Шпиондықтың түсінігі және даму тарихы


Мазмұны

Кіріспе

1 Тарау. Шпиондықтың түсінігі және даму тарихы

1. 1 Шпиондықтың түсінігі және қылмыс құрамын сипаттайтын

белгілер

1. 2 Шпиондыққа тарихи шолу

2. Шпиондықтың жекелеген түрлерінің сипаттамасы

2. 1 Атомдық шпиондық (тыңшылық)

2. 2 Өнеркәсіптік шпиондық (тыңшылық)

2. 3 Экономикалық шпиондық (тыңшылық)

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Әлемнің жасырын қызметтері әрқашан да тарихқа маңызды әсер қалдырған. Бірақ олардың еңбектері көбінесе ресми түрде көрінген емес. Әскер басшылары қағида бойынша өздерінің мемуарларында жасырын тыңшылардың жәрдемдері туралы айтып өтпейді. Жасырын қызметтің құжаттары соңсыз архивте (мұрағат) сақталады, олардың мазмұны мемлекет бұзылғанға дейін, ең болмаса қоғамдық құрылым бұзылғаннан соң әлемге танылуы мүмкін, оған дейін құпия болып қалады. Мысалы, британиялық мұрағаттарда әлі күнге дейін, яғни Secret Intelligence Service құлып, арқасында XVI-XVII ғасырдағы қағаздар да бар. Егер оларды жарыққа шығаратын болса, британ тарихының бірнеше бөлімін қайтадан жазуға тура келді. Осы сияқты жасырын құжаттар басқа мемлекеттерде осылайша сақталады. Онымен бірге Ресейді айтып кетуге де болады.

Тыңшылық қызметінің тарихта берілген анықтамасы бойынша: мәліметтік (сонымен қатар алдын-ала тыңшылық және дұшпан жақтан жоқ ету) және шабуылдың, яғни дұшпан жауының алдында жасырын, тыңшылықпен әскері немесе әр түрлі мәліметтерді жеткізіп тұрады. Бүгінгі күнімізде мәлімет жинау тікелей ресми мәліметтерді талдауына байланысты. Географиялық карталар, поездардың жүру кестелері, түрлі көліктердің жолдары және байланыстары, кез-келген мәліметтерді паш ететін мақалалар, қызметкер жеке тұлғалардың тізімі және осыған ұқсаған хабар түрлері кез-келген мемлекет жайында зор мәлімет береді.

Осы алаңды зерттеген сарапшылар ең біріншілерден болып тыңшыларға жұмыс табады, оларды мақсатқа қарай бағыттайды, осылайша көп маңызды мәселелердің алдын алады. Мәліметтерді жинап отырып, болжаумен немесе нақты дұшпанның істейтін әрекеттерін алдын-ала анықтайды. Одан кейінгісі саясатшылар мен әскерилердің жұмысы.

Осы маңдағы тыңшылық - еш өзгешелігі жоқ, қабілетті, нәтижелі жасырын қызмет сияқты дұшпанға қарсы жұмыс істейді. Жалғыз тыңшының көрінісі, іс-әрекеттері осы күнде көптеген киноларда көрсетілген. Жасырын қызметтің жұмысы, еңбегі ол мемлекеттің халықаралық абыройы, яғни «Саулығы» ретінде шағылысады.

Жоғарыда айтып өткендерге қарамастан тыңшылық қылмыс іс-әрекетіне жатады, заң бойынша істегендері үшін он жылдан жиырма жылға дейін еркіндігінен ажыратылады.

Бұл тақырыпты таңдауда маған жасырын қызметтің тарихи аспектілерін талдау, құқық саясында реттеу және аталған қылмыстың заңды түрде қаралуының маңыздылығы, оқулық әдебиеттерді жасырын қызметтердің орны жоғарғы деңгейде болмағандығы, шынымен қарағанда нақты жасырын қызметтердің себебімен мемлекеттердің жүз миллиардтаған доллар жоғалтулары қызық болды. Сонымен қатар осы қызметке қызықшылығын көрсеткен тұлғаларды зерттеу қызық болып табылды.

1-бөлім. Тыңшылықтың (жасырын қызметтің) заң түрінде реттеу және мінездемесі.

Енді тыңшылық қызметі түсінігін жақындап қарап өтеміз. Ресей Федерациясының қылмыс кодексінің 276-шы бабы бойынша «Шет елге мәлімет жіберу, ол үшін мәлімет жинау немесе оны сақтау, шет елдік ұйымдарға және олардың атынан жұмыс істегендерге мемлекеттің құпиясын жіберу, Ресей Федерациясының қауіпсіздігіне зарар келтіретіндей мәліметтерді шет ел азаматтары немес азаматтығы жоқ тұлғалар тарапынан шет елге жіберу тыңшылық деп табылады.

Бұл қылмыс біреудің аманатына көз жүгірту ретінде айыпталып, ол аманат мемлекеттің жасырын мәліметі болып есептеледі.

Тыңшылық қызметінің құрамы РФ 29 қылмыс кодексіндегі басқа қылмыстарына ұқсап кеткендігі себепті олардың арасына шек қойылып жатыр. Мысалы, тыңшылық мемлекетіне сатқындық қылумен тығыз байланысты, бірақ тыңшылықта шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға тарапынан орындалса, ал мемлекетіне сатқындық жасау осы мемлекеттің азаматы тарапынан орындалады, екі қылмыс ісін осылайша бір-бірінен айыруға болады.

Мемлекеттің жасырын мәліметтерін сыртқа шығаруда оның қай қылмысқа жататындығын анықтау үшін қылмыскердің азаматтығы анықталып 276 баппен қаралады. Сонымен қатар «Тыңшылық» қылмыс кодексінің 283 бабына ұқсап кетеді, өйткені олардың екеуінде де «мемлекеттік құпия» бар.

Тыңшылық РФ қауіпсіздігіне сырттан әсер ететіндігін, іштен әсер ететіндігін айтып өту қажет.

РФ қылмыс кодексінің 276 бабының мәтінінде дәлелденгендей тыңшылық шет ел азаматының іс-әрекеті болып саналып, заң ғылымдар докторы, профессор А. И. Роговтың әділ көзқарасымен «тыңшылық - шет ел арнайы қызметтерінің агенттерінің іс-әрекеттері» болып табылады.

Тыңшылықтың объективті тарапы қылмыс кодексінде мемлекеттің құпиясын жеткізіп беру, сақтау немесе ұрлау тағы да мәліметтерді шет елдік барлаушылардың тапсырмасымен жинау және сақтау болып есептеледі. Осылайша РФ «Мемлекеттік құпия туралы» 5 заңы (бап) 21. 07. 1993 жылы ¹5485 қайт. 06. 10. 1997 жылдан бастап, Ресей Федерациясының қауіпсіздігіне зиян келтіретіндей іс-шара болып есептеледі.

Осы себептен, қылмыскерлік анықталады:

  1. Мемлекеттің жасырын мәліметтері жайында хабар беру;
  2. Мемлекеттің жасырын мәліметтері ретінде кірмеген мәліметтерді беру.

Тыңшылықтың ерекшелігі, қылмысқа, яғни қылмыс іс-әрекетіне қатысы болған іс-әрекеттерінің өзгешелігімен анықталады. Мемлекеттік құпияның құрамындағы мәліметтерді тарату, жіберу іс-әрекеті төмендегілер: 1) Жинау;

2) Ұрлау;

3) Сақтау;

4) Беру.

Кейбір жағдайларда мемлекеттік құпия болмаған, экономика саласында, саясат саласында, ғылым және техника немесе осылайша ашық түрдегі мәліметтерді беру, жинау, сақтау қылмыс болып саналмайды, ол үшін айыпталып жазаланбайды. Осыған ұқсаған мәліметтерді жинау тәсілдері заңды болып есептеледі: арнайы әдебиеттерді немесе баспасөздерді зерттеу, өзінше бақылау, байқау, БАҚ хабарларын жүйелендіру және т. б.

Осылайша, мәлімет жинау тәсілі дұрыс деп табылады, бірақ екі шартты бұзбаса: 1) егер бұл іс-әрекеттер шет ел барлау тапсырмасы болмаған жағдайда; 2) Ресей Федерациясының қауіпсіздігіне зиян келтірмегендей пайдаланылатын болса. Осыларды еш болмаса біреуінің жетіспегендігі тыңшылық іс-әрекеттерін оң немесе теріс жіктелуіне себеп болады.

РФ қылмыс кодексі бойынша 276 бабында көрсетілген кез-келген әрекеттің істелуімен қылмыс орындалды деп саналады.

Мемлекет құпиясы болмаған мәлімет жинап және беріп жатқанда айыпталушының арнайы мақсаты болады: жиналған және алынған мәліметтерді Ресей Федерациясына зиянды түрде пайдаланады. Тыңшылықтың қылмыс оқиғалары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ қылмыстың түрлеріне әсері жоқ.

Бұл қызметті таңдауда көбінесе дүниеқорлық сезімі түрткі болады, өйткені осы қызметтің төлем ақысы жақсы төленеді.

Көрсетілген қылмыстың қылмыскері шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылады, ал Ресей Федерациясының азаматы тарапынан істелген жағдайда ол іс өз мемлекетін сатумен айыпталады.

Тыңшылықпен айыпталған қылмыскер қылмыс кодексінің 276 бабы бойынша екі ғана шартпен айыбынан босатылады: 1) өз еркімен, өз уақытында істелген қылмыс туралы билік жүргізген органдарға білдіру және Ресей Федерациясына зиян келтіретін жұмыстардың алдын алу жолдарын айтып беру (Егер берілген мәлімет өз уақытында жеткізілмеген, берілген мәлімет зорлықпен алынған болса, бұл шарттар қабылданылмайды) ; 2) егер орындалған қылмыс жоғарыда аталған қылмыс құрамына кірмеген болса (жасырын мәлімет емес, ашық мәліметтерді жинау және т. б. ) .

РФ 13. 06. 1996 жылы қылмыс кодексі, РСФСР-ң 27. 10. 1960 жылы қылмыс кодексінен жазалау түрімен ғана айрықшаланады. Бұрын тыңшылық қылмысымен айыпталғандарға жеті жылдан он бес жылға дейін және мүлкі тартып алынады, немесе мүлкі тартып алынып және өлім жазасы беріледі, бүгінгі таңдағы кодекс бойынша төмендегі қылмыс үшін 10 жылдан 20 жылға дейін еркіндігінен айырылады.

Жасырын қызмет мемлекеттік қызмет болғандағы және арнайы қызметпен мемлекеттің қызықшылығы үшін еңбек еткендігі үшін, әр мемлекетте бұл қызмет және қызметкерлерінің құқықтарын мемлекет тарапынан көземелденіп, заң түрінде реттелуі қажет. Заң тарапынан ОВР қызметінде жұмыс істеген тұлғалар үшін заңды түрде кепілдік берілуі тиіс. Ресейдің ¹5-Ф3 «Сыртқы барлау туралы» заңында жоғарыда айтылып өткендер белгіленген. 19. 01. 1996 жылдан.

Жоғарыда көріліп шыққан бүкіл мәселелерді еске алып отырып, жоғарыда белгіленген іс-әрекеттердің заңды түрде реттелуіне қорытынды жасаймыз: «Мемлекеттік құпия туралы» заң РФ 21. 07. 1993 жылы ¹5485-1. қайт. 06. 10. 1997 жылдан «Сыртқы барлау туралы» заң 10. 01. 1996 жылы қабылданған ГДФС РФ 08. 12. 1995 жылы; РФ қылмыс кодексінің 13. 06. 1996 жылынан бері.

1 Тарау. Шпиондықтың түсінігі және даму тарихы

1. 1 Шпиондықтың түсінігі және қылмыс құрамын сипаттайтын белгілер

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде ескі қылмыстық кодекстегі мемлекеттік қылмыстар деген ұғым мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар деген жаңа ұғыммен алмастырылған. Бұл тұрғыдағы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстегі жаңартылып, жетілдіріліп берілген бұл қылмыстық құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 30 тамызда қабылдаған Конституциясында көрсетілген, баянды етілген конституциялық құрылысты, қоғамның ішкі, сыртқы қауіпсіздігін, саяси, экономикалық жүйесін қорғау болып табылады.

Тікелей объектісіне байланысты бұл тарауға енген қылмыстар мынадай түрлерге бөлінеді:

Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар: мемлекеттік опасыздық (165-бап) ; шпиондық (166-бап) .

Қазақстан Республикасының саяси жүйесіне қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентінің әміріне қастандык жасау. (167-бап) ; өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (168-бап) ; қарулы бүлік (169-бап) .

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе бұзуға шақыру (170-бап) .

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар: диверсия (171-бап) : жұмылдыруға шақырудан жалтару (174-бап) .

Мемлекет құпияларын сақтауға қолсұғатын қылмыстар: мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (172-бап) ; мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды жоғалту (173-бап) .

Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қалмыстар.

Шпиондық (166-бап) .

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 166-бабына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты, оларға бару мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы кауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса шпиондық деп танылады.

Шпиондықтың тікелей объектісі болып Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі танылады. Шпиондықтың затына екі түрлі мәліметтер жатады: 1) мемлекеттік құпиялар; 2) Қазақстан Республикасының сырткы кауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіретін өзге де мәліметтер.

1. Шпиондық жасау - Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне, мемлекеттік опасыздық сияқты, бірақ іштен емес, ал сырттан қол сұғатын қылмыс, өйткені, ол шетелдік арнаулы қызметтер агенттерінің кәсіби әрекеттеріне қатысты.

2. Шпиондық жасау - шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері Қазақстан Республикасына қарсы бүлдіру әрекетінде қолданатын аса қауіпті құралдардың бірі, оның қоғамдық қауіпті болатын себебі - шпиондық жасау салдарынан Қазақстан Республикасынан маңызды мемлекеттік құпиялар сыртқа шығып кетуі мүмкін.

3. Бұл қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттік опасыздық кезіндегідей.

4. Шпиондық жасау заты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша жиналатын басқа да мәліметтер болуы мүмкін. Мемпекетгік құпияның жария егілуі Қазақстан Решубликасының қорғаныс қабілеті, қауіпсіздігі, экономикалық және саяси мүдделері үшін ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін ақпарат жатады. Мемлекеттік құпия болып табылатын ақпаратқа «ерекше маңызда» және «өте құпия» деген шектеу белгісі соғылады . Шпионды жасауға қарсы күрес тәжірибесі басқа да мәліметтер, егер шетелдік арнаулы қызметті қызықтыратын болса, іс жүзінде шегі жоқ ақпарат брлып табылатынын көрсетеді. Ол нақты адамдар туралы мәліметтер, нақты бір жердегі топырақ, су үлгілері, кірме жолдардың, темір жолдардың, аэродромдардың және басқа да стратегиялық құрылыстардың жоспарлары мен схемалары: нақты бір жердегі әлеуметтік-саяси жағдай мен жанжалды жағдайлар туралы, адамдардың моральдық жай-күйі туралы мәліметтер және т. б. Басқа да мәліметтерге, сондай-ақ қызмет құпиясын құрайтын мәліметтер, яғни жария етілуі Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетіне, кауіпсіздігіне, экономикалық және саяси мүдделеріне теріс әсер етуі мүмкін ақпарат та жатады. Ондай ақпарат, әдетте, мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпарат құрамына кіретін жекеленген деректер сипатында болады және оны толық ашпайды. Қызмет құпиясын құрайтын ақпаратқа «құпия» деген шектеу белгісі соғылады.

5. Шпиондықтың объективтік жағының белгілері: мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді беру, жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді беру немесе жинау.

Қылмыс затының ерекшеліктері, жасалатын іс-әрекеттердің көлемі мен сипаты, сондай-ақ шетелдік барлаумен байланыстың бар немесе жоқ екені шпиондық жасаудың екі түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Шпиондық жасаудың бірінші түрі - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметгерді шетелдік, мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру мақсатымен жинауға, ұрлауға, беруге немесе сақтауға байланысты, шетелдік мемлекеттің тапсырмасы бойынша, сондай-ақ өз ынтасымен іс-әрекеттер жасау.

6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын, бапта аталған мәліметтерді беру дегеніміз - оларды шетелдік мемлекетке немесе оның өкіліне хабарлау. Оны кез келген әдіспен (ауызша, жазбаша, техникалық байланыс каналдары арқылы, жасырын қуыстар көмегімсен және т. б. ) жүзеге асыруға болады.

Мәліметтерді ұрлау - оларды заңды иесінен кез келген әдіспен заңсыз түрде (құқыкқа керегар) алу. Егер ұрланатын мәліметгер матеряалдық объектілерде болса, ұрлау яки басқадай жымқыру белгілері байқалған жағдайда мұндай іс-әрекеттер шпиондық жасауға жатқызылады.

Мәліметтер жинау дегеніміз - ақпарат алудың, ұрлаудан басқа, кез келген басқа әдісі (тың тыңдау, сұрастырып білу, бақылау, фотосуретке түсіру, дыбыс жазу және т. б. ) .

Мәліметтерді сақтау - беруге арналған және сақтаушы емес, ол басқа адамдар жинаған не ұрлаған, сондай-ақ иесі сақтаушыға өз еркімен берген мәліметтерге уақытша иелік ету. Мәліметтерді үй ішінде де, сондай-ақ басқа жерде (бақта, бақшада, орманда және т. б. ) сақтауға болады. Сол мәліметтерді сақтаушылар шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтерінің байланысшы-агенттері, курьерлері, «пошта жәшіктерін» ұстаушылар және басқа адамдар болуы мүмкін. Шпиондық материалдарды сақтау үшін жауаптылық бұрын көзделмеген болатын.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жинау, ұрлау немесе сақтау шпиондық жасау деп тек бұл әрекеттер мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымдарға немесе олардың өкілдеріне беру мақсатымен жасалған жағдайда ғана саналады. Мұндай мақсат көзделмесе, мәселен, жоғарыда аталған мәліметтер коллекциялау мақсатында жиналса, қылмыстық жауаптылық та болмайды.

Мемлекеттік құпияларды құрамайтын басқа мәліметтер өзінің заты болатын шпиондық жасаудың екінші түрі - сол мәліметтерді жинау мен беру. Бұлар мемлекеттік немесе әскери құпияға жатпайтын экономикалық, саяси, ғылыми, техникалық немесе өзге сипатгағы түрлі мәліметтер болуы мүмкін. Олар қүпия емес, соның ішінде ашық мәліметтер болуы ықтимал, сондықтан заң шығарушы оларды алуды ұрлау ретінде қарастырылмайды және оларды сақтау үшін жазаламайды. Оңдай мәліметтерді жария әдістермен: мерзімді баспасөзді немесе арнаулы әдебиетті оқып-зерттеу, тікелей бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын жүйелеу арқылы және басқа жолдармен жинауға болады.

Мемлекеттік құпия болып табылмайтын мәліметтерді жинау немесе беру шпиондық жасаудың объективтік жағын тек екі шарт болған жағдайда ғана құрайды. Біріншіден, бүл әрекеттер шетелдік барлаудың агенттерге пошта жөнелтімдерімен, байланысшы - агентгер, жасырын орындар арқылы, яки агенттің жеке нұсқаулығы түрінде жіберілген жазбаша шпиондық нұсқамалар түріндегі тапсырмасы бойынша жасалады. Тапсырмалар көбіне не шифрлап, құпиялап жазуды, шартты белгілерді, цифр және әріп шифрын пайдалана отырып беріледі (КСРО МҚК органдары әшкерелеген шетелдік барлау агенттері Филатов, Пеньковский және басқалар осындай тапсырмалар алған) . Екіншіден, олар Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру үшін пайдалануға арналған. Осы шарттардың бірі жоқ болса әрекет шпиондық жасау деп бағаланбайды. Басқа мәліметтерді өз ынтасымен жинау мен беруді шпиондық жасауға жатқызуға болмайды. Кінәлі адам бұл жағдайда басқа қылмыстар үшін, осы қылмыстар құрамдарының белгілері бар болған жағдайда, (мысалы, Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуде шетелдік мемлекетке көмек көрсету түріндегі мемлексттік опасыздық үшін) жауапты болады.

Мемлекеттік құпиялар нысанасы болып табылатын шпиондық не өз ынтасымен, не шетелдік мемлекетгің тапсыруымен жасалуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген әрекеттер жасалған сәттен бастап бұл қылмыс аяқталды деп есептеледі. Шетелдік барлаумен байланыс орнату мен одан тапсырма алу - сол қылмысқа әзірлену болып табылады. Мәселен, ұрлық жасау жолымен мәліметтер жинаудың тыйып тасталған әрекеті қылмыс жасауға оқталғандық болып табылады.

Егер мәліметтерді беру немесе жинау шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын болса, заты басқа мәліметтер болып табылатын шпиондық жасау аяқталған қылмыс болып табылады. Егер аталған әрекеттер өз ынтасымен, бірақ мәліметтерді кейін шетелдік барлауға беру мақсатымен жасаса, олар сол қылмысқа жасалған әзірлік деп есептеледі.

7. Шпиондық жасаудың бірінші түрінің субъективтік жағы - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға не олардың өкілдеріне беруде арнайы мақсаттың болуымен және тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді Қазақстан Ресгіубликасының сыртқы қауіпсіздігіне немесе егемендігін нұқсан келтіру үшін жоғарыда аталған адресатқа беру мақсатында беретінін, жинайтынын, ұрлайтынын не сақтайтынын түсінеді және орны қалайды.

Заты басқа мәліметтер болып табылатын шпиондық жасаудың субъективтік жағы да тікелей қасақаналықпен сипатталады: субъект жинаған немесе берген мәліметтері мемлекеттік немесе әскери құпия болып табылмайтынын, бірақ Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне немесе егемендігіне нұқсан келтіру үшін пайдаланатынын түсінеді. Сонымен бірге ол сондай-ақ шетелдік барлау тапсырмасын орындайтынын және оны орындағысы келетінін түсінеді және тілейді.

Шпиондық жасау себептері әр түрлі болуы мүмкін және қылмыс түрін айқындауға әсер етпейді. Бірақ та оған тән сипат - арам пиғыл, өйткені шпиондық жасау - тұрақты барлаушылардың жақсы ақы төленетін жұмысы.

8. Шпиондық жасаудың субъектісі 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы азаматының сондай әрекеттері шпиондық жасау түріндегі мемлекеттік опасыздық деп саналады (ҚК 165-бабы) . Қазақстан Республикасы азаматтарының әрекеттерінде мемлекеттік опасыздық белгілері болмаған жағдайда олар бұл қылмысқа қатысушылар (ұйымдастырушылар, азғырушылар не дем берушілер) болуы мүмкіи (ҚК 165-бабына түсініктемені қараңыз) .

Иммунитетті пайдаланатын шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен басқа да азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе, бұл адамдар Қазақстан Республикасының аумағында шпиондық әрекет жасаған жағдай-да, халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі.

Мұндай иммунитетгі пайдаланатын адамдар шеңберін өзаралық негізінде 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы арқылы анықталады. Оларға дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің парламент және үкімет делегацияларының мүшелері халықаралық ұйымдардың лауазымды адамдары және басқа да бірсыпыра адамдар жатады.

9. Шпиондық жасаған адам ҚК 165-бабына түсініктемеде көрсетілген және мемлекеттік опасыздыққа талдау жасау кезінде қаралған шарттар болған жағдайда жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Мемлекеттік опасыздық (165-бап. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар туралы ақпарат
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама
Мемлекеттік опасыздық
Қазақстан республикасының сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ КАУШСІЗДІПНЕ еҚАРСЫ КЫЛМЫСТАР
Комерциялық кәсіпкерлік, оның атқаратын қызметтері
Германияның қылмыстық құқығы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Мамандықтың пәндер каталогы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz