Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) жайында



Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.
Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек білді.
Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстады.
Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын атанды. Ақынның творчествосы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән. Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады. 19ғ. - дың аяғы мен 20ғ.-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға, құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!" (1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан үйренуге шақырса, "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" (1879) өлеңдері Абай үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. "Өмір", "Сәнқойлар", "Ызақорлар", "Құмарлық", сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.

Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, ("Анық асық әулие", "Шын сырым") адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді. "Жастарға" (1880), "Арман", "Насихат" (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сө з етеді. Ш.Қ.- қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір өлеңдерінде ("Бай мен кедей", "Бай мен қонақ") мәселенің әлеуметтік мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен шектеліп, "еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын" деп уағыздайды. "Жуандар" деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып қояды.

Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі - қару-жарақтың адам мен табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы, озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепаттарға қарсы жазылған өлеңдері Шәкәрімнің интернационалдық ой, толғаныстарының биіктігін, заманалылығын аңғартады. ("Патшалар сансыз шығыс қылады", 1919; "Адам немене" 1915) , "Бостандық таңы атты", " Бостандық туы жарқырап" (1917) өлеңдері Қазан революциясына арналған. Ақын жарқын өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты. Әлеуметтік жағдайға байланысты тұңғыш рет "Шаттық" деген сөзді қолданғанымен, Ш.Құдайбердиевтің жаңа заманның өзгерісіне үн қосуы әлі де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілдікті жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда еді. "Қош жұртым" өлеңінде (1931) жапан түзде жалғыз жатқанмен халықтан қол үзбегенін, болашаққа сеніммен қарайтынын білдіреді. Бұл ойын С. Мұқановқа жазған хатында(3.2.1931) айқын білдірген.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау
бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді
Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі
бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың
тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің
Мұтылғанның өмірі атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан
сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен
қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: қажы марқұм мені
„жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе,
соны істеп ғылымсыз өстім деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе
келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады,
молда сабағынан басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен
қатар, домбыра тарту, гармонда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу,
т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы
тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын
ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар
оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі.
Ақындық өнерін де таныта бастайды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге
келген. Қазақ
ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы.
 
Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбаевтың қолында
тәрбиеленді. Бұл жағдай Шәкәрім Құдайбердиевтің дүниеге көзқарасының
қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шыңдалуына зор әсер етті. Орыс, араб,
парсы, түрік тілдерін жетік меңгеріп, Батыс, Шығыс әдебиетін зерек
білді.
 
Жеті жасынан бастап өлең жазып, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт
ұстады.

Абайдың жаңашылдық дәстүрін дамытып, Абайдан кейінгі екінші реалист ақын
атанды. Ақынның творчествосы сан-салалылығымен ерекшеленді, оған
көңілдің шат-шадыман әуені де, көкіректі қарс айырған трагизм де тән.
Ақын нақты өмір суреттерін, туған табиғаттың әсемдігін тебірене жырлады.
19ғ. - дың аяғы мен 20ғ.-дың басындағы қазақ өміріндегі оқиғаларға,
құбылыстарға қызу үн қосты. "Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық!"
(1877) өлеңінде талапты жастарды ұлы Абайдан үлгі-өнеге алуға, содан
үйренуге шақырса, "Жастық туралы", "Кәрілік туралы" (1879) өлеңдері Абай
үлгісінде жазылып, адамның өмір жасын жыр етеді. "Өмір", "Сәнқойлар",
"Ызақорлар", "Құмарлық", сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы
ажарды, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады.
 
Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп, ("Анық асық
әулие", "Шын сырым") адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді.
"Жастарға" (1880), "Арман", "Насихат" (1881) атты өлеңдерінде әртүрлі
тап пен топ өкілдерінің ниет, мақсаттарын шеней келе, қоғамда әлі
моральдық өлшемнің дұрыс қойылмағанын сө з етеді. Ш.Қ.- қазақ
поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Бірақ кейбір
өлеңдерінде ("Бай мен кедей", "Бай мен қонақ") мәселенің әлеуметтік
мәнін ашуға бара бермейді. Үстем таптың озбырлығын, қиянатын айтумен
шектеліп, "еңбек ет, бөтенді қанама, ісіңе арың басшы болсын" деп
уағыздайды. "Жуандар" деген өлеңінде байларды сынайды, бірақ таптық
көзқарасты санасына терең сіңіре алмай, ағартушылық көзқараста қалып
қояды.
 
Ақынды қатты толғандырған мәселенің бірі - қару-жарақтың адам мен
табиғатқа қарсы жұмсалуы, империалистік соғыс кезінде адамның қырылуы,
озбырлық пен зорлықтың орын алуы. Мұндай келеңсіз кесепаттарға қарсы
жазылған өлеңдері Шәкәрімнің интернационалдық ой, толғаныстарының
биіктігін, заманалылығын аңғартады. ("Патшалар сансыз шығыс қылады",
1919; "Адам немене" 1915) , "Бостандық таңы атты", " Бостандық туы
жарқырап" (1917) өлеңдері Қазан революциясына арналған. Ақын жарқын
өмірді, болашақты, бейбітшілік пен берекелі тұрмысты жырға қосты.
Әлеуметтік жағдайға байланысты тұңғыш рет "Шаттық" деген сөзді
қолданғанымен, Ш.Құдайбердиевтің жаңа заманның өзгерісіне үн қосуы әлі
де тосаң. Оның мұраты бұрынғысынша адал еңбекте, рулық жікшілдікті
жоюда, әділеттігі жарасқан тұрмыс құруда еді. "Қош жұртым" өлеңінде
(1931) жапан түзде жалғыз жатқанмен халықтан қол үзбегенін, болашаққа
сеніммен қарайтынын білдіреді. Бұл ойын С. Мұқановқа жазған
хатында(3.2.1931) айқын білдірген.
 
Шәкәрім ауыз әдебиетінің суырыпсалма ақындар поэзиясының жазба әдебиетке
ауысуына зор қызмет етті. Лирикалық жанр түрлерінің дамуына ,мазмұнының
етене жақындасуына мол еңбек сіңірді. Көптеген өлеңдеріне ән шығарды.
Абайдың кеңесі бойынша "Қалқаман - Мамыр" дастанын жазды. (1888). Мұнда
кіршіксіз махаббат дәріптеліп, ел билеушілер орнатқан қатыгез тіршілікке
қарсылық, оны айыптау бар. "Еңлік - Кебек" дастанында (1891) бірін-бірі
сүйген екі жастың қасіретін ескілікті салт-сананың қатып қалған
уағыздарымен байланыстырады. "Айсұлу - Нартайдың" поэмасы жамандықты
жазаласа, "Әділ - Мария" романында шынжыр балақ, шұбар төс алпауыттардың
зорлық-зомбылығына қарсылық білдіріп, революцияның жеңісін хабарлаумен
аяқтайды. Шәкәрім Құдайбердиев - "Қодардың өлімі", "Крез патша"
дастандарының авторы .

1905 жылы Шәкәрім Құдайбердиев қажылық сапар шегеді. Меккеге барған бұл
сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Стамбул,
Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды
оқиды. Осылай жинаған материалдар негізінде "Түрік, қырғыз, қазақ Һәм
хандар шежіресі" (1911) кітабын, қисындарын қазақ мүддесіне үйлестіре
түсу мақсатымен "Мұсылмандық шарты" деген еңбек жазды. (1911) Бұл тұста
ақынның діншілдігі ғана емес, үлкен ойшыл философ екендігі айқын
танылды. Ол жаратушы алланы ақылға салып түсінуге ұмтылыды. Дін
бұзушыларды қатты сынға алады. ("Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,
Сопының бара қойман құрбанына". Абай сияқты Шәкәрім де феодалдық- рулық
ортаның мінез-құлқын, моралін жат көрді, сол кездегі қазақ қоғамындағы
әлеуметтік жарықшақты көре білді. Шәкәрім патриархалдық пен
кертартпалыққа қарсы күресте мәдениет пен ғылымның жетістіктеріне
сүйенді, халықтар достығы мен туыстығын қуаттады. ("Мен ұлтшыл емеспін,
жақыным мынау демеспін"). Орыс, батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ
оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың творчествосын аса жоғары
бағалап, ("Ақиқат сырымды айтсам Толстойдың, мың сопыны алмаймын
тырнағына") өз халқын дүние жүзінің озық мәдениетін игеруге шақырды.
Өзін ғұмыр бойы Л.Толстойдың шәкіртімін деп санады, онымен хат жазысып
тұрды. Американ жазушысы Гарриет - Бичер Стоудың (1811-96) "Том ағайдың
балағаны" романын, Л.Н. Толстойдың "Асрхадон патша", "Үш сауал" т.б.
әңгімелерін А.С.Пушкиннің "Боран", "Дубровский" повестерін қазақ тіліне
аударды. Физулидің "Ләйлі-Мәжнүн" дастанын нәзира үлгісімен жырлады
(1907). Идеялық мақсат-мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық,
халықтық, гуманистік -ағартушылық бағытта болды. Бұл орайда 20-ғасырдың
басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Алашорда
қайраткерлерінің еңбегін бағалай білді. Абайдың реалистік дәстүрлерін
жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосты. Шығармаларында
демократиялық, халықтық және гуманистік көзқарастырды насихаттады. Таза
да жарқын махаббатты жырлай отырып, бас бостандығы идеясын алға тартты,
оның асыл мұраттары үшін күреске шақырды. Адамгершілік, ар-ұждан
тақырыбына жазған ойшыл да парасатты туындылары баршамызға рухани азық.

Шығармалары:
Құдайбердіұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар Құраст.: М.Мағауин. - Алматы:
Жалын, 1988. 256 б.
Құдайбердұлы Ш. Өлеңдер мен поэмалар Құраст.: Х.Сүйіншалиев.- Алматы:
Рауан, 1990. 208 б. - (Мектеп кітапханасы)
Айтбаева А. Шәкерiм Құдайбердiұлының дiни-этикалық
көзқарасы: Автореферат Абай атындағы Алматы
мемлекеттiк университетi.- Алматы, 1996.- 26б.
Әбдiғазиев Б. Асыл арна: (Абай дәстүрi және
Шәкәрiм).- Алматы: Қазақ университетi, 1992.- 128б.
Жолдасбекұлы М. ж.б. Елтұтқа: Ел тарихының әйгiлi
тұлғалары Жолдасбекұлы М., Салғараұлы І., Сейдiмбек А.
- Астана: KUL TEGIN, 2001.- 356 б.
Қайта оралған қаламгерлер: Библиографиялық
көрсеткiш.- Алматы, 1994.- 145б.
Мұхамедханов Қ. Абай мұрагерлерi.- Алматы: Атамұра,
1995.- 208б.
Оразбек М. Ақындық тұлға табиғаты ( Шәкәрiм, Мағжан,
Сұлтанмахмұт ): Зерттеу.- Астана: Фолиант, 2002.- 152 б
-(Отырар кiтапханасы)
Сейткемелов Х. Шұбырынды қанды босқын.- Алматы:
Қазақстан, 1993.- 80 б.
Тiлеуханова А.Т. Шәкәрiм шығармаларындағы шеберлiк
пен таным бiрлiгi: Автореферат Әл-Фараби атындағы
ҚазМҰУ.- Алматы, 1995.- 25б.

жоғары
 

 Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық дүниетанымын, оның тарихи санасының
қалыптасуы мен шығармашылық жолын зерттеу барысында, жан–жақты талдау қажет
ететін бірнеше мәселелерді кездестіреміз. Солардың бірі рухани жолда өзіне
ұстаз тұтқан орыс халқының ұлы ойшылы Л.Н. Толстой мен Шәкәрімнің
арасындағы рухани жақындық туралы мәселе.
Сөз жоқ егер біз бұл ойшылдардың арасындағы рухани жақындық туралы ой
қозғасақ ең алдымен оларға ортақ рухани жол, ілім ислам дінінің болғандығы
шындық. Л.Н.Толстой мен Шәкәрімнің де адамгершілік қағидаларына ислам
дінінің гуманистік идеялары ерекше әсерін тигізген. Оны ойшылдардың өздері
талай айтып, жазып та кеткен.
Дегенмен мәселенің екінші жағы бар. Бұл жерде әлем ойшылдарының арасында
ислам дінін мойындап, оған ерекше құрметпен қараған ойшылдарды шығыс
халықтарының арасынан іздемегеннің өзінде, батыста Гете, орыс халқында
Пушкиннің ислам мәдениетіне деген көзқарасы қаншалықты болғаны белгілі.
Бірақ Шәкәрім сияқты ойшыл дәл осылардың ішінде неге Толстойды өзіне ұстаз
тұтып, оның көзқарастарын жоғары бағалады деген заңды сұрақ туындайды.
Жалпы Толстой өз заманында қазақ ойшылдарына біршама әсер етіп, оның
әңгімелерін Әлихан Бөкейханов (Бір уыс бидай), т.б. жазушылар да аударып,
ХХ ғасырдың басында “Қазақ” және басқада газеттерде жариялаған болатын.
Бірақ Толстойға өлең арнап, оған жақтас болып, оны ерекше бағалап ұстаз
тұтқан Шәкәрім болды. Неге?
Мәселеге бірден кіріспей тұрып ойшылдың Л.Н. Толстоймен хат алысқаны туралы
дерекке көз жүгіртсек, бұл жайында Шәкәрімұлы Ахат және басқа да
зерттеушілер талай рет жазған болатын.
Шәкәрімнің ұлы жазушы Толстоймен рухани байланыста болған. Ол Толстойға хат
жазып үш түрлі сұрақ қояды. Бұл хаттың өзі сақталмағанымен, Шәкәрімнің ұлы
Ахатқа айтқан естелігі арқылы біздің заманымызға жетіп отыр [1].
“Адамның арына ең ауыр тиетін не нәрсе? Ірі шығармалар жазуға бет алдым,
бұған қандай кеңес бересіз? Жазушы өз шығармасының қатесін қандай әдіспен
көріп, сынап түзеуге болады”– деген сұрақтарды Толстойға хат арқылы
жіберген Шәкәрім, оларға жауап та алған.
Толстой: “Адам көпшілікке, жалпы қоғамға зиян келтіретін ақиқат істі біліп,
соны үш нәрседен қорғанып, айтпай қалса, сол арға ауыр тиеді. Бірінші, сен
өте бай болып, сол ақиқатты айтсаң байлығыңа зиян келсе, екінші, сен мансап
иесі болып, сол ақиқатты айтсаң мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші сол
ақиқатты айтсаң басың жазаланатын болса. Міне осы үш түрлі зардаптан
қорғанып, көпке зиян келетін ақиқаты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең ауыр
тиетін осы”– деп жауап қайырады.
Екінші сұраққа, “Сенің жазған шығармаларың өзің сол оқиғаға қатысқандай
шынайы болуы қажет”. Үшінші сұраққа, “Жазушының артық қасиеті – өз қатесін
көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді...
“...Егер адам өз істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ
жүректің нәзік сезімі ашып бере алады. Ақыл толғауынан өткен қортындыны
жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ықпалына беріліп дағдыланған адам өз
мінін де, басқаның мінін де көре алады. Сондықтан әділ сыншы – ақ жүрегің”–
дейді [2].
Толстойдан философиялық мәні терең осындай тағылым алған Шәкәрім, өз
шығармашылығында бұл қағидаларды берік ұстана білді. Оны игілікті ар
жолында іске асырды. Үнемі терең тағылымнан қуат алып отырды. Шәкәрімді
Толстойға жақындастыра түскен себептің бірі осы рухани қуат еді.
Шәкәрімнің философиялық көзқарастарының ерекшелігі сонда, ол адамның ішкі
рухани дүниесіне ерекше көңіл бөліп, қоғамдық процестерді адамдандыруға
тырысты. Қоғамдық қатынастардан адамды іздеуге тырысты.
Шәкәрім әрбір қоғамдық қатынастардан адамды, оның мәнін іздеді. Адамның
адамдық мәніне сәйкес келмегенде оларды сынға алып отырады. Бірақ Шәкәрім
өз заманындағы қоғамдық процестерден адамды тапқан жоқ. Қоғамдағы саяси
әлеуметтік жағдай, қоғамдық ортаны адамдандыруға мүмкіндік туғыза алмады.
Бұл ойшылдың қалыптасқан қоғамдық қатынастарды жатсынуына себеп болды.
Қоғамдық қатынастар адамнан жоғары тұрған кезде жатсыну басталған еді.
Шәкәрім мен Толстойдың арасындағы рухани жақындық осы жатсыну процесі
барысында нығая түсті. Толстой Ресей жеріндегі саяси–әлеуметтік
қатынастарды әлеуметтік қатынастарды(жатсынса, Шәкәрім қазақ топырағындағы
саяси жатсынды.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен жиырмасыншы ғасырдың басында, қазақ
қоғамындағы әлеуметтік жағдай Ресей империясындағы саяси–әлеуметтік
жағдаймен тікелей байланысты болды деп толықтай айта аламыз. Патша
үкіметінің озбыр саясатына шыдай алмаған оның қол астындағы барлық
халықтардың тағдыры, ортақ қиындықты бастан кешірді. Сол кезде Ресей
жерінде де, қазақ топырағында да көзі ашық, көкірегі ояу адамдар бұл
жағдайдан шығудың жолын іздеп, халықтың ауыр хал күйін жан тәнімен
түйсінді. Әсіресе, Ресей жерінде Л.Н. Толстой өзінің бүкіл шығармашылығын
сол замандағы халықтың тағдырына арнап жазып, өз шығармаларында бүтіндей
бір дәуірдің бейнесін, хал күйін суреттеп кеткен еді. Ол патшаға бірнеше
рет хат жазып халықтың мұң мұқтажын жеткізген болатын. Сол кезде, қазақ
қоғамында, Л.Н. Толстойдың шығармалары, қазақ тіліне аударылып, ұлы ойшыл
халық көсемі ретінде ерекше құрметке ие бола бастады. Қазақ топырағынан
Л.Н. Толстойдың адамгершілік қағидалары мен халыққа деген ілтипатын ерекше
жоғары бағалаған ойшылдардың бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы еді.
Л.Н. Толстойдың көптеген шығармалары патша үкіметінің халыққа жасаған
қанаушылық әрекетін сынауға бағытталды. Толстой өзінің “Не істеу керек?”
деген шығармасында ресей қалаларындағы қайыршы шаруалардың аянышты хал
күйін, олардың қаңғыбастық өмірі, қаналушылығын ерекше суреттеген болатын.
Патша өкіметінің салықты күшейту арқылы қарапайым халықты қанауы, Қазақстан
жерінде де өз күшінде іске асты. Патша үкіметінің бұндай саясаты адамдардың
еркіндігін аяққа басып, олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкеліп
соқтырды. Қоғамдық ортада қалыптасқан бұндай жағдай, көп ұзамай, 1905–1907
жылдардағы төңкеріске әкеліп соққан еді.
Л.Н. Толстой өзінің шығармалары арқылы, халқының құқықтық санасының
оянуына, ала түсініп, патшаны(ерекше ықпал жасады. Ол төңкерістің болатынын
алдын халықтың мүддесін ойлауға шақырды.
Ол 1902 жылы Николай патшаға хат жазады.
Патшаға жазған хатында “...Әскер күннен күнге күшейуде. Түрмелер саяси
қуғын көргендерге толы. Енді олардың қатары жұмысшылармен толығуда...
...Діни қудалаулар дәл бүгінгідей қатал және жиі болған емес, олардың күн
өткен сайын озбырлығы асқынуда. Барлық қалалар мен фабрикалық орталықтарда
халыққа қарсы қаруланған әскер орналастырылған. Көптеген жерлерде
қантөгістер де болды, әлі де бұндай қантөгістер бола бермек...”– деп
ескертеді [3].
Толстой патшаға халықтың арасындағы қайыршылықтың күнделікті жағдайға
айналғанын ашына жазды.
Шіркеулер патша үкіметінің саясатын қолдап, саяси құралға айналған дәуірді
халық басынан кешірген болатын. Толстой өз хатында Синодтың патшаға берген
есебінің жалған екенін, православиені қолдамайтын адамдардың еркіндігін
аяққа басқан шіркеуліктердің әрекетін, сынға алды. Тіптен ол христиан
дінінің адамның еркіндігін шектеп отырған әрекетінен мүлдем бас тартып,
ислам дінінің адамгершілік қағидаларын, адамсүйгіштік идеяларын қолдап,
ислам дінін өзіне ең жақын дін деп санады.
Толстой патшалық державаның тозығы жеткен билеудің формасы екенін айта
келе, санасы оянып келе жатқан орыс халқы үшін гуманистік қоғам құруды
ұсынды. Патшалық державалық және сонымен байланысты православиелік билікті
қолдау Толстой үшін, қоғамдағы қанаушылықты қорғаумен бірдей еді.
Сонымен қатар Толстой Николай патшаға жазған осы хатында, жерді ірі жер
иеленушілерден, қарапайым халыққа беруді талап етеді.
“Күштеу арқылы халықты аздыруға болады, бірақ басқаруға болмайды. Біздің
уақытымызда халықты басқарудың ең негізгі құралы, халықты зұлымдықтан
махаббатқа, түнектен жарыққа бастай отырып, осы жолдан нәтижие шығару.
Ал бұны жасайтындай жағдайға жету үшін, ең алдымен халыққа өзінің мұң
мұқтажын айта алатындай мүмкіндік беріп және соған құлақ асып, солардың
ішіндегі барлық халықтың талабына сай дегендерін орындау қажет”– деп жазды
[4 ].
Толстойдың ойынша егер халықтың мұң мұқтажына құлақ түрсек, халық мынадай
талаптар қояр еді;
“Алдымен жұмысшы халық азаматтардың құқықтарын қанағаттандыра алмайтын
заңдардан құтқаруды сұрайды. Содан кейін дамуға, алға басуға деген
еркіндікті талап етеді. Халықтың рухани қажеттілігіне сай сенімді қабылдау
және оқуға деген еркіндік. Сонымен қатар жүз миллиондаған халық бір ауыздан
жерді пайдалану бостандығын, жерге деген жеке меншікті жоюды талап етер
еді” [4].
Толстой өзінің барлық күш қайратын осы тілектердің іске асуына жұмсады.
Толстойдың бұндай қайраткерлігі шіркеуліктердің тарапынан сынға ұшырап,
кейін синод жарияланып, қуғын көрді. Осы кезде Толстойдың бұл арман тілегін
жан тәнімен бағалай білген, оның көзқарастарының халық үшін, жеке адам үшін
маңыздылығын жан тәнімен түсінген Шәкәрім;
“...Танбаймын, шәкіртімін Толстойдың,
Алдампаз, арам сопы кәпір қойдың.
Жанымен сүйді әділет ардың жолын,
Сондықтан ол иессі терең ойдың.
Толстой кәпір емес, кәпір өзің,
Дін емес, бәрі алдау айтқан сөзің.
Көңілің соқыр, надансың, бейлің қара,
Нұр жарығын қалайша көрсін көзің ?!
Көнбеймін дінді теріс бұрғаныңа,
Сопының бара қойман құрбанына.
Ақиқат сырымды айтсам – Толстойдың
Мың сопыны алмаймын тырнағына...” –
деп, адамның ішкі рухани еркіндігін жоғары қойған Толстойдың көзқарасын өте
жоғары бағалап, өзі осы жолда Толстойды ұстаз тұтқан еді [5].
Л.Н. Толстой өз заманында халықты санасын оятқан, рухани көшбасшысы болды.
Ақыры санасында еркіндік идеясы пісіп жетілген халық, 1905 жылы патша
үкіметіне қарсы төңкеріс жасаған еді. Кейін комунистік партичның көсемдері
“Толстой орыс революциясының айнасы” деп бағалаған болатын. Бірақ олар
Толстойдың патша үкіметіне қарсы күресін өз саясаттарына ыңғайластыра
пайдаланып, оның шығыс мәдениетіне деген ерекше ілтипатын сынға алды.
Шынымен Л.Н. Толстойдың барлық шығармашылығы адамның ішкі рухани еркіндігі
жолындағы күреске арналған еді. Бұл жолда оның “Арылу” атты шығармасы өз
заманындағы діни қағидалардың адамның рухани бостандығы жолындағы
қарама–қайшылығын ашып берген туынды болды. Онда ол христиан дінінің
адамның рухани бостандығына қарсы әрекетін ерекше сынға алды. Толстойдың
ойынша адамның рухани еркіндігін шектеген дін ол зұлымдықты тудырады.
Толстой өзінің “Соғыс және бейбітшілік” атты шығармасында зұлымдыққа қарсы
күреспеу идеясын ұсынды. Зұлымдыққа қарсы күресу үшін адам одан өткен
зұлымдық жасауы қажет. Ендеше зұлымдыққа қарсы күреспеу дұрысырақ.
Батыстағы мемлекеттерде адамды жазалау, қоғамдық дамудың қажетті
құбылыстары ретінде қабылданған жолды Толстой қолдамады.
“Адамзаттың алға қарай өрлеуінің ортақ заңы деген жоқ”– деп мәлімдейді
Толстой. Мұны бізге қимылсыз жатқан шығыс халықтары дәлелдеп беріп отыр
[6].
“Мен Еуропада болдым, ондағы адамның басын кесу арқылы жазалауды өз
көзіммен көргенде, адамзаттық даму дегенге сенуден қалдым”– деп Толстой
толғана жазған болатын. Сондықтанда ол шығыстың адамның ішкі жан дүниесіне,
оны жетілдіруге бағытталған ілімін қолдаймын деген еді.
Батыс адамы дүниемен, табиғатпен, өзі сияқты басқалармен күресуде. Шығыс
адамындағы күрес пафосы – керісінше: ол өзімен–өзі, өзіндегі толымсызбен
күреседі.
Шығыстың адамгершілікке негізделген мәдениеті Толстой үшін, нағыз адамға
махаббатпен қарайтын жол болып саналды.
Кейін кеңес өкіметінің көзқарасы бойынша, Толстойдың революциялық көзқарасы
бағаланғанымен, оның шығысқа бетбұрушылығын кеңес өкіметі онша жақтыра
қойған жоқ.
Толстой адамның ішкі рухани бостандығын шын өмір деп бағалайды. Дәл осы
қағида кейін Шәкәрімнің барлық шығармаларында жетекші идея болғанын
аңғаруға болады.
Толстойдың адамның рухани еркіндігі туралы идеясы, оның қоғамдық ортадағы
ықпалы Шәкәрім үшін ең айтулы қағидаға айналды.
Бұл жерде Руссо ұлы Француз төңкерісі үшін қандай рухани көсем болса, кейін
Ресей жеріндегі буржуазиялық төңкеріске (1905–1907) халықтың санасын
тәрбиелеген, өзінің бүкіл шығармашылығымен ықпал жасаған Л.Н. Толстойдың
дәл сондай қайраткерлік танытқанын айта кету керек. Шәкәрімде Толстойдың
патша үкіметіне қарысы идеяларын қолдап, мәселенің мәнін жақсы түсінген
еді.
Патша үкіметінің озбыр саясаты, қазақ жерінде де ресейдегі жағдайды
тудырды. 1905 жылғы төңкеріс кезінде, Қазақстанның түпкір–түпкірінен, патша
саясатына қарсы петициялар жарияланып жатты.
1906 жылы алтыншы қаңтарда Ақмола, Семей облыстарында әскери жағдайды
нығайту жөніндегі патшаның нұсқауы қабылданды. Астына Николай патшаның қолы
қойылған бұл нұсқауда;
“Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, далалық
генерал–губернаторлығында тәртіп бұзушылықты тоқтату үшін қажет деп
табылды:
1. Ақмола және Семипалатинск облысында елді мекендер жайындағы қабылданған
ережелер сақталсын...
2. Әскери жағдайдағы елді мекендерде қоғамдық тыныштық пен тәртіп
күшейтілсін...”– деп жазылған (қысқартылып алынды) [7].
Жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын баяндайтын петициялардың мазмұнынан
төңкеріс кезіндегі қазақ халқының саяси–әлеуметтік жағдайын аңғаруға
болады.
Мәселен, “Қояндыда қабылданған Қарқаралы петициясы ІІ тармақтан тұрса, онда
қамтылған талап тілектерді үлкен үш топқа бөлуге болады:
1. Оқу ағартудың жолға қойылуы.
2. Қазақтың өз жерін өзінің меншігі деп табылуын талап етуі.
3. Қазақ елін басқару жөніндегі “Далалық Ереженің” бүгінгі қазақ өміріне
сай қайта өзгертілуін талап етеді.
Саяси сауаттылықпен жазылған петиция патшалық Россияның отаршылдық
саясатының бар болмысын, әдіс–айласын, қат–қабат қырларын мейлінше терең
ашуға ұмтылған алғашқы айбынды үн еді...” [8].
Петицияның мазмұнындағы талап тілектер ХХ ғасырдың басындағы қазақ
интеллигенциясының, соның ішінде Шәкәрімнің де арман тілегімен үндесіп
жатты.
Қоғамдағы қарама–қайшылыққа толы кезеңде Шәкәрім іштей халықпен бірге
болды. Ол халықтың рухани еркіндігін аңсады.
Патша үкіметі Қазақстанның кең даласындағы ен байлықты өзінің шикізат
қоймасына, елді өндіріс тауарларын сататын сауда аймағына айналдырғанын.
Патша әкімшілік органдар бастықтары мырзалық жасап, қазақтың шұрайлы
жерлерінің әр десятинасын он тиыннан оңды–солды сатты.
Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайын ғана емес, сонымен
бірге рухани адамгершілік мүддесін де қысымға салғанын зеррттеушілер талай
жазған болатын.
Шәкәрім ендігі жерде қазаққа өз мәдениетін сақтап қалу үшін халықтың
санасын оятуды қажет деп білді.
Ұры, қары, қу, сұмның жан жолдасы.
Қазақ қайтіп ел болар, қарағым–ау?
Бұл ұзамай құриды, сөздің расы.
Николайдың иісі осы елде тұр,
Оңдырмайды сәулесіз өңкей масы [5].
Шәкәрімнің ойынша сол кездегі қоғамдық ортаны түзету үшін алдымен адамды
түзету қажет. Ақ патша үкіметі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Қазақтың шоқ жұлдызы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны
Шәкәрім КҰДАЙБЕРДІҰЛЫ (1858—1931) жайлы ақпарат
Әдебиетіміздің тарихында елеулі орны бар ақындарымыздың бірі - Шәкәрім
Ақын, жазушы, философ - Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) туралы ақпарат
Шәкәрім Құдайбердіұлынің өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлының тәрбие жайлы ойлары
Діни ағартушылық бағыттың қалыптасуы
Пәндер