Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жайында


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

Қылмыстық кодекстің 7-тарауы "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға" арналған.

Осы тарауға енген қылмыстардың топтық объектісі - экономикалық қызмет саласын құқықтық жолмен реттейтін өзара біртектес қоғамдық қатынастардың тобы болып табылады. Осы тарауға енген қылмыстардың барлығы дерлік экономикалық кызметтің әр түрлі саласында көрініс табады.

Қылмыстың тікелей объектісі - экономикалық қызмет саласын реттейтін нақты қоғамдық қатынастар болады. Кейбір нақты қылмыстардың кұрамы қосымша тікелей объектіге қол сұғуы мүмкін.

Көптеген экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың белгісі - оның заты болып табылады. Мысалы: жалған акша немесе бағалы қағаз (206-бап) ; тауарлық белгі (199-бап) ; осы топқа жататын кылмыстардың объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздікпен сипатталады. Біршама экономикалық қызмет саласындағы кылмыстардың кұрамының міндетті белгісі - коғамға кауіпті іс-әрекеттерді істеу тәсілі болып табылады. Мысалы: экономикалық контрабанданы істеу тәсілдері (209-бап) ; салық төлеуден жалтару (221, 222-баптар) ; кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару тәсілдері (214-бап) .

Көптеген қылмыстардың объективтік жағының белгісі - коғамға кауіпті зардаптың- зиян келтірудің орын алуы болып табылады. Зиян келтіру - едәуір, ірі, аса ірі болуы мүмкін, бұларға тиісінше түсінік кейбір баптардың ескертуінде берілгеи. (Мысалы 189, 190, 193-баптар) .

Объективтік жағынан экономикалық, қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы кінәнің қасақаналық түрімен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыдағы кылмыстардың ішінде бірде-бір абайсыздықпен істелген қылмыс құрамы жоқ. Біракта жекелеген қылмыс түрлері кінәның екі нысанымен жасалады (іс-әрекетті қасақаналықпен, ал қоғамға қауіпті зардапты абайсыздықпен) (Мысалы 189-бап) .

Кылмыстың субъектісі - жалпы, сондай-ақ арнаулы субъекті болуы мүмкін. Осы тараудағы барлық қылмыстар үшін субъектінің жауаптылығы 16-жастан басталады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың арнаулы субъектілері болып қызмет бабын пайдаланып жасаған мемлекеттік органның лауазымды адамдары, сондай-ақ коммерциялык немесе басқа ұйымдардың басқарушылары немесе жеке кәсіпкерлер танылуы мүмкін.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың нақты түрлері

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-бап)

Ұйымдық-құқықтық нысандарына немесе меншік нысандарына қарай жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтары мен занды мүдделерін шектеу, сондай-ақ жеке кәсіпкер мен коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу не оның кызметіне өзге де заңсыз араласу, егер осы әрекеттерді лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаса, сол сияқты занды күшіне енген сот актісін бұза отырып немесе үлкен залал келтіріп жасалса, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау болып табылады (ҚК-тің 189-бабы) .

Заңсыз кәсіпкерлік (190-бап)

Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса - іс-әрекет заңсыз кәсіпкерлік деп танылады (ҚК-тің 190-бабы) .

Заңсыз банктік қызмет (191-бап)

Ақша-несие жүйесіндегі қылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады.

Қылмыстық заңда: "Банктік кызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбей немесе рұқсат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген (ҚК-тің 191-бабы) .

Жалган кәсіпкерлік (192-бап)

Қылмыстық кодекстің, 192-бабында "Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматка, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру - жалған кәсіпкерлік" деп белгіленген.

Заңсыз жолмен алынган акша каражатын немесе өзге мүлікті зандастыру (193-бап)

Қылмыстық кодекстің 193-бабында "Көпе-көрінеу заңсыз жолмен алынған ақша қаражатымен немесе өзге де мүлікпен қаржылық операциялар немесе басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ аталған қаражатты немесе өзге де мүлікті кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық кызметті жүзеге асыру үшін пайдалану» қылмысының анықтамасы көрсетілген. Заңда мұндай әрекеттер заңсыз жолмен алынған ақша каражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру деп аталады.

Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (194-бап)

Қылмыстық кодекстің 194-бабында "Жеке кәсіпкердің немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі туралы немесе несиенің, демеуқаржының, несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуға арналған елеулі мәні бар өзге де мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәліметтерді банкке немесе өзге де несие берушіге беру аркылы жеке кәсіпкердің немесе ұйым жетекшісінің несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттарын алуы, сондай-ақ несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға не бөлінген несие мен демеуқаржы мөлшерлерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлардың пайда болуы туралы ақпаратты банкке немесе өзге несие берушіге хабарламау, егер осы әрекеттер ірі зиян келтірсе - несиені заңсыз алу» деп табылады делінген.

Несиелік берешекті өтеуден әдсйі жалтару (195-бап)

Қылмыстық кодекстің 195-бабына сәйкес ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін ұйым жетекшісінің немесе азаматтың әдейі жалтаруы - несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару деп саналады.

Көпшлік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудін белгіленген әртібін әдейі бұзу (197-бап)

Қылмыстық кодекстің (197-бап) бойынша "Көпшілік сауда-саттықтар немесе аукциондар өткізу тәртібін өрескел бұзу мүлік иесіне, сауда-саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъектіге ірі зиян келтірсе"- қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Көрінеу жалған жарнама беру (198-бап)

Жарнамада жарнама берушінің пайдакүнемдік ниетпен жасаған және ірі зиян келтірген тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндірушілерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрінеу жалған ақпаратты пайдалануы - көрінеу жалған беру деп танылып, ол үшін Қылмыстық кодекстің 198-бабында жауаптылық белгіленген.

Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап)

Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану деген ұғым Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 199-бабынын I жене 2-тармақтарында көрсетілген екі бірдей жеке қылмыс құрамын қамтиды. Объектici, субъектісі және субъективтік жақтары өзара ұқсас бұл қылмыс құрамдары 6ip-6ipiнeн объективтік жағы және қылмыстың заты бойынша ғана ажыратылады.

Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабында "Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлік жүйеге немесе желіге заңсыз кipy, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сондай-ақ бұл мәліметтерді жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсілдермен жинау»- коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету деп танылады.

Кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап)

Қылмыстық кодекстің 201-бабында eкi дербес қылмыс құрамы үшін жауаптылық белгіленген. Оның бipiншici: "Kәciптік спорт жарыстарының спортшыларын, спорт төрешілерін, жаттықтырушыларын, команда басшылары мен басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сондай-ақ ойын-сауықтық коммерциялық конкурстардың ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың қорытындысына ықпал ету мақсатында сатып алу" (201-баптың І-тapмағы) .

Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап)

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттің шаруашылық қызметінде бағалы қағаздардың айналымының рөлі арта түспек. Бағалы қағаздар белгілі құндылыққа ие бола отырып, ол ақша қаражатымен бірдей төлем немесе айналым құралы ретінде немесе занда белгіленген басқа да қызметті атқарады. Осыған байланысты бағалы қағаздарды шығару тәртібін бұзу саласындағы әр түрлі қиянаттардың қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше зор. Бұл туралы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Заңында ерекше атап көрсетілген.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап)

Қылмыстық кодекстің 203-бабында бағалы қағазды ұстаушылар тізіміне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін жауаптылық белгіленген.

Бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап)

Қылмыстық кодекстің 204-бабында "Мүліктік пайда алу мақсатында мемлекеттік органдарға бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы ірі зиян келтірген көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін» жауаптылық белгіленген.

Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап)

Қылмыстық кодекстің 205-бабында зиян келтіре отырылып бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық көзделген. Көрсетілген қылмыс құрамы объектісі, заты, субъективтік жағы және субъектісі бойынша Қылмыстық кодекстің 204-бабындағы құраммен ұқсас.

Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау немесе өткізу (206-бап)

Қылмыстың объектісі Қазақстан Республикасының ақша қаражат жүйелері болып табылады.

Қылмыстың заты - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен мәнеттері, мемлекеттік бағалы қағаздар, Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа қағаздар, шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар. Бұлар Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Валюталық реттеу туралы" заңымен реттеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлердің құқыққа қарсы бейім мінез-құлықтарының алдын алу мәселелері
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама
Банк қызметi саласындағы қылмыстарға криминологиялық сипаттама
Экономикалық қылмыстардың алдын алу жөніндегі нормаларды тиiмділеу
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Банктік қылмыстармен күресу шараларының жүйесін анықтау және банктік қылмыстар бойынша жауаптылық жөніндегі нормаларды тиімдеу
Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz