Фенопластар. Фенол – альдегидті шайырлар негізіндегі пресс – материалдар типтері



Фенол – альдегидті шайырлар негізінде әртүрлі пластикалық массалар дайындалады, олар фенопластар деп аталады. Олардың көпшілігінің құрамына байланыстырушыдан (шайырлардан) басқа компоненттер де (толықтырғыштар, пластификаторлар, бояғыштар және т.б.) кіреді. Олар бұйымдарға престеу әдісімен өңделеді. Пресс материалдарды новалакты, және резолды шайырлар негізінде дайындауға болады. Қолданылатын толықтырғыш түріне қарай және майдалану дәрежесіне қарай барлық пресс – материалдар төрт типке бөлінеді: ұнтақты (пресс – ұнтақтар), талшықты, ұнтақ тәрізді және қабатты.
Пресс – ұнтақтар арнайы және жалпы мақсаттағы бұйымдардың көпшілігін дайындау үшін қолданылады. Оларды біліктеу, сығымдау, шнекті және эмульсиялық әдістермен өндіреді. Негізгі толықтырғыш болып ағаш ұнтағы есептеледі, кейде ұсақталшықты асбест, слюдалы және кварцты ұнтақ, балқытлған шпат және т.б. қолданылады.
Пресс – ұнтақтардың белгіленуі көбінесе К әрпінен басталады, ол композиция сөзін білдіреді, пресс – материал дайындалған шайыр нөмірінен және толықтырғыштың сәйкес нөмірінен тұрады. Мысалы, К-18-2 маркісі пресс материалдың 18 нөмірдегі новалакты шайырдан дайындалғандығын және шартты түрде 2 деген ағаш ұны қосылғандығын білдіреді. К-18-26 маркісі, пресс – ұнтақтың 18 шайыр және ағаш ұнтағы 2 мен асбест 6 қоспасы болып келетін толықтырғыш арқылы дайындалғандығын білдіреді. К-220-23 маркісі пресс – ұнтақ резолды шайырдан 220 және ағаш ұны 2 және слюдалы ұнтақтан 3 тұратын толықтырғыш қоспасы қосылуы арқылы дайындалғандығын білдіреді.
Барлық пресс – ұнтақтар арналуы бойынша үш үлкен топқа бөлінуі мүмкін.
1. Техникалық және тұрмыстық бұйымдар үшін арналған пресс – ұнтақтар (К-15-2, К-18-2, К-19-2, К-20-2, К-118-2, К-15-25, К-17-25 және т.б.) новалакты шайырлар негізінде дайындалады. Олардан жасалған бұйымдар едәуір механикалық күштерге тартылмауы, және жоғары жиіліктегі кернеу тогы әсеріне ұшырамауы қажет, сонымен қатар олар 1600С температурадан төмен шарттарда эксплуатациялана алады.
2. Элекңтрооқшаулағыш бұйымдар үшін арналған пресс – ұнтақтар (К-21-22, К-211-2, К-211-3, К-211-4, К-220-21, К-17-36, К-211-34, К-214-2 және т.б.) резолды шайырлар негізінде дайындалады. Бұлардан жасалған бұйымдар кернеу 20 кв дейінгі ток әсеріне және 2000С дейінгі температураларға шыдамды.
3. Арнайы мақсаттағы пресс – ұнтақтар жоғары су және жылуғатөзімділікке ие (К-18-42, К-18-53, К-214-42 және т.б.)
Талшықты пресс- материалдар резолды және талшықты толықтырғыштар негізінде дайындалады, талшықты толықтырғыштарды пайдалану пластиктердің кейбір механикалық қасиеттерін, меншікті соққылы тұтқырлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Лекция №12

Фенопластар. Фенол – альдегидті шайырлар негізіндегі пресс – материалдар
типтері
Фенол – альдегидті шайырлар негізінде әртүрлі пластикалық массалар
дайындалады, олар фенопластар деп аталады. Олардың көпшілігінің құрамына
байланыстырушыдан (шайырлардан) басқа компоненттер де (толықтырғыштар,
пластификаторлар, бояғыштар және т.б.) кіреді. Олар бұйымдарға престеу
әдісімен өңделеді. Пресс материалдарды новалакты, және резолды шайырлар
негізінде дайындауға болады. Қолданылатын толықтырғыш түріне қарай және
майдалану дәрежесіне қарай барлық пресс – материалдар төрт типке бөлінеді:
ұнтақты (пресс – ұнтақтар), талшықты, ұнтақ тәрізді және қабатты.
Пресс – ұнтақтар арнайы және жалпы мақсаттағы бұйымдардың көпшілігін
дайындау үшін қолданылады. Оларды біліктеу, сығымдау, шнекті және
эмульсиялық әдістермен өндіреді. Негізгі толықтырғыш болып ағаш ұнтағы
есептеледі, кейде ұсақталшықты асбест, слюдалы және кварцты ұнтақ,
балқытлған шпат және т.б. қолданылады.
Пресс – ұнтақтардың белгіленуі көбінесе К әрпінен басталады, ол
композиция сөзін білдіреді, пресс – материал дайындалған шайыр нөмірінен
және толықтырғыштың сәйкес нөмірінен тұрады. Мысалы, К-18-2 маркісі пресс
материалдың 18 нөмірдегі новалакты шайырдан дайындалғандығын және шартты
түрде 2 деген ағаш ұны қосылғандығын білдіреді. К-18-26 маркісі, пресс –
ұнтақтың 18 шайыр және ағаш ұнтағы 2 мен асбест 6 қоспасы болып келетін
толықтырғыш арқылы дайындалғандығын білдіреді. К-220-23 маркісі пресс –
ұнтақ резолды шайырдан 220 және ағаш ұны 2 және слюдалы ұнтақтан 3 тұратын
толықтырғыш қоспасы қосылуы арқылы дайындалғандығын білдіреді.
Барлық пресс – ұнтақтар арналуы бойынша үш үлкен топқа бөлінуі мүмкін.

1. Техникалық және тұрмыстық бұйымдар үшін арналған пресс –
ұнтақтар (К-15-2, К-18-2, К-19-2, К-20-2, К-118-2, К-15-25, К-
17-25 және т.б.) новалакты шайырлар негізінде дайындалады.
Олардан жасалған бұйымдар едәуір механикалық күштерге
тартылмауы, және жоғары жиіліктегі кернеу тогы әсеріне
ұшырамауы қажет, сонымен қатар олар 1600С температурадан
төмен шарттарда эксплуатациялана алады.
2. Элекңтрооқшаулағыш бұйымдар үшін арналған пресс – ұнтақтар (К-
21-22, К-211-2, К-211-3, К-211-4, К-220-21, К-17-36, К-211-
34, К-214-2 және т.б.) резолды шайырлар негізінде
дайындалады. Бұлардан жасалған бұйымдар кернеу 20 кв дейінгі
ток әсеріне және 2000С дейінгі температураларға шыдамды.
3. Арнайы мақсаттағы пресс – ұнтақтар жоғары су және
жылуғатөзімділікке ие (К-18-42, К-18-53, К-214-42 және т.б.)
Талшықты пресс- материалдар резолды және талшықты толықтырғыштар
негізінде дайындалады, талшықты толықтырғыштарды пайдалану пластиктердің
кейбір механикалық қасиеттерін, меншікті соққылы тұтқырлығын арттыруға
мүмкіндік береді.
Талшықты пластиктерді - мқталы целлюлоза толқтырғышы негізіндегі
пресс – материалдар. Қазіргі уақытта талшықты пластиктердің үш типін
дайындайды: волокнит, жоғары беріктікті волокнит және кардоволокнит. Асбест
және резолды шайыр негізінде К-6, К-6-Б маркідегі (коллекторларды
дайындауға арналған) және К-8-3, К-8-3-М (тежегіш колодкалар үшін арналған)
пресс материалдар шығарылады.
Шыны талшықтан тұратын пресс – материалдар шыныталшықты деп аталады.
Ол жоғары механикалық беріктікке, суға және жылуға төзімділігі жағынан
басқа талшықты пресс – материалдарданг ерекшеленеді.
Ұнтақ тәрізді пресс – материалдар резолды шайырлардан және әртүрлі
маталар түйіршіктері және қиындыларынан, қағаздан және ағашты шпоннан
дайындалады.
Қабатты пресс – материалдар үлкен табақтар, плиталар, құбырлар,
стерженьдер және фасонды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фенол – альдегидті шайырлар
Синтетикалық шайырлар негізіндегі пластмассалар
Металдар
Полимерлеу реакциялары арқылы алынатын полимерлер
Мұнай құрамынан шайырлы асфальтты заттарды анықтау әдістерін зерттеп талдау
Полимерлер және оның түрлері, ерекшеліктері, өндірісте қолданысы
Метилорынбасқан пиперидин-4-он қосылыстарының электртотықсыздану кезінде түзілетін аралық өнімдердер
Ауыз қуысының шырышты қабығына пластмассалы протездің әсері
Қышқыл катализатор қатысында фенол - формальдегидтің конденсациясының өнімі
Кеуекті көміртекті материалдарды алу әдістері
Пәндер