. Ал кейбір хадис ғалымдары болса, хадистің ауызша түріне тек Хз. Пайғамбардың сөздері ғана емес, сахабалар және табиғундардан жеткізген мауқуф және мақту хабарлар да жатады деген. Бұған қарағанда хадис сөзі - хабардың да синонимі. Кейбіреулері болса, хадисті тек Хз. Пайғамбардан жеткізілген сөздер үшін ғана қолданған, басқаларынан келген сөздерге де хабар есімін берген. Бұлай болғанда хадис пен хабар арасында белгілі бір айырмашылықтың бар екендігі оп-оңай белгілі болады.
Хадисшілер арасында кең таралған көзқарасқа қарағанда хадис - пайғамбарлықтан бұрын және пайғамбарлықтан кейін Хз. Пайғамбардан риуаят етілген (хабарланған) барлық сөз, іс-қимыл және тақрир лерден (мақұлдаулардан) тұрады; ал мұсылмандардың құлақ асып, ұстануы керек болған сүннет, осы үш түрде тұрақты болған және дінмен байланыстырылған хадистер.
Хадистің құрамына Расулаллаһтың (с. а. у) пайғамбарлықтан бұрынғы хабарларының да кіретіндігі ғалымдар тарапынан көрсетілген. Мысалы: әлі пайғамбарлық келмей тұрып уақыттарын Хира үңгірінде құлшылықпен өткізуі, өмірінің көркемдігі әдемілігі, көркем мінезі, турашылдығы, оқи-жаза алмайтын сауатсыз болуымен байланысты хабарлар, оның пайғамбарлығының дәлелі болып есептелінгені секілді барлығы да мұсылмандар үшін бір ғибрат, үлгі болады. Пайғамбарлықтан бұрынғы хабарлар Хз. Пайғамбарды тану және оған сену үшін керек, бұлармен амал ету керек емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz