Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықтың саны және ұдайы өсуі
2. Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография » пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни «ойкумендердің» негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда болған жерлері – Ніл аңғары, Оңтүстік – Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды. Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және Үндістан халқының саны анықталды.
1. Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстане не рубеже ХХІ века: основные тенденции. Алма-Ата: Ғалым, 2001
2. Саградов А.А. Экономическая демография: Учебное пособие. М.: ИНФРА – М, 2005
3. Медков В.М. Основы демографии: Учебное пособие. Ростов н/Д: Феникс, 2003
4. Смаилов Ә. Қазақстан Республикасындағы халықтың орналасуы мен саны. 1- том.Алматы, 2001
5. Шалданбаева А. Қазақстан Республикасы. «География және табиғат», №5, 2005. 69-71бет.
6. Орынбек Б. Қазақстандағы халық санының динамикасы және оның этнодемографиялық көрсеткіштері. «География және табиғат»,№2, 2007, 14-19 бет
7. Экономическая и социальная география. Под ред. М.М.Голубчика. М., Владос, 2003
8. История переписей населения и этнодемографические процессы в Казахстане. Под ред. Ж.А.Кулекеева. Алматы. Агенство РК по статистике, 1998
9. Мусабек Е.Н. Демографическая статистика и перепись населения // Экономика и статистика. №3, 2002
10. Абилгазиева Ж., Минбаева З. О миграционных процессах в Казахстане. // Аль-Пари, №5-6, 2001
11. Белгібаев М., Акишева Е. Қазақстан халқының өсуі мен кемуі туралы. «География және табиғат», № 4, 2007
12. Асылбек М. Қазақстан халқы қалай өсуде? // Қазақ тарихы, №1, 2006

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Халықтың саны және ұдайы өсуі
2. Халықтың саны және ұдайы өсуінің заңдылықтары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының
қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті оны
зерттеп білудің де маңызы зор.
Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі.
Тұрғындар географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны,
оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.
Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы
ғылымдар негізіндегі географияның зерттейтін шептес саласы демография
және этнография пайда болды. Ал тұрғындар географиясы халықты кеңістікте
орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман –
географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың арасындағы
айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері мен құрамы жайлы
мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды зерттеу барысында
әрбір халықтың этникалық тобының материалдық және мәдени – рухани жақтары,
әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары ескеріліп сипатталады.
Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай
қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың мекенделуі
дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар ойлау қабілеті бар адам
ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан
пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар белгілі бір үлкекн
аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы табылған археологиялық
жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен
Орталық Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны
жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге
тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың жыл бұрын Еуропаның солтүстік
бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға таралған. Болжам
бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс
Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ
алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл санауымызға
дейінгі кезеңдегі халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ.
Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер
шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға дейінгі төрт
мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп
егіншілікпен шұғылдану халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни
ойкумендердің негізгі факторы болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда
болған жерлері – Ніл аңғары, Оңтүстік – Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол
кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.
Біздің жыл санауымыздын бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік
туды. Оны сол кездегі әскер құрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап
білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай және
Үндістан халқының саны анықталды.
Халықтың саны және ұдайы өсуі

Біздің жыл санауымыздаың басында, жер шары халқының 34 бөлігі осы
елдерде мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол кезде дүние жүзінің шамамен
230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда халық саны соғыстар мен жұқпалы
аурулардың таралуы салдларынан көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны
көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі
кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет
кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі жалпы өсімі біршама төмендігінен
сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан
басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние
жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр түрлі әдістер
қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек
XX ғасырдың 40-жылдарының соңында бастап қана мәліметтер бір-біріне сай
келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты
мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние
жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білгендерің жөн. Олар:
Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн),
Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал келесі
орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және
Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.
Халықты санау әдісі. Алғашқы адамдар санауға деген қажеттілік құл
иеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде, біздің
заманымызға дейінгі III ғасырда пайда болды. Біздің еліміз орналасқан
Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал
Киев Русінде санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV
ғасырда ғана басталды. Қазақстан, Ресей империясы және т.б. елдер КСРО
құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897,
1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа
санақ – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы
халық санағы еді.
Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі – қыс маусымына
сәйкестендірілген. Санақ аяқталғаннан кейін халықтың бір бөлігіне бақылау
сұрақтары қойылады. Халықтың жалпы санағы кесімді белгілі бір уақыт
аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттер органдар үшін жыл сайынғы
халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы туралы мәліметтер аса қажет. Әрі
мұндай бір жолғы есеп – халықтың тууы, өлуі, некелесуі, т.б. осы тәрізді
мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бір орталыққа бағынған
мемлекеттер құрыла бастағаннан кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін
жүргізу қажеттіліг туды. Бұл міндетті бас кезінде діни мекемелер жүргізді.
Шіркеулердің діни салт-жораларын іске асыруда, одан түскен пайда –
түсімдерін есептеу мақсатында , алдымен, XVI ғасырда Швецияда, кейіннен
басқа елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу
қолға алынды. Кейіннен бұл тіркеме есептеулер міндетті түрде жүргізілетін
болды. 1940 жылдардың соңынан бастап дүние жүзі мен оның ижеке аймақтары
тұрғын халқының есебін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне
қарасты Халықтың орналасуын зерттеу комиссиясы жүргізілді. 1949 жылдан
бастап, бұл Комиссия жыл сайын Демографиялық жылнама басып шығарып
отырды. Мұнда жарияланып отыратын материалдарда дүние жүзінің халқы туралы
өте кең мәліметтер берілді. Сол сияқты дүние жүзі халқының өсіміне
байланысты болжамдар туралы көп жұмыстар жүргізілді. Әрбір елде халық
санағы әр кезеңде әр түрлі бағдарлама бойынша жүргізілгендіктен, жарияланып
отыратын мұндағы материалдардың бәрі бірыңғай емес. Көптеген елдерде
қазірге дейін халықтың ұлттық немесе нәсілдік құрамы және халықтың
күнделіктері есептері дұрыс жолға қойылмаған. Ал кейбір елдерде халықтың
жыныстық (мысалы, Жаңа Гвинея, Филиппин) немесе діни (мәселен, бұрынғы
социалистік жүйе елдерінде) құрамының есебі жүргізілмейді. Сондықтан
есептеу мәліметтері шын мәніндегі жағдайға дәл келмеуі де мүмкін. Комиссия
елдерді жікетеп топқа бөлгенде, олардың экономикалық - әлеуметтік
белгілеріне емес, демографиялық негізіне, әсіресе халықтың табиғи өсімі
тұрғысынан қарап бөлуде. Соған қарамастан, БҰҰ-ның осы Комиссияның
жарияланып отыратын материалдары – халықтар туралы біршама толық деректер
көзі болып табылады. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халықтың ұдайы
өсуі – адамдардың ұрпақ ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық
және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі
топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың
санының өзгермеуі немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс көбінесе дамыған
елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың
табиғи өсу көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші
типінде келесі ұрпақтың санының алдыңғысына қарағанда көп болкы тән. Бұл
елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай
жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс
Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады. Адамзат
қоғамының ілгері дамуы, дүние жүзі халқының көбеюі нәтижесінде жүзеге асып,
оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді.Осы кезге дейін жер шарында
халықтың ұдайы өсуіне соңғы тип басым болып келеді. Әрі қарай қалай
болады? деген заңды сұрақ туады. Дүние жүзіне халықтың шамадан тыс артық
көбею қаупі төнбей ме? Өйткені біздің планетамыздағы ресурстар шексіз емес
қой! Осы саулнамалық сұрақтарға жауап іздеу үшін тек қана жер шарының
ресурсын ғана біліп қоймай, сонымен бірге халықтың табиғи өсуінің заңдарын
да білу қажет. Халықтың ұдайы өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне байланысты
олардың арасындағы айырма табиғи өсім деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000
адамға шаққандағы промиле (‰) көрсеткішімен есептеледі. Дүниежүзілік орташа
есеп: туу – 28 ‰, өлім – 10 ‰, ал табиғи өсім – 18 ‰. Халақтаң ұдайы өсуіне
бірнеше факторлар әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен, 5 топқа
біріктіріледі:
1.Табиғи – биологиялық фактор. Адамдардың тууы мен өлуі – биологиялық
құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат
жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл – қайтымсыз процесс.
Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюдан емес, негізінен, олар аурудан
немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің табиғи
ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде – безгек ауруы,
тропикада – ұйқы ауруы т.б.
2. Әлеуметтік – экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың
тұрмыстық хал-ахуал деңгейі, денсаулықтау сақтау шараларының дамуы,
әйелдердің қоғңамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі,
шұғылданатын кәсібі, т.б. Мәселен, жыл сайын жер шарында 14 млн адам, оның
ішінде 6 млн сәби
3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер етуші факторлардың келесісі –
демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық
құрамы, некелесу және ажырасу факторлары да жатады.
4.Табиғи өсімге үлкен әсер етуші негізгі факторлар тобының бірі – ол
мәдени әлеуметтік және психологиялық факторлар. Мысалы, көп балалы болу,
әдет-ғұрыптарының сақталуы, мұндай жағдай демографиялық дәстүр деп аталады.
Діннің әсеріне келсек, ислам, индус, католик, т.б. діндер көбеюді қолдайды.
Кейбір діндердің тууға онша әсері жоқ, мысалы, будда, протестант,
провославие діндері.
5. Халықтың табиғи өсіміне әсер етуші факторлар арасында ерекше орынды
соғыс пен стихиялық апаттар алады. Әсіресе соңғы екі дүниежүзілік соғыстың
зардабы аса көп. Бірінші дүниежүзілік соғыста шамамен 10 млн—нан аса адам
көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік соғыста 50 млн-ға жуық адам қаза тапты.
Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-
жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады.
Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамы бұзылуы,
үеркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудың мөлшерінің
азаюына алып келді. Табиғи апаттардың – жер сілкіну, су тасу, дауыл,
құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын
мыңдаған адам өмірін қиюда. Демографиялық саясат және халықтың өсуін
реттеу. Жалпы демографиялық хал-ахуалға кейінгі жарты ғасыр ішінде
мемлекеттер тарапынан жүргізіліп отырған демографиялық саясат әсер етіп
отыр. Бұл жүйелі түрде – халықтың ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу
мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында жүргізіледі. Ол екі түрлі бағытта ықпал
ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-
насихат және басқа да шаралар жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халықтың ұдайы
өсуінің бірінші типінде тууды қолдауға бағытталған демографиялық саясат
белсенді түрде жүргізілсе, екінші типінде керісінше, оны шектеу саясаты
қолға алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін жоспарлау жөнінен,көптеген дамушы
елдерге ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. Біздің елімізде де
демографиялық ахуалды тұрақтандыруға және ондағы жағымсыз тенденцияларды
болдыриауға боғытталған қолдау саясаты жүргізілуде. Осы орайда оған үкімет
тарапынан ерекше көңіл бөліп, 2000 жылғы 17 тамызда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік демографиялық концепциясы туралы, ал 2001
жылғы 30 қазанда ҚР-ның 2001 – 2005 жылдарға арналған демографиялық даму
бағдарламасыжайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты санау әдісі
Әлем халқының ұдайы өсуі. Халықтың өсу заңдылықтары
Демографиялық күрт өсу
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі
Демография ғылымы туралы түсінік
Халықтың орналасуы. Урбандалу
Халық санының өсу тенденциясы
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет іс-әрекетінің негізгі бағыттары мен оның негізгі көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының демографиялық саяси жағдайы
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Пәндер