Экология құқығы пәнінің дәрістері


1- лекция. Тақырып: Экология құқығының теориялық мәселелер ұғымы және оның құқық саласы ретіндегі түсінігі
Жоспары:
1. Экологиялық құқықтың түсінігі және оның мәні
2. Экология құқығының пәні мен әдістері
3. Экология құқығының жүйесі және оның қағидалары
4. Экология құқығының басқа құқық салаларымен өзара байланысы
Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.
Лекция мәтіні
1. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске үшырауына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр. Табиғи ортаның қолайлы болуы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін нашарлатады. Мұндай жағдайға сай, табиғи ортаны қорғаумен қатар, экологиялық зардап шеккен халықты әлеуметтік жағынан қорғау және экономикалық жәрдем көрсету шаралары туындайды. Мұны біздің республикамыздағы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал апаты тікелей көрсетіп отыр.
Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі - айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.
“ҚР экологиялық құқығы“ - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын реттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңы адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқығын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепетеңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.
Табиғи ресурстарды есепсіз және жөнсіз пайдалану, өндіріс қалдықтарының көбеюі, адам әректінің салдарынан табиғи ресурстар аумағы, саны, көлемі азая бастады. Кейбір табиғи объектілер, әсіресе өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кейбір түрлері жойылып немесе жоғалып кетуіне дейінгі жағдайда болды. Мұндай табиғаттағы кері әсерлер адамның, қоғамның өзіне де, келешек ұрпағына да зиян екені анық сезіле бастады. Сондықтан қоршаған ортаның құрамдас бөліктері: жерді, суды, жер қойнауын, өсімдіктерді, ормандарды, жануарлар дүниесін қорғау қатынастары пайда болды. Табиғи қорларды қорғау, оларға тиісті экологиялық жағдай жасау, өсімін молайту, сапасын жақсарту мәселелері де қоршаған ортаны және оның табиғи қорларын қорғаудың ең негізгі мазмұнын құрайды.
Экология құқығы 1988 жылдан бастап қалыптасты. Бұл құқықтың қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шығарыла бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы пайда болады.
2. Экология құқығының пәнін - экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық нормативтік актілерімен реттеледі. Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз - қоршаған табиғи орта мен оның ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада ескерілетін негізгі екі мәселе бар:
- Қоршаған табиғи ортаны және оның ресурстарын қорғауды бірінші орынға қою қажеттілігі. Себебі, экология құқығы саласында қоршаған табиғи ортаны, оның ресурстарын қорғауға басымдылық берілуі қажет. Олай дейтініміз, қазіргі уақытта жоғарыда аталған зиянды факторларға байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары азайып, тіпті нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған аймақтардың табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуі тиіс.
- Экологиялық қатынастардың әр түрлі екендігін атадық. Олардың ішінде экологиялық, эконномикалық, мәдени және басқа қажеттерді реттейтін қатынастарды еске алдық.
Экология құқығы нормаларының нысандары, басқару жүйесі, субъектілері, тетіктерітері, жауапкершілік міндеттері мен талаптары және басқалары экологиялық құқық нормаларының мазмұнын құрайтын болғандықтан, олар өз алдына қаралады. Экология құқығының мазмұны күрделі болғанымен, ол жоғарыда атағанымыздай бір табиғи объект. Қоршаған ортаның ресурстары оның құрамдас бөлігі екенінде қарастырдық. Сондықтан осы салада барлық экологиялық қатынастар экология құқығының мазмұнын құрайды. Оның ішінде Қылмыстық кодекстегі, Әкімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстер және басқа заңдардағы экологиялық жауапкершіліктер туралы қатынастар экологияға қызмет ететін қосымша салалық нормалары қатарына жатады. Бұл заңдар экологиялық жауапкершілік қатынастарды реттеуге қолданылатын санкцияларымен ерекшеленеді. Олардың диспозиялары түгелімен экология талаптарынан туындайды. Мұндай құқық құрылымында бір құқықтың басқа құқықтарға қызмет етуі заңды. Экологиялық құқық саласындағы жер құқығы, су құқығы, орман құқығы, тау-кен құқығы және басқа құқық негіздерін құрайтын-жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы, атмосфералық ауаны қорғау, ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңдар, оның ішкі құрылымына жататын, салалық құқықтар қатрына жатады.
Экологиялық құқықтың бұл көрінісі экологиялық құқықтық қатынастардың ерекшелігінен, күрделілігінен туындап қалыптасатынын еске алу керек. Құқықтық реттеу әдісі - мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен белгіленген қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі. Экология құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде бұл әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.
3. Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілеріне - табиғатты пайдаланушы, яғни бізді қоршаған табиғи ортаны пайдаланушылар, адамдар, ұйымдар т. б. жатады.
Ал, экологиялық құқықтық қатынастардың объектілеріне - табиғи ресурстар, жер, су, орман қоры, жер қойнауы және т. б. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұы - қоғамдағы азаматтардың табиғи ресурстарды ұтымды, заласыз, құқықтық тұрғыда пайдалануы. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болуы негіздері, азаматтар табиғи ресурстарды пайдалана бастаған кезден басталады. Мысалы: айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдаланған кездерде басталады. Экологиялық құқықтың негізгі әдістеріне қоршаған ортаның табиғилығын немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып, қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немесе табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.
Су айдындары су жануарлары мен өсімдіктерінің өсіп-өнуіне табиғи орта болуымен қатар, судың тазалығын сақтау арқылы экологиялық жағдай туғызылады. Атмосфералық ауаның тазалығын сақтау, қорғау шаралары арқылы барлық биологиялық орта сақталады, оларға экологиялық жағдай жасалады. Сондай-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы әсер етеді.
Оларды жүйелегенде, топастырғанда әкімшілік құқықтық реттеу әдісі, азаматтық құқық реттеу әдістемелері үйлестіріп қолданылатынын байқауға болады. Әкімшілік, азаматтық құқық әдістемелері мазмұны жағынан емес, формасы жағынан экологиялық құқық әдістемесіне жақындастырылып, экологиялық-әкімшілік, экологиялық- азаматтық құқық әдістемесіне айналады және сол үшін қызмет атқарады. Оның өзінде де экологиялық құқық әдістемесі негізгі әдістеме болып қала береді. Мәселен: экологиялық әдістеме арқылы табиғи ресурстардың объектілерін, олардың қоршаған табиғи ортада бір-бірімен тығыз байланыстылығын, соған орай олардың экологиялық мәртебесін белгілеп береді. Ал оларды пайдалану мен қорғау құқықтары мен міндеттерін белгілегенде аталған әкімшілік және азаматтық құқық әдістемесімен тиым салу, ескерту, құзіретін жүктеу, тәсілдері белгіленеді. Осылар арқылы экологиялық тәртіптер, ережелер, талаптар, нормативтер орындалады немесе еске алынады.
Нарық экономикасы жағдайында табиғи ресурстарды материалдық заттық құқық объектісі ретінде пайдалануға байланысты құқықтық қатынастарды реттеуде азаматтық құқық әдістемесі қатыстырылады. Оның негізгі себебі: табиғи ресурстар, оның ішінде жер, жер қойнауы, орман, су, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі адамның күн көру, өндіріс объектілерінің яғни экономикалық қажеттерінің де объектісі болып салады. Бірақ, бұл экономикалық қатынастарды экологиялық қатынастардан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан, азаматтық құқық әдістемесі экология құқығында субъектілерді қоршаған табиғи ортаны қорғауға, сақтауға ынталандыру үшін де қолданылады.
Экологиялық құқық қағидалары - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лаузымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы алғашқы түр бастамасы. Олар-құқықтық мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.
Экология құқығының қағидалары мыналар болып табылады:
1. адмның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
2. ҚР нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3. экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қаіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4. табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезң-кезңімен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғайға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5. биолгиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6. қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеумен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жаупкершіліктің ымырасыздығы;
7. қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8. халықтық, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде демократиялық жолмен қатысу;
9. халықарлық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылуы.
4. Экология құқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақырыбы институтын құрайды. Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан үш бөлімге бөлінеді: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы.
Жалпы бөлімде қаралған институттар:
- экология құқығының түсінігі және тақырыбы, жүйесі;
- экология құқығының объектілері мен принциптері;
- экология құқығының тарихы мен негіздері;
- табиғат қорларына мемлекеттің меншік құқығы;
- азаматтардың табиғатты пайдалану құқығы және айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуының құқығы;
- айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мен қадағалау;
- экология туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
Ереше бөлімде қаралатын институттар:
- жердің құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- жер қойнауының құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- судың құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- орманның құқықтық жағдайы және оны қорғау;
- атмосфералық ауаны құқықтық қорғау;
- жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану;
- айрықша қорғалатын табиғат объектілерінің құқықтық жағдайы.
Ал арнайы бөлімде: табиғатты халықаралық құқықтық қорғау қатынастары қаралады.
Бақылау сұрақтары:
1. Экологиялық құқықтың түсінігі.
2. Экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипаты.
3. Экология құқық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.
4. Экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы.
5. Экология құқықтың әдістері, қағидалары.
6. Экологиялық құқықтың жүйесі.
2- лекция. Тақырып: Экология құқығының теориялық мәселелерінің объектілері, қайнар көздері және экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы.
Жоспары:
1. Экология құқығының объектілерін саралау
2. Экология құқығының қайнар көздерін тану
3. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының экологиялық құқықтық қатынастарда алар орны
Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықағаның тарихын, қайнар көздерінің түсінігін, түрлерін, экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін оқытып, үйрету.
Лекция мәтіні
1. “Экология” деген сөзді ғылымға алғаш рет 1866 жылы неміс биологы Э. Геккел ендірген болатын. ХХ ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық ахуалдың нашарлауынан, соған орай экологияның қамтитын тақырыптарының күрделенуінен өз кезегінде экология ғылым саласы, яғни маман-биологтардың зерттеу пәні ғана емес, қазіргі таңдағы ең маңызы зор ғылымның кешенді саласына айналған.
Заң әдебиеттері экологиялық мәселені екі аспектіде қарастырады, яғни табиғатты тиімді құқықтық пайдалану және қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау. Табиғатқа әсер етудің бір-бірімен байланысты бұл екі түрі экология құқығы пәнін оқытудың негізгі мазмұнын құрайды. Сонымен бірге бүгінгі таңдағы қалыптасқан экологиялық жағдай, табиғатқа әртүрлі жолдармен әсер етудің жағымсыз салдарлары тікелей адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр.
Сондықтан республикамызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздіктің негізін құрайды, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық басым салаларының бірі және халықаралық интеграциялық процестерде еліміздің мүддесі мен басым құқықтарын қорғауда маңызды критерий болып табылады. Бұл негіздер ҚР Конституциясында және Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында басты бағытта заңдастырылған. Осы міндеттердің құқықтық тұрғыдағы түсіндірілуі мен оқытылуы экологиялық құқықтың алға қойған мақсаттарының бірі болып танылмақ.
Экологиялық құқық - “құқықтану” мамандығы бойынша жоғарғы заң оқу орындарында оқытуға арналған ҚР Білім жєне ғылым министрлігінің типтік оқу жоспарында бекітілген жеке кешенді оқу пәні ретінде саналады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеудің кешенді саласы саналатын бұл құқықтың ерекшеліктері осы оқу жоспарының жүйесінде ескерілген. Оның жүйесі жалпы, ерекше және арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде барлық оқу пәндеріне ортақ экологиялық құқықтың қарастыратын құқықтық институттар жүйесі қамтылған. Ал, ерекше бөлім табиғи және аумақтық кешендерді, жекелеген табиғат объектілерін қорғаудың, қалпына келтірудің және пайдаланудың экологиялық-құқықтық режиміне арналса, арнайы бөлімде қоршаған ортаны халықаралық қорғаудағы ынтымақтастық қатынастарын реттеуге маңыз берілген.
Бұл құқықтың қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шыға бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы пайда болады. Экология құқығын-экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық актілерімен реттеледі.
2. Экология құқығының қайнар көздері - айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, спасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің жиынтығы болып табылады. Экология туралы заңдарды мазмұны жағынан, заң қабылдайтын огандардың түрлері немесе олардың заң шығару өкілеттігі жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
Экология құқығының негіздері ішінде ҚР конституциясы ерекше орын алады. ҚР Конституциясы табиғи ресурстар қорларының құқықтық жағдайын және оның аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды мемлекет атынан иемдену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның ішінде экологиялық заңдардың, өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.
Экология құқығының экологиялық қатынастарды реттеудің мазмұнына қарай, оның жүйесін құрайтын қатынастарға және соларға байланысты нормативтік құжаттардың мазмұнына қарй мынадай турлерге бөліп қаруға да болады. Жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер және оның құрамдас бөлігі болып саналатын салалық нормативтік құқықтық актілер:
Жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілердің өзі екіге бөлінеді:
1. негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;
2. туынды жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;
Негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілерге төмендегілер жатады:
- ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 қаңтардағы.
- ҚР Экологиялық сараптамасы туралы 1997 жылғы 18 наурыздағы заңы.
- ҚР Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы заңы.
- ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы 1994 жылғы 8 шілдесінде қабылданған заңы;
- ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 жылғы 5 шілдеде қабылданған заңы.
Туынды жалпы экологиялық нормативтік құқықтар актілеріне жататындар;
1. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі туралы ереже ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N481 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, N15, 154-құжат) ;
2. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 2005 жылғы14 қаңтардағы N14 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 2005 ж. N1, 64-70 б. б.
Салалық негізгі нормативтік құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Жер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;
2. Жер қойнауы және он пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;
3. Ормандар мен басқа өсімдіктер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;
4. Су жөніндегі негізгі нормативтік құқықтық актілер;
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;
6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;
7. Атмосфералық ауаны қоғау туралы негізгі нормативтік құықтық актілер;
8. Экология саласында халықаралық экологиялық ынтымақтастықтар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;
Осы аталған негізгі салалық нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері де бар.
3. Республикамызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздіктің негізін құрайды, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық басым салаларының бірі және халықаралық интеграциялық процестерде еліміздің мүддесі мен басым құқықтарын қорғауда маңызды критерий болып табылады. Бұл негіздер ҚР Конституциясында басты бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген. Сондай-ақ ҚР Конституциясында табиғи ресурстарды мемлекеттік меншік арқылы пайдалану, оны қорғау, оны басқау табиғат туралы заңның бастамасы болып табылады.
Экология құқығының негіздері ішінде ҚР конституциясы ерекшк орын алады. ҚР Конституциясы табиғи ресурстар қорлардың құқықтық жағдайын және оның аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды мемлекет атынан иемдену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның ішінде экологиялық заңдардың, өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz