Шыңғыс ханның Орта азияға және Батыс мемлекеттеріне жорықтары


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Шыңғыс ханның Орта Азияға және Батыс мемлекеттеріне жорықтары
  2. Шыңғыс хан қазақ жерін және Монғол мемлекетін ұлыстарға бөлу процесі.
  3. Батый ханның 1236-1242 ж. ж. жорығы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Шыңғыс хан ХІІІ ғасырда Түрік дүниесін құрайтын түрік тайпалары, ұлттар мен елдерді өзі құрған империяның билігіне біріктірді. Сол себептен де, бұл мемлекет құрылған территориясы, оны басқарған адамдарды өркениеті және қолданған мемлекетіне дәстүріне байланысты Түрік-монғол мемлекеті деп аталады.

Монғолдар кезеңінде үлкен территорияның монғол билігінде біріктірілген сауда өміріне қажетті малжан қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Мысалы: Шыңғыс ханнан бұрын Бағдаттан Бұқара қаласына барған бір керуен 18 жерге салық төлеуге мәжбүр болса, саудагерлер Шыңғыс хан және одан кейінгі дәуірлерде Жібек жолымен қауіпсіз түрде саудаларын жалғастырған. Сол себепті болса керек француз тарихшысы Шантал Лю Мерсиер әлемдік саудада пайда болған осы өзгеріске бұл ғасырды «Монғол бейбітшілігі» деп көрсеткен.

Шыңғыс хан мен ұлдарының дәуірінде кең мағынада дін мен сенім бостандығы болып, қарақұрым қалалары ғылым мен өнер адамдарының кездесу және қызмет ету орталығына айналды.

Шыңғыс империясының батысқа таралуымен бірге «Дивану лұғат-Түрікте» аттары аталған ұйғыр, қыпшақ, қарлұқ, яғма тарихи қауымдары өз салт-дәстүрлерін жоғалтып, жаңадан құрылған монғол мемлекетінің негізін құраған.

Шыңғыс хан құрған мемлекеттің негізгі орталығы Қазақстан жері.

Қазақтың атамекені болып табылатын Қазақстан жері қазіргі кезде тек атауларымен ғана емес, түрік мемлекетінің құндылықтарын сақтап қалуымен ерекшеленеді.

Тарихи деректерде Шыңғыс хан құрған мемлекеттің негізін қалаушылар ретінде көрсетілген найман, қоңырат, керейт сияқты рулардың бүгінгі қазақ рулары болып шығуы да Шыңғыс хан жүргізген саясаттың нәтижесі болып табылады. Шыңғыс мемлекетінің негізгі астанасы болып - Қарақорым аталады.

Мінеки, осылайша Шыңғыс хан мемлекеті құрылуымен бірге бірнеше түрік тайпалары немесе қауымдары өздерінің құрылымын жоғалтып, жаңа тайпалар ретінде өмір сүрген. Мұнан бөлек кейбір монғол руларының да түріктену нәтижесінде дәл сондай атаумен қазақ руларының ішінде жүруі де, Шыңғыс хан мемлекетімен немесе Түрік-монғол империясының жүргізген саясатымен тығыз байланысты.

Шыңғыс империясының хандық дәуірі Шыңғыс хан (Темучин) бастаған монғолдар ХІІІ ғасырда Жүнғонның солтүстігінде ұлан-байтақ өнірде жер-дүниені зілзалаға келтірген аса құдіретті монғол патшалығын құрды. ХІІ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың межесінде монғолдардың қоғамдық экономикасы жедел дамып, феодалдық қатынастар қалыптаса бастады. Монғолдардың боржегін тайпасынан шыққан Есугей батырдың баласы Темучин-Шыңғыс хан (1155-1227 ж. ж. ) өзінің бәсекелестерін бірінен соң бірін жеңе отырып, бытыраңды монғол тайпаларының басын қосып, монғол тайпаларының саяси бірлестігін құрды.

Монғол мемлекетінің Орта Азияға және Батыс мемлекеттеріне бағытталған шапқыншылықтары.

ХІІІ ғасырда барлық монғолдардың саны 700 мың шамасында болды, оның ішінде жауынгерлері - 1130 мың. Олар үш майданда: Қытайда - 60 млн. Тұрғыны бар Цинь мен 30 млн. Тұрғыны бар Иранда 8 млн., 8 млн. тұрғыны бар таңдаушы 110 мың әскері бар Шығыс Еуропада соғысты. Бұл аздай- Кама бұлғарларымен, модавалармен және қыпшақтармен шайқаса түсті. Соның ішінде ең ауыр зардапты Орта Азия мемлекеттерінің халықтары көрді. Соның ішінде Еділ бойындағы кавказдар, Қазақстан өңіріндегі қазақтар және де басқа да ұлт өкілдері.

Орта Азияны әбден қиратып және жаулап алған Шыңғыс ұрпағы өзінің негізгі күштерімен Ертіс бойына оралып Жебе мен Сүбедейдің басшылығымен едәуір қолды Иран мен Закавказияны бағындыруға. Солтүстік Иранда жеңіске жеткен монғол әскерлері Әзірбайжанға басып кіріп, ары қарай біріккен грузин-армян әскерлерімен талқандайды. Бұдан соң Жебе мен Сүбедейдің әскерлері Дербенг маңынан Солтүстік ағыстанды басып өтіп, Солтүстік Кавказ тау бөктеріндегі жазыққа кіріп, мұнда көшіп-қонып жүрген қыпшақ тайпалары мен алаңдарды талқандайды.

1223 жылы Жебе мен Сүбедейдің отыз мыңдық әскері Шығыс Европаға барлау жасау торығына аттанып, оңтүстік пен Закавказия арқылы қыпшақтар даласына еніп, Еділ мен Днепр арасында көшіп-қонып жүрген қыпшақтар ордасының бірін күл талқан етеді, аман қалғандары Днепрдің арғы бетіне өтіп кетеді. Днепрдің төменгі сағасының батыс бетінде көшіп-қонып жүрген қыпшақ хандары орыс княздықтарынан көмек сұрайды. Орыстар Киевте жиналған бас қосуда қыпшақтарға көмек көрсетуді ұйғарады. Сөйтіп қыпшақтар бірігіп, монғолдарға қарсы шығада.

1223 жылы мамырдың 31-інде Калка өзеніне таяу жерде біріккен орыс-қыпшақ әскерлері монғол-татарлардың негізгі күштерімен кездеседі. Бірыңғай басшылықтың болмауы, қимылдың дұрыс үйлестірілмеді және княздықтардың тіпті ұрыс үстінде алауыздық танытуы орыс полктері мен қыпшықтардың жеңілуіне себепші болды.

Моғол державасының соншама кеңдігі, көбінің орталықтан алыстығы биліктің тек жергілікті жерлерде ғана іске асуына алып келді.

Шыңғыс ханның көп жылға созылған батысқа сапарының нәтижесінде Каспий теңізіне дейін созылған территорияда монғол үстемдігі орнаған. Кіші бір монғол қауымынан бастап Азия құрлығын басқаруға дейін көтерілген монғол билеушісі сол ғасырда өз есімін қалдырды.

Шыңғыс хан көпке ұзаған соғыс жолында ауырып жолда көз жұмады. Бірақ Шыңғыс хан көзінің тірісінде таққа мұрагер таңдаған. Ұлдарының мінез-құлқы жағынан салыстырып, Төленің әскери, Шағатайдың заңды орындаушылық жетістіктеріне қарамастан, жұмсақ мінезді және кеңпейіл Үгедейгі таққа мұрагер деп санап, хандықтың басқа мұрагерлерінің уәдесін алады. Алайда, Шыңғыс ханның айтуымен құрылған билік көпке созылмаған, 1260 жылы басталған ыдыраудың және дара соғыстардың нәтижесінде сонғол мемлекетінің орнына Түрік+- ислам мемлекеті келеді.

Шыңғыс хан өз империясын ұлыстарға бөлу процесі.

Ұлан-ғайыр жерлерді жаулап алған Шыңғыс хан өз көзінің тірісінде жалпы Азияны 4 ұлына елші етіп үлестіреді.

Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «монғол атының туяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «жошы ұлысы» деп аталды. Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайға Қашқария, Жетісу, Мауереннахр кірді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия, Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы әкесінің қара шаңырағы Монғолия Төлеге мұра болып қалды. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы ұлы Хақан Шыңғыс ханға бағынатын болды.

1227 жылы 25 тамызда Шыңғыс жорық жолында ауырып, қайтыс болды. Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін де балалары мен немерелері соғыс жорықтарын жүргізе берді.

1235 жылы Қарақорымда ашылған құрылтай Шығыс Еуропаға жорық жасауды ұйғарды, Шыңғыс ханның немересі (Жошының баласы) Батый хан қолбасшылыққа тағайындалды. 150 мың әскерді бастап шығыс Еуропаға жорыққа аттанған Батый хан 1236-1242 жылдар аралығында Еділ бойындағы бұлғарларды, Орыс княздықтарын талқандап, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдаваияны т. б. ойрандап, Адриат теңізінің жағалауына дейін барып, «жер шетіне жеттік» деп қайта қайтты да, Еділ сағасына келіп, Алтын Орда мемлекетінің іргесін қалады.

Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы (1219-1221) және ол жерлерді ұлыстарға бөлуі нәтижесінде, қазақ халқының басым көпшілігі Ертіс өзенінен Еділге дейін созылған Жошы ұлысының құрамына қосылып, алғашында Алтын Орда хандығына, кейін одан бөлінген Ақ Орда хандығына қарады.

Ежелден бері Іле алқабы мен Жетісу өңірін мекендеген үйсін, дулат т. б. тайпалар Шағатай хандығына қарады. Шағатай хандығы ыдыраған соң одан бөлінген Моғолстанға қарады. Алайда, бұл алым-салық, әскер жинаудың көлемі еді. Бұл хандықтар арасында қазіргі мемлекет шекарасы тәрізді шекара болған жоқ. Оның үстіне егінше елдер сияқты территориялық басқару жүйесі емес, ұлыстың басқару жүйесін тұтынған көшпелі тайпалар үшін бұл бөліктің шектемі шамалы ғана болды. Сол себепті Жошы ұлысы мен Шағатай ұлысына, Ақ Орда мен Моғолстанға қарасты көшпелі қазақ тайпалары өріс-қоныстарында үнемі бір-бірімен араласып, қыз алысып, құдаласып отырды.

Шыңғыс ханның батысқа жасаған, жойқын жорығын монғолдардың осы өлкелерге жаппай қоңыс аударды да уғынуға болмайды. Монғолдардың негізгі халқы атамекені Монғолияда болды. Соғыс жорығында тасқын селдей қаптаған қалың қол 150 мыңнан астам салт атты әскер болғанымен, онан едәуір бөлігі жергілікті түркі тілдес тайпалардан қосылғандар еді. Монғолиядан келген монғол әскерлерінің басым көпшілігі жаулап алу міндетін орындаған соң, тапқан ажалдарын артып-тартып Монғолияға қайтып кетті. Монғолиядан батысқа қоңыс аударған Жошы мен Шағатайдың қарамағындағы монғолдардың да саны шамалы болатын.

Шыңғыс хан жергілікті халықтың тіл, әдебиет, мәдениет, діни сенім, салт-санасына қысым жасамады. Қайта Жошы мен Шағатай ұлысына келген билік басындағы монғолдар ұзаққа бармай-ақ жергілікті халықтың тілі мен мәдениетін қабылдап, оларға сіңісіп кетті.

Шыңғыс ханның жаулап алу жорығы халықтың шаруашылығы мен мәдениетіне ауыр зардабы тигізгенімен, ертеден бастаған қазақтың халық болып қалыптасу барысын тежей алған жоқ, қайта бытырамды қазақ тайпаларын біртұтас мемлекетке шоғырландырды, тайпалар ара талан таражды жойды. Сөйтіп, қазақтың халық болып қалыптасу барысының одан әрі дамуын теңдетті.

Батый ханның 1236-1242 ж. ж. жорығы

Бату, Батый, Сайын хан (моңғ. Бат Хаан, қыт. 拔都可汗) (1208 - 1255) - Алтын Орданың негізін қалаған хан (1227-1255), қолбасшы. Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы. Шешесі - қоңырат Елші ноянның қызы Кочу хатун. Бату 1227 жылы Жошы өлгеннен кейін Шыңғыс ханның ұйғарымымен әкесінің ұлысына хан болды. 1229 жылы Үгедейді моңғол империясының ұлы ханы сайлаған Қарақорымдағы Құрылтай жиналысына қатысты. 1236-1242 жылдары біріккен ұлы хандық әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығына қолбасшылық етті (қосымша Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы) . Жошы ұлысын Ертістен Дунайға дейінгі байтақ өлкені алып жатқан Алтын Орда мемлекетіне айналдырды. 1251 жылы Онон өзені бойында өткен Құрылтай жиналысында Батудың қолдауымен Мөңке ұлы хан болып сайланды. Батудың 26 әйелі, Сартақ, Тоқан, Әбуқан, Улақшы есімді 4 ұлы болған. Бату Еділдің сағасындағы (Ахтуба алқабы) аралдарының бірінде орналасқан Сарай қаласында жерленген.

1236 жылдың соңында Бату әскерлері Еділ өзенінің жағасына келіп, Бұлғар елін жаулап алды. 1237 жылы Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды тізе бүктіріп, 120-140 мың әскермен орыс жеріне шабуылға дайындалады. Монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында Орыс жері жеке кінәздіктерге бөлініп жатты. Бытыраңқы кінәздіктердің Бату әскерлеріне қарсы тұруы оңай емес еді. Әскери күш жағынан да монғол-татарлар артық болатын. Әсіресе монғол-татарлардың атты әскері өте қуатты еді. Батудың соғыс өнерінде бұрыннан пайдаланып келе жатқан, қала бекіністерін бұзатын жеңіл құралдары болды. Бұл құралмен орыс қалаларының ағаштан салынған бекінісін бұзу қиынға түспейтін. Бүған қосымша Бату әскерлері соғыс жүргізудің неше түрлі әдістерін меңгерді. Сөйтіп жолындағының бәрін жайпаған Бату 1237 жылдың қысында қалың қолын Еділ өзенінен өткізіп, Рязань қаласына келіп жетті. Қыста шабуыл жасауды күтпеген рязаньдықтар айтарлықтай қарсылық жасай алмады. Бес күн бойы монғол-татар әскерінің шабуылына тойтарыс бергенімен, басқа жақтан көмек келмегендіктен, Рязань қаласы құлап, жау қолына көшті. Келесі кезек орыстың ірі Владимир-Суздаль кінәздігіне жетті. Алғашқы шайқас Ұлы Владимир кінәзі Юрий Всеволодович әскерлерімен болды. Монғол-татар әскерлері Коломно каласы түбінде кінәз Юрийдің әскерін талқандады, Мәскеу және Клязьма өзендерінен өтіп, бес күн қарсылықтан кейін Мәскеу қаласын алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғыс хан қазақ жерін және Монғол мемлекетін ұлыстарға бөлу
Шыңғыс хан империясының хандық дәуірі
Моңғол жорықтары
Шыңғыс хан дәуірі
Әмір Темір жорықтары
Әмір Темірдің Кіші Азияға жорық бағыттары
Әмір темір және оның мемлекеті
Монғол мемлекетінің құрылу тарихы
Шыңғыс хан
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz